Б. Майлыбаев «100 нақты қадам» Қазақстан дамуының аса ірі әлеуетін ашып көрсететін маңдайалды міндеттерді нақпа-нақ жүзеге асыру // казинформ. – 2015. – 27 мамыр



жүктеу 0,62 Mb.
Дата18.12.2017
өлшемі0,62 Mb.
#4494
түріБағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«100 НАҚТЫ ҚАДАМ» -

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Студенттік топтардағы кураторларға көмек

Қарағанды 2015

«100 нақты қадам» - қоғамды жаңғыртудың бағдарламасы. Студенттік топтардағы кураторларға көмек/ Құрастырушы А.Е. Даниярова– Қарағанды: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің баспасы, 2015. – 19 б.

Брошюра «100 нақты қадам» ұлт Жоспарының жүзеге асырылуы туралы БАҚ-нан алынған мақалалардан тұрады. Брошюра материалдары кураторларға «Жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» патриоттық тәрбие Концепсиясын жүзеге асыру аясында кураторлық сағатқа және де басқа іс-шараларға дайындалуға ұсынылады.

© Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті, 2015




Б.Майлыбаев «100 нақты қадам» - Қазақстан дамуының аса ірі әлеуетін ашып көрсететін маңдайалды міндеттерді нақпа-нақ жүзеге асыру // КАЗИНФОРМ. – 2015. – 27 мамыр.
«100 нақты қадам» - Қазақстан дамуының аса ірі әлеуетін ашып көрсететін маңдайалды міндеттерді нақпа-нақ жүзеге асыру, деп есептейді Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев.

Бұл қалыптан тыс жоспар, онда мемлекеттің, экономика мен қоғамның кезең-кезеңімен жаңғыр­тылуының одан арғы бағытының негізін қалайтын 100 егжей-тегжейлі және практикалық шешімдер бар. Біздің еліміздің жаһандық деңгейдегі нақтылы артықшылықтарын жасау мен қайта жаңғырту үшін Қазақстанға бес институттық реформа ауадай қажет.

Ұлт жоспары - нақтылы, дәйекті және айқын жоспар. Ол миллиондаған қазақстандықтар үшін Болашаққа баратын даңғыл жолды белгілеп берді. Президенттің Ұлт жоспарының әрбір жолынан «Біздің ел, біздің ұлт, біздің болашақ» деген жасампаз тарихи месседж онша көзге ұрмай, бірақ әжептәуір ап-айқын көрініп тұрады.

 Ұлт жоспарының әрбір тармағы Ақтаудағы наубайханашыға да, Көкшетаудағы фермерге де, Шымкенттегі студентке де немесе Алматыдағы стартап жоба бизнесменіне де, Тараздағы университет профессорына да, Атыраудағы мұнайшыға да немесе Қарағандыдағы шахтерге де түсінікті. «100 қадам» - Елбасының 100 нақты тапсырмасы, олар мемлекеттік даму мен қоғам өмірінің барлық қырларын реформалауды қамтиды.

15 қадам мемлекеттік аппарат кәсібилігін түбегейлі арттыруға арналған. 19 қадам - сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының жұмысын жаңғырту жөніндегі тиімді іс-қимыл. 50 қадам - жаңа жоғары технологиялы экономикалық өсу мен адам капиталын дамытуға ынталандыратын, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға айқын бағдарланған нақты да дәл шешімдер. 6 қадам - қоғам бірлігінің жалпықазақстандық біртектілігін нығайтуды, «Мәңгілік Ел» құндылықтары жүйесін дамытуды көздейтін толыққанды шаралар. 10 қадам «Ашық Үкіметтің» жұмыс тетіктерін, мемлекеттік органдардың  ашықтығы мен есептілігін жетілдіруді, қоғамдық бақылауды күшейту мен іске азаматтық тұрғыдан араласуды қамтамасыз етеді. Осынау нақты 100 қадам халықтың арман-аңсарын танытады. Ол қадамдар халықтың және әрбір қазақстандықтың мүддесіне сай келеді.

Біздің, қазақстандықтардың әрқайсысы өзінің мамандығында, өзінің жұмыс орнында, өзінің қоғамдық өмірінде бүкіл елмен бірге осы маңызды 100 қадамды жасауға тиіс.

Ұлт жоспары мемлекеттік қызметкерлерге жауапкершіліктің жаңа жүгін артады. Ендігі жерде мемлекеттік аппаратта жұмыс істейтін әрбір адам Президенттің «100 қадамын» орындауының өзіндік нақты сегментіне жеке  жауап береді. Әрбір мемлекеттік қыз­мет­кер өзінің нақты жұмыс учаскесінде жеке басы не істеді деген сұ­раққа кез келген уақытта нақпа-нақ жауап беруге дайын тұруға тиіс.

Халық пен елге талмай қызмет ету, өзінің еңбегі мен қам­қорлығының арқасында Қазақстанның және қазақстан­дықтардың мүддесіне пайда келтіру арқылы мұндай жоғары жауапкершіліктің үлгісін бізге Елбасы көрсетуде.

Осы орайда үйреншікті жайға айналған, бірақ терең мағынасы әлі де толық пайымдалмаған мына мысалды келтірейін. Астананың құрылысы біздің халқымыздың ойлау жүйесі мен практикасының тарихи тәжірибесін қайтадан таңбалап берді.

Ол тұтас буындардың өмірдегі бейғамдығының ғасырлар бойғы қалыптасқан темір бұғауын күйретіп, Қазақстанның егемен хал­қының шығармашылығы мен жасампаздығының ауқымды әлеуетін ашты. Астана тұрғызу жаңа ұлттың инженерлік ойлау жүйесінің ғажайып мысалы дегенге кім таласа алады?Астана бүкіл Қазақстандағы адами капиталды дамытуға орасан ықпал жасауда. Біртұтас ұлттың ұлттық сана-сезімі үшін менталитеттік-пси­хо­логиялық саланың түрленімі жүріп жатқаны, бүкіл халықтың өзіне және өзінің күшіне сенімі тазарып, нығая түскені өте маңызды. Қазақстан кеңістігінде халқының саны миллионға жуық мегаполистің жаңадан пайда болуы ең алдымен экосаланың, оның байланыстары мен өмір салтының өзгеруі. Астананың өркендеуі - Елбасының идеялары мен іс-қимыл­дарының стратегиялық тұрғыдан түзулігі мен кешендігінің жарқын мысалы. Елорданың өркендеуі тек қана алдыңғы қатарлы архитек­ту­ралық шешімдердің ғана емес, Астана маңындағы табиғи ландшафттың жоспарлы түрде өзгеруінің арқасы, онымен бірге қазақстандықтардың экологиялық ойлау жүйесі де өзгеріп келеді. Астананың «жасыл белдеуі» жасалуда. Жаңа орман бар жерде таза ауа болады, онда топырақ эрозиясы тоқтайды, жел соғуы бәсеңдейді. Ол жерде демалу орындары көбейіп, туризм өркен жаюы мүмкін. Ол жерде экологиялық санасы жетілген, сапалық тұрғыдан жаңа ұлт қалыптасады. Ұлт жоспарын ұсына отырып, Мемлекет басшысы Қазақстандағы жаңғырту үдерісінің жаңа парадигмасын орнықтыруда.

Біріншіден, бұл - мәселенің тұғырнамалық тұрғыдан тыңғылықталуы және анық мақсат белгіленуі. Стратегиялық сатыластықтың ұшар шыңына елдің болашақ бейнесін айқындайтын басты екі мақсат шығарылған.

Бұл мақсаттар - 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу және Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және  даму ұйымының стандарттарына сай келуін жүзеге асыру. «100 қадамды» терең саралау және дәл есептеу ел үшін, мемлекет үшін, әрбір қазақстандық үшін жаңа мүмкіндіктер келешегін ашады.

Екіншіден, бұл - үздіксіздік және инклюзивтілік.

Дамушы әлемнің көптеген елдері қуып жетуші жаңғырту тұжырымдамасын ұстанғаны белгілі. Ұлт жоспарының және тұтастай алғанда, Қазақстан жолының негізіне жаңғырту үдерісінің инклюзивті сипаты алынған, ол бұл іске барлық әлеуметтік топтардың белсенді араласуын қажет етеді. Оған қоса, инклюзивтілік мемлекет пен қоғам «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру орайында қабылдап жатқан шараларды үйлестіру мен өзара келісілгендікті білдіреді. «100 қадам» - біздің ұзақ мерзімді даму стратегиямыздың табиғи түрдегі құрамдас бөлігі және Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосу жөніндегі нақты бағдарлама.

Осы арқылы Қазақстанның ХХІ ғасырдағы табысты дамуының сабақтастығы мен үздіксіздігі көптеген онжылдықтар бойында қамтамасыз етіледі. 

Үшіншіден, бұл - ең таңдаулы халықаралық тәжірибеге арқа сүйеу. Біз қай кезде де барынша дамыған елдердің экономикалық реформалар жүргізудегі, мемлекет құрылысы мен әлеуметтік дамудағы озық практикасын шұқшия зерттеп, қабылдап отырғанбыз. Алайда, біздің тәжірибеміз өзгелерді сол күйінде көшіре салу дегенді білдірмейді. Біз басқа елдердің дамуындағы табысты практиканың тиімді белгілерін өзіміздің ұлттық жағдайларымызды, құндылықтарымызды және азаматтардың мүдделерін ескере отырып, табиғи түрде қолданамыз.

Президенттің «100 қадам» Ұлт жоспары да осындай, ол өз бойына әлемдік практикадағы ең таңдаулының бәрін де жинаған.

Төртіншіден, бұл - зияткерлік пен жаңашылдық. 5 реформаның бәрі және 100 қадамның әрқайсысы білім мен озық технологияға арқа сүйейді, олар жаңғыртылған қазақстандық қоғамның іргетасына, оның зияткерлік құрамдас бөлігіне айналады. Инклюзивті жоғары технологиялы экономиканы жаңа кәсіби кадрларды пайдалана отырып дамыту көзделуде. Мемлекет басшысы қазақстандықтарды әлемдегі интеллект, білім мен біліктілік бәсекесіне бейімдеп отыр. Мұның өзі ХХІ ғасырдағы барлық табысты қоғамдардың қалыптасуы мен дамуының түбірлі факторы. Сонымен бірге, «100 қадамды» жүзеге асыру Қазақстан үшін кем қойғанда 100 жаңа дағды алып келеді, олар тың жобалар мен бастамалар тізбегінің ізашарына айналады. Ұлт жоспары - бұл таза зияткерлік бағдарлама, ол мем­лекеттің, азаматтық сектор  мен ғылыми-сарап­та­малық қоғамдастықтың сындарлы өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын қажет етеді. Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мен Халықаралық консультациялық кеңес дәл осындай мақсатпен құрылған. Міне, сондықтан да «100 қадамды» жүзеге асырудың барысын сапалы зерттеушілік пен сарап­та­малық-талдамалық тұрғыдан қолдау көзделуде, ол жаңа идея­ларды шығару мен қазақстандық жаңғыр­тудың сын-қатерлеріне нақты жауап табудың бастау көзіне айналатын болады. Іске бұлай қарау барынша нәтижелілікті және Ұлт жос­парынан ұзақ уақыт бойы тиімділік көруді қамтамасыз етеді.

Бесіншіден, бұл - санқырлылық. «100 қадам» - Тәуелсіздікті нығайтудың мем­ле­кет­тік бағыты­ның іске асырылуы. Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған дәйекті инклюзивті жаңғырту жоспары біздің социум өмірінің барлық қырын - экономиканы, бі­лімді, ғылымды, денсаулық сақтауды, мәдениетті, қоғамдық және саяси қарым-қатынастарды, мемлекеттік басқаруды, Ұлттық қауіп­сіздікті және басқаларды қамтиды. Біздің қоғамның және әрбір қазақстандықтың өмірінің бірде-бір жағы атам заманғы немесе тоқырау күйінде қалмайды. Әрбір қадам - Мемлекет басшысының нақты практикалық тапсырмасы. Жаңару үдерісі дегеніміз дамудың байқалып отырған «бос аралықтарын» жүйелі түрде жою ғана емес, ол сонымен қатар, елді жаң­ғыртудың әрбір бағытының жаңа көпфункциялылығын құры­лымдауды да білдіреді.

Біріншіден, талапты қатайту және сонымен қатар мемлекеттік қызмет жүйесінде кәсіби мемлекет қалыптастыру жолындағы ахуалды жақсарту кәсіби мемлекеттік аппараттың жаңа сапасын қалыптастыруға бағытталған.

Екіншіден, заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі жаңа көзқа­растар сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Сот төрелігі институтына  қоғамдық сенім арта түседі. Еліміздің инвестициялық тартымдылығы бірнеше есе көбейеді.

Үшіншіден, ұлттық экономиканы терең реформалау стра­тегиялық инвесторларды дәл тарту мен ғылым жұмсалатын өндірісті көтеру арқылы жоғары технологиялы өңдеуші секторды басым дамытуды көздейді.

Төртіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясы мен Баршаға ортақ еңбек қоғамы идеяларын одан әрі ілгерілету азаматтық біртектілікті күшей­теді және Болашағы Біртұтас Ұлттың бойындағы жасампаздық әлеуетті түбегейлі ашуға мүмкіндік береді. «Мәңгілік Ел» - қоғамдағы бірлік пен келісімнің атымен өзгеше моделі, ол жаһандық ауқымда танылған табысты қазақстандық тәжірибенің мәртебесіне ие.

Бесіншіден, мемлекеттің ашықтығы мен есеп берушілігін кезең-кезеңімен дамыту, қоғамдық бақылаудың рөлін күшейту, азаматтық қатысуды кеңейту, мониторинг пен бағалау тетіктерін жетілдіру тұтастай алғанда мемлекет басқарудың тиімділігін арттырады.

Алайда, ең бастысы, барлық бес реформа қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға, Қазақстанның Экономикалық ынты­мақ­тастық пен даму ұйымына мүше елдерде қол жеткізілген жоғары әлеу­меттік стандарттарға ұмтылуға бағытталған.

 Президенттің «100 нақты қадам» Ұлт жоспары біздің елімізде мем­лекеттік құрылыстың жаңа тарихи деңгейіне алып шығады.

Бес реформа - 5 күш векторы, олар қосыла келгенде Қазақ­стан­ның табанды түрде тек қана алға басуын айқындайды. Қазіргі таңда әлем күрделі де қарама-қайшылықты кезеңді бас­тан кешуде. Жаһандық экономикада мұның алдындағы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарлары әлі де түгел еңсерілген жоқ.

Анағұрлым ауқымды сілкіністердің болу қаупі әлі де әлемнің көп­теген елдері мен өңірлеріне төніп тұр. Жаңа экономикалық цунамидің кіндігі қайда, қандай жағ­дай­да және қашан шыға келуі мүмкін дегенді іс жүзінде болжап білу мүмкін емес. Негізгі әлемдік нарықтардың - көмірсутектердің, алтын және басқа металдардың, азық-түліктің, технологиялардың және басқалардың құнының құбылуы күшейе түсті. Осындай жағдайда барлық жерде дерлік тоқырауды күту бой көрсетуде. Мұндайда алдыңғы қатарға сыртқы экономикалық қиын­дық­тарға қарсы тұрудың ұлттық стратегияларын жасау және жүзеге асыру мәселесі шығады. Бүгінде әлемдік экономиканың ірі ойыншылары өздерінің ішкі ресурстарын кеңінен пайдалануда. Көптеген елдерде гуманитарлық және фискалдық сипаттағы шаралар қабылдануда.

Тарихи тәжірибе сонымен қатар, дағдарысты және дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық дамудың тиімді қозғаушы күші ин­фра­құрылымға салынған инвестициялар бола алатынын көрсе­теді. Индустриялық әлем тарихында мұндай тәжірибе болған. Мысалы, АҚШ экономикасының «ұлы күйзелістен» шығуы ауқымды инфрақұрылымдық құрылыспен байланысты.

ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында америкалықтар 1 мил­лион километрге жуық жаңа жолдар, 77 мың жаңа көпір салған. Мектептердің 70 пайызы мен ауруханалардың үштен бір бөлігі 1933 жыл мен 1939 жылдың аралығында тұрғызылған. Бұл 4 миллионнан астам жұмыс орындарын құруға көмектескен.

60-шы жылдарда Оңтүстік Корея ұлттық бюджеттің ширек бөлігін жылдам жүретін Гуенгбу автомобиль жолын салуға жұм­саған еді. 1982 жылы магистраль халықтың 66 пайызына қызмет көрсетіп, барлық жүктің 70 пайызын тасымалдаған. Сол жол­дың бойында салынған өнеркәсіп орындары қазіргі Корея Респуб­ликасының ішкі жалпы өнімінің төрттен үш бөлігін шығарады.

Тарих Фрэнсис Бэконның атақты үштағанының дұрыстығын дәлелдеумен келеді. Ол ұлтты ұлы және берекелі ететін үш нәрсе бар деген еді: құнарлы топырақ, іскер өнеркәсіп және адамдар мен тауарлардың жеңіл қозғалуы.

Үшінші құрамдастың көкейкестілігін бүгінгі экономистер дәлелдеп отыр. Олардың мәліметтері бойынша, инфрақұрылымға са­лынған 1 доллар инвестиция экономикада 2 долларға дейінге қозғау сала алады. Сондықтан, инфрақұрылымды дамытудың маңызын ескере келіп, Президенттің тапсырмасы бойынша кең ауқымды мем­лекеттік «Нұрлы Жол» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бұл бағдарлама Қазақстанның әлемдегі инфрақұрылым сапасы бойынша алда келе жатқан елдер қатарына қосылуына қол жеткізуге тиіс.

Екінші бесжылдықтың міндеттерін жүзеге асыру барысында елдің алдыңғы қатарлы инфрақұрылымдық қаңқасы тұр­ғызылатын болады. Қазақстан - территориясы бойынша әлемдегі тоғызыншы ел. Инфрақұрылым құрылысы көп инвестицияны талап етеді, бірақ оның маңызы келер ұрпақтарға қалатын мұра ретінде ғасырларға кетеді. Алдағы 3 жылда жаңа жолдардың құрылысына, электр желі­лерін, коммуникация салуға 14 миллиард доллар бағытталады. Бұл қаржының үштен бір бөлігінен астамын халықаралық қаржы институттары бөледі. Астанадан өңірлерге қарай шапақ түрінде тарайтын автожолдар желісі тартылады. Бұл елдің барлық өңірлерінің теңгерімді да­муына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Экономикалық дамудағы, сон­дай-ақ, әлеуметтік-демографиялық тұрғыдағы сәйкессіздіктер азай­тылады. Шағын және орта бизнес өндіріс шығындарын азайта алады, мұның өзін шекті деңгейден өңірлік деңгейге көтерілуге жағдай жасайды.

«100 қадамды» жүзеге асыру басталды. Осынау игілікті іске қосыла отырып, әрбір қазақстандық жаңарған мемлекетті жасаушылардың, ұлттық экономиканың тиімділігін арттырушылардың, өзінің отбасы мен бүкіл халықтың игілігін қамдаушылардың біріне айналады. Қазақстандықтарды жасампаздықтың табысты қазақстандық жолымен, ертеңге нық сеніммен  қадам басып бара жатқан Біртұтас Болашақтың Ұлты деп сипаттаған Президент идеясының мәні де осында.

 

 



Айсберг М. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын шығарды // zakon.kz. – 2015. - 20 мамыр.
Елбасының пікірінше, «100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап береді, - деп хабарлайды zakon.kz.

Ұлттық жоба екі бөлімнен және бес пункттен тұрады: 1. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру. 2. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету, «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» екінші бөлімі үш пунктті біріктіреді: 3. Индустрияландыру және экономикалық өсім. 4. Біртектілік пен бірлік. 5. Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру. Жоспарды жүзеге асырудың егжей-тегжейлі механизмі қарастырылған. Қазіргі уақытта ҚР Президенті жанынан жаңғырту бойынша құрамында жоғарғы кәсіби отандық және шетел сарапшылары бар бес жұмыс тобынан тұратын ұлттық комиссия құрылды.

Ұлттық комиссия міндеті – президенттік бес реформаны кезең-кезеңмен жүзеге асыруды келісілген басқару бойынша жүзеге асыруы тиіс. Ұлттық комиссия мемлекеттік органдардың, бизнес-сектор мен азаматтық қоғамның өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз етеді.

 Ұлттық комиссияның басты міндеті – тұжырымдамалық шешімдер қабылдап, іс-қимылдың нақты жоспарын айқындауы тиіс. Оның ұсынысы еліміздің Президенті тарапынан бекітілетін болады. Бекітілген шешімдерді қабылдау үшін жедел түрде парламент тарапынан заңдар, ал үкімет тарапынан – қаулылар қабылданатын болады. Аймақтық және салалық министрліктер шешімдердің нақты жүзеге асырылуымен айналысады, ал министрлер мен әкімдердің әрекеттері қатаң түрде Ұлттық комиссия тарапынан қадағаланады.

 Ұлттық комиссия жанынан беделді шетел сарапшылар қатарынан халықаралық консультативтік кеңес құру жаңалық болып табылады. Ол негізінен ғылымға негізделген ұсынымдар жасап, реформаларды орындау нәтижелерінің тәуелсіз жүйелі мониторингін жүзеге асыратын болады.

Осылайша бұл сырт көзбен қарағанда ангажирленбеген көзқарас болады. Бұл институт қазақстандық реформалардың айқындалуына және беделді халықаралық ұйымдар тарапынан оларға деген сенімді арттыруға жағдай жасайды. Ұлттық комиссияның жұмыс ұйымы ҚР Премьер-министрінің кеңсесі болып табылады.

Кез-келген мемлекеттің бейнесін, оның жұмысының тиімділігін тұжырымдамалар емес, оның қызметкерлері анықтайды. Жаңа ұлттық жоспарда кәсіби мемлекеттік аппарат құруға ең бірінші мән беріледі. Бұл ерекше маңызды міндет 15 нақты қадамға бөлінген және қызметке орналасу төменгі мансаптан басталу қажет деген ережеден басталған. Бұл заң жүзінде «ұлдарына» және «немере інісіне» қарапайым адамдар бірнеше жылғы қызметтен кейін қол жеткізетін мемлекеттік қызметтегі лауазымға жарысқа түсуге мүмкіндік бермейтін маңызды кезең. Сонымен бірге төменгі лауазымға кандидаттарды іріктеу және одан арғы мансабының жоғарылауы тек мемлекеттік шенеуніктің біліктілігінің негізінде жүзеге асырылуы қажет. Орынға қызығушылық әсерін болдырмас үшін ұлттық жоспармен ҚР жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызмет бойынша Агенттіктің рөлін күшейту есебінен мемлекеттік қызметке алғашқы болып түсушілерді іріктеудің міндетті түрде орталықтандыру процедурасы анықталды.  Іріктеудің үш сатылы жүйесі енгізілетін болады. 3+3 формуласы бойынша мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімі - тиісінше үш айдан кейін және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау анықталған.

 Мемлекеттік қызметкерлердің қызметінің нәтижесіне байланысты еңбекақыны жоғарылату болжанып отырғанын айта кеткен жөн. Бұдан басқа бағдарлама арқылы мемлекеттік қызметкерлердің мансабының жоғарылауы байқау негізінде өту керектігі анықталды. Төменгі лауазымда қызмет ететін мемлекеттік қызметкрелер арасынан тек конкурс бойынша «Б» корпусының жоғарғы лауазымына жылжыту есебінен мериитократия приципін бекіту.

 «100 нақты қадам» ұлттық жоспарының мәнін түсіну үшін сөзсіз уақыт қажет.

 Бағдарламаның мәнін оның авторы – ұлт Көшбасы анықтағандай – жоспардың негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.

 

Д. Мазоренко Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам тізімі жарияланды // V басқару - 2015. – 20 мамыр.

Инаугурация кезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөйлеген сөзінде бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам тізімі Казахстанская правда газетінің сайтында сәрсенбі күні жарияланды.

Бес институционалдық реформалар тізімі келесі пункттерден тұрады: баршаға бірдей осы заманғы мемлекет; заңның үстемдігі; орнықты экономика; болашағы біртұтас ұлт; ашық және халыққа есеп беруші мемлекет.

Бірінші пункт мемлекеттік қызметке түсу үрдісін, мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақы төлеуінің жүйесін және сыбайлас жемқорлықпен күресуді жаңғыртуды жобалайды. Соған орай, бірнеше заң қатары қабылданып, мемлекеттік қызмет жұмысы туралы агенттілікте сыбайлас жемқорылыққа қарсы арнайы бөлім құрастырылып, қызмет етіп жатқан мемлекеттік қызметкерлердің кешендік аттестациясы өткізілді. Бұл саладағы өзгерістер мемлекеттік қызметке шетелдік менеджерлерді, жеке сектордан мамандарды және Қазақстан азаматтарын – халықаралық ұйымдар қызметкерлерін қабылдауға мүмкіндік береді.

Екінші реформа бес сатылы сот әділдігінен (бірінші, шағымды, кассациялық, бақылау және қайта бақылау) үш сатылыға (бірінші, шағымды, кассациялық) көшуді тұспалдайды. Маман талаптары және сот қызметіне кандидаттарды іріктеу механизмі күшейтіліп, ант бергендер сотының қолдану аймағын кеңейтіліп, Астанада халықаралық AIFC арбитраждық орталық жасалынады. Бұл айтқандарды жүзеге асыру құқық меншігін кепіл етеді және кәсіпкерлік қызмет пен шартты міндеттемелерді қорғауға жағдайлар жасайды.

Үшінші пунктке сәйкес Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторында стратегиялық инвесторларды белсенді тарту жоспарланады және бірнеше өзгерулерді жүзеге асыру, ауыл шаруашылығына бағытталған жерлердің нарықтық айналымын енгізуден олардың негізгі қызметін ауыстыру үрдісін жеңілдетуге дейін өзгертулер жоспарлануда. Сонымен қоса кедендік және салық жүйелері біріктіріледі, бұл тауарларды тасымалдаудан бастап жүзеге асыруға дейін импорттаушыларға салық салудың үздіксіз болуы үшін жасалынады. Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіне аз дегенде 10 трансұлттық корпорацияларды тарту көзделген, сонымен қоса бизнес-омбудсмен институты нығайтылып, көші-қондық режим күшейтіледі, бұл шетелден мамандарды тартуға мүмкіндік береді.

Төртінші пункт Қазақстанның бірегейлігін нығайтуға бағытталған, оның қозғаушы күші орта тап болуы тиіс. Осыған орай бірнеше бағдарламалар орындалады: «Мәңгілік ел» патриоттық актісі, «Үлкен ел – үлкен отбасы» АНК жобасы және т.б.

Бесінші реформа есеп беруші мемлекетті қалыптастыруды көздейді. Мемлекеттік органдар жетекшілері өздерініің жетістіктері туралы жыл сайын есеп беріп отыратын болады. Сонымен қоса барлық бюджетті және шоғырландырушы қаржылық есеп беру туралы мәліметтер, сыртқы қаржылық аудит нәтижелері, мемлекеттік саясаттың тиімділігін бағалау нәтижесі, мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау нәтижелері, республикалық және жергілікті бюджетті орындау туралы есеп берулер жалпыға ортақ болады.

Қарастырылған реформаларды іске асыру үшін премьер-министр Карим Масимовтың жетекішілігімен елбасының тұсында жаңғырту бойынша Ұлттық Комиссия құрылады. Комиссия құрамына отандық және шетел сараптаушыларынан тұратын бес жұмыс тобы кіреді.

Графкин В. Бағдарлама іс жүзінде жүзеге асатын және түсінікті болып табылады // Казахстанская правда. – 2015 . – 16 маусым.
Бес институционладық реформаларды жүзеге асыру бойынша ұлт жоспары стратегиялық бағытқа ие. Сонымен қатар сатылы бағдарлама барлығына түсінікті, оның ішінде мемлекеттік құрылымдар мен қарапайым халыққа да түсінікті және жүзеге асуға мүмкін болып келеді.

Сапаға бағдар болу –дамудың жапыға мәлім көрсеткіші. Ол замандас мемлекетті қалыптастыруға арналған бағдарламалардың барлық бағыттарында кездеседі, себебі мемлекетке 30 дамыған елдер қатарына кіру қажет. Мемлекеттік аппарат, бизнес, өнеркәсіп және қызмет көрсету саласында сапа параметрлерін көтерудің нақты ориентирі белгіленуде. Мұның барлығы қарапайым қызметкерден басқару мамандарына дейін, мемлекеттік аппараттың қызметкерінен министрлерге дейінгі өз жұмысының шынайы мамандарысыз мүмкін емес. Сонымен бірге сапалы жұмыс әр адам мен азаматтың нақты уәжісінде негізделуі қажет. Бизнес сапасы нормативті акт қабылдайтын, олардың орындалуын қадағалайтын мемлекеттік органдар жұмысынан тікелей тәуелді. Жаһаңдануды және Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нарығын құруды ескере отырып, нормативті-құқықты құжаттамалардың маңызы өсуде. Талаптарды синхрондау іс жүзінде барлық салаларда қатал бәсекелестік жағдайында өтеді, бұл тартыста бағасы мен сапасы бойынша тиімді өніміне ақша салуға көндіре алатын қызметкер жеңіп шығады. Көптеген жылдар ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты жоғары сапаға ұмтылу қажеттілігін қарастыруға бағытталған. Онда сендіру мен ойланып жасалған тиянақты жұмысқа ынталандыру нық байланысқан. Жұмысқа жауапкершілікпен қарау, сыбайлас жемқорлықпен күрес, энергия, қорларды рационалды тұтыну, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мадақтаалды. Мұның барлығы тұрақсыздықтың күтімсіз жағдайларында қазіргі таңда және болашақта динамикалық дамуға жағдайлар жасайды.

Индустрияландыру, экономиканың диверсификациясы, базарлы бизнестен жеке өңдіріске көшу, қозғаушы ішкі сұраныс, халықтың жұмыспен қамтылуы, адамзаттың материалды жағдайын жақсартуға бағытталған біліктілікті арттыру, тұрақты даму – тізімделгендердің барлығына ерекше көңіл аудару қажет. Көп уақыт бойы орнынан қозғалмаған мәселелерді шешудің үрдістері жан-жақты және түсінікті жазылған. Оған жер учаскелерінің мақсатын өзгерту кезіндегі кедергілерді жою және дүние-мүлікті заңдастыру үрдісін оңтайландыру жатады. Құрылыста «жасанды» есептерді жою және олардың шын бағаға максималды сәйкестігі құрылысқа кеткен шығындарды бағасына сай бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жобалаушылар мен жұмысты атқарушылардың жауапкершілігін жоғары деңгейге көтерілуіне түрткі болады.

Елбасымыз кезекті рет энергияны үнемдеуді жер қорына, жабдықтар мен жұмыс орнына рационалды қарауға негізделген болашақ стратегиясының негізгі мақсаты екенін белгіледі. Айтылғандардың барлығы тәрбие үрдісіне келіп тіреледі. Жастық шақтан бастап, ақшаның қайдан келетінін, өзінің және жақындарының жағдайын қалай жақсартуға болатының білу қажет. Бұлардың барлығы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының құрылымды бөліктері болып келеді.



Халықаралық стандартқа сүйенген дүниежүзілік тәжірибені қолдану өту маңызды. Бұл «100 нақты қадам» бағдарламасын еліміздің ғаламдық нарықта бәсекеге жарамдылығына нақты бейімделген етеді. Болашақ тек өндірісте ғана емес, сапалы басқарудың жүйелі ұйымы мен ой-санада қайта бағдарлана алатындар қолында. Мемлекет, бизнес және қоғам білім деңгейінің жеткіліксіздігі кезінде белсенді дами алмайды. Сондықтан реформалау бағдарламасында қазақстандықтардың интеллектуалды дамуына, мамандар кластерін құруға көңіл аударылады. Адамның физикалық денсаулығын көптеген жылдарға қамтамасыз ететін денсаулық сақтауда да нақты іс-шаралар көзделуде. Қуатты мемлекеттің ұйымдасқан бірыңғай ұлтын қалыптастыруға көп көңіл бөлетін басқа елдерді білмеймім. Қазақстан халық Ассамблеясының әмбебап тәжірибесі, патриотизмді тәрбиелеу және дүние идеалына айнымастық өзара шиеленістер мен этникалық қарама-қайшылықтарды білмейтін елімізде тұрақтылық пен берекенің негізі болып табылады. Енді жетекшілер іске сыбанып кірісу арқылы жұмыс істейтін болады, олардың табысы жол сапасы, құрастырылған үйлер, әлеуметтік орта, зейнеткерлер мен мүгедектердің қамтамасыз етілуі және басқа да мемлекеттік органдардың қызметінің нәтижесін сипаттайтын факторлардан тәуелді болады. Ұлт жоспарының сатылы орындалуында барлық қазақстандықтар қызығуда. Ең жақсы нәтижеге жоғары өмір салтын қамтамасыз етуде жалпы халықтық қатысу кезінде жетуге болады.
Б. Бекмурзаев «100 нақты қадам» бағдарламасының орындалуына

- Е. Кульдеев академигі // КАЗИНФОРМ. – 2015. – 21 маусым.
Қазақстандық жастар «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде қатысу қажет, себебі қазіргі студенттер бұл бағдарламаның жемісін болашақта көретін болады. Бұл туралы Казинформ тілшісіне НАО «КазНИТУ» ғылыми және инновационды қызмет проректоры, академик Ержан Кульдеев баяндады.

Инженерлік ғылымның дамуына «100 нақты қадам» бағдарламасы қалай әсер ететін болады?

  • «100 нақты қадам» бағдарламасында ескерілген дүниежүзілік және ұлттық үрдістер анализі Қазақстанның білім және ғылым саласында ары қарай дамуына жаңа қадамдардың қажеттілігін дәлелдейді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен баяндаған бес институционалды реформалар мен «100 нақты қадам» жүзеге асырылу бойынша студенттер мен профессорлық-оқытушылар ұжымы арасында талқылау көзіне айналды. Студенттік топтарда, кафедра жиналысында және Ғылыми кеңес жиналыстарында әр қадам жете талданған. Біздің ұжым бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша қадамдардың тек қана мемлекеттік аппаратты жаңғырту, сот және құқық қорғау жүйелеріне байланысты емес, барлық салаларды қамтитынын түсінеді. Олардың табысты орындалуын бүкіл азамат күтуде. Студенттер де «100 нақты қадамның» жүзеге асуы олардың табысты болашағының, сонымен бірге Қазақстанның гүлденуіне себепкер болатынына сенімді. Біріншіден, еліміздің болашағын жастар белгілейді, Жетістікке жету дұрыс таңдалған бағытқа байланысты, сондықтан жастар Президентпен ұсынылған бағдарламаның орындалуына жауапты болуы қажет.

- Бұл бағытта университетпен қандай қадамдар іске асуда?

- Бірінші институционлады реформаға сәйкес Ғылыми кеңестің жиналысында университеттің кадрлық потенциалын қалыптастыру бойынша ҚазҰТУ міндеттері талқыланды. Кандидаттарды іріктеу кезіндегі жаңашылдықтар таңдау біліктілігін талап етеді: әр қызметкер жетекші қызметке өтуден бұрын астынан бастау керек. Бұл кадрлардың қабілеті мен икемін білу үшін қажет. ҚазҰТУ-те мерократия принциптерін нығайту бойынша жұмыстар күшейтіліп, тұлғаның өзіндік дамуы үшін бірдей мүмкіншіліктер беріледі. Оқытушылардың этикалық кодекстерінің жаңа баспалары, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды алдын алу шаралары құрастырылып жатыр. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларда белсенді қатысуын дамыту мақсаты тұр. «Диверсификацияға негізделген индустрияландыру және экономикалық өсу» атты үшінші институционалды реформаның нақты қадамдарын жүзеге асыру бойынша вуз мақсаттары белгіленіп, жете талқыланды. Олар біздің университетімізбен тікелей байланысты, себебі біз еліміздегі техника мен технология жағынан ең ірі ғылыми-білім және инновационды-өндірістік кешен болып табыламыз.

Мұнда Елбасымыздың біздің вуздың дамуы үшін тарихи шешімін белгілеуге болады: ҚазҰТУ және «Парасат» холдингісінің ғылыми-зерттеу институты негізінде бірінші ұлттық техникалық зерттеу университеті құрылды. Қазіргі таңда біздің алдымызда университет негізінде ресурсты үнемдеу саласында инновационды кластер құру бойынша маңызды тапсырма тұр. Энергия тиімді технологиялар бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау бойынша Назарбаев Университеті «Астана Бизнес Кампус» және ПИТ «Алатау» жұмыстарында жақында қатысамыз.

Елімізде ғылымды қажетсінетін экономиканы қалыптастыру бойынша қадамдардың бірі болып «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау» Заңын қабылдау табылады. Осыған орай ҚазҰТУ ғалымдары бұл заңның контенті бойынша ұсыныстар дайындауда, оның ішінде өндіріске инновацияларды енгізу жұмыстарын қаржыландыру сұрақтары бойынша ұсыныстар дайындалуда. Ғылыми кеңес «ҚР Президентімен белгіленген бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудың 100 қадамын орындау бойынша Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің іс-шаралары жоспарының» толық түрін бекітті. Вуздың көптеген ұжымдары стратегиялық мақсаттарға жетуге, яғни Қазақстанның 30 дамыған елдер қатарына кіруіне өз үлесін қосып, барлық күшін салады.



Т. Искаков Алға! // Индустриальная Караганда. – 2015. – 21 маусым.
Бес институционалдық реформаларды іске асыру бойынша 100 қадам Ұлт Жоспарын ықыласпен оқи отырып, жаңа экономикалық саясаттың өзіндік негізі және еліміздің ары қарай инфрақұрылымдық дамуының жоспары екендігін түсіндім.

Ұлт Жоспарында баяндалған ойлар көрініс табады деп ойлаймын. Қазіргі таңда ең басты мақсат - елдің құрылуы мен нығаюы кезеңі тиімді өтті. Қазір біздің мақсатымыз – еркін және сәтті Қазақстанды қалыптастыру. Бұл міндеттерді орындауға бес институционалдық реформалар бағытталған: баршаға бірдей осы заманғы мемлекет; заңның үстемдігі; орнықты экономика; болашағы біртұтас ұлт; ашық және халыққа есеп беруші мемлекет. Маңызды міндеттер мен нұсқаулар берілген: жоғары технологиялық жұмыс орындарын құрастыру, кәсіби білімнің рөлін нығайту, экономиканың дамуына инвестицияларды бағыттау, өнеркәсіптің құрылысына қорландыру, магистралдық жолдар құрылысы.

Ұлт Лидерін толық қоштаймыз! Ғылымды қажетсінетін салаларда, автоматтандырылған, роботтандырылған өндірістерде бәсекеге қабілетті болу үшін қазірден бастап жаңа технологияларды, ақпараттық қорларды меңгеруіміз қажет. Елбасымызбен қойылған барлық мақсаттар қол жетерлік екеніне сенеміз. Бір ұлт бола отырып бұрын-сонды болмаған шыңдарға жете аламыз!

Б. Мамраев Әлеуметтік бақылау: қиял емес, шыңдық //

Казахстанская правда. – 2015. – 23 маусым.
Осы жылы 23 маусымда Мемлекеттік қызметкер Күні үшінші рет тойланады. Бұл күн қарсаңында Елбасымыздың Ұлт Жоспары «100 нақты қадамдағы» нұсқауларын талқылау өзекті болып келеді. Өзекті болу себебі - екі институционалды реформалардың мемлекеттік қызметке тікелей қатысы бар болуы, яғни олар - баршаға бірдей осы заманғы мемлекет және ашық және халыққа есеп беруші мемлекет. Бұл салалрға неге көп көңіл бөлінетінін түсіну қиын емес. Ғаламдық кризис, экспортқа бағаның түсуі және іскерлік белсенділіктің түсуі қазіргі таңда өзекті мәселелер болғандықтан, мемлекеттік қызмет кедергілері жеңу мен жаңғыртуға толығымен жауапты болуы қажет. Басқа себеп халықтың мемлекеттік қызметке сенбеуінде жатыр.

Бұл «дәстүрлерді» жеңе отырып, біз еліміздің өсуіне қажет орасан зор даму көздеріне жетеміз. Баршамыз бизнес ережесінде бір қанағатсыз клиент кетсе, 5-10 потенциалды клиенттер кететінін білеміз. Ал мемлекеттік қызметте бір біліксіз жетекші іс жүзінде 5-10 қызметтестердің жұмысын болдырмайтынына көзіміз жетті. Бизнесте клиенттрге жауап қайтармай, жауып тастауға болса, мемлекеттік қызметте халықтың наразылығына әсер етпеуге болмайды. Бұл жерде шын мәнінде потенциал бар. Ереже басқаша жұмыс істейді. Бір білікті, тиімді және толық жауап тек бір тұрғынның сенімділігін арттыра қана қоймай, жанындағы қатынастағы адамдарының да сеніміне кіреді. «Электроды басқару» мен ХҚК орталығында қалай жеістікке жеткенімізді байқадыныз ба? – Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан алдыңғы қатарларда тұр. Бұл потенциалды пайдалану қажет. Осыған орай, өрлеу және сенім механизмін талқылағым келеді.

Біріншіден, мемлекеттік қызметкерлерге олардың жұмыс істеу уақыты үшін еңбекақы төленсе, жоғарғы білікті мамандарды тарту қиынға түседі. Екіншіден, шенеуніктер қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету қажет. Елбасымыздың біліктілікпен іске кірісу қажеттігі туралы сөздері және нәтижеге қарай еңбекақы төлеу мен біліктілікті жоғарлату қажеттілігі туралы сөздері – бұл жоспарды дайындау кезіндегі жаңа жолға көшудің белгісі.

Мемлекеттік компаниялардың пайда болуынан бастап, олардың көбісі өз иерархиясы, есеп берулері бар, жай қызметкер үшін «шынайы да игілікті қызметті» көрсететін мемлекеттік қызметке айналды. Сондықтан да Ұлт Жоспарында қажетсіз есеп берулерден бас тарту туралы нұсқаулар кездеседі. Есеп берулер аз болған сайын, нақты қызметпен жұмыс істеуге уақыттың босауы байқалатын болады. Айналымды және жүйелі есеп беру жүйесі әлеуметтік салада әсіресе зиян тигізеді. Есеп беру қажет, бірақ та оны санына қарай емес, сапасына қарай жасау керек. Қайталанатын есеп берулер мен нұсқаулар тоқтатылуы тиіс. Дәрігерді мысалға алсақ, оған қанша адам санын емдегені емес, қанша адамды сапалы емдеп шығарғаны маңызды. Саны туралы есеп беру менеджерлер мен жетекшілер міндеті. Қазіргі таңда нақты қадам үлгісі анықталды. Сенім мәселесінен әлеуметтік бақылау мәселесіне көшеміз. Ең бастысы – бұл елес болып қалмау қажет. Басқа сұрақ туындайды: әрқайсысымыз естиярлық көрсетіп, әлеуметтік бақылау бойынша өкілеттіктерді іске асыруға дайынбыз ба?

Мүмкін бұл үшін ауысымды кезең қажет шығар. Әлеуметтік кеңес атты тәсіл әлдеқаша іске асуда. Кейбір өкілеттіліктерді оларға тапсыру қажет. Мысалы, ағымдағы бюджет пен инвестицияға кеткен бюджетті міндетті түрде қарастыру. Тарифты қорғау кезінде әлеуметтік құлақ салу механизмі бар. Бұл іс-қимыл әрқашан жұмыс істемейді, бірақ халық сенімділігін арттыруы ықтимал.

Халықты бюджет, смета, тарифтарды талқылауға енгізу арқыыл бірнеше мақсаттарға қол жетеді. Біріншісі, халықтың қатысуы және білгірлігі. Мемлекеттік-жекеше серіктестік жобаларын іске асырудың халықаралық тәжірибесі және инфрақұрылымы халық позициясы жобаның тиімді жүзеге асуының қайнар көзі екендігін көрсетеді. Екіншісі, құжаттарды дайындаудың деңгейін көтеру арқылы бюджет пен тариф туралы мәселелер пайда болған жағдайда өз позициянды дәлелдеуге мүмкіндіктің болуы. Егер біз табиғи монополия субъектісі осылай әрекет етуі қажет екендігіне сенсек, онда мемлекеттік монополия осы нұсқау бойынша жұмыст істеуі қажет екендігін ұғынамыз. Үшіншісі, мемлекеттік қызметке сенімнің артуы. Әлеуметтік бақылау институты трансакциялық шығындарды төмендетеді, себебі тәуекелдер айқындап, олардың уақытында жойылуына жауапты болады. Жақсы мысал болып Ұлыбританияда жүргіншілер өткелін салу табылады. Жол қызметкерлері нормативтерге қарамастан өткелдерді халыққа өтуге ыңғайлы жерлерде ғана салды. Қысқаша айтсақ, әлеуметтік бақылау арқылы сенімділікті арттыру қазіргі таңда кәсіби мемлекеттік аппараттар мен қоғамның жаңғыртылуын дамытуды қамтамасыз ету бойынша ең тиімді және экономика тұрғысынан рационалды әдіс болып табылады.



М. Утеубаев Қазақстандық біртұтастықты нығайта отырып //

Казахстанская правда. 2015. - 27 маусым.
Ұлт Жоспары «100 нақты қадамда» болашағы біртұтас ұлт, қазақстандық бірегейлікті нығайту міндеттері ерекше орынға ие.

Білім беру, тілдердің үштұғырлығы, тарих және мәдениет біздің ұлы жетістіктеріміз бен құндылықтарымыз негізделетін тірек болып табылады. Бұл құндылықтар халықты әрқашанда біріктіріп, қоғамның ауызбірлігін күшейтеді және қабылданған реформалармен қоса «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының және «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегияның жүзеге асырылуы кезінде маңызды түрткі болады.

Республикада мемлекеттік саясат елдің дамуына әсер ететін адамдық құндылықтарға, этностардың рухани және мәдени салт-дәстүрлеріне негізделеді. Осыған айқын мысал болып Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Нұсқауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы табылады. Қазір де Қазақстандағы этникааралық және конфессия аралық толеранттық пен татулық моделінің бірегейлігі дүние жүзі бойынша мойындалады. Қазақстандықтар дәстүрлерді сақтай отырып, жаңашылдықтарға ашық, басқа мәдениеттердің рухани құндылықтарына тартылуға дайын.

Елбасымыздың бес институционалдық реформалардың жүзеге асырылуы Қазақстан тәуелсіздігінің нығаюының дәлелі болады, азаматтық бейбітшілік пен ұлттық татулықты сақтауға жағдай жасайды, демократикалық қоғамды құру кезінде республика халқын ұжымдастыру және нығайтуға жағдай жасайды. Тәуелсіздік жылдарында көптеген табысты реформалар өткізілді. Олардың ажырамас бөлігі болып барлық этностар тілдерінің жан-жақты дамуы мен қызмет етуіне жағдай жасауға бағытталған тілдік саясаттың жетілдірілуі табылады. Тәуелсіздік алғаннан бастап мемлекеттік тілді оқыту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бұл қоғам өзінің әлеуметік қызығушылығына негізделген. Қазақ тілі шоғырландырушы қызметке ие болды, Қазақстан халқының мәдени-саяси бірегейлігінің факторы болды. Мемлекеттік тілде ерікті сөйлеу – республика азаматының обхективті қажеттілігі және қазақ тілінің әр түрлі салаларда талап етілетінін байқау оңай. «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының 4 тарауында мемлекеттік тіл – елдің бүкіл аймағында барлық салаларында әрекет ететін мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісі мен іс-қағаздар жүргізу тілі. Оған қарамастан, Үкімет Қазақстан халқының барлық тілдерінің дамуы мен оқытылуына жағдай жасайды. Сондықтан, «Тілдердің үштұғырлығы» шегінде жастардың мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін анықтау қажет. Бұл қоғамның бірегейлігінің негізі, бәсекелестіктің өсуі мен нығаюының тірегі. Ол Қазақстанның 30 дамыған елдер қатарына кіруі үшін өте маңызды болып табылады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басты бекіткен міндетінің бірі болып қазақ тілінің рөлін көтеру және басқа ұлттық тілдердің дамуына жағдай жасау болып табылады. Қоғам еліміздің болашағы осыған тәуелді екенін түсінеді. Ұлт Жоспары «100 нақты қадамды» жүзеге асыру тұрақтылықтың, бейбітшілік пен қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудың ары қарай нығаюына және «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идея негізінде қоғамды біріктіруге жағдай жасайтынына сенімдімін.


