Сабақтың негізгі мазмұны



Дата12.02.2020
өлшемі58 Kb.
#28799
түріСабақ

Кубизм
Сабақтың негізгі мазмұны

Бұл фильмде Пикассо сияқты кубизм бағытындағы суретшілердің туындылары мен олардың әлемді геометриялық фигуралармен бейнелеуге деген талпыныстары сипатталады. Фильм барысында Сезанның “табиғаттағының барлығын цилиндр, конус және сферамен бейнелеуге болады” деген тұжырымдамасы беріледі. Әрі қарай осы фигуралардың қасиеттері таныстырылады.


Оқу құралдарымен жұмыс жасағанда, шеңбер ауданы мен ұзындығы туралы бастапқы білім қажет болуы мүмкін.



Негізгі нәтижелер

  • Үшөлшемді фигуралар жағдайындағы “қыр”, “қабырға”, “төбе” терминдерін түсіндіре білу.

  • Дұрыс призмалардың, соның ішінде кубоид пен цилиндрдің көлемін сәйкес формулалар арқылы табуды үйрету.

  • Конустар мен сфералардың көлемін сәйкес формулалар бойынша табуды үйрету.




  • Ұсынылатын жаттығулар

  • Денелердің суретін тек қана цилиндрлер, конустар және сфераларды қолданып салыңыз.

  • Конустар, цилиндрлер және жарты сфералардан құралған күрделі фигуралардың көлемін табыңыз.


Қосымша нәтижелер

  • Сабақтың негізгі мақсаттары

  • Шеңберге қатысты “центр”, “радиус”, “ұзындық”, “доға” және “сектор” терминдерін ажырата білу.

  • Конустың беттік ауданының формуласын түсіндіру және қолдана білуді үйрету.




  • Ұсынылатын жаттығулар

  • Конустың беттік ауданының формуласын алғашқы қағида негізінде өрнектеп шығарыңыз.

  • Берілген шеңберден жасалған мүйіз пішінді қаймақты балмұздақтың максимал көлемін табыңыз.

  • Архимедтің өмірін зерттеп, оның дөңгелек денелердің көлемін табу мәселесін қалай шешкендігін түсініңіз.


Ұқсас фильмдер

Сабақ жоспарына дейін қолдану:




  • Жұмыртқа неліктен овоид пішінді?

Бұл фильмде неліктен жұмыртқа пішініне мықтылық, ыңғайлылық және тұрақтылық сияқты қасиеттер тән екендігі түсіндіріледі.
Сабақ жоспарынан кейін қолдану:



  • Сандар арқылы сурет салу

Бұл фильмде қашықтықты елестетуді анықтау өнеріндегі математиканың рөлі қарастырылады.

  • Нақышталған өрнектер

Бұл фильмде математикалық фигуралардың көмегімен жасалатын өрнектер

зерттеледі.



  • Алтын қатынас тарихы

Бұл фильмде ұлы өнер туындыларында бейнеленген күрделі өрнектер сипатталады.

Сабақ жоспары

Кіріспе

Пикассоның абстрактілі туындыларының бірін көрсетіңіз. Оқушылардан олардың ойынша оның нені білдіретінін, және бұл туындыны суретшінің қалай салғанын сұраңыз. Олардан берілген суреттен қандай математиканы көріп тұрғандығын сұраңыз.




Фильм көрсету



Кубизм


Негізгі жаттығулар



Негізгі деңгей
Призма, конус және сфера көлемінің формулаларын беріп, оларды қарапайым фигураларға қолданыңыз. Оқушыларға Сезанның табиғаттағының барлығын цилиндр, конус және сфераның көмегімен бейнелеуге болады деген тұжырымдамасын тек осы аталған денелерді пайдалана отырып, күрделі фигуралар жасау арқылы тексеруді тапсырыңыз. Содан кейін оларды құрайтын фигуралардың көлемін сәйкес формулалардың көмегімен табыңыз.
Тереңдетілген деңгей
Конустың беттік ауданының формуласын беріп, (ұшы иілген және дөңгелектенген) оны қарапайым есептеулерде қолданыңыз. Содан соң оқушыларға алғашқы қағида негізінде формуланы қалай өрнектеуге болатынын көрсетіңіз: олардан кейін төбесі арқылы ұзындығы бойынша кесіліп, шеңбер секторын құру үшін ашылатын толық конусты көрсетуді тапсырыңыз. Сектор доғасының ұзындығы үлкен шеңбер ұзындығына тең болады, одан кесіліп алынған сектор 2 × Pi × L-ге тең болады, мұндағы L – конус жасаушысының ұзындығы. Қысқа ұзындықты ұзынына бөліп, пайда болған бөлшекті жазыңыз. Сектор кесіп алынған үлкен шеңбер ауданын осы бөлшекке көбейтіңіз. Конус негізінің ауданын қосып, конустың беттік ауданын есептеңіз.


Қосымша жаттығулар

Оқушыларға дөңгелек карточкалар таратып, одан сектор қиып алып, қалған бөліктерді бүктеу арқылы мүмкіндігінше үлкен көлемді конус құруды тапсырыңыз. Көлемін табу үшін конустың биіктігі мен радиусын өлшеңіз. Бастапқы дөңгелектен кесіп алынған бұрышты жаза отырып, сол арқылы табылған көлем мәнінен тұратын нәтижелер кестесін сызыңыз. Графикке көлемге қарсы кесіп алынған өлшемдерді түсіріп, кесілгендердің өлшеміне сәйкес қайсысының ең үлкен көлем көрсетіп тұрғанын анықтаңыз.





Міндетті емес қосымша тапсырмалар

Екі мың жыл бұрын Архимед сфера көлемін ең алғаш басқа екі фигура ішіне орналастырып, көлемін сол екеуінің қатынасымен көрсеткен. Архимедті зерттеп, басқа көлемді дененің не екенін және оның нәтижені қалай шығарғандығын анықтаңыз.







Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау