63
нарықтық емес шаруашылық аймақтарды да толтыру сауалдары жүктеледі,
олар:экологиялық, əлеуметтік қорғаныс.
3-Сүрет. Стратегиялық басқару моделі
Миссия, əрекет мақсаты
Іс-əрекет ортасың талдау (SWOT- анализ)
Жекелеген өнімдер бойынша негізгі бəсекелестік
стратегиясың тандау
Стратегияны жасау
Мамандалған
Функционалдық
Жүмыс түрлері қосалқы
жұйелер
Стратегияны іске асыру
Стратегиялық контроллинг
64
Стратегиялық басқару- кəсіпорын даму стратегиясың іске асыру жəне сол үшің
бірізділік əрекет жасау белгілеу үрдісің көрсетеді.
Стратегиялық басқарудің екі негізгі жемісің атап кетуге болады:
1.
Стратегиялық мақсатына жетуді қамтамасыздандыратің кəсіпорын
потенциалы;
2.
Кəсіпорын сыртқы мен ішкі іс ортасынің өзгерістеріне сезімділігі
Стратегиялық басқару белгілейді жəне анықтайді:
-
Миссия, əрекет мақсатың;
-
Миссия мен мақсатыңа сайкес əрекет багыттарың;
- Функционалдық қосалқы жұйелер мен жүмыс түрлері мен
багыттар
алдына қойылған мақсатыңа жету стратегисың
65
4 БӨЛІМ. КƏСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ НЫСАНДАРЫ ЖƏНЕ ҚҰНДЫ
ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ
4.1 Холдингілер
Холдингілік компания (холдинг) — бұл басқа кəсіпорындардың активтері
құрамына акцияларының бақылау пакеттері кіретін кəсіпорын (оның
ұйымдық-құқықтық
нысанына
қарамастан). Акцияларының
бақылау
пакеттері холдингілік компанияның активтері құрамына кіретін кəсіпорындар
еншілес деп аталады. Акциялардың бақылау пакеті ретінде қатысушыларының
(акционерлердің, пайшылардың) жалпы жиналысында жəне оның басқару
органдарында нақты шешімдер қабылдау немесе қабылдамауға қатысты сөзсіз
құқығын қамтамасыз ететін кəсіпорын капиталына қатысудың кез келген түрі
саналады. Əдетте, бақылау пакеті акциялар пакетіне немесе оның 50%-дан
артық көлеміндегі үлесіне иелік етуді болжайды.
Компания бизнесін басқарудың тиімді ұйымдық құрылымын құру үшін,
холдинг нысаны қолданылып, қандай да бір белгі бойынша (салалық,
географиялық жəне т.б.) басқару жəне бақылау функцияларын орындайтын
холдингілер құрылады. Холдингілік компаниялар құрылуы мүмкін:
• ірі кəсіпорындарды құқықтық дербес (еншілес) компаниялар ретінде
бөлімшелер құрамынан шығару арқылы қайта құру барысында;
• құқықтық дербес кəсіпорындардың акция пакеттерін біріктіру барысында;
• жаңа акционерлік қоғамдар құру барысында.
Холдингілік компаниялар шектес-кəсіпорындардың бірігуіне жəне олардың
келісілген инвестициялық саясатты жүзеге асыруына септігін тигізу үшін
құрылады.
Қазақстанда біз 90-шы жылдардың басында түрлі өніркəсіптік салаларда
холдингілік компанияларды құруда тəжірибе жинаған болатынбыз.
4. 2 Консорциумдар, картельдер мен концерндер
1990-жылдардың басында Қазақстанда жеке салалар мен салаларалық
байланыстарды дамыту ерекшеліктері түрлі компаниялардың қандай да
қызметтерін біріктіру немесе олардың қалыпты шаруашылық қызметі
барысында жеке операцияларды орындауын регламенттейтін келісімдер жасау
қажеттігін
айқындады. Кəсіпорындарды
біріктірудің
келесі
түрлері
ажыратылады:
• Консорциум — өндіріс, қаржы, ғылым, экология жəне т.б. салаларда
мерзімі мен мазмұны бойынша шектелген жобаларды жүзеге асыруға
арналған келісімдер негізінде кəсіпорындарды уақытша біріктіру. Тараптар
құқықтық дербес ұйымдар болып қалады. Консорциумның қаржыландырылуы
оның қатысушыларының қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
• Картель — құқықтық жəне экономикалық дербестілігін сақтап қалатын,
əдетте, бір салаға қатысты кəсіпорындардың келісімі, олардың мақсаты бағаны,
өткізу нарықтарын, өндіру жəне сату көлемдерін, шикізат көздеріне қатынау,
66
төлем мерзімдерін, ассортиментті, қызметкерлерді жұмысқа алу шарттарын
жəне т.б. реттеу арқылы бəсекелестікті шектеу тəсілімен нарыққа ықпал ету
болып табылады. Картель нысандары əртүрлі критерийлер бойынша жіктелуі
мүмкін. Мысалы, келісім тақырыбы бойынша — баға, жеңілдік көлемі,
мамандану, сауда шарттары, сату квоталары, экспорт-импорт жəне т.б. туралы
картельдік келісімдер.
• Концерн — құқықтық дербес кəсіпорындарды оларға акцияларды сатып
алу немесе айырбастау есебінен қаржы бақылауын орнату арқылы
шаруашылық қызметтегі жалпы басшылық астына біріктіру. Концерн өз
қызметін ғылыми-техникалық жəне өндірістік даму, инвестициялық, қаржылық
жəне сыртқы экономикалық қызметтерді орталықтандыру арқылы жүзеге
асырады. Концернге өндірісті құрамдастыру жəне əртараптандыру, бəсекеге
қабілетті өнім шығару, жаңа технологиялар мен техниканы ендіруді
жеделдеттіру тəн. Біріктіру бағыттары бойынша тік жəне көлденең концерндер,
сондай-ақ конгломераттар ажыратылады.
• Синдикат — бірыңғай өткізу (жəне сатып алу) желісін құру мақсатында,
біртекті өнім шығаратын бірқатар кəсіпорындарды біріктіру.
• Трест — өндірістік жəне коммерциялық қызмет саласында басқарушы
орталықпен басқарылатын құқықтық дербес кəсіпорындарды біріктіру.
Тресттер ең алғаш АҚШ-да 1879 жылы құрылған. Тресттерді басқару
механизмі акционерлердің өз акцияларын сенімді тұлғаларға қайта сеніп
тапсырылуын болжайды. Акционерлер дивиденд алуын жалғастырады, бірақ
дауыс құқығынан бас тартады.
4. 3 Бейкоммерциялық ұйымдар
Бейкоммерциялық ұйымдар — бұл қызметінің негізгі мақсаты пайда
түсіру жəне оны қатысушылар арасында бөлу болып табылмайтын заңды
тұлға. Бейкоммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар тұтыну
кооперативтері, мекеменің меншік иесімен қаржыландырылатын қоғамдық
немесе діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық жəне басқа да қорлар
түрінде жəне заңмен қарастырылған басқа да нысандарда құрылуы мүмкін.
Бейкоммерциялық ұйымдар кəсіпкерлік қызметпен айналыса алады, себебі бұл
олардың құрылған мақсатына жетуге септігін тигізеді жəне сол мақсаттарға
сəйкес келеді.
Тұтыну кооперативі болып азаматтар мен заңды тұлғалардың мүшелігі
негізінде олардың материалдық жəне басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру
мақсатында ерікті бірігуі саналады. Тұтыну кооперативінің мүшелері мүліктік
үлеспұл жарналарын тапсырады.
Тұтыну кооперативінің Жарғысында төмендегілер қамтылуы тиіс:
• заңды тұлғаның атауы;
• оның орналасқан жері;
• қызметін басқару тəртібі;
• кооператив мүшелерінің үлеспұл жарналарының көлемі туралы шарттар;
Достарыңызбен бөлісу: |