А.Е. Даниярова– т.ғ.к., профессор,

«Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, ҚарМТУ
«100 НАҚТЫ ҚАДАМ» - 5 СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫ

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ТАКТИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕР


Қазіргі және өткендегі әлеуметтік-саяси жағдай қоғам дамуына әлеуметтік-экономикалық фактордың әсерінің заңдылығын негіздейді. Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру мақсатында Елбасымыз Н.А.Назарбаевпен ұсынылған «100 нақты қадам» бағдарламасы – Қазақстанның 30 дамыған елдер қатарына кіру жолының қайнар көзі, қоғамның дамуына бағытталған сыртқы және ішкі саясатты реттейтін мемлекетті жаңғыртуға бағытталған кешенді бағдарлама.

Қазіргі таңда мемлекеттің әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық негіздерінің динамикалық түрде дамуына есептелген үлкен масштабты іс-шаралар өтеді.



5 институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам Қазақстанның барлық салаларда ұзақ мерзімді өсуді қамтамасыз етеді. Ұлт Жоспарын тиімді жүзеге асыру мемлекеттік органдардың, сарапшылар ұжымы және азаматтық сектордың белсенді қарым­-қатынасын талап етеді.

Бұл бағдарлама мемлекеттік шешімдерді іске асырудың негізгі әдісі. «Бағдарлама» сөзі «мақсаттар тізімі» болып келетін бір не бірнеше мақсаттарды шешу бойынша іс-шаралар кешенін білдіреді [1].

«Ұлт Жоспарының негізін құрайтын 100 қадам біріншіден мемлекеттік құрылыс үрдісін нығайтуды жобалайды. Ұлт Жоспарының ерекшелігі болып оның тарихи маңызды кезеңде қабылдануы, мемлекеттіктің қалыптасуы кезінде сапалы жаңа сатыға өтуі кезеңінде қабылдануы табылады. 100 қадамның жүзеге асуының екінші құрылымы болып қазақстандық қоғамның сенімі мен потенциалының өсуі, яғни белсенді әлеуметтік‑экономикалық және саяси өзгерістерге дайын болуы табылады», - деп тарих ғылымының докторы, профессор, Әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер интеграциясының Халықаралық институтының бас директоры, С. Мажитов баяндады [2].

Бірінші реформа – мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабыданатын кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, мемлекеттік қызметке кандидаттарды іріктеу кезінде ең маңызды критерия болып кандидаттың біліктілігі саналады және мансапты жоғарлату тек байқау негізінде ғана жүзеге асады.

Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бес сатылы сот жүйесіне үш сатылы сот жүйесіне көшуді қамтиды; соттардың есеп беруін күшейту; сот кодексінің жаңа этикасын орнату; полиция қызметкерлерін іріктеу жүйесін нығайту; әлеуметтік кеңес жүйесін және интернет‑порталды құрастыру арқылы полицияның халыққа ашықтығын қамтамасыз ету.

Орнықты экономика келесі реформа болып келеді. Бұл мақсатқа жетудің негізгі тәсілдері – инвестицияның жалпы нығаюы, сәйкес салаларға инвестицияларды тарту (өңдеуші сектор, туризм, энергия үнемдеу, сүт және ет өнімдерінің ілгері өндірілуі), экспортты ынталандыру механизмін құру, экспортқа лайық тауарларды өндіру. Білім саласында орта білім беру мектептерінде 12 жылдық оқуға көшу, вуздардың академиялық және басқару дербестігін кеңейту қажет. «Басты мақсат – кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату және білім секторының шетелдік потенциалын нығайту» [3].

«Мәңгілік елдің» жеті принциптері бағдарламаның бас реформалары ішінде Қазақстан халқының тарихи болашағының және мүдделердің біртұтастығын, дамудың негізгі құндылықтарын бейнелейді. Салт-дәстүрді жаңғырту, әр этностың өзіндік ерекшелегін ұғыну қазіргі заманның басты міндеттері Мемлекет жастарда толеранттық, өзара құрмет, отанды сүю, оның өткені мен осы шағына абырой болу, патриотизмды қалыптастыруға тырысады.

Одан әрі дамуды Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы жеткізеді, оның негізінде шынайы өндірістік еңбек жатыр, ол әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік прогреске өтуге жағдай жасайды. Президенттің Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идесы мемлекеттік және әлеуметтік құрылымдармен қоса, әр қазақстандықты іске айналасуды бастауға шақырады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы әлеуметтік ынтымақтастық пен ұлттық бірліктің көзі бола отырып, қазақстандық бірегейлікті және азаматтық бірлікті нығайту үшін «Үлкен ел – үлкен отбасы» атты жобаны жүзеге асыруы тиіс.

Халық тарихы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Бұрынғы заманда қалыптасқан рухани және мәдени құндылықтар қазіргі қоғамның мақтанышы болады. Тарихтың адамдар сезімі мен ойына эмоциялық әсер ету күші бар, адамның үйлесімді тәрбие алуына және патриотизмнің қалыптасуына себепкер болады. Отандық тарихқа сүйіспеншілікті күшейту үшін «Қазақстан Энциклопедиясы» атты интернет-жоба құрастырылады.

Ашық және халыққа есеп беруші мемлекет бесінші реформа болып табылады. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» жаңа заңдар негізінде жағңа аудит жүйесі мен мемлекеттік аппаратты бағалау жүйесі енгізіледі, «Ашық Үкіметті» енгізу жақында жүзеге асатын болады. Мемлекеттік орган жетекшілері стратегиялық жобалар мен аймақтың дамуы бойынша жұмыс нәтижелерімен халық алдында есеп беретін болады. Әлеуметтік кеңестің рөлі мемлекеттік органдарда күшейтілетін болады.

«100 нақты қадам» мемлекеттік Ұлт Жоспарын құрастыру мемлекет дамуының, экономиканың жеке салалары мен әкімшілік-аймақтық бірліктердің дамуының басты бағыттары бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жәрдемдеседі. Бұл мақсат ұлттық экономиканы дамытудың басты бағыттарында қаржылық, материалды‑техникалық және еңбек ресурстарының шоғарлануын қамтамасыз ету арқылы жетілдіріледі. Басты мақсатқа болып әр қазақстандықтың тұрмыс деңгейін жақсарту, азаматтық бірегейлік пен патриотизмді нығайту, қазақстандықтарды біріктіру, қоғам мен экономиканы дамыту, мемлекеттің гүлденуі және жаңа замандас мемлекетті құру табылады!

Әдебиеттер тізімі


1. Лапуста М. Г., Никольский П.С. Современный финансово-кредитный словарь. - М.: ИНФРА-М, 2009.

2. Программа пяти институциональных реформ является конкретным шагом на пути реализации курса «Мәңгілік Ел» - С. Мажитов // КАЗИНФОРМ. – 2015. – 8 мая.


3. План нации «Сто конкретных шагов» Президента Н.А. Назарбаева // Казахстанская правда. – 2015. – 20 мая.


жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау