ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет50/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79

103
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
ҚР-ның «Медиация туралы» Заңының 24-б. сәйкес, 
тараптардың Медиация туралы келісімге қол қоюы 
іс бойынша сот жүргізуді тоқтатпайтындығын 
есте сақтаған жөн. Қылмыстық сот ісін жүргізу 
барысындағы медиация қылмыстық-процестік 
заңмен бекітілген сотқа дейінгі және сотта іс қарау 
мерзімінде жүзеге асырылуы керек. 
Қылмыстық процесс аясында өткізілген медиа-
ция кезінде тараптар тез арада сотқа дауды реттеу 
жөнінде келісімге қол қойылған жағдайда – аталған 
келісімді, басқа жағдайларда ҚР-ның «Медиация 
туралы» Заңының 26-б. бекітілген негіздемені 
көрсеткен медиацияның тоқтатылуы туралы ха-
барламаны жолдауы тиіс. Татуласу (медиация) 
нәтижесі бойынша барлық құжаттарды алғаннан 
кейін жәбірленушімен татуласуға байланысты 
сот ісін тоқтату немесе басты сот қаралымын 
тағайындау туралы қарастырылуы қажет. Медиа-
ция өткізу барысында кәмелетке толмаған тарапқа 
педагог немесе психологтың қатысуы ұсынылады. 
Сот ҚР ҚК-ның 67-б. сәйкес, егер қылмыс жасаған 
адам мен жәбірленуші арасында татуласу орын алса, 
онша ауыр емес қылмыс, өлімге әкеліп соқтырумен 
немесе денсаулыққа аса ауыр зардап келтірумен 
байланысты емес орташа ауырлықтағы қылмыс 
жасаған тұлға; қылмыс жасаған адам жәбірленуші 
тарапқа зардабын өтеген болса, қылмыстық 
жауапкершіліктен босатылатындығын ескергені 
жөн. Егер кісіні өлімге әкеліп соқтырумен немесе 
денсаулығына ауыр зардап келтірумен байланысты 
емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелеттік 
жасқа толмаған адам жәбірленушімен татуласқан 
болса, жәбірленушіге келтірген зиянның ор-
нын толтырған болса, сот арқылы қылмыстық 
жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Бұл ретте 
оған тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары 
қолданылады. Көрсетілген негіздемелердің тым 
болмаса біреуі болмаған жағдайда ҚР ҚК-ның 67-
б. 1, 2, 3-б. қолданылмайды. 
Қазақстанда ювеналды әділеттің әрі қарай дамуы 
кәмелеттік жасқа толмаған баланың келтірілген 
зиянды өтеген кезде мейлінше осал балалардың, 
соның ішінде келтірілген материалдық шығынды 
өтеуге қабілетсіз аз қамтылған отбасының 
балаларының жайын ойлап, зардапты жоюдың 
тиімді тетіктерін қарастыруы керек екенін атап 
өткен жөн. Сонымен қатар жауапкер бала бо-
лып табылатын дауды қаржылық жағынан шешу 
қаншалықты дұрыс болатынын ойланған жөн, 
өйткені дауды шешудің бұл жолы айыпты және 
кәмелетке толмаған баланың әрекетінің зардапта-
рын толық сезінуге мүмкіндік бермейді. 
Медиация процесінсіз татуласу құжаттарына ай-
ыпкер мен жәбірленушінің сот ісін тоқтатуды 
сұраған татуласу туралы арыздары, жәбірленушіге 
келтірілген зардапты қылмысты жүзеге асырған 
тұлғаның өтегені туралы құжаттар жатады.
Медиация шарасын қолдану жағдайында сотқа 


