Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 1,68 Mb.
бет1/9
Дата17.11.2017
өлшемі1,68 Mb.
#549
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



Республикалық оқу-әдістемелік кеңес

(«Білім» тобындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы)

Бекітілді

РОӘК (ОӘБ «Білім беру»

мамандығының топтары)

Хаттама №__ __ ___ 20__ж.



Педагогикалық мамандықтарына оқуға тапсыратын талапкерлер үшін арнайы емтиханның педагогикалық жағдаяттары
Педагогикалық жағдаят №1

Мектептен қайтып келе жатып үнемі сабаққа келмейтін сыныптасыңыздың көлік жуып жүргенін көріп қалдыңыз.

Не істейсіз?


  1. Ештеңе көрмегендей сыңай танытып өтіп кетесіз: бұған не істейсің өмір осылай!

  2. Сыныптасыңызға жақындай келіп, көзіне тік қарап, сөйлемей бұрылып кетіп қаласыз.

  3. Жедел түрде сынып жетекшісіне айтып, жағдайды талқылау.

  4. Ұялы телефонға түсіріп алып, сыныптастарға көрсетесіз

  5. Өз жауабыңыз.

Жауабыңызға түсініктеме беріңіз.
Педагогикалық жағдаят №2

Сіздің сыныбыңызда арнайы бағдарламамен оқитын мүмкіндігі шектеулі оқушы оқиды. Ал сыныптастары онымен сөйлеспек түгел оған мән де бермейді. Осы жағдаятқа қалай әсер етуге болады?. Бұл жағдайда қандай әрекет етер едіңіз?Өз іс-әрекетіңізді негіздеп беріңіз.


Педагогикалық жағдаят №3

Сыныпта оқушылар сенбілікке қатысқысы келмей: «Біз жұрттың қоқысын жинауға міндетті емеспіз», «Ол жер лас» - деп, балалар айқай салуда. Оқушылардың барлығын қалалық сенбілікке қатыстыру үшін мұғалім не істеу керек? Сіз не істер едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №4

Мұғалім жүйелі түрде жоғары сынып оқушысынан махаббат жайында хат алып отырады. Ол баланың ата-анасын шақыртып болған жағдайды айтып берді. Сіздің ойыңызша мұғалім осы жағдаятта қандай мінез көрсетуі керек деп ойлайсыз, негіздеңіз. Сіз сол мұғалімнің орнында болғанда не істер едіңіз?


Педагогикалық жағдаят №5

Оқушы мұғалімге: «Басқа балаларға қарағанда маған жақсы көзбен қарағаныңызды қалаймын, өйткені мен бәрінен де жақсы оқимын»- дейді. Мұғалім оқушыға таңқала қарап, ол үшін бәрі бірдей екендігін айтты.Сіз осы жағдаятты қалай шешетін едіңіз (не істер едіңіз? не айтар едіңіз? т.б ) Оқушының мұндай өтінішіне мұғалім қалай жауап беруі керек?


Педагогикалық жағдаят №6

7-сынып оқушысы үнемі тәртіп бұзады. Мектеп әкішілігі мен сынып жетекшісі әңгімелескеннен кейін екініші рет қайталамауға уәде береді. Бірақ, есіктен шыға бере баяғысын тағы бастайды. Мұғалім мұндай жағдайда не істеуі керек? Бұл жағдайға қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз? Өз әрекетіңізді түсіндіріңіз?
Педагогикалық жағдаят №7

Әйгерімнің есте сақтау қабілеті өте жақсы дамыған, сондықтан ол кез келген мәтінді , әнді, ақпаратты оңай жаттап алады. Мереке кезінде ол тек өз рөлін ғана емес , басқа да балалардың рөлдеріндегі мәтіндерді жаттап алған. Сол мәтінді қайталап басқаларға өздерін көрсетуге мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайға қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз? Өз әрекетіңізді түсіндіріңіз?


Педагогикалық жағдаят №8

Мынадай жағдайды елестетіңіз: Сіз азық- түлік дүкенінде кезекте тұрсыз. Сіздің алдыңызда жасы 6-7жасар бала сауда жасап тұр. Сатушыға келіп саудадан артылған ақшаны (сдача) алды. Сатушының ақшаны дұрыс қайтармағанын сіз байқап қалдыңыз. Сіз бұл жағдаятқа қалай әсер ете аласыз? Мұндай жағдаятта сіз қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңді түсіндір?


Педагогикалық жағдаят №9

Сіз қоғамдық көлікте келе жатып, қасыңызда отырған жолаушының сөмкесінен бір адамның әмиян алып жатқандығының уәсі болдыңыз. Сіз бұл жағдаятқа қалай әсер ете аласыз? Мұндай жағдаятта сіз қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңді түсіндір?


Педагогикалық жағдаят №10

Сіздің сыныптастарыңыз жаңадан келген мұғалімнің сабағына саналы түрде кешігіп келді. Сыныптастарыңыз рұхсатсыз кіріп, мұғалімнің ашуына тимекші болды. Мұғалім сәл жымиып, өз орындарына отыруларына рұқсат етті. Оқушылар мұғалімнің мұндай әрекетінен сасып қалды. таң қалды.

Сіз бұл жағдаятқа қалай әсер ете аласыз? Мұндай жағдаятта сіз қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңді түсіндір?
Педагогикалық жағдаят №11

Сіз тұрған үйде көрші болып бір-бірімен жақын дос ұл бала мен қыз тұрады. Олардың бір-біріне деген қамқорлығы, достығы айналадағы балалардың қалыңдық пен күйеу жігіт деп мазақтауына себеп болады. Сондықтан олар бір-бірінен алшақтай бастады. Мұндай жағдайда не істер едіңіз?



  1. Ештеңе болмағандай кейіп танытасыз.

  2. Ешкімге көңіл аудармауға кеңес бересіз.

  3. «Мазақтаушылармен» сөйлесесіз.

  4. Сіздің жауабыңыз.

Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №12

Кейбір ата-аналар брендтік киімдерге, балаларының сыртқы киіміне көп көңіл бөледі. Бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Мұндай ата-аналармен және балалармен қандайда бір жұмыс жүргізу қажет пе?

Өз жауабыңды түсіндір.
Педагогикалық жағдаят №13

Серуен кезінде құмда ойнап отырған балалар байқамай Азаматтың күртешесін бүлдіріп алды. Азаматтың қатты көңілі түсіп кетті. Ол балалар әдейі істеді деп ойлады. Ол ыңғайлы сәтін күтіп отырып, балаларға ылғал құмды лақтырып жіберді. Нәтижесінде балалардың барлық киімдері лас болып қалды. Балалардың ызалылығында шек жоқ еді. Ал Азамат олардың кешірім сұрамағандығын алға тартты.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңді түсіндір.
Педагогикалық жағдаят №14

Сегізінші сыныпта оқитын қызға жазылған хат мұғалімнің қолына түседі. Ал ол: «Ромео болғаныңа!» деп, хаттағы грамматикалық қателерді жөндей бастайды. «Ромео» болса сыныптан атып шығып, үш күн бойы сабаққа келмейді. Кәсіби тұрғыдан педагогтың әрекетін бағалаңыз. Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар (не айтар) едіңіз? Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №15

Мұғалім оқушының сабақ үстінде ұялы телефонды кітап астына тығып алып, біреумен хат жазысып отырғанын байқайды. Мұғалім ызаланып, телефонды жұлып алады да, оқушының ата-анасын мектепке келуін талап етеді. .

Осы жағдайдағы мұғалімнің мінез- құлығына талдап жасаңыз. Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз? Өз әрекетіңізді түсіндіріңіз?
Педагогикалық жағдаят №16

Мектепке жаңа мұғалім келді . Ол жас, көңілді және жайдары. Сіздің сыныптастарыңыз оны қызыға қарсы алды. Міне бірінші сабақ. Сынып тып-тыныш, кенет « Kу-ка-ре-ку » деген дауыс шықты . Мұғалім балаларға таңдана қарады. «Қораз» дым болды, бірнеше секунд үнсіздіктен кейін сыныптың басқа бұрышынан тағы да «ку-ка-ре-ку» деген дауыс естілді. Сабақ үзілді.

Сіздің ойыңызша, «Қораз» «ку-ка-ре-ку»ламау үшін, сабақ жалғасуы үшін мұғалім не істеуі керек еді? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар (не айтар) едіңіз? Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №17

Сіз тұрып жатқан үйде бір кішкентай қыз тұрады делік. Ол басқа балалар ойнап жатқанда скрипкада ұзақ уақыт және құштарланып дайындалатын. Бір күні ол жас музыканттардың конкурсында бірінші орынды жеңіп алғандығын сыныптастарына қуана айтты. Бірақ сыныптастары оның үстінен күліп «оқымысты» деген сөздермен келемеждей бастады. Мұғалім бұл жағдайды назарсыз қалдырды.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.


Педагогикалық жағдаят №18

Сіздің бірнеше сыныптастарыңыз жастар ансамблінің концертіне бару үшін сабақтан кетіп қалды. Келесі күні сынып жетекшісі келіп, мұны кім бастағынын сұрады. Бірақ ешкім дұрыс жауап бермеді. Мұғалім бүкіл сыныпты жазалады.

Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.


Педагогикалық жағдаят №19

Жеке әңгімелесу кезінде оқушы сынып жетекшісіне өз сыныптастарының өмірі мен денсаулығына төніп тұрған төтенше жағдайлар туралы құпия ақпаратты жеткізді.   Бірақ мұғалім бұған аса көңіл бөлмеді және ешқандай әрекет жасамады. Соның салдарынан сыныптағы бірнеше оқушы зардап шекті.

Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар (не айтар) едіңіз? Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №20

Мұғалім өзін келемеждеген хатты жолдан ұстап алды. Астында оқушының аты-жөні жазылған . Осы жағдайдағы мұғалімнің іс-әрекетінг көрсетіңіз?



  1. Хатты көрсетіп тұрып жыртып тастайды.

  2. Хат иесін жарииялап, көркемдік шеберлігі үшін мадақтау.

  3. Бұған қалжыңмен қарау

  4. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №21

Сыныпта оқушылар шуынан шаршаған мұғалім, ашуланып: "Мектепке не үшін келесіндер осы? Келгеннен кейін бірнәрсе үйреніп кету керек қой" деп, ұрысты.

Оқушылар: "Достарымызбен сөйлесуге келеміз " деп бір дауыспен жауап берді.

Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №22

Төртінші сабаққа таман оқушылар шаршап, қатты сөйлеп, шулай бастады.

Мұғалім сергіту сәтін жасайтындарын айтты, бәрі қуана келісті, алайда бірнеше оқушы мән бермегендей отыра берді.

Мұғалім сұрағанда:

-Неге жаттығу жасамай отырсындар?

Оқушылар


  • Біз ешнәрсе жасағымыз келмейді- деп жауап қайтарады.

Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №23

Биология пәнінің мұғалімі 10 сыныпқа сабаққа кірді. Оқушылар "Фототсинтез "тақырыбына дайындалған плакатты керісінше іліп қойды да, мұғалімнің қандай күйде болатынын күтіп отырды.



Мұндай жағдайда ұстаздың әрекеті:

  1. Плакатты дұрыстап қойды.

  2. Сыныпқа ескерту жасап, кезекші оқушыға дұрыс ілуін талап етті.

  3. Қалжыңдай отыра, жымиып плакатты түзеп, сабақты жалғастырады.

  4. Сіздің өз жауабыңыз.

Таңдаған жауабыңызды түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №24

Ән сабағының мұғалімі мектепте бірінші жыл жұмыс істейді. Ол 4 сыныптың сынып жетекшісі. Осы сыныпта оның сабағы басталды. Ол орындыққа отыра бергенде, кенет бір оқушы орындықты тартып жіберіп, мұғалім құлап қалады.



Осы жағдайда мұғалімнің іс - әрекеті:

  1. Оқушыны алаңғасарлығы үшін жазалайды.

  2. Оқушыға кешірім сұратады.

  3. Қалжың ретінде қабылдайды.

  4. Сіздің жауабыңыз.

Өз жауабыңды түсіндір.
Педагогикалық жағдаят №25

Бақылау жұмысы кезінде оқушы дәретханаға сұранады.

Мұғалім:


Оқушы:

Жоқ, ата- анам телефоныңды қандай жағдай болмасын тастама деген, кім біледі қандай жағдайлар болатынын, деп жауап береді.



Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №26

Мұғалім оқушыларға "Дәптерлерлеріңді ашып, жазыңдар...." дейді. Мұғалім бір оқушының жазбай отырғанын көріп:



  • Неге жазбай отырсын? - дейді.

Оқушы:

  • Жазып не істеймін, мен мұқият тыңдап отырып, есімде сақтап аламын –деді.

Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №27

9 сынып оқушысы мүлдем сабақ оқымай, сәнді киімдерге, биге қызығатын болды. Ол өте ерке, сыныптағы оқушылардың ойымен мүлде санаспайды. Мұғалімдермен үнемі жанжалдасады. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшісінің ол қыздың мінезін түзеуге деген мүмкіндіктері еш жүзеге аспады. Ата –анасы қызының мінезінде еш ауытқушылық жоқ деп, оның мұндай әрекеттеріне мектеп кінәлайды.

Осы жағдайды қалай түзеуге болады? Сіз қандай әрекет жасар едіңіз? лар Өз әрекетіңізді негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №28

Бірнеше оқушы сабаққа 15 минутқа кешігіп келеді. Мұғалімнің

неге кешігіп жүрсіндер? деген сұрағына , оқушы «Асханада болдық» - деп жауап берді.

Нәтижесінде мұғалім оқушыларды сабаққа кіргізбеді.



Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №29

Сабақта бірнеше оқушы "Теңіздегі шабуыл" ойынын ойнап отырады. Мұғалімнің ескертуіне: "Сіздің сабағыңыз бізге мүлдем қажеті жоқ. Ол бізге өмірде де керек емес"- деп жауап береді. Мұғалім күнделіктеріне ескерту жазып береді.



Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?

Педагогикалық жағдаят 30

Оқушы өзінің бақылау жұмысына қасындағы дос құрбысынан төмен баға алғанын көріп, жұмысының дұрыс бағаланбады деп деп ойлайды, соған ренжіп, мұғалімнің берген тапсырманы орындамай қабағын түйіп, кітап дәптерлерін партадан итеріп тастап, көзі жасқа толып отыра береді. Бұны көрген мұғалім оқушыға:

- Саған не болды, тапсырманы неге орындамайсың дейді? – Оқушы мұғалімге жауап бермей үндемей отыра берді.

Сіз бұл жағдаяттан қалай шыгар едіңіз. Бұл жағдайда не айтар едіңіз? Не істер едіңіз? Неліктен?


Педагогикалық жағдаят 31

10 сынып оқушысы химия бөлмесіндегі шыны колбаны сындырып алады, сабаққа кірген бойда мұғалім колбанын сынғанын көріп,оқушының күнделігіне ата-анасы колбаның ақшасын төлесін деп жазып жібереді. Оқушының ата-анасы ақша төлеуден бас тартады. Сіз бұл жағдаятта не істер едіңіз.Өз жауабыңыз. Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.



Педагогикалық жағдаят 32

7-ші сынып оқушылары сенбілікте мектептің ауласын тазалап жүрді. Үзіліз кезінде сыныптағы Айдар: Мен жата тұрайын үйде мұндай шаруа істемеймін, болды шаршадым дейді. Айдардан кейін оқушылардың барлығы жұмыс жасаудан бас тартады. Мұғалім оқушылардан жұмысты аяақтауды сұрайды.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят№33

Сыныпта топтық жұмыс болып жатыр, топтық жұмысты әрдайым белсені бір оқушы басқарады. Басқа оқушыларда топтық жұмысты басқарғысы келеді, бірақ белсенді оқушы оларды келемеждеп, кедергі жасап, оларға мүмкіндік бермейді.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №34

Жас мұғалім алтыншы сынып оқушыларна алғаш сабаққа кіргенде сынып оқушылары парта үстінде тұрып сәлемдеседі. Бұл жағдай бірнеше минутқа созылады.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.


Педагогикалық жағдаят №35

Сіз сынып жетекшісі болып естелетін сыныптағы бір оқушы мектеп бітіру кешіне бармайтынын айтады. Бұл оның отбасы жағдайына байланысты екенін сіз білесіз.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №36

Сіз мұғалімсіз. Үзіліс кезінде сыныптағы бір оқушы келіп сізге сыныптастары туралы мәлімет айтады: анау көп әңгіме айтады, анау көп сөз тасиды, бірін-бірі қалай мазақтайтындығын айтты.



Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №37

Сіз мұғалімсіз. Сіз тақтаға тапсырма жазғанда бір сөзден қате жібересіз, сыныптағы бір оқушы соны байқап қалып, даусын қатты шығарып айтады, оқушылардың барлығы көреді.



Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №38

Сіз 9-шы сыныптың сынып жетекшісі болып тағайындалдыңыз. Сынып оқушылары өз сыныбындағы бір оқушыға қарсылық жариялады.



Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №39

Сіз-мұғалімсіз. Сіздің көзіңізше бір оқушы сізбен әріптес оқытушының ұнамайтыны туралы айтады.



Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №40

Сізге 10 сынып оқушысының ата-аналары шағыммен келді, себебі сіздің жартыжылдыққа оқушыға қойған бағаңыз көңілдерінен шықпайды. Олар бағаның әділ қойылмағанын айтып, оған сізді кінәлайды



Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №41

Сіздің сыныбыңызда екі сынып белсенділері бар, біреуі жақсы, екіншісі теріс мінезді. Сыныптың көп бөлігі теріс мінезді баланың ығында жүріп сонымен араласады.



Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №42

Тоғызыншы сыныптың бір оқушысы мектепке ашық киініп, қатты боянып, әшекей тағып келді.



Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №43

Жаңа тақырып түсіндіру үстіндесіз. Кенет сіздің сөзіңізге сынып оқушылары мысқылдап күле бастады.



Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №44

Сіздің сабағыңыз ылғи бірінші сабақ болып өтеді.

Сабаққа үнемі бір оқушы кешігіп келеді. Себебін ұйықтап қалыппын деп жауап береді.

Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №45

Сіз сабақ түсіндіру үстіндесіз. Бір оқушы тақырыпқа байланысты бір сұрақ қояды. Бірақ сіз ол сұрақтың жауабын білмейсіз.



Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №46

Сіз сынып жетекшілік атқарып жүрген сыныбыңыздағы оқушылардың тұрмыстық жағдайлары әр түрлі, сынып ішіндегі жағдайы жақсы балалар жағдайы төмен оқушыларды төмендедететінін байқадыңыз.



Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №47

Мұғалім оқушыдан : "Менің айтқанымды неге тыңдамай отырсың?", деп сұрағанда,

Оқушы:

"Сіз маған ұнамайсыз" деп жауап береді.



Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №48

Сабақ аяқталып, оқушылар үйлеріне жинала бастады. Рома мен Лизаның шкафтары жақын орналасқан, бір – бірімен айқайласып, бір – біріне бөгет жасауда.

Осы жағдайды шешу үшін мұғалім орындықтарын жылжытып қояды, бірақ сонда да олар жанжалдаса берді.

Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз:



  1. Ромаға ер баланың қызға орын беру керек екенін түсіндірем.

  2. Нағыз ер балалар осылай жасайтынын айтамын

  3. Лизаға жанжалдаспай басқа орынға ауысуын сураймын

  4. Егер балалар жиі жанжалдасатын болса екеуінің орындарын ауыстыруын ұсынам.

  5. Сіздің әрекетіңіз

Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №49

Сіздің сыныбыңызда мүмкіндігі шектеулі оқушы оқиды, сынып оқушылары онымен араласпай, сырт айналып кетеді.



Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №50

Шет тілі сабағы мұғалім басқа топқа сабақ беруде. Оқушылар мұғалімді мүлде тыңдамайды: қатты сөйлеп, ұрсысып, хат лақтырып, мұғалімге дөрекі сөйлеуде, мұғалімге ауыр тиетін сөздер айтуда.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №51

5 сыныпта Шет тілі сабағы жүріп жатыр. Мұғалім қол көтерген балаға кітаптағы мәтінді оқуын сұрайды. Бұл оқушы тұтығып сөйлейтін бала еді, ол қобалжыған сайын одан әрі тұтыға түседі. Сыныптағылардың біреуі төмен қарап мысқылдап, бір оқушы ашық келемеждеп күле бастайды. Ал оқушы қиын сөздерді ары қарай қорқа оқи береді.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №52

Таня 3 балалы отбасында тәрбиеленуде. Анасы оларды жалғыз тәрбиелепп отыр. Таня өз заттарына дәптер, кітаптарына өте ұқыпты қарайды... Бірде сыныптасы Петя өз дәптерінің таза парақтарын жұлып, ұшақ жасап жатқанын көрді.



  • Неге дәптердің парағын жұлып жатырсың, ол ақша тұрады ғой?! – дейді Таня

  • Менде парақ көп, маған бәрібір, қаласам әкем тағы алып береді- деді Петя

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №53

Топтағы бір баланы балалар есімімен емес ұлтымен атайды. Бала үнемі жылап, балабақшаға келгісі келмейді. Тәрбиеші балаларға бұл қылықтары дұрыс емес екенін түсіндіреді. Бірақ балалар тәрбиешіге білдіртпей мазақтауларын жалғастыра береді.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №54

Максат даярлық тобында,тәрбиешісі баланы мақтап тұрады, бірақ анасы үнемі баласына көңілі толмайды. Бала берілген тапсырмаларды баяу орындайды. Анасы оны жалқау деп санайды. Орындаған жұмыстарын үнемі қайта жасатып, түзетіп отырады. Максат анасына "Жасай алмаймын, қолымнан келмейді, одан да ойнайын"- деп жауап береді. Анасы алаңдап: "Қанша ойын ойнауға болады? Мүмкін оны мақтау керек шығар? Бірақ не үшін?"

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.

Педагогикалық жағдаят №55

Ваня 5 жаста балабақшаға жаңа костюммен келді. Костюм сыртында, түймесінде де жұлдызшалар бар екен. Түймелері балаларға қатты ұнайды.

Біраз уақыттан кейін тәрбиеші костюмінде бірде-бір түймесі қалмағанын көреді.

- Түймелерің қайда?- деп сұрады

- Мен балаларға сыйладым,-деп жауап береді Ваня

- Бұлай жасауға болмайды ғой, анаң ұрсатын болды?

- Жоқ анам ашуланбайды, себебі ол үнемі "Сараң болуға болмайтынын айтады"- деп сенімді жауап берді Ваня.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.


Педагогикалық жағдаят №56

9 сынып оқушысы сыныпта мұғаліммен әңгімелесіп отырып, оған: «Маған басқа оқушыларға қарағанда басқаша қарым-қатынас жасауыңызды қалаймын», - дейді.

Осы жағдайдағы мұғалімнің іс- әрекеті :

1.«Мен неге басқа оқушыларға қарағанда саған басқаша қарым-қатынас жасауым керек?»

2.«Мен жақсы көру, бөліп алу деген ойындарды ойнағым келмейді!»

3.«Маған сен сияқты арызданушы адамдар ұнамайды».

4.« Мен неге сені басқа оқушылардан ерекше бөліп қарауым керек, соны білгім келеді?»

5.« Егер мен сені басқа оқушылардан гөрі ерекше көрем десем сен өзіңді жақсы сезінетін бе едің?»

6. «Қалай ойлайсың, мен шын мәнінде саған қарым-қатынасым қалай?»

7. Өз жауабың

Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №57

Сыныптағы бір оқушы сыныптасын ұнатпайды, онымен бірге жұмыс жасағысы келмейтінін ашық айтады.

Мұғалімнің іс-әрекеті:


  1. «Онда тұрған не бар?».

  2. «Бірге жасауға тұра келеді, амал жоқ».

  3. «Бұл сенің тарапыңнан ақымақтық».

  4. «Осы жағдайдан кейін ол да сенімен жұмыс жасағысы келмейді».

  5. «Сенікі дұрыс емес деп ойлаймын».

  6. Сіздің өз жауабыңыз

Өз жауабыңызды негіздеңіз.


жүктеу 1,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау