111
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
жасқа дейiнгi куәдан немесе жәбiрленушiден жау-
ап алу кезінде педагог шақыртылады. Қажет болған
жағдайда сотқа кәмелетке толмаған куәнің неме-
се жәбірленушінің заңды өкілдері шақырылуы
мүмкін.
Бұл жағдайларда педагогті, заңды өкілді
шақырудың мақсаты жауап алынатын кәмелетке
толмағандармен психологиялық байланыс орнату,
олардан толық және объективті жауап алу, сондай-
ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл жағдайда ҚР ҚІК 84-бабына сәйкес педагог іс
жүргізуде маман мәртебесіне ие болады.
Жас балалардан (14 жасқа дейінгі) жауап алу кезінде
педагог ретінде мектепке дейінгі мекемелердің
тәрбиешілері, орта мектеп мұғалімдері қатысады.
Көрсетілген тұлғалар төрағалық етушінің
рұқсатымен кәмелетке толмаған куәға сұрақтар қоя
алады. Соттың істі қарауына педагогтің қатысуы
кәмелетке толмаған куә немесе жәбірленуші үшін
үйреншікті емес сот жағдайын жеңілдетеді, оның
ашылып сөйлеуіне және шындықты жасырмай ай-
туына мүмкіндік береді.
ҚР ҚІК 493-бабының талаптарына сәйкес,
кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбірленушіден
жауап алу, шындыққа жету мақсатында, сот
қаулысы бойынша сотталушының қатысуынсыз
өткізілуі мүмкін.
Кәмелетке толмаған куәлар немесе жәбірленушілер
тұйықталып, сотталушы жайында шындықты
айтуға қорыққан жағдайларда (мысалы, жыныстық
қылмыс істері бойынша, кәмелетке толмағандарды
қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы әрекетке
тартуы туралы) сот бұл құқықты қолдана алады.
Сотқа куә ретінде сотталушымен бірге қылмыс
жасаған, бірақ оларға қатысты іс тоқтатылған және
тәртіптік немесе қоғамдық әсер ету сипатындағы
шаралар қолданылған жасөспірімдер жиі
шақырылатына назар аудару қажет. Қылмыстың
сипаты және оның себептері туралы; қылмыстық
топтың әр қатысушысының рөлі туралы бұл
куәлар әлдекімге қарағанда көбірек ақпараттанған.
Сол себепті олардан жауап алу өте нәтижелі болуы
мүмкін.
Кәмелетке толмаған куәлардың немесе
жәбірленушілердің жауаптары қылмыстық іс бой-
ынша ерекше маңызды рөлге ие болғанда, сотқа
нақты тұлғадан жауап алу әдістерінің ерекшеліктері
туралы психологтан алдын ала кеңес алу қажет.
Сот психологиялық сараптаманың нәтижелері
елеулі мәнге ие болуы мүмкін. Мұндай сарапта-
маны белгілеген кезде куәнің, жәбірленушінің
белгілі мән-жайларды дұрыс қабылдау қабілеті
және олар жайлы дұрыс жауап беруі, жастық не-
месе тұлғаның жеке бас ерекшеліктері айтылған
нақты мәліметтердің шынайылығына жойылмай-
тын күмән тудыруы мумкіндігін анықтау үшін
тәптіштеу қажет.
16 жасқа дейiнгi куәлар мен жәбiрленушiлерге
айғақ беруден бас тартқаны үшiн және көрiнеу
жалған айғақ бергенi үшiн жауапкершiлiк туралы
ескертiлмейдi. Оларға тек шындықты ғана айтудың
қажет екені, сондай-ақ өздеріне немесе жақын туы-
старына қарсы айғақтар беруден бас тарту құқығы
атап көрсетіледі (ҚР ҚІЖК 27-б.).
Кәмелетке толмаған баланың
тұрмыс жағдайын және тәрбиесін
анықтау
Кәмелетке толмаған баланы қылмыстық
жауапкершілікке тарту және оған жаза тағайындау
туралы мәселені дұрыс шешу үшін ҚР ҚІК 117-
бабында көзделген мән-жайлардан басқа, сондай-
ақ ҚР КІК 481- бабында көзделген мән-жайларды
анықтау елеулі мәнге ие болады.
Кәмелетке толмаған баланың тұрмыс жағдайын
және тәрбиесін анықтағанда сот мына мәселелерді
анықтауы тиіс:
а)
отбасында жасөспірімді тәрбиелеумен
кім айналысты, оның көзқарастарының және
бейімділіктерінің қалыптасуына отбасының әсері
қандай; ата-анасы қай жерде және кім болып жұмыс
істейді; олардың арасындағы қарым-қатынас
қандай, олар некеде тіркелген бе, бірге өмір сүре ме;
олардың моральдық бейнесі, білім және мәдениет
дәрежелері; отбасының материалдық және тұрғын
үй жағдайлары; отбасында басқа балалар бар ма, от-
басында ішімдікке немесе нашақорлыққа салынған
және бұдан бұрын сотталған мүшелер бар ма;
жасөспірімнің мектептен кетуіне, жұмысын таста-
уына оның отбасы қалай жауап қайтарғаны.
Атап өтілген мән-жайларды анықтау қажет, себебі
жасөспірімнің дүниеге көзқарасы, оның мінез-
құлқы, өмірлік қағидаттары, ұжымға, еңбекке,
қарама-қарсы жынысқа көзқарасы отбасында
қалыптасады. Отбасы жағдайында бала ең алғаш
мораль жайында түсінік алады, ол ересектердің
әрекетіне қарайды, жас ерекшеліктеріне байланы-
сты айналадағылардың әрекетіне сынмен қарай
алмағандықтан, кей кезде оларды ойланбастан
қайталайды. Жасөспірім кінәсінің дәрежесін
анықтағанда осы мән-жайлардың барлығын ескеру
қажет.
б)
жасөспірім қандай білім мекемесінде
оқиды; оның үлгерімі және тәртібі қандай; сынып-
тарда қайта қалды ма; қоғамдық өмірге қатысады
ма, қатысса ол неден көрініс табады; оның достары
кім.