104
80-тармақ, БҰҰ Балалар құқығы 
жөніндегі комитетінің № 10 (2007) жалпы 
тәртіптегі ескертпесі: Кәмелеттік жасқа 
толмағандарға қатысты сот төрелігін 
жүзеге асыру шеңберіндегі балалардың 
құқығы 
Комитет көптеген елдерде балалардың сот-
ты бірнеше ай бойы немесе тіпті жылдап 
қамауда күтетіндігін ескертеді, бұл БҚК 
37 b)-бабын бұзады. Бас бостандығынан ай-
ыруды тек соңғы шара ретінде пайдалануға 
қатысты БҚК 37 b)-бабы бойынша 
қатысушы мемлекеттерге өз міндеттемесін 
орындауға мүмкіндік беретін тиімді ба-
ламалар жиынтығы болуы тиіс (№10 
Жалпы тәртіп ескертпесінің IV бөлімін 
қар.). Осы баламаларды пайдалану сотқа 
дейін қамауда ұстауды пайдалану деңгейін 
қысқарту және санкцияға ұшыраған 
балалардың контингентін кеңейтпеу 
мақсатында қатаң ретке келтірілуі тиіс. 
Бұдан басқа, қатысушы мемлекеттер сот-
ты күтіп қамауда отырған тұлғалардың 
санын қысқарту үшін тиісінше заңнамалық 
және басқа да шаралар қабылдауы тиіс. 
Жазалау ретінде сотқа дейін қамауда 
ұстау кінәсіздік презумпциясы принципін 
бұзушылық болып табылады. Заңда бала-
ны сотқа дейін қамауға алу немесе қамауда 
қалдыруды анықтау, әсіресе, оның сотқа 
қатысуын қамтамасыз ету үшін талап 
етілетін шарттар және оның өзі мен басқа 
да тұлғалар үшін қауіптілік тудыртаты-
нын нақты көрсету қажет. 
байланысты өз әрекетінің сипатын және қоғамдық 
қаупін толық сезініп, нақты бір жағдайларда оларды 
басқара алды ма; тұлға психикалық күйінің, дара-
психологиялық ерекшеліктері мен психикалық 
даму деңгейін есепке ала отырып, жағдайларды 
дұрыс қабылдап, істе маңызды мәселелер бойын-
ша куәлік ете алады ма деген мәселелер қойылуы 
мүмкін. 
ҚР ҚҚК-ның 150-бабына сәйкес қамау мен күзет 
бақылауына алуға заңнамамен қарастырылған 
жағдайларда және қамауға алынушыға сот әрекетіне 
шағымдану құқығы берілген сот санкциясымен ғана 
жол беріледі. Сот санкциясы болмаған жағдайда 
тұлға қамауда жетпіс екі сағаттан ұзақ отырмай-
ды. Егер алдын ала тергеу барысында кәмелеттік 
жасқа толмағанды қамауға алу түріндегі бұлтарпау 
шарасы қолданылған болса, алдын ала тыңдалымда 
сот кәмелетке толмағанды қамауға алудың 
негізділігін мұқият тексеруге міндетті. Соған орай 
бұлтартпаудың мұндай шарасы нақты жағдайларда 
ғана, олар ауыр немесе өте ауыр қылмыс жасаған 
«Медиация туралы» ҚР Заңының 24 және 27-б. 
сәйкес дауды реттеу жөнінде келісім ұсынылуы 
тиіс. 
Егер жәбірленуші кәмелеттік жасқа толмаған 
болса, татуласу оның заңды өкілімен жүзеге асы-
рылады. Егер жәбірленуші жасөспірім (14 жасқа 
толмаған) немесе әрекетке қабілетсіз азамат болса, 
татуласу құқығын олардың заңды өкілдері жүзеге 
асырады. 
Сот жасөспірімді қылмыстық жауапкершілікке 
тартпау мүмкіндігі туралы шешімге келген барлық 
істер бойынша ол осы кезеңде істі тоқтату туралы 
ұйғарым шығарады.
Психологиялық-психиатриялық 
сараптама 
Егер істе кәмелеттік жасқа толмағанның ақыл-есі 
кемдігі (кемістігі) белгілері бар деп болжауға негіз 
болатын мәліметтер болса және алдын ала зерттеу 
органдары сәйкесінше сараптама жүргізбеген бол-
са, сот алдын ала тыңдалым кезеңінде кәмелетке 
толмағанның психикалық даму деңгейін анықтау 
үшін кешенді психологиялық-психиатриялық са-
раптама тағайындауы керек.
Кәмелетке толмаған баланың психикасының 
зияткерлік, жігерлілік және психикалық дамуын, 
мінезінің және темпераментінің ерекшеліктерін, 
жас ерекшеліктерінің біліну санатын анықтау 
үшін сот психологиялық сараптама тағайындалуы 
мүмкін. 
Сараптаманың түріне қарай сарапшыларға шамамен 
мынадай : тұлға қандай да бір психикалық ауытқудан 
зардап шеге ме; өзіне тағылған айып бойынша 
қылмысты жүзеге асыру барысында психикалық 
қызметінің уақытша бұзылуы жағдайында болды 
ма; өзінің әрекетінің (әрекетсіздігі) нақты сипатын 
және қоғамдық қаупін ұқты ма, не болмаса өзіне 
тағылған айып бойынша қылмысты жүзеге асыру 
кезінде қандай да бір мөлшерде оларды басқара 
алды ма; ол медициналық сипаттағы мәжбүрлеу 
шараларын қолдануға зәру ме; өзінің психикалық 
жағдайымен сот-тергеу процесіне қатыса алады ма; 
кәмелетке толмаған балада психикалық ауытқумен 
байланысты емес психикалық артта қалу белгілері 
байқалады ма, егер байқалса, ол өз әрекетінің 
(әрекетсіздігінің) сипатын және қоғамдық қаупін 
толықтай ұғына алып, оларды басқара алды ма; 
кәмелетке толмаған баланың дара-психологиялық 
ерекшеліктері нақты бір жағдайларда айтарлықтай 
әсер етті ме; тұлға қылмыс кезінде оның ақыл-
есіне және әрекеттеріне әсер ететіндей даулы 
жағдайға байланысты жан күйзелісі немесе өзге де 
эмоциялық күйде болды ма; тұлғаның психикалық 
дамуында кемшіліктер бар ма, болған жағдайда ол 
неден көрінеді және немен байланысты, осыған 
Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстық істерді қарау
5-тарау.


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау