69
6.1-сурет. Құнды қағаздардың жіктелуі
• ордерлік құнды қағаздар— олардың иелерінің құқықтары қағаз мəтініндегі
табыстама жазбалармен жəне қағаздың өзін ұсынумен расталады. Бұл санатқа,
біріншіден, вексельдер мен чектер жатады.
Құнды қағаздар борышкерлік (облигациялар, вексельдер, чектер, депозиттік
жəне жинақтаушы сертификаттар) жəне үлескерлік (акциялар) болып бөлінеді.
Мерзім бойынша құнды қағаздар əдетте қысқа мерзімді (батыс
нарықтарындағы көпшілік мақұлдаған жіктелу бойынша оларға өтеу мерзімі бір
жылға дейін болатын құнды қағаздар), орташа мерзімді (мерзімі бір жылдан бес
жылға дейін), ұзақ мерзімді (бес жылдан артық), мерзімсіз (мысалы, акциялар)
жəне ұсыну мерзімі бар болып бөлінеді.
Эмитент мəртебесі бойынша федералдық билік органдарының жəне
муниципалдық органдарының мемлекеттік құнды қағаздары, корпоративтік
құнды қағаздар, жеке тұлғалардың (вексельдер, чектер, опциондар жəне т.б.)
жəне шетел эмитенттерінің құнды қағаздары болып бөлінеді. Сонымен қатар
эмитент мəртебесі бойынша құнды қағаздар банктік (депозиттік жəне
жинақтаушы сертификаттар) жəне банктік емес болып бөлінеді. Бұдан басқа
құнды қағаздар табысқа немесе капиталдың үлесіне құқық беретін біріншілік
жəне біріншілік құнды қағаздарды сатып алуға жəне сатуға құқық беретін
екіншілік (туынды) құнды қағаздар (опциондар мен фьючерстер) болып бөлінуі
мүмкін.
Тауар айналымы үдерісіне жəне əр түрлі мүліктік мəмілелерге қызмет ететін
құнды қағаздарға мыналар жатады:
• акциялар;
• облигациялар;
• туынды құнды қағаздар;
• депозиттік жəне жинақтаушы сертификаттар;
• вексельдер.
Муниципалдық
Мемлекеттік
Ақша нарығының
Капитал нарығының
Үлестік
Борышкерлік
Мемлекеттік
мекемелердің
Басқа
эмитенттердің
Атаулық
Ұсынушыға
Туынды
Құнды
қағаздар
70
4.4.2 Акциялар
Акциялар— бұл акционерлік қоғамның меншікті қаражаты үлесіне
олардың иесінің құқығын жəне оның ісінен табыс алу құқығын, сондай-ақ
əдетте басқаруға қатысу құқығын куəландыратын құнды қағаздар.
Акцияларды шығару жəне орналастыру нəтижесінде алынған қаражат
кəсіпорынның меншікті капиталын құрайды. Акциялар олардың құны бойынша
бағаланады — атаулы, баланстық, бағамдық. Акциялардың атаулы құны — бұл
акцияларды шығарған (эмиссия) кезде белгіленген құн. Баланстық құн — бұл
компания активтерінің құнын шығарылған жəне орнатылған акциялар
мөлшеріне бөлгендегі бөлінді түріндегі құн. Бағамдық құн — бұл сұраныс пен
ұсыныс арқылы анықталатын биржада немесе биржалық емес айналымдағы
акциялар құны. Бағамдық құн акциялардың атаулы құнынан жоғары да, төмен
де болуы мүмкін.
Иелену сипаты бойынша акциялар атаулы акция жəне ұсынушының
акциясы болып бөлінеді. Ұсынушының акцияларының айналуы еркін болып
табылады. Əдетте атаулы акциялар жоғары, ал ұсынушының акциялары төмен
атаулы құнға ие болады. Əкелетін табысының сипаты бойынша акциялар
кəдімгі жəне артықшылықты болып бөлінеді. Кəдімгі акциялар олардың
иелеріне келесі құқықтар береді:
• дауыс беру құқығы, яғни акциялар иесі акционерлердің кезекті ортақ
жиналыстарында дауыс беру арқасында компания əрекетінің өзекті
мəселелеріне əсерін тигізе алады;
• табысты үлестіруге қатысу мен табыстың бір бөлігін дивидендтер түрінде
алу құқығы. Кəдімгі акциялар бойынша дивиденд барлық салықтар, банк
несиелері мен облигациялар пайыздары төленген кезде жəне артықшылығы
бар акциялар бойынша дивидендтер төленген кезде төленеді. Дивидендтер
дербес шотқа аудару арқылы қолма-қол ақшамен, сонымен бірге
компанияның құнды қағаздары түрінде төленуі мүмкін (бұл жағдайда
табыстың капитализациясы жүреді);
• акционерлік компанияны жою кезінде — оның активтерінің бір бөлігіне
деген құқық;
• компания активтеріндегі акционерлер үлестерінің бөлшектеніп кетуінің
алдын алу мақсатында жаңа шығарылымының акцияларын сатып алуға
деген айрықша құқық компания активтерінде олардың үлесіне
пропорциялы.
Артықшылықты акциялар иелері кəдімгі акциялар иелеріне қарағанда,
əдетте, акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге қатысудың шектеулі
құқығына ие болады. Осы акциялар бойынша дивидендтер кəдімгі акциялар
бойынша төлемдерге дейін белгіленген мөлшерлеме бойынша төленеді.
Компания жойылған кезде, ең алдымен, артықшылықты акциялар иелерінің
наразылықтары қанағаттандырылады. Артықшылықты акциялар кумулятивті
болуы мүмкін. Бұл кезде дивидендтер жинақталып, болашақта төленеді;
сондай-ақ олар айырбасталымдылық қасиетіне ие, яғни иелері шығару кезінде
71
айтылған шарттарға сəйкес оларды кəдімгі акцияларға айырбастап алуларына
болады.
Кəсіпорындарды акцияландыру капиталдың келешегі бар жəне тұрақты
дамып келетін салаларға ауыс-түйісіне септігін тигізеді, қоғамдық ұдайы
өндіріс жүйесінде маңызды реттеуші қызметтер атқарады. Акцияларда құнды
қағаздардың экономикалық сипаттамалары — өтімділік, табыстылық,
сенімділік, бағам, атаулы құн, өздігінше айналымның болуы жəне т. б. аса
айқын көрінеді. Акциялар нарықтық жағдаят өзгерісі жағдайында табыс алу
мақсатында оларды қайта сататын екіншілік нарықта айналымда болуы мүмкін.
Акциялар мыналармен сипатталады:
1) бөлінбейтіндік— егер бір акцияның бірнеше иесі болса, онда олардың
барлығы акция ұстаушылар болып есептеледі жəне өз құқықтарын олардың
арасындағы біреуі арқылы немесе өкілетті уəкіл арқылы іске асыра алады;
2) бөлшектеу мүмкіндігі (сплит) — олардың атаулы құнын төмендету
бойынша операция. Мұндай акциялар «орауы шешілген» деп аталады.
Орналастырылған
акциялардың
бөлшектенуі
акционерлердің
ортақ
жиналысының шешімі бойынша белгілі бір рəсімге сəйкес жүргізіледі;
3) шоғырландыру мүмкіншілігі — акциялардың бөлшектенуіне қарама-қарсы
операция. Шоғырландыру сол сияқты акционерлердің ортақ жиналысының
шешімі арқылы жүргізіледі. Егер мұндай кезде бөлшекті акциялар түзілсе, онда
нарықтық құн бойынша акционерлік қоғам олардың құнын төлеуі тиіс;
4) бета
коэффициенті— акциялардың
бағамдық
құнының
өсу
қарқындылығының жалпы биржалық индекске қатынасы ретінде анықталады.
Бета коэффициенті нарықтың барометрі рөлін көрсетіп, дамыған қор нарығы
жағдайында акциялар бағамының динамикасын сипаттайды.
Акциялардың жіктелуі сан алуан. Осылайша, коммерциялық кəсіпорындар
мен биржалар, инвестициялық институттар (қорлар, компаниялар) жəне
банктер, институционалдық инвесторлар (зейнетақы қорлары) жəне басқа
эмитенттер акцияларын бөледі. Ашық жəне жабық акционерлік қоғамдардың
акцияларын ажыратады. Сонымен қатар холдингтер мен олардың еншілес
кəсіпорын акциялары да бар.
Акцияның атаулы, эмиссиялы жəне нарықтық бағасы (құны) болады.
Акциялардың атаулы құны акцияның бланкісінде көрсетіледі жəне акционерлік
қоғамның жарғылық капитал сомасын шығарылатын акциялар санына бөлу
арқылы анықталады. Мысалы, акционерлік қоғамның жарғылық капиталы 10
млн теңгені құрайды. 100 000 акциялар шығарылған, бір акцияның атаулы құны
100 теңгені (10 млн/100 000) құрайды. Эмитент инвесторға акцияны сату бағасы
эмиссиялық құнды құрайды ,ол атаулы құнмен сəйкес келуі немесе одан əр
түрлі бағытта ауытқуы мүмкін.
Қор биржасында жəне биржадан тыс нарықта акцияның өткізілетін бағасы
оның нарықтық (бағамдық) құнын анықтайды . Акцияның теориялық бағасы
(құны) мына формуламен есептеледі
Аб = Д / П ,
Достарыңызбен бөлісу: |