Қулыкөл ауылдық округінің әкімі Д



жүктеу 195,18 Kb.
Дата21.05.2018
өлшемі195,18 Kb.
#15514

Қулыкөл ауылдық округінің әкімі – Садығұлов Даулет Салықұлы:
Қулыкөл ауылдық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және

әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары мен

алға қойылған міндеттері туралы


Құрметті ауылдастар !!

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қантардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Қазақстан халқына арналған жолдауын жұртшылық нық сеніммен қабыл алды. Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір тарихи датасы ел Тәуелсіздігіне 20 жыл толып отыр. Атаулы күнге бүкіл Қазақ елі болып қызу дайынлықпен жақсы көрсеткіштермен лайықты қарсы алуда.Біз осы тарихи 20 жыл ішінде көптеген қиыншылықтарды артқа тастап, дамыған дүние жүзіндегі елдер қатарына ендік. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ, қайта жанданып белең алып келеді. Біз тастұйын дайын болғандықтан оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ. Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды. Осылайша Қазақстан қуатты, табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғарғы халық-аралық беделге ие болды. Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемде өз жетістіктерімен таң қалдырды. Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылып, оны ойдағыдай атқарды.

Уәлиханов ауданының ең шалғайда жатқан Қулыкөл ауылдық округі үш елді мекеннендеріде еліміздегі болып жатқан осы атаулы тарихи уақиғалардан шет қалмай құлақдар болып, шама шарқынша Ел тәуелсіздігіне айтарлықтай үлестерін қосып отыр. Алдымен Қулыкөл ауылдық округі елді-мекендеріндегі әлеуметтік - экономикалық жағ-дайына тоқтала кетейін. Қулыкөл ауылы бойынша, 196 үйде,953 адам тұрады, Қаратал ауылында 325 адам – 65 үйде, Береке ауылында 272 адам – 52 үйде қоныстанған. Жалпы ауылдық округ бойынша тұрғылықты халық саны 1550 адам болып, 313 тұрақты жеке меншікті тұрғын үйге қоныстанған.Округ көлемінде ауылдарда 179 зейнеткер, 16 әр топтағы мүгедек, мемлекет тарапынан зейнетақы және жәрдем ақылар алса, 2011 жылы 30 сәби дүниеге келіп,12 адам қайтыс болды. Көп балалы аналар саны 73 болса, аз қамтылған отбасылар 15 болып, мемлекет тарапынан әр түрлі деңгейде әлеуметтік көмектерін алып отыр.

Ауылдық округке қарасты елді - мекендерде 1 орта, 2 арнаулы орта мектептер қалыпты жұмыс істейді. Әуезов орта мектебінде 177 оқушы оқыса, даярлық топта 23 бала алғашқы әліппемен танысуда. Осы аталған шәкірттерге, даярлық топқа сапалы білім беретін мұғалімдер саны 28, соның ішінде жоғарғы білімдісі – 20,ал қалған 8 –і арнаулы орта білімді, Береке мектебінде 52 оқушы бар. Мұғалімдер саны 12, жоғарғы білімді – 9,болса 3 арнаулы орта білімді. Қаратал мектебінде мұғалімдер саны 12, барлық оқушылар саны 54. Қулыкөл ауылдық округі бойынша 3 мектепте жалпы 306 оқушылар білімін алуда.

Елді-мекен тұрғындарының мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектерді де айта өтейін.Жалпы 2011 жылға атаулы әлеуметтік көмек 10 жанұяға – 189 259 теңге алса, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 2 млн. 368 мың 113 теңге беріліп отыр. Қоғамдық жұмысқа 11 адам орналастырылып, кәсіби мамандық алу үшін оқуға 1 адам жіберілген болатын.Оқуын бітіріп аспаздық мамандығын алды. Кішкенекөл селосындағы кәсіптік техникалық лицейде автокөлік жүргізу мамандығы бойынша 5 ауыл жастары оқып білім алуда. Жастар практикасына 1 бала алынды.

Ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайларының жақсы болуы, мал санының артып, мал өнімдері сапасының жоғарғы болуына байланысты. Ауылдық округ бойынша мал басы көбейіп келеді. Атап айтқанда,2012 жылдың 01 қаңтарындағы есебі бойынша, ірі қара мал саны 3116 бас, жылқы 1890 бас , қой мен ешкі 1820 басқа артты.

2011 жылдың жазғы және күзгі малдәрігерлік іс-шаралар өткізіліп, бруцеллез ауруына тексерілді және сібір жарасына, қарсы вакцинация жасалды. Ауруға шалдыққан малдар ет комбинатына тапсырылды. Әліде қолдағы бар ірі қара мал бастарынан қан алу және малдәрігерлік жаппай тексеру жұмысы жүргізілуде. Құрметті ауылдастар, 2012 жыл бойына атқарылатын малдәрігерлік іс-шараларға асқан жауапкершілікпен қарап, қолдағы бар малдарыңызды мұқият тексертіңіздер, сырғалатыңыздар.Дені сау малдың тәні сау, сүті мен майы, еті жанға шипа боларын алдын ала ойлаңыздар ағайын.

Ауылдқ округ елді-мекендерінде, тұрғындар арасында халық жиыны өткізіліп, шешімін таппай жүрген көкейтесті сұрақтар қаралып, жергілікті халықтың пікірлерімен санасып, ақылдасып отырылады.Әсіресе көктем айларында, аулалар маңайын қөң,күл-қоқыстан тазарту жұмыстары үйді-үйлерге алдын ала әкімдік тарапынан ескертіліп, тиісінше арту төгу техникаларын ұйымдастыру шаралары қолға алынып отырады. 2011 жылдың көктем айларында, азамат Жексембаев Сембай және басқада азаматтар өзінің техникасымен аулалар маңайын қөң,күл-қоқыстан тазарту жұмыстарына ат салысты.

Ауылдық округ бойынша көптеген атаулы мерекелер ескерусіз қалмайды. Жаңа жылды қарсы алу тойында көгілдір шырша ойыны өтсе, наурыз мейрамында жалпы ауыл болып тойлайды. Арнайы әкімдіктің басқаруымен аурухана, мектеп ұжымдары қостап, дәстүрлі сайыстар мен қойылымдар өткізіледі. Қасиетті Ұлы Жеңістің және қарттар күнін әкімдік, мектеп, аурухана ұжымдары,бірлесуімен лайықты концерттік бағдарлама әзірленіп, кейін дастархан мәзірімен жалғасып, қарттарымызға құрмет көрсетіледі. Биылғы Ұлы жеңістің 66 жылдығы тарихи мерекесінің атаулы күні 8 мамырда, Ұлы Отан соғысының ардагері қазақтан шыққан тұңғыш шопыр, марқұм Ақышев Тасболаттың атына Қулыкөл ауылынан көше беріліп, ат шаптырылып той жасалды. Отбасын құрып, 50 жыл жанұялық өмірді бірге кешкен отбасыларының атаулы мерей тойлары ескерусіз қалмай, лайықты аталып өтіледі.

Ауыл жастары спортқа көп-көңіл бөліп отырады. Күрестен аға жаттықтырушы Алипов Имаш.Қалиұлы баулып жүрген – жасөспірімдер Степногорск –Бестөбе кенттеріне, аудан орталығындағы жарыстарға қатысып жақсы нәтижелерге жетіп отыр. Мектеп спорт залында ауыл жастары волейбол, баскетбол доп ойындарымен шынығып, көптеген жарыстарға қатысып, алдыңғы саптан көрінуде.

Денсаулық сақтау саласы бойынша, округте 25 керуеттік жатып ем-дом қабылдайтын аурухана, Қаратал – Береке ауылында медпункт халыққа күні-түні халыққа қызмет көрсетеді.Аталған мекеме дәрігерлермен және бір жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етілген. Ауруханада 2 емдеуші дәрігер және медбикелер округ елді-мекен

халқына, көршілес Қайрат селолық округі тұрғындарына қол үшін береді. Биылғы медицина күніне орай, Солтүстік Қазақстан облысы орталығынан арнайы түрде телебағдарламадан келіп, аурухананы бейне таспаға түсіріп, облыс өңіріне көрсетті.



Жасыл ел бағдарламасы бойынша, округ көлемінде айтарлықтай жұмыс істелді. Әуезов-Қаратал-Береке мектептер аулаларына ағаш отырғызылды. Қулыкөл ауылы бойынша, 9 отбасы жылы жайлар орнатып, көкөніс өсірумен айналысып, өздерінің лапақасын тапты. Орталық мектептегі жылыжай , оқушылар үшін тәжірибе алмасу болса, мектеп үшін көкөніс қысқы азық ретінде мол өнім алып дайындап алуға қолы жетті.

Биылғы жылы Ауэзов орта мектебі БҰТ бойынша, 76 балл алып, 14 түлек жоғарғы және орта оқу орындарына түсіп оқуларын жалғастыруда.

Мәдениет саласы бойынша,Округ көлемінде бір мәдениет үйі, 3 мектепте кітапхана, бір ауылдық кітапхана халыққа қызмет көрсетеді.

Ауыл кітапханасы мәдениет үйінде орналасқан, кітап қоры 8031 дана . Ұлттық мәдени мерекелерде, жергілікті жастардың,мектеп оқушыларының қолдауымен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып,әр түрлі патриоттық тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп отырады. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында, ақындарымыздың өлеңдерін жатқа айту,халық әндерін нақышына келтіре орындау негізінде жарыстар өткізіледі. Аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдастырумен әр-түрлі деңгейде ән айту жарыстарында, ауыл жастары ағайынды Нұрмұхановтар, Кажтаева Ақжарқын жүлделі орындарға ие болды. Қаратал ауылында құрылған «Әжелер тобы» халық әндерін нақышына келтіріп, орындау арқылы кейінгі ауыл жастарына үлгі болуда. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында, аудан көлемінде, әр мекеме алдында Тәуелсіздіктің белгісі ретінде, символика орнатты. Осы іс-шараның айғағы: ауылдық мәдениет үйінің алдына «Самға қыраным» бейнесі, Әуезов орта мектебінің алдына «Қазақстаным-барысым» монументі қойылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес таяудағы жылдары ауыл шаруашылығын көтеру үшін, шағын және орта бизнесті дамыту туралы бағдарламасына сәйкес,тұрғындармен тығыз жұмыс істеудің нәтижесінде, бүгінгі күні шағын мал фермалары ашылып жұмыс істеуде.

Қулыкөл ауылдық округінің жер қорынан мерзімі 5 жылға жалға «Даниял и К» фермер қожалығына, басшы Қапышев Сағат Коишыұлы жалпы көлемі 3445га, фермер қожалығын жүргізу үшін жер пайдалану құқығы берілді, «Тұлпар» фермер қожалығына басшы Булегенова Маржан Хасенқызына 305 га, жер фермер қожалығын жүргізу үшін берілді. «Елбол» фермер қожалығына басшы Аренов Қуаныш Сайлауұлы жалпы көлемі 1095 га фермер қожалығын жүргізу үшін жер пайдалану құқығы берілді.

Аталған фермер қожалығының басшылары малдың басын көбейту және асылдандыру жұмысымен айналысады. «Даниял и Ко» фермер қожалығының басшысы Қапышев Сағат 220 жылқы бағып қана қоймай, өз күшімен мал сою орынын әзірлеп, құжаттары рәсімдеп қалыпты жұмыс істеп тұр. Қаратал ауылында екі жылдан бері төрт үйде бие сауып, қымыз сатылып, халықтың игілігіне пайдалануда. « Балапан» бағдарламасы бойынша, қолға алынған Кулыкөл ауылында 25 бүлдіршіндік шағын орталығы,Қаратал ауылынан жеке үйден 15 балалық , Береке ауылында мектептің ішінен 15 балалық шағын орталықтар жұмыс қалыпты жұмыс істеуде. Қулыкөл ауылдық округі бойынша үш елді-мекендерінде сандық телефон жүйесіне қосылып халыққа қызмет етуде.

2011 жылы қаңтар айында ауыл әкімінің кезекті есептік кездесуі өтті. Кездесуде ауылдық округінің әкіміне ауыл тұрғындарынан 11 ұсыныстар мен өтініштер түскен. Орындалу барысында біраз жұмыстар атқарылды. 8 сұрақ бойынша шешімін тауып, орындалды, қалғандары есептік кездесу барысында талқыланып, түсініктеме берілді. Туындалған сұрақтардың ішінде ең маңыздысы : Қаратал ауылына қай кезде ауыз –су мәселесі қолға алынады ? -деген өтінім еді. Халықтың өтінімі жай қалмай, 2011 жылдың Республикалық бюджетте қаралып, арнаулы ауыз-су бағдарламасына еніп, жалпы құны 35 млн теңге тұратын жер асты локальды су құбырын орнату жаз айларында қолға алынып, желтоқсан айының 6 - күні 20 жылдық Тәуелсіздіктің мерекесіне орай, Уәлиханов аудан әкімі Серікбай Шәріпұлы Тұралинов келіп, салтанатты түрде ашып, пайдалануға берілді.



Жалпы округ деңгейіндегі атқарылған жұмыстарды айта келе, әліде шешімін тауып, халық игілігіне жарар, атқарылар шаруаларды айта кетейін.

1.Қулыкөл ауылындағы Мәдениет Үйінің сметалық құжаттарын дайындап, есіктерін, терезелерін ауыстырып, маңайын көгалдандырып, қоршау жасау үшін аудан тарапынан көмек берілсе.

2.Әуезов орта мектебінің астыңғы және 2 қабаттарын кәзіргі заман талабына сай күрделі жөндеуден өткізілсе. Осы аталған мекеменің сыртқы қабатын өңдеп, тәртіпке келтіруге мемлекеттік бюджет есебінен қаражат бөлінсе деген ниеттемін.

3.Ауыз су бағдарламасы бойынша, Береке ауылына жер асты локальды су құбырын орнатуды 2012 жылы қолға алынса.

Ауылда кезекті шешімін таппай тұрған мәселелер жеткілікті. Елді мекендердегі тұрғылықты халықтың жағдайы жылдан – жылға жақсарып келеді. Еңсеміз көтеріліп, келешегімізге нық сеніммен қараудамыз. Алда бізді үлкен міндеттер мен алар асулар күтіп тұр. Сондықтан, Сіздер де, ауылдастар, бұл ортақ істен сырт қалмай, қолдау жасаңыздар. Алынбайтын қамал жоқ, ертең-ақ ісіміз алға басатынына сеніміміз мол.
жүктеу 195,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау