12 жылдан
астам уақыт бойы біздің
мамандар Microsoft компаниясы
үшін өте күрделі, бірақ жұмыстан
ләззат алатын жобаларды сәтті
орындап келеді.
Janus қызметкерлерінің негізгі
мақсаты – Microsoft бағдарламалық
жасақтамасының локализациясы,
соңғы өнімнің жоғары сапасын және
жеткізулердің клиент анықтаған нақты
мерзімде орындалуын қамтамасыз
ету. Біздің Microsoft жобаларында
жұмыс істеуіміздің негізгі ерекшелігі
бағдарламалық жасақтаманың және
бүкіл байланысты құжаттаманың бір
уақытта 15 тілге локализациясы.
Біздің аудармашылар мен
редакторлар жасаған жұмыс Microsoft
компаниясының Microsoft Language
Excellence деп аталатын тілдік сапа
стандарттарына толық сәйкес келуі
керек, ал жобаларда пайдаланылатын
барлық терминдер Microsoft
Terminology Research Engine System
жүйесінде мақұлданған терминологияға
сәйкестігіне тексеруден өтеді.
Janus компаниясының аймақтық
өндірістік кеңселерінің болуы біздің
клиенттер үшін ыңғайлы болып қана
қоймай, көп уақыт үнемдей отырып,
15 тілге нақты, жоғары сапалы
аудармаларды уақытылы жеткізуді
қамтамасыз етеді.
Біздің Microsoft компаниясына
жасайтын аудармаларымыз
үш кезеңнен өтеді: аударма, редакция
және түзету.
Аударма, редакция және түзету
қызметтерінен бөлек Janus
компаниясы Microsoft аудармаға
арналған бағдарламалық
жасақтамаға деген жаңа тәсілдемесін
көрсететін стилистикалық рәсімдеу
нұсқаулықтарын жасайды. Сонымен
қатар жаңа және бұрыннан бар
терминдермен жұмысын жалғастырып,
аударма тобына тілдік қолдау
көрсетуде, аудармалардың ішкі
бағалауын және соңғы өнімнің
лингвистикалық сынағын орындауда.
Мұның барлығын жүзеге асыру үшін
әр тілге Microsoft жобаларымен
тиісті жұмыс тәжірибесі бар жетекші
лингвист таңдаймыз.
www.janus.ru
Тапсырмалар
• Microsoft Language Excellence стандарттарына сәйкес келу
• Бар терминологияға қатаң сәйкестік
• Жоғары сапалы жұмыс, 15 тілде 15 нұсқа
Шешімдер
• Ақпараттық технология саласындағы жоғары білікті және тәжірибелі сарапшылар тобын құру
• Microsoft өнімдерімен жұмыс істеуді үйрету бағдарламасын дайындау
• Microsoft жобаларымен жұмыс істейтін арнайы бөлім құру
• Microsoft Terminology Research Engine System жүйесіне терминологиялық сәйкестікті қамтамасыз
ету үшін сапаны бақылау жұмыс процедурасын жасау
• Аударма жобаларын басқару жүйесін пайдалану
Шешімдердің құрамы
• Сапа бойынша талаптарға толық сәйкестікті қамтамасыз ететін аудармашылардың,
терминологтардың және редакторлардың арнайы тобы
• Біздің аудармаларды басқару жүйеміздің арқасында жеткен жоғары тиімділіктің есебінен клиенттің
шығындарын қысқарту
• Терминологияның біркелкілігін және, соның нәтижесінде, сапалы өнімді әрі қолда бар
ресурстардың барлығын пайдаланудың арқасында шығындардың оңтайландырылуын қамтамасыз
ететін терминологиялық деректер базасын басқару
Janus компаниясы локализация және интернационалдандыру мамандар тобының, сондай-ақ ISO
стандарты бойынша куәландырылған сапаны бақылау жүйесі мен сынау үдерісінің болуы арқасында
локализация, дайындау, редакциялау және сынау бойынша қызметтердің толық шеңберін ұсынады.
Алматы |
050000, Гоголь к-сі,84А үйі, 412-кеңсе |
+7 (727) 390-68-28, +7 (727) 271-83-53