Жазаны орындау



жүктеу 195,95 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.05.2018
өлшемі195,95 Kb.
#12872


12-тарау.  ҚОҒАМДЫҚ  ЖҰМЫСТАРҒА  ТАРТУ  ТҮРIНДЕГI 

ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ 

 

57-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны орындау  

 тәртiбi 

 

1.  Қоғамдық  жұмыстарға  тарту  түріндегі  жаза  сотталған  адамның 

жергілікті  атқарушы  органдар  оның  тұрғылықты  жерінде  орналасқан 

қоғамдық  орындарда  ұйымдастыратын,  белгілі  бір  біліктілікті  талап 

етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз жұмыстарды орындауынан тұрады. 

2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жаза заңды күшіне енген 

сот  үкімінің  көшірмесімен  бірге  сот  өкімі  пробация  қызметіне  келіп 

түскен күннен бастап он күндік мерзiмнен кешiктiрiлмей орындалады.  

Сотталғандардың  қоғамдық  жұмыстарды  орындауын  бақылауды 

сотталған  адамның  тұрғылықты  жеріндегі  пробация  қызметі  жүзеге 

асырады.  

3. Сотталған адамға негізгі жұмыс орны бойынша кезекті демалыс 

беру қоғамдық жұмыстарды орындауын тоқтата тұрмайды. 

4.  Жазасын  өтеу  кезеңінде  сотталған  адам  жүкті  болған  кезде 

пробация қызметі сотқа жүктілікке және босануға байланысты демалыс 

берілген  күннен  бастап  оның  жазаны  өтеуін  кейінге  қалдыру  туралы 

ұсыну енгізеді. 

5.  Сотталған  адам  бірінші  немесе  екінші  топтағы  мүгедек  деп 

танылған  кезде,  пробация  қызметі  сотқа  оны  жазасын  одан  әрі  өтеуден 

босату туралы ұсыну енгізеді. 

 

1.  Қазақстан  Республикасы  заңнамасында  қоғамдық  жұмыстарға  тарту 

1997  жылдан  бастап  ҚК  енгізілді.  Бірақ,  орындауды  ұйымдастыру 

қиындықтарына байланысты 2003 жылдан бастап осы жазалау түрін орындау 

тәжірибесі    басталды.  Қазақстан  ұлттық  құқығымен  осы  қылмыстық  жаза 

түрін  қабылдау  құқықтық  жүйелері  дамыған  бір  қатар    шет  елдерде    оны 

қолданудың табысты тәжірибелі үлгісімен байланысты. 

1966  жылғы  16  желтоқсандағы  "Азаматтық  және  саяси  құқықтар 

туралы"  Халықаралық  пактінің  8  бабына  сәйкес  сотталғандармен 

орындалатын  міндетті  және  мәжбүрлі  еңбекті  пайдалану  мүмкін.  БҰҰ  Бас 

Ассамблеясымен  1990  жылдың  14  желтоқсанында  қабылданған  БҰҰ 

стандартты  минималды  ережелерінің(Токиялық  ережелер)  8.2  бабында  бас 

бостандығын  айырумен  байланысты  емес,  бірақ  оған  теңестірілуі  мүмкін 

жазалар қатарына қоғамға пайдалы жұмыстарды орындау жатады.  

Қоғамдық  жұмыстар  сотталғандардың  мекен-жайы  бойынша  өтелуі 

міндетті.  «Мекен-жайы  бойынша  өтелу»  терминін  сотталған  тұрып  жатқан 

елді мекеннің  шегінде орналасқан объектілерде немесе сол жер арқылы күн 

сайын өзінің тұрғылықты жеріне қайта алатын объектілерді түсіну қажет. 




Қоғамдық  жұмыстарға  тарту  түріндегі    жазаны  анықтайтын  сот  үкімі 

пробация қызметіне тиісті сот өкімі және үкім көшірмесі келіп түскен күннен 

бастап он күндік мерзiмнен кешiктiрiлмей орындалады. 

Көрсетілген  мерзімде  пробация  қызметі  сотталғанды  шақырады  және  

сотталғанның  қоғамдық  жұмыстарға  тарту  түрiндегi  жазаны  өтеу  орны 

бойынша  жергілікті  атқарушы  органдарға  қоғамдық  жұмыстарды  орындау 

үшін  анықтама - жолдама береді. 

Сотталғанға  негізгі  жұмыс  орыны  бойынша  кезекті  демалысты  беру, 

күндізгі    оқу  орындары  оқушыларында  (студенттер)  демалыстың  басталуы, 

сырттай  оқитын  адамдарға    еңбек  заңнамасымен  қарастырылған  демалысты 

ұсыну  жазаны  орындауды  тоқтатпайды,    өйткені  заңға  сәйкес  қоғамдық 

жұмыс түрінде  жазаны өтеу  үзіліссіз жүзеге асырылады. 

Жазаны орындауды тоқтату, яғни  қоғамдық жұмыстарға сотталғанның 

шықпауы,  оның  науқастануы  немесе    сотталғанға  жұмыс  көлемін  ұсынбауы 

жағдайында  мүмкін.  Осындай  жағдайлар,  осы  жазаға  тартылған  адамның  

әкімшілік  жауапкершілік  туралы  заңнамамен  қарастырылған    құқық 

бұзушылық  жасағаны  үшін  әкімшілік  қамауда  болуы    немесе  онымен  жаңа 

қылмыстық 

құқық 

бұзушылық 



жасауына 

байланысты 

тұтқындау 

орындарында  болуы    қоғамдық  жұмыстарды  орындауды  тоқтату  үшін  негіз 

болып табылады. 

Қылмыстық  заңда  (ҚК  43  бабы  3б.)    қоғамдық  жұмыстарға  тарту 

түрінде жазаны тағайындау  тыйым салынған адамдар тізімі бар.  Осылайша,  

жазаның  осы  түрі    жүктi  әйелдерге,  үш  жасқа  дейiнгi  жас  балалары  бар 

әйелдерге,  үш  жасқа  дейiнгi  жас  балаларын  жалғыз  өзі  тәрбиелеп  отырған 

еркектерге,  елу  сегіз  жастағы  және  ол  жастан  асқан  әйелдерге,  алпыс  үш 

жастағы  және  ол  жастан  асқан  еркектерге,  бiрiншi  немесе  екiншi  топтағы 

мүгедектерге, әскери қызметшілерге тағайындалуы мүмкін емес.   

Осы жеке жағдайлардың кейбіреулері үкімнің шығуынан кейін жазаны 

өтеу  уақытында  басталуы  мүмкін.  Оларға,  мысалы    сотталғанның  одан  әрі 

жазаны өтеуіне кедергі болатын жүкті болу жағдайы немесе ауыр науқастану 

жатады