|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
|
2017 жылдың ЖҰЖ (ҚР Президентінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 422 жарлығы)
|
|
1
|
16
|
Кадрларға қажеттілікті қалыптастыру мен мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларда жаңадан құрылатын жұмыс орындарының есебін жүргізу
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
Еңбекмині, ҰЭМ, ИДМ, АШМ, ЭМ, БҒМ, ДСМ, Қаржымині, облыстардың, Астанажәне Алматы қалаларының әкімдері
|
2017-2018 жылдар шілде, қаңтар
|
Орындалу барысында
Кадрларға қажеттілікті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жетілдіру және жаңадан құрылатын жұмыс орындарының есебін реттеу мақсатында келесі шаралар қабылданды:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына (Қазақстан Республикасын Үкіметінің келісуінде) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар әкімшілерін жұмыс орындарының құрылуына мониторингті жүзеге асыруға міндеттейтін норма қосылды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісуінде);
облыс, Астана және Алматы қаласы әкімдерімен бірлесіп мүдделі мемлекеттік органдар алдын-ала пысықтаған халықты жұмыспен қамту саласындағы нысаналы көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу жөнінде меморандумдарға қол қойды;
меморандумдарға сәйкес мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында құрылатын жұмыс орындарын (126 655), жеке сектордың бастамасы бойынша құрылатын жұмыс орындарын (219 570), сондай-ақ, еңбек ресурстарының табиғи қозғалуымен байланысты босайтын жұмыс орындарын (287 771 – зейнетке шығу және бала күтімі) қоса алғанда аймақтарда құрылатын жұмыс орындарының саны (633 996) анықталды.
|
Ұлттық бірыңғай қызметтер сыныптауышы негізінде орта мерзімді кезеңге ұдайы негізде жұмыс күшінің болжамын дайындау;
еңбек ресурстарының басқарылатын ағынын қамсыздандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
|
|
|
2
|
17
|
Жұмыс берушілердің бірлесіп қаржыландыруын және жұмыс күшінің ауылдардан қалаларға жұмылдырылуын қолдауды ескере отырып, қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау бөлігінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
Еңбекмині, ҰЭМ, АШМ, БҒМ, Қаржымині, облыстардың, Астанажәне Алматы қалаларының әкімдері
|
2017 жылғы маусым
|
Орындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы қаулысына сәйкес нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасына келесі бөліктерде өзгерістер енгізілді:
- қысқартылатын жұмыскерлерді қысқа мерзімді кәсіби оқыту шеңберінде қайта даярлау механизмімен толықтыру.
Анықтама үшін: Қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау шарттары және механизмдері (бірлесіп қаржыландыру 30% -жұмыс беруші, 70% - мемлекет);
- жұмыс күшінің ауылдардан қалаларға жұмылдырылуын қолдау механизмімен және шартымен толықтыру (экономикалық әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға);
- Бағдарламаның бірінші бағыты қатысушыларына арналған материалдық көмекті айқындау;
- Бағдарламаның іске асырылуы жөнінде ақпарат беру бөлігінде «Еңбек нарығы» ААЖ жүйесін енгізу;
|
|
|
|
3
|
18
|
Ірі кәсіпорындардың облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауға бірлесіп инвестициялар салуда және олардың одан әрі басқа салаларда жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді көздейтін жол карталарын іске асыру
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
Еңбекмині, облыстардың, Астанажәне Алматы қалаларының әкімдері, ірі кәсіпорындар
|
2017-2018 жылдар маусым
|
Орындалу барысында
Ірі кәсіпорындардың жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауға және олардың одан әрі басқа салаларда жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге бағытталған шараларды іске асыруы мақсатында орталық органдармен, әкімдіктермен және кәсіпорындармен бірлесіп:
төмендегілерді көздейтін кәсіпорындар жол картасының бірыңғай формасы әзірленді:
- қысқартылатын жұмыскерлер санын анықтау;
- жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу;
- босатылатын жұмыскерлердің одан әрі жұмысқа орналастыру.
2. 2017 жылы жұмыс орындарын қысқартуды жоспарлап отырған кәсіпорындар тізімін анықтау бойынша, осы кәсіпорындардың қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау және олардың одан әрі жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жөніндегі жол картасына қол қоюы бойынша жұмыс жүргізілді:
а) Павлодар облысында – әкімдік пен бір ірі кәсіпорын арасында ( «Павлодар мұнай-химия зауыты»);
б) Қызылорда облысында облыс әкімдігі мен 12 кәсіпорын басшылары арасында.
Жол картасы аясында қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауға және олардың одан әрі жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге бірлесіп инвестициялар салу бойынша шаралар қарастырылады.
|
Қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды және олардың одан әрі жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді қамсыздандыру
|
|
|
4
|
19
|
Жұмыспен қамту орталықтарын реформалау және барлық бос жұмыс орындары мен елді мекендер бойынша бірыңғай онлайн-платформа құру
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
Еңбекмині, АКМ, Қаржымині, облыстардың, Астанажәне Алматы қалаларының әкімдері
|
2018 жылғы маусым
|
Орындалу барысында
Халықты жұмыспен қамту орталықтарын (бұдан әрі –ХЖО) жұмыстан тиімділікті жоғарылатуға бағытталған реформалау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1. ұйымдастырушылық-құқықтық форманы өзгерту. ХЖО-на еңбек ақы төлеу жүйесін ынталандырушы компонентпен толықтыру, яғни нәтиже бойынша еңбек ақы төлеуді енгізу ұсынылып отыр.
Қазіргі уақытта барлық 199 жұмыспен қамту орталықтарының материалдық-техникалық жағдайын бағалау жүргізілді.
2. жұмыс берушілермен жұмыс форматын түбегейлі өзгерту. HR-қызмет, ізденушілермен жұмыстың атаулылығын күшейту, бос жұмыс орындарын, ізденушілерді және бірқатар басқа бастамаларды тіркеу тәртібін жеңілдету ретінде жұмыс берушілермен проактивті жұмыс форматын енгізуді көздейтін ХЖО-н трансформациялаудың жол картасы әзірленді және іске асырылуда;
3. электрондық кезектер енгізу. Қазіргі уақытта оларды енгізу кестесі әзірленген, электрондық кезектер 5 қала мен 1 аудан орталығында енгізілді: (Астана, Алматы, Шымкент, Петропавл, Павлодар, Ақтоғай ауданы – Павлодар облысы).
- Облыс орталықтарында және моно-қалаларда электрондық кезек енгізу;
- Жұмыспен қамту орталықтарын және ауылдық округтерді компьютерлендіру;
- Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы онлайн-платформасын (Еңбек биржасы) іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Азаматтардың интернет-ресурс арқылы жүгінуіне мүмкіндік беретін «Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын енгізу жұмыс берушілердің, ізденушілердің, ЖО мен ЖЖА-нің өзара іс-қимыл жасауына арналған бірыңғай электрондық платформаның болмауымен негізделді.
|
Ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап Астана, Алматы және Павлодар қалаларының ХЖО-н халыққа қызмет көрсетудің жаңа форматына көшіру және «Еңбек биржасы» бірыңғай ақпараттық базасы онлайн платформасын іске қосу жоспарланып отыр.
2018 жылдың қаңтарынан бастап елдің барлық жұмыспен қамту орталықтарының халыққа қызмет көрсетудің жаңа стандарттарына көшуі жоспарланып отыр.
|
|
|
5
|
50
|
Кәсіптік стандарттарды еңбек нарығының талаптарына және өндірістегі әлемдік үздік тәжірибелерге сәйкес жаңарту
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
Еңбекмині, БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)
|
2017-2019 жылдар желтоқсан
|
Орындалу барысында
Кәсіптік стандарттарды (КС) әзірлеу және қайта қарау «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын іске асыру аясында кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылы:
- ҰКП-мен және жұмыс берушілер қауымдастықтарымен бірлесіп 70 кәсіптік стандарт жобасын әзірлеу үшін экономикалық қызметтің 15 басым түрі анықталды және келісілді.
- 15 бағыт бойынша 70 КС әзірлеуге техникалық тапсырма әзірленді және келісілді;
- конкурс жарияланды (хабарландыру ЕХӘҚМ орналастырылған);
- компаниялардың конкурстың біліктілік талаптарына сәйкестігінің алдын-ала шолуы жүргізілді;
- кәсіптік стандарттардың 70 жобасын әзірлеу үшін 15 басым қызмет түрінің әрқайсысы бойынша жасаушылар анықталды.
|
1. қызметтерді жеткізушілермен шарт жасасу;
2. кәсіптік стандарттарды (КС) әзірлеу.
Анықтама үшін: 2017 жылы қызметтің басым бағыттары бойынша – 70 КС, 2018 жылы – 230 КС, 2019 ж. - 250 КС, барлығы 550 КС-ты қайта қарау және әзірлеу жоспарланып отыр.
|
|
|
6
|
56
|
Зейнетақы төлемдерін 20%-ға дейін және баланың тууына арналған біржолғы жәрдемақыны 20%-ға арттыру мақсатында кейбір заңнамалық актілерге әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
|
Еңбекмині, Қаржымині
|
2017 жылғы ақпан
|
Орындалды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның (2017 жылғы 20 маусымдағы) қабылдануы нәтижесінде зейнетақы төлемдерін 20%-ға дейін және баланың тууына арналған біржолғы жәрдемақыны 20%-ға арттыру қамсыздандырылды.
Ақпарат үшін: 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап:
БЗ-ны есептегендегі зейнетақының ең төменгі мөлшері 45 711 теңгеге дейін (2016 – 37 789), орташа мөлшері 66 091 теңгеге дейін (55 117), ең жоғары мөлшері 92 747 теңгеге дейін (77 186) көбейді.
Бірінші, екінші, үшінші баланың тууына арналған жәрдемақы мөлшері– 86,2 мың теңгені құрады. (2016ж. – 66,6 мың теңге), төртінші және одан кейінгі балаға– 142,9 мың теңге (111,0 мың теңге)
|
|
ҚР ПӘ Басшысы Ә. Жақсыбековтың 2017 жылғы 6 наурыздағы № 3971 ПАБ қарары бойынша аталған тармақ бақылаудан алынды
|
|
7
|
57
|
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымын қайта қарау
|
Еңбекмині мен ҰЭМ бірлескен бұйрығы
|
Еңбекмині, ҰЭМ
|
2017 жылғы желтоқсан
|
Орындалу барысында
Халықаралық тәжірибені талдау нәтижесінде ЕЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі негізге алынды.
Ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдісін өзгерту бойынша ұсынылатын шаралар мүдделі мемлекеттік органдармен, ҚР кәсіптік одақтар Федерациясымен, қоғамдық ұйымдармен бірге талқыланды.
Анықтама үшін: Талдау және талқылаулар қорытындысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейін жетілдіру әдістемесінің үш тәсілі қабылданды, бұл Еңбекминінің, Қазақ тағамтану академиясының және кәсіптік одақтар Федерациясының нұсқалары.
ЖАО-мен бірлесіп 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоспарланған ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымын өзгерту бойынша ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 5 мамырында ОКҚ-де ең төменгі күнкөріс деңгейін қайта қарау мәселесі жөнінде брифинг өтті.
Азық-түліктік емес тауарлар мен қызметтерге шығыстардың тиянақталған үлесін бекіту және ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу Қағидасына өзгерістер енгізуге қатысты Еңбекмині және ҰЭМ-нің бірлескен бұйрығы жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.
|
Ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдісін өзгерту бойынша ұсынылатын шараларды кең талқылау (2017 жылдың 3-тоқсаны).
|
|
|
8
|
58
|
Жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін кедейлік шегін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40%-ынан 50%-ға дейін арттыру
|
Еңбекминінің бұйрығы
|
Еңбекмині
|
2017 жылғы желтоқсан
|
Орындалу барысында
Министрлік жаңа форматта АӘК енгізу бойынша шараларды іске асырудың Жол картасын қабылдады және іске асыруда.
Жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек енгізудің Типтік аймақтық жоспары және әр аймақта әзірлену, бекітілу және орындалу үшін жергілікті атқарушы органдарға бағытталған әдістемелік ұсыныстар бекітілді.
Министрліктің қабылданған медиа-жоспарына және жаңа форматта АӘК енгізу бойынша нормаларды түсіндіру үшін аймақтарға шығу кестесіне сәйкес ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізілуде. Қазақстанның 7 аймағында ЖАО мен ХЖО-ның 305 қызметкерін қамтыған оқыту семинарлары өткізілді.
29 - 30 мамырда Ақмола облысы Бурабай кентінде Дүниежүзілік банктің қолдауымен ЖАО-дың 150 өкілінің қатысуымен «Өрлеу» жобасын енгізу жөніндегі республикалық семинар өтті.
Ағымдағы жылдың маусымынан бастап «Аймақтардағы Еңбекмині күндері» ақциясы өтуде, соның аясында әлеуметтік-еңбек саласы заңнамасындағы жаңа енгізілімдер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні бұл іс-шара Қазақстанның 4 аймағында өткізілді.
Жаңа форматта АӘК көрсету тәртібін регламенттеуге бағытталған нормативтік актілер әзірленді және қабылданды («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2015 жылғы 28 қазандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Премьер-Министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 117-ө өкіміне сәйкес).
|
Жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек енгізу мәселесі бойынша халықпен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу
|
|