Шарттың ұғымы рентаны экономикалық мағынасына сәйкес меншік қатынастарының ерекше нысаны деп анықтауға болады



жүктеу 17,46 Kb.
Дата02.03.2023
өлшемі17,46 Kb.
#41550
Рента шарты 2


Рента шарты
Шарттың ұғымы рентаны экономикалық мағынасына сәйкес меншік қатынастарының ерекше нысаны деп анықтауға болады. Олар өз кезегінде материалдық игіліктерді белгілі тұлғалар иеленетінімен немесе материалдық игіліктер біреуге жататынымен сипатталады. Ренталық қатынастарға меншіктің екінші ағымды күйі де тән болып келеді және айта кететін болсақ, ренталық қатынастардың осы күйін ескерген кезде ғана оларды анықтау қажеттілігі пайда болады.
Рента қарым-қатынастарын реттейтін әмбебап нормалар Қазақстан Республикасы заңнамасында тұғыш рет қабылданғасын пайда болды. Онда рента шартына 517-539 баптар арналған. 
Рента шарты бойынша бір тарап (рента алушы) екінші тараптың (рента төлеушіге) меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны ұстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл рента төлеп отыруға міндетті.
Рента шарты бойынша рента алушыға рентаны мерзімсіз немесе өмір бойы төлеу міндетін бекітуге жол беріледі. Рента шарты мүлікті иеліктен шығаруға арналған шарттардың бірі.
Рента шартының ерекшелігі-мүлік төлемақы төленіп, не болмаса төленбей берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекісінің 519-бабы бойынша осыған қарап сатып алу, сату шарты немесе сыйға тарту шарты туралы ережелер қолданылады. Бұл осы шарттың мәнісіне қайшы болмауы керек. Аталған екі шарт нормаларының қолданбауы тікелей рентаға қатысты нормалармен қарастырылуы мүмкін.
Рента шарты қазіргі азаматтық құқықта оларға реалдық мінезі берілген аздаған шарттардың қатарына жатады. Ол бойынша құқықтар мен міндеттер пайда болуы үшін мүлік рента төлеушіге берілуі керек. 
Рента шарты бір жақты шарт болып табылады. Мүлік берілгеннен кейін жалпы тәртіп бойынша рента алушыға ешқандай міндеттеме жүктелмейді. Рента төлеуші рентаны сатып алу құқықтығына ие болады, бірақ бұл құқық негізгілердің қатарына жатпайды.
Рента төленуін қамтамасыз ететін норманың міндетті мәні бар. ҚР АК 521-бабының 1-тармағына сәйкес, рента төленуі үшін жер бөлшегіне немесе өзге жылжымайтын мүлікке құқық берілетін болса, рентаны алушы рента төлеуші міндетін қамтамасыз ету мақсатында сол мүлікке келіп құқығына иеленеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен рента шартының үш түрі көзделген: 1) тұрақты рента шарты; 2) ғұмырлық рента шарты; 3) өмір бойы асырауда ұстау шарты. Жалпы нормалар шарттың аталған үш түріне де бірдей қатысты болып табылады.
Тұрақты рента және ғұмырлық рента шарттары мүлік рента төлеушіге ақыға немесе тегін берілетініне, мүлік қозғалатын ба әлде қозғалмайтын ба, соған байланысты бөлінуі мүмкін. Өмір бойы асырауда ұстау шарты осы екі шарттан едәуір ерекшеленеді.
жүктеу 17,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау