«ALTYN BANK» АҚ (ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ ЕБ)
САЛЫМДАРДЫ (ДЕПОЗИТТЕРДІ) АШУДЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ САЛЫМ (ДЕПОЗИТ)
БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗУ ШАРТТАРЫ
1. Негізгі қағидалар
1.1.
Осы салымдарды (депозиттерді) ашудың жалпы шарттары және салым (депозит) бойынша
операциялар жүргізу шарттарында (бұдан әрі қарай «Жалпы шарттар») салымдарды (депозиттерді) ашу
тәртібі және салым (депозит) бойынша операциялар жүргізу шарттары белгіленеді.
1.2.
Жалпы шарттар Кешенді шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
2.1.
Жалпы шарттарда және/немесе Кешенді шартта өзге жағдай қарастырылмаса, Жалпы шарттарға
қосылу туралы көрсетіп, Клиенттің Банкпен тиісті шарт жасасуы / Банкке тиісінше Өтініш беруі және Банктің
сол Шартты/Өтінішті кейіннен акцептілеуі жолымен Клиент осы Жалпы шарттарға қосылған жағдайда, Банк
Клиенті Жалпы шарттарды және Кешенді шартты қабылдаған болып саналады.
1.3.
Кешенді шартта көзделген тәртіппен Клиент беріп, Банк акцептілеген ағымдағы шотты ашу туралы
өтініш осы Жалпы шарттармен бірге Кешенді шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын және Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабында көзделген тәртіппен қосылу шартымен жасалатын Жеке
тұлғаның ағымдағы шоты шарты болып табылады.
1.4.
Банк салымдар (депозиттер) бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шекті мәндерін және салымдар
(депозиттер) қабылдау мерзімдерін белгілейді, оларды Банк біржақты тәртіппен өзгерте алады. Банкте
қолданылатын салымдар (депозиттер) бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шекті мәндерін Банк Банктің
ақпарат беруге арналған
www.altynbank.kz
. ресми интернет-ресурсында орналастырылған Операцияларды
жүргізудің жалпы шарттары туралы ережеде ашық қолданысқа ұсынған.
1.5.
Банк әртүрлі самостоятельно, основываясь на различных факторларға (Клиенттің кредит қабілеттілігі,
нарықтағы қазіргі жағдай т.б.) негізделіп, Банк Клиентке салымдар (депозиттер) сомаларын, мерзімдерін,
олар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін және салымдар (депозиттер) шекті сомаларын және қабылдау
мерзімдерін өзі дербес белгілейді.
2. Терминдер мен анықтамалар
Осы Жалпы талаптарда қолданылатын терминдер мен анықтамалардың мағыналары келесідей:
Банк – филиалдарын қоса алғанда, «Altyn Bank» акционерлік қоғамы («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕБ).
Салым – Жинақ шотына бастапқы орналастырылған сома ретінде Клиенттің Банктегі Жинақ шотына түскен
ақша, оның ішінде, егер Салым шотында өзгеше көзделмесе, қосымша орналастырылған жарналардың және
капиталдандырылған сыйақы сомалары.
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – Қолданыстағы заңнамаға сәйкес есептелетін тура, жылдық, тиімді,
салыстырмалы есептеуде есептелген Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Қолданыстағы заңнама – белгіленген тәртіппен референдумда қабылданған немесе уәкілетті мемлекеттік
орган немесе мемлекеттің лауазымды тұлғасы қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығынан
тұратын Қазақстан Республикасының заңнамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы белгіленген тәртіппен
ратификациялаған халықаралық шарттар (келісімдер, конвенциялар).
Салым шарты (Шарт) – осы Жалпы талаптардың негізінде және олардың ажырамас бөлігі болып табылатын,
Салымды енгізумен және Жинақ шотын ашумен, жүргізумен және жабумен, Салым бойынша сыйақы
есептеумен және төлеумен байланысты Клиент пен Банктің құқықтары мен міндеттерін реттейтін Банк пен
Клиент жасасқан банк салымы шарты.
Өтініш – банк қызметтерін алуға / өзгертуге / тоқтатуға Банк бекіткен нысан бойынша баяндалған Клиенттің
жазбаша ерік білдіруі, оның ішінде Мерзімді салымды орналастыруға өтініш, Салым бойынша нұсқауды
өзгертуге өтініш (Салым мерзімін ұзарту, Салымды Клиенттің басқа Шотына төлеу, Салым мерзімін ұзарту
жөніндегі Клиенттің нұсқауын өзгерту), Салымды жабуға өтініш.
Сәйкестендіру деректері – жеке тұлғаны Клиент ретінде сәйкестендіру үшін Банк пайдаланатын логин, жеке
куәліктің нөмірі, ЖСН, Құпиясөз.
Интернет-банкинг – Банк Клиенттеріне банк қызметтерін көрсетудің электрондық жүйесі.
Сыйақыны капиталдандыру – пайыздарды Салым сомасына есептеу
Кешенді шарт – құрамдас бөліктері ретінде Жалпы талаптарды, Шарттарды қамтитын, Банк пен Клиент
арасында жасалған кешенді банк қызметін көрсету шарты.
Салымның ең аз сомасы – Салым шартының талаптарына сәйкес Салымды ашу және жүргізу үшін жеткілікті
ең аз ақша сомасы. Салымның ең аз сомасын Банк өз бетінше белгілейді.
Шот нөмірі – Банкке Клиенттің Ақшасын есепке алу мақсатында Клиентке ашылатын шот бойынша берілген
жеке сәйкестендіру кодын білдіреді.
Жалпы талаптар – егер өзгеше көрсетілмесе, өзінде Кешенді шартқа сілтемені қамтитын және оның
ажырамас бөлігі болып табылатын Жалпы талаптардың кез-келгені, оның ішінде:
• «Altyn Bank» АҚ (Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕБ) жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарын ашу, жүргізу және
жабу, төлем жүргізу және ақша аудару, есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуінің Жалпы талаптары;
• Салымдар (депозиттер) ашудың жалпы талаптары және салым (депозит) бойынша операциялар жүргізудің
талаптары;
• «Altyn Bank» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕБ) халықаралық төлем жүйелерінің төлем карталарын
берудің және пайдаланудың жалпы талаптары;
• «Altyn Bank» АҚ (Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕБ) жеке тұлғаларға банк қарыздарын берудің Жалпы
талаптары.
Операциялық күн – банк және басқа да операцияларды жүргізу үшін Банктің ашық болатын Жұмыс күнінің
Банк белгілеген уақыты. Операциялық күн жүзеге асырылатын түрлі операциялар / Банк көрсететін қызметтер
үшін өзгеше болуы мүмкін. Банктің Операциялық күні туралы мәлімет Банктің операциялық залдарында және
Банктің ресми интернет-ресурсында:
www.altynbank.kz
тиісті ақпаратты орналастыру арқылы Клиетке
жеткізіледі.
Қағида – жеке деректерді заңнаманың сәйкес жинауға, өңдеуге және табыстауға Клиенттің келісімін ұсыну
тәртібін реттейтін келісім болып табылатын, клиент, қаржы қылмыстарының қауіптерін басқару және салық
заңнамасын сақтау жөніндегі қызмет туралы ақпаратты жинау және пайдалану туралы қағидалар мен
талаптар, сондай-ақ шетелдік салық органдарына ақпарат берген жағдайда, ақпарат беру талаптары.
ҚР – Қазақстан Республикасы.
Жұмыс күндері – Банктің операцияларды жүргізу және мәмілелерді жасау үшін ашық болатын күндері (сенбі,
жексенбі және Қазақстан Республикасындағы басқа да ресми демалыс күндер) немесе қаражатты шетелдік
валютада халықаралық аударым жасаған жағдайда, Қазақстан Республикасындағы және ондай шетелдік
валюта заңды төлем құралы болып табылатын елде операцияларды жүргізу үшін банктер ашық болатын күн.
Осы Жалпы талаптар мен Кешенді шарттың мәтіні бойынша мерзімдерді белгілеген жағдайларда, мерзімді
Жұмыс күндерінде есептеу қажеттілігі тікелей көрсетілмесе, ондай мерзім күнтізбелік күндермен есептеледі.
Егер мерзім күні немесе мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге түссе, мерзім күні немесе мерзімнің
аяқталу күні жақындағы, одан кейінгі Жұмыс күні болып есептеледі.
Жинақ шоты – Банктің тиісті Салым шартының және / немесе Салымды орналастыруға өтініштің негізінде
Клиентке кез келген валютада ашатын банк шоты.
Мерзімді салым – белгілі мерзімге енгізілетін банк салымының түрі.
Тараптар / Тараптар – Банк және / немесе Клиент.
Тарифтер – Қолданыстағы заңнамада және / немесе тиісті Шартта және / немесе Кешенді шарттың ажырамас
бөлігі болып табылатын Банк пен Клиенттің арасындағы жеке келісімде өзгеше көзделмесе, Банк біржақты
тәртіппен өзгерте алатын банк және басқа да көрсетілетін қызметтер үшін алынатын Банктің комиссиялық
сыйақысының қолданыстағы мөлшерлері. Осы Жалпы талаптардың мәтінінде Тарифтер деп тиісті
операцияны жүргізу / Банктің тиісті қызметтер көрсету сәтінде қолданылатын тарифтер түсініледі.
3. Жинақтау шотын ашу және ақшаны Салымға алу тәртібі
3.1
Салым орналастыру үшін Клиент пен Банк тиісті типтік Салым шартын жасасады немесе Клиенттің
жеке өзі банкте болған сәтте мерзімді салым ашу туралы өтініш беруі жолымен және/немесе Интернет-банкинг
жүйесі арқылы орындайды. Банк Клиенттің мерзімді салымды ашу туралы өтінішін 3 (үш) Жұмыс күні ішінде
қарауға құқылы және . Банк оны Банктің өкілетті тұлғасының қол қоюы және мөрмен және/немесе Интернет-
банкинг жүйесінде тиісті хабарламаны жолдау жолымен растау жолымен акцептілеуге келісім берген
жағдайда Банк Клиентке Жинақ шотын ашады.
3.2
Мерзімді салымды орналастыру туралы әрбір өтініш Жалпы шарттарға, Тарифтерге сай Клиенттің
офертасы болып табылады, ол Банкке Жалпы шарттарда көзделген тәртіппен ұсынылып, Банк оны
акцептілеген жағдайда, осы Жалпы шарттармен бірге Салым шарты болып табылады.
3.3
Мерзімді салымды (депозитті) орналастыру туралы өтініште: Салым валютасы, Салым сомасы,
Салым мерзімі, сыйақы мөлшерлемесі, салым бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, сыйақыны
төлеу мерзімділігі, сондай-ақ Салымды (депозитті) орналастырудың тағы басқа шарттары белгіленеді.
3.4
Клиенттің Жинақ шотына Салым қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәртібімен Клиент Шотынан ақша
аудару жолымен енгізіледі. Мерзімді салымды орналастыру туралы өтінішті беруі арқылы Клиент Банкке
Мерзімді салымды орналастыру туралы өтінішке сәйкес Шотты Салым сомасына дебеттеу жолымен Салым
сомасын Клиенттің Банктегі Шотынан Клиенттің Жинақ шотына өздігімен аударуына мүмкіндік береді.
3.5
Салымға қосымша салымдар енгізу және/немесе Салым мерзімін автоматты түрде ұзарту мүмкіндігі
тиісті Салым шартында белгіленеді.
3.6
Клиентке ашылған Жинақ шотының нөмірі Клиенттің жеке өзі Банкте болған сәтте берілген жағдайда,
Мерзімді салымды орналастыру туралы өтініште және/немесе Банк Клиенттің Өтінішін акцептілеген соң
Клиентке Интернет-банкинг жүйесінде жолданған хабарламада көрсетіледі.
3.7
Банк Клиенттің Мерзімді салымды орналастыру туралы өтінішін акцептілеуден бас тартуға құқылы.
Бұл жағдайда Банктің Салымды қабылдаудан бас тартуына байланысты Клиент көтерген шығындар,
шығыстар үшін Банк жауап бермейді.
3.8
Банк Мерзімді салымды орналастыру туралы өтінішті акцептілеген жағдайда, Банк Клиенттен
Салымды қабылдап, ол бойынша сыйақы төлеп, Мерзімді салымды орналастыру туралы өтініште, Жалпы
шарттарда, Тарифтерде және Қолданыстағы заңнамада көзделген мөлшерде, мерзімде және тәртіппен
Салымды (депозитті) қайтаруға міндеттенеді.
3.9
Мерзімді салымды (депозитті) орналастыру туралы әрбір өтінім бойынша Банк жеке Жинақ шотын
ашады. Клиенттің ақшасы Клиент Мерзімді салым (депозит) орналастыру туралы өтінішінде көрсеткен Шоттан
қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен салымға орналастырылады.
3.10
Келіспеушілікке ұрынбау үшін, Тараптар осы Жалпы шарттар Салым шарты болып табылмайды деп
келіседі. Мерзімді салымды орналастыру туралы әрбір өтініш, оны Банк акцептілеген жағдайда, Интернет-
банкинг жүйесіндегі тиісті хабарламалармен, Жалпы шарттармен, Банк Тарифтерімен бірге Мерзімді
салымды орналастыру туралы өтініш шарттарымен жасалған дербес Салым шарты болып табылады.
3.11
Салымның негізгі сомасы жеке тұлғалардың салымдарын міндетті кепілдік беру (сақтандыру) нысаны
болып табылады. Салым бойынша кепілдік берілетін соманың мөлшері (Салым бойынша есептелген
сыйақыны есепке алмағанда) Қолданыстағы заңнамада белгіленеді.
3.12
Жасалған Салым шарты бойынша Салымдағы ақшаны айырбастауға болмайды. Салымды
айырбастау Жасалған Салым шартын бұзып, Клиенттің Мерзімді салымды орналастыру туралы өтініш беруі
жолымен Салым валютасын өзгертіп, сыйақы мөлшерлемелерін қолданып және айырбас жасалған күні сол
валютадағы Салымдар үшін көзделген Салымның ең кіші сомасы шартын сақтай отырып, жаңа Салым шарты
жасасу жолымен жүзеге асырылады. Салымның (депозиттің) бүкіл сомасын айырбастау Банктің
коммерциялық бағамына және Банк Мерзімді салымды (депозитті) орналастыру туралы өтінішті акцептіліген
күні Банкте қолданылған Тарифтерге сай жүргізіледі.
4. Салым бойынша сыйақы есептеу тәртібі
4.1
Салым бойынша сыйақы есептеу мақсаты үшін, Салым қабылданған, соның ішінде кейіннен қосымша
жарналар енгізілген немесе Салым сомасын (болған жағдайда) Жинақ шотына сұратып алынған күн бір күн
болып саналады.
4.2
Салым бойынша сыйақы Салым және кейіннен қосымша жарналардың сомалары мерзімі мен
сомасына қарай, Жинақ шотына келіп түскен күннен бастап Салым шартында көрсетілген мөлшерлемемен,
осы Жалпы шарттарға сай мөлшерлеменің өзгеру жағдайларын ескере отырып есептеледі.
4.3
Мерзімді салымды орналастыру туралы өтініште белгіленген Сыйақы мөлшерлемесі бүкіл Салым
мерзімі ішінде өзгеріссіз қалып, Салым шартында белгіленген мерзім ішінде Салым бойынша енгізілген
барлық қосымша жарналарға қатысты қолданылады.
4.4
Жылдық тиімді мөлшерлеме заңнама талаптарына сай Банк Салым шартының жасалуына
байланысты өндіріп алатын комиссиялар мен тағы басқа төлемдер негізінде есептеледі. Сыйақы ішінара
шығарып алынатын сомаларға және Салымның мерзімінен бұрын сұратылуына есептелген жағдайда, жылдық
тиімді мөлшерлеме қолданылмайды.
4.5
Сыйақыны төлеу мерзімділігін Банк дербес түрде белгілейді және ол мерзім Мерзімді салымды
орналастыру туралы өтініште көрсетіледі.
4.6
Сыйақы күнделікті негізде, бір жылда 365 (үш жүз алпыс бес) күн есебімен Салымдағы ақша
орналастырылған нақты күнтізбелік күндер үшін есептеледі. Сыйақы мөлшерлемесін есептеу базасын Банк
өзі дербес белгілейді және ол Мерзімді салымды орналастыру туралы өтініште көрсетіледі.
4.7
Салым шартының талаптарына қарай, Салым бойынша сыйақы Клиентке келесі ретпен төленеді:
a. Клиент Шотының валютасы Салым валютасына сай келген жағдайда, Клиент Шотына қолма-қол
ақшасыз есеп айырысу жолымен, бұл орайда Салым сомасына есептелген сыйақыны
капиталдандыру жүргізілмейді;
b. Клиент Мерзімді салымды орналастыру туралы өтініште/ Мерзімді салым шарттарын өзгерту
туралы өтініште сыйақыны капиталдандыруды (сыйақыны Салым сомасына қосып есептеу) шарт
ретінде таңдаған жағдайда, Салымға (Жинақ шотына). Бұл жағдайда, Клиент пен Банк осы арқылы
есептелген сыйақы Салым сомасын капиталдандыратынына және Салымды (депозитті) есептелген
капиталдандырылған сыйақымен бірге төлеу осы Жалпы шарттарда көзделген тәртіппен
жүргізілетіні туралы келіседі;
4.8
Сыйақы төлеген кезде, Клиент табыс алуына байланысты Қолданыстағы заңнамада белгіленген
жағдайларда, мөлшерде және тәртіппен төлеуі тиіс болған салықтарды ұстап қалуға құқылы.
5. Салымға қосымша жарналар қабылдау тәртібі
5.1
Салым шартының талаптарында көзделген болса, қосымша жарналар Салымның валютасына сай
валютамен қабылданады. Бұл орайда Салымның мөлшері қосымша жарналар сомасына ұлғаяды.
5.2
Клиент қосымша жарналарды енгізуді Клиент Шотынан Салымға ақша аудару жолымен жүзеге
асырады. Қосымша жарна(-лар) қабылданған жағдайда, Салым бойынша сыйақы сомасын қайта есептеу
жүргізіліп, онда Салымның қосымша жарна сомасына тең тиісті бөлігінің нақты сақталған уақыты және
сыйақыны есептеудің Мерзімді салымды орналастыру туралы өтініште көрсетілген мерзімділігі ескеріледі.
6. Салымнан ақша шығарып алу, Салымды қайтару тәртібі
6.1
Салымды, Салымның бір бөлігін қайтару Клиенттің тиісті Өтініші алынған күннен бастап 5 (бес)
Жұмыс күні ішінде Кешенді шартта көзделген тәсілдермен Клиент Шотына ақша аудару жолымен жүзеге
асырылады.
6.2
Мерзімді салымды орналастыру туралы өтініште тиісті шарт болған жағдайда, Салымнан ақшаны
ішінара шығарып алу мүмкіндігі мен шарттары қарастырылады. Ондай мүмкіндік болған жағдайда,
Салымдағы ақшаны Салымның ең кіші сомасына дейін ішінара шығарып алу жүзеге асырылады. Бұл
жағдайда Салымнан ақшаның бір бөлігі шығарып алынғаннан кейін Салымдағы қалған ақша сомасына
сыйақы есептеу жалғастырылады.
6.3
Осы Жалпы шарттарда және / немесе Салым шартында өзгеше қарастырылмаса, Салым шартында
белгіленген мерзімде Банк Клиенттің алғашқы талабы бойынша Салымды, Салымның бір бөлігін қайтаруды
жүргізеді.
6.4
Банкке Клиенттің Салымның бір бөлігін немесе Салымның толық сомасын мерзімінен бұрын қайтару
туралы талап келіп түскен жағдайда, Банк Салымның толық сомасын қайтарып, Жалпы шарттарда
және/немесе Банк Салымы шартында белгіленген тәртіппен және шарттармен есептелген сыйақыны Клиент
талабы келіп түскен күннен бастап 5 (бес) Жұмыс күні ішінде төлеуді жүзеге асырады.
6.5
Сонымен қатар осы Жалпы шарттар банк шотын тікелей дебеттеу шарты болып табылады, оған сәйкес
Клиент Банкке Салым бойынша артық төленген сыйақы сомаларын қайтару мақсатында осы Жалпы
шарттарда белгіленген тәртіппен және шарттармен Жинақ шотынан/Сомаларды қайтару мақсатындағы шоттан
ақша шығарып алуға өзінің шартсыз, даусыз келісімін береді.
6.6
Салым бойынша артық төленген сыйақы сомаларын қайтару есебіне шотты тікелей дебеттеуді Банк
осы Жалпы шарттардың және Банк Салымы шартының негізінде, Клиенттің қандай да бір қосымша келісім
беруінсіз, дербес түрде жүргізеді.
6.7
Банк, Клиент немесе үшінші тұлғалар Салымды Салым мерзімі аяқталғанға дейін толығымен не оның
бір бөлігін шығарып алып, содан соң Салым сомасы Ең кіші сомадан кем болып қалған жағдайда, Салым
шарты бұзылған болып саналады да, Банк бүкіл Салым мерзіміне Салым шартында көрсетілген
мөлшерлемемен және шарттармен сыйақыны қайта есептеуді жүргізеді, бұл орайда:
• Сыйақыны капиталдандыру көзделетін Салым шарттары бойынша, Салымның нақты мерзімі үшін
есептелген не капиталдандырылған сыйақы сомасы, қажет болса, ұсталып қалып, төленбейді, және
Банк (болған жағдайда) қосымша жарналарды ескере отырып, Салымның (депозиттің) негізгі
сомасын Клиенттің Шотына төлейді;
• есептелген сыйақыны Шотқа төлеу көзделетін Салым шарттары бойынша, қажет болса, есептеліп,
төленген сыйақы сомасы Салымның (депозиттің) негізгі сомасынан ұсталып қалады. Банк (болған
жағдайда) қосымша жарналарды және Салымның (депозиттің) нақты мерзімі үшін есептеліп,
төленген және ұсталып қалған сыйақыны ескере отырып, Салымның (депозиттің) негізгі сомасын
Клиенттің Сервистегі Шотына төлейді.
6.8
Клиенттің Салымында/Шотында ақша жеткіліксіз болған жағдайда, Банк Клиенттің кез келген
шоттарынан тиісті соманы тікелей дебеттеу жолымен шығынға жазуға құқылы, немесе, Клиенттің
шоттарындағы ақша жеткіліксіз болса, Клиент Банкке жетпеген соманы Банк Клиентке табап қойған күннен
бастап 5 (бес) Жұмыс күні ішінде төлеп беруге міндетті.
6.9
Қолданыстағы заңнамада немесе Тараптарың келісімімен өзгеше көзделмесе Шетелдік валютамен
енгізілген Салымды қайтару сол валютамен жүзеге асырылады.
6.10
Қолданыстағы заңнамада тікелей көзделген жағдайларда Банк үшінші тұлғалардың Жинақ шотынан
сомаларды шығарып беру туралы талаптарын орындаған кезде, Салым сомасы Ең кіші мөлшерінен төмендеп
қалса, Банк Салымның қалдығын (болған жағдайда) мерзімінен бұрын қайтарып беруге құқылы. Бұл
жағдайда, Банк салымы шартында өзгеше белгіленбесе, Банк үшінші тұлғалардың Жинақ шотынан
сомаларды шығарып беру туралы талабын орындаған күннен бастап 10 (он) Жұмыс күні ішінде Банк Клиентке
Салымды қайтаратыны туралы хабарлама жолдайды.
6.11
Төменде аталған жағдайларда Салымның толық сомасын Банк бастамасымен біржақты тәртіппен
қайтарып беруді Банк, Салымның толық сомасын қайтару жүргізілетін болжамды күннен кемінде 10 (он)
Жұмыс күні бұрын Клиентке алдын ала хабарлап, біржақты тәртіппен жүргізе алады:
• прекращения Банк осы түрдегі жаңа салымдарды қабылдауды тоқтатса;
• Қолданыстағы заңнамада көзделсе.
7. Жинақ шотын жабу. Салым шартының қолданыс мерзімі. Салым шартын бұзу тәртібі
7.1
Салым Мерзімді салымды орналастыру туралы өтінішті Банк акцептілеген күннен бастап күшіне енеді.
7.2
Салымның толық сомасы Салым шартында, Жалпы шарттарда, Тарифтерде қарастырылған тәртіппен
және мөлшерде қайтарылған күні Банк Жинақ шотын жабады. Банкке Жинақ шотын жабу үшін Клиенттен
қосымша өкілеттік алу қажет болмайды. Сондай-ақ Жинақ шоты Қолданыстағы заңнамада және/немесе осы
Жалпы шарттарда және/немесе Салым шартында көзделген басқа да жағдайларда жабылуы мүмкін. Жинақ
шоты жабылған күннен бастап Салым шартының қолданысы тоқтатылады.
7.3
Жинақ шотын жабу, Салым шартын тоқтату жағдайлары мен тәртібі, сондай-ақ Салымды орналастыру
мерзімін ұзарту жағдайлары мен тәртібі осы Жалпы шарттарда және/немесе Салым шартында белгіленеді.
7.4
Салым шарты тоқтатылған жағдайда Клиент Банкке заңнама талаптарын сақтап Банктің ішкі
рәсімдерінде көзделген мерзімде, бірақ Салым шарты тоқтатылған күннен бастап 5 (бес) Жұмыс күнінен
кешіктірмей, Жинақ шотын жабуға өкілеттік береді.
7.5
Салым және/немесе есептелген сыйақы қайтарылуы тиіс болған күн жұмыс істемейтін күнге келген
жағдайда, Салымды (депозитті) төлеу келесі Жұмыс күні жүргізіледі.
7.6
Клиент Қолданыстағы заңнаманы бұзған, Клиент Банкте Жинақ шоты болуына байланысты өз
міндеттемелерін орындамаған, сондай-ақ, Банктің пікірінше, оған теріс салдарлар туындатуы ықтимал
жағдайлар туындағанда, банк салымы шарты нақты тоқтату жоспарланып отырған күнге күнтізбелік 3 (үш) күн
қалғаннан кешіктірмей Клиентке хабарлап, Салым шартын орындаудан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда
Клиенттің Банк алдындағы барлық міндеттемелері толық әрі дереу орындалуға жатады.
7.7
Кез келген Тарап Салым шартының қолданысын тоқтату туралы мәлімдеген соң Тараптар орындалмай
қалған барлық міндеттемелерін толығымен орындауға міндетті. Клиент міндеттемелерін тоқтату мүмкіндігі
болмаған жағдайда, Клиент Банктің талабы бойынша өзінің банк алдындағы міндеттемелерін орындаудың
тиісті қамтамасыз етуін беруге міндетті.
8. Банк пен Клиенттің құқықтары мен міндеттері
8.1
Осы Жалпы шарттарда және Салым шартында, Кешенді шартта көзделген өзге құқықтарға қосымша
Клиент төмендегі құқықтарды иеленеді:
8.1.1.
Қолданыстағы заңнамада өзгеше қарастырылмаса, осы Жалпы шарттардың және/немесе
Салым шартының ережелеріне сай Салым сомасын (толығымен не бір бөлігін) талап етіп, ол бойынша
есептелген сыйақыны алуға;
8.1.2.
Қолданыстағы заңнамада өзгеше қарастырылмаса, Жинақ шотының жай-күйі туралы үзінді
көшірмелер алуға;
8.1.3.
Осы Жалпы шарттардың және Салым шартының ережелерінде өзгеше қарастырылмаса, осы
Жалпы шарттарда және/немесе Салым шартында көзделген тәртіппен қосымша жарналар
орналастыруға;
8.1.4.
Салымды өсиет етуге;
8.1.5.
Осы Жалпы шарттарда және Салым шартында, Кешенді шартта көзделген өзге міндеттерге
қосымша Клиент төменде аталғандарды орындауға міндеттенеді:
8.1.6.
Банкке Жинақ шотын ашу жіне жүргізу үшін қажетті құжаттар пакетін табыс етуге, сондай-ақ
бұрын табыс етілген құжаттарға өзгерістер енгізілген, олардың жарамдылығы жойылған және осы
Жалпы шарттарда, Салым шартында және/немесе Қолданыстағы заңнамада көзделген тағы басқа
жағдайларда сол өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) Жұмыс күні ішінде ол пакетті толықтырып
отыруға;
8.1.7.
Салым шартында көрсетілген Салымға бастапқы жарна мөлшерінде Салым салуға. Салым
шартында Жинақ шотына қосымша жарналар енгізу көзделген болса, бұл шарт оларға тарамайды;
8.1.8.
Осы Жалпы шарттарда және / немесе Салым шартында, Кешенді шартта өзгеше
қарастырылмаса, осы Жалпы шарттарда көзделген тәртіппен Банкте қызмет көрсетілген күні
қолданыста болатын Банк Тарифтеріне сай Банк қызметтерінің ақысын төлеуге;
8.1.9.
Осы Жалпы шарттарда және / немесе Салым шартында өзгеше көзделмесе және
Қолданыстағы заңнамада өзгеше қарастырылмаса, осы Жалпы шарттарда және Салым шартында
белгіленген тәртіппен және шарттармен артық төленген сыйақы сомасын қайтарып беруге.
8.1.10.
Банк келісіміменғ тиісті шартты және ақшаны кепілге қою шартын жасасып, Банкке Салымды
немесе Салымның бір бөлігін Клиенттің не үшінші тұлғаның Банк берген кредит бойынша қамтамасыз
ету ретінде кепілге қоюға.
8.2
Осы Жалпы шарттарда және Салым шартында, Кешенді шартта көзделген өзге құқықтарға қосымша
Банк төмендегі құқықтарды иеленеді:
8.2.1.
Ақша сомасы Салым шартында белгігенген Ақша сомасынан кем не артық болған жағдайда,
сол Ақша сомасын Салымның бастапқы жанрасы ретінде Жинақ шотына қабылдаудан бас тартуға.
Салым шартында Жинақ шотына қосымша жарналар енгізу көзделсе, бұл шарт оларға тарамайды;
8.2.2.
Салым шартының қолданыс мерзімінде Салым сомасын өз қарауынша пайдалануға;
8.2.3.
Жалпы шарттарда және / немесе Салым шартында көзделген тәртіппен қызмет көрсетілетін
күні қолданылатын Банк Тарифтеріне сәйкес қызметтерді көрсетуі үшін комиссиялық сыйақы өндіріп
алуға;
8.2.4.
Қолданыстағы заңнамада, осы Жалпы шарттарда және/немесе Салым шартында көзделген
жағдайларда үшінші тұлғалардың Клиенттің келісімінсіз оның Шотынан ақша шығарып алу туралы
талаптарын орындауға;
8.2.5.
Банк Шот, Жинақ шоты бойынша жүргізілген операциялардан және/немесе ақша
аударымдарынан өзі жіберген қателіктерді байқаған немесе рұқсатсыз төлем және/немесе ақша
аударымы жүргізілгенін айқындаған жағдайда, осы Жалпы шарттарда белгіленген тәртіппен және
Банк дербес түрде белгілейтін мерзімде Клиентке алдын ала хабарламай және қосымша келісімін
алмай, акцептісіз тәртіппен қате немесе рұқсатсыз төлем және/немесе ақша аударымы бойынша
ақшаны қайтаруды жүргізуге;
8.2.6.
Банк тиісті Салым түрі бойынша ақша қабылдауды тоқтатқан жағдайда, сондай-ақ
Қолданыстағы заңнамада, осы Жалпы шарттарда және/немесе Салым шартында көзделген өзге
жағдайларда осы Жалпы шарттарда белгіленген тәртіппен Салымды қайтару болжанатын күннен
кемінде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын Клиентке хабарлап, Салымды қайтаруға;
8.2.7.
Қазақстан Республикасының Қолданыстағы заңнамасында осы Жалпы шарттарда
және/немесе Салым шартында;көзделген жағдайларда және тәртіппен Жинақ шотын жабуға:
8.2.8.
Салымның мерзімі ұзартылған жағдайда Мерзімді салым бойынша сыйақы мөлшерлемесін
біржақты тәртіппен өзгертуге;
8.2.9.
Осы Жалпы шарттарда және Салым шартында, Кешенді шартта көзделген өзге
міндеттемелерге қосымша Банк төменде аталғандарды орындауға міндеттенеді:
8.2.10.
Клиент атына Жинақ шотын ашып, оған Салым сомасын есепке жазуға, Салым шарты
қолданылатын мерзім ішінде салым Салымның сақталымдығын және есепке алынуын қамтамасыз
етуге;
8.2.11.
Осы Жалпы шарттардың және Салым шартының ережелеріне сай Салым бойынша сыйақы
сомаларын есептеп, төлеуді жүзеге асыруға;
8.2.12.
Қолданыстағы заңнамада өзгеше қарастырылмаса, Клиенттің Салымды (толығымен немесе
бір бөлігін) қайтару туралы талабын алған соң, осы Жалпы шарттарда және/немесе Салым шартында
көзделген тәртіппен Клиентке Салым сомасын (толығымен немесе бір бөлігін) қайтарып беруге;
8.2.13.
Қолданыстағы заңнамаға, осы Жалпы шарттарға және Салым шартына сай Салым
құпиясының сақталуына кепілдік беруге. Қолданыстағы заңнамада, осы Жалпы шарттарда
және/немесе Салым шартында көзделген жағдайларда ғана үшінші тұлғаларға Салымға қатысты
анықтамаларды Клиент келісімінсіз беруге.
9. Өзге шарттар
9.1
Осы Жалпы шарттарда және/немесе Салым шартында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда,
Салым шартын тараптардың келісімімен өзгертуге не толықтыруға болады. Өзгертулер мен толықтырулар
жазбаша ресімделіп, Тараптар оларды Қосымша келісім ретінде мойындап, қолдарын қояды және олар
Салым шартының ажырамас бөліктері болып табылады.
9.2
Салымның мерзімі аяқталған соң Салымшы Салымды алмаған жағдайда, оны Банк салымы
шартында көрсетілген мерзімге тең мерзімге автоматты түрде ұзарту жүзеге асырылады. Тиісті Салым
шартында өзгеше көзделмесе, Банк осы Салым түріне ақша қабылдауды тоқтату туралы шешім қабылдаған
сәтке дейін ұзарту шексіз рет жүзеге асырылады.
9.3
Жинақ шотын жабу, Банк салымы шартын тоқтату жағдайлары мен тәртібі, сондай-ақ Салымды
орналастыру мерзімін ұзарту жағдайлары мен тәртібі осы Жалпы шарттарда және/немесе Салым шартында
белгіленеді.
9.4
Салым шарттарының талаптарын өзгерту туралы өтінішті қарап, егер ол заңнама талаптарына, Банктің
ішкі рәсімдеріне қайшы келсе және Банктің Қолданыстағы заңнаманы бұзуына апарып соғуы мүмкін болса,
Банк ол Өтінішті қабылдаудан бас тартуға құқылы.
9.5
Салымның мерзімі немесе Салым шарты ұзартылған мерзім аяқталған кезде Банк осы Салым түрін
қабылдауды тоқтатса, Шарт мерзімі ұзартылмайды, ал Банк Салым сомасын Шотқа аударады.
9.6
Салым шарты бойынша Клиент болып табылатын тұлға кәмелетке толмаған адам болған жағдайда
оған Салымды не оның бір бөлігін алып беру Қолданыстағы заңнамада белгіленген шектеулерді ескере
отырып жүзеге асырылады.
9.7
Клиент 14 жасқа толғанша, сондай-ақ 14 жастан асқан Клиентке күтім тағайындалған жағдайда Клиент
атынан Салым шарты бойынша Клиент құқықтары мен міндеттерін ата-анасы немесе басқа заңды өкілдері
іске асырады.
9.8
14 жастан асқан Клиентке қамқорлық тағайындалған жағдайда, Клиент өз қамқоршысының
келісімімен ғана Салымды басқаруға құқылы. Күтім не қамқорлық тағайындалған жағдайда, Клиент немесе
күтімші / қамқоршы (ол салымшы болмаса) Салым шарты бойынша Клиент құқықтары мен міндеттерін іске
асыру барысында немесе Салымды басқаруға келісімін алу қажет болғанда, күтуші немесе қамқоршы
мәртебесін растайтын құжаттарды қосымша табыс етуі тиіс.
9.9
Салым шартында белгіленген мерзімінен бұрын Салым қайтарылған жағдайда Банктің сыйақы
есептеу, қайта есептеу және төлеудің нақты тәртібі, сондай-ақ Клиенттің артық алынған сыйақы сомаларын
қайтару тәртібі Жалпы шарттарда және/немесе Салым шартында белгіленеді.
9.10
Салым шартына қол қою арқылы Тараптар бір-бірінен толық дербестік пен тәуелсіздігін мойындайды.
Бұл орайда Клиент пен үшінші тараптар арасындағы кез келген өзара шағымдарына және/немесе дауларына
қатысты Банк үшінші тұлғалар үшін және / немесе үшінші тұлғалардың алдында еш жауап бермейді.
Document Outline - 1. Негізгі қағидалар
- 2. Терминдер мен анықтамалар
Достарыңызбен бөлісу: |