Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет24/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85

72
мұндағы Д — бір жыл ішіндегі бір акция үшін төленетін абсолюттік көріністегі
дивиденд; П — жылдық нарықтық пайыз (үлестердегі).
Акцияның  теориялық  бағасын (төленетін  дивиденд  мөлшері  кезеңнен
кезеңге ұлғаятын болса) мына формула арқылы анықтауға болады
Аб=Д ( \ +п ) / ( П - п ) , мұндағы п — дивидендтің  жыл  сайын  өсуі
(үлестердегі).\
Акцияның  бағамын  анықтау  үшін  акцияның  нарықтық  құнын  атаулы
құнына бөліп, 100-ге көбейту қажет. Мысалы, атаулы құны 100 теңге болатын
акция 150 теңгеге сатылады  делік. Акция  бағамы (150/100) х 100% = = 150%,
яғни бағамның өсуі 1,5 есе құрайды.
4.4.3 Облигациялар, вексельдер
Облигациялар— бұл  олардың  иесі (кредитор) мен  қағаздарды  шығарған
тұлға (борышкер) арасында  қарыздық  қарым-қатынастарды  орнататын
құнды қағаздар. Облигациялар атаулы жəне ұсынушының облигациялары бола
алады. Облигациялар иесі белгілі бір мерзім өткеннен кейін ескерілген соманы
алуға  жəне  бекітілген  мерзімге  сəйкес  борышкердың  қаржылық  жағдайына
байланыссыз  пайыздар  төленуіне  құқылы. Əйтпесе борышкер  төлеуге шамасы
жоқ  деп  жариялануы  мүмкін. Кейбір  жағдайларда  облигациялар  пайызсыз
болуы  мүмкін. Олар  дисконтпен (жеңілдікпен) сатылады  жəне  атаулы  құн
бойынша  өтеледі. Облигациялар  иелерінің  үлестірмелі  пайдаға  жəне
жойылғаннан кейін қоғам активтеріне басымырақ құқығы бар.
Қамсыздандыру  түрі  бойынша  облигациялар  мүлікті  кепілге  салу  арқылы,
құнды қағаздарды кепілге салу арқылы жəне кепілсіз бола алады.
Облигация — бұл  бəрінен  бұрын  борышкерлік  құнды  қағаз, борышкерлік
міндеттеме. Облигациялар, əдетте  облигациялық  қарыз  шегінің  ішінде —
мерзімі бір жылдан кем емес сериялар бойынша шығарылады. Облигацияларды
орналастырудан  түскен  қаражат  кəсіпорынның  қарыздық  капиталын  құрайды.
Облигацияның  міндетті  сипаттамаларына  мыналар  жатады: эмитенттің
фирмалық атауы жəне оның орналасу орны, иесінің аты (атаулы облигациялар
үшін), оның  реттік  нөмірі, атаулы  құны, шығару  күні, облигациялар  түрі,
шығарылымның жалпы сомасы, пайыздық мөлшерлеме, сондай-ақ пайыздарды
төлеу шарттары мен реті, өтеу шарттары мен реті.
Корпоративтік  облигациялар — бұл  борышкерлік  құнды  қағаз  ғана  емес,
сонымен бірге қор нарығында өздігінен айналатын облигационер мен эмитент
арасындағы  қарыздық, борышкерлік  қатынастарды  көрсететін  ерекше
инвестициялық құн.
Акциялар  мен  облигациялар  акционерлік  қоғамдардың  бірінші  реттегі
қаржылық  капиталы  болып  табылады, олардың  айырмашылығы  акциялар
меншікті, ал  облигациялар  қарыздық  капитал  болуында. Акция — бұл
акционерлік  қоғамның  меншігіндегі  қаражатының  үлесіне  деген  иелерінің
құқығын  куəландыратын  үлестік  құнды  қағаз, ал  облигация — бұл
облигационер  мен  эмитент  арасындағы  қарыздық, борышкерлік  қатынастарды
көрсететін  борышкерлік  құнды  қағаз, борышкерлік  міндеттеме. Атап  өтетін


73
жайт, акциялар  бойынша  да, сол  сияқты  облигациялар  бойынша  да  олардың
сертификаттары шығарылуы мүмкін.
Вексель — бұл  аталған  мерзім  өткеннен  кейін  бекітілген  соманы
қайтаруына  талап  қоюға  қандай  да  бір  шартсыз  құқығын  беретін
борышкерлік  міндеттеме. Əдебиеттік  көздерге  жүгінсек, вексель — бұл
қысқа  мерзімді  сипаттағы  құжатталған  инвестициялау. Акция — бұл
кəсіпорынның  жарғылық  капиталына  деген  қаржы  жұмсау, облигациялар —
бұл  кəсіпорынның  негізгі  қорларына  жұмсауға  арналған  қарыздық  қаражат
(негізгі  қаражат — капитал), ал  вексель, көбінесе — бұл  кəсіпорынның
айналымдағы қаражатына деген инвестициялар. Құнды қағаздардың вексельдік
айналымы кең қолданысты таппады.
Құнды  қағаздардың  туындылары  арасында  опциондар  мен  варранттар  бар.
Опцион — бұл болашақтағы нақты күні немесе оған дейін басқа құнды қағазды
белгілі  бір  бағамен  сатып  алу  немесе  сатуға  құқық  тапсыратын  құнды  қағаз
түрінде рəсімделген міндеттеме. Варрант — бұл белгілі бір бағамен біріншілік
орналастыру  кезінде басқа  құнды  қағаздарды  сатып алуға  құқық беретін жəне
осын құнды қағаздардың эмитенттері арқылы сатылатын құнды қағаз.
4.4.4 Құнды қағаз нарығының қатысушылары
Құнды қағаз нарығы (қор нарығы) — бұл арнайы қаржы құралдар – құнды
қағаздар  айналатын  қаржы  нарығының  құрамдас  бөлігі. Құнды  қағаздар
нарығы – бұл  əр  түрлі  ұйымдық  құрылымдардан, эмитенттерден  жəне
инвесторлардан  құралатын  жүйе. Бұл  ретте  бір  құрылым  эмитент  ретінде  де,
инвестор  ретінде  де  əрекет  ете  алады. Құнды  қағаздар  нарығының  мақсаты
қаржы  ресурстарын  топтастыру  жəне  оларды  нарық  қатысушылары  арасында
қайта  үлестіру  болып  табылады. Құнды  қағаздар  нарығы  құнды  қағаздарды
бірінші  иегерлеріне сатуды қамтитын біріншілік нарыққа жəне құнды қағаздар
айналатын екіншілік нарыққа бөлінуі мүмкін.
Құнды  қағаздар  нарығының  қатысушылары – құнды  қағаздар  эмитенттері,
ал  сатып  алуышылары – инвесторлар  мен  инвестициялық  институттар  болып
табылады. Эмитент — бұл  құнды қағаздарды  шығаратын (эмитеттеуші) жəне
олар  бойынша  құнды  қағаздардың  иегерлері  алдында  міндеттемелер  алатын
заңды тұлға (оның ішінде мемлекеттік орган). Инвестор — кəсіпкерлік немесе
эмитенттің  өзге  қызметіне  қаражат  салу  мақсатында  құнды  қағаздарды  өз
атынан жəне өз қаражатының есебіне сатып алатын заңды тұлға немесе азамат.
Қазақстан KAZSE нарығындағы  құнды  қағаздар  эмитенттері  ретінде
келесілерді бөліп көрсетуге болады:
1) 
Қаржы  министрлігі (ҚР  Ұлттық  банкі) — Қазақстандағы  құнды
қағаздардың аса ірі эмитенті;
2) жергілікті билік органдары;
3) акционерлік қоғамдар;
4) 
банктер  —  акциялар,  вексельдер,  депозиттік  жəне  жинақтаушы
сертификаттар эмитенттері;
5) басқа эмитенттер.


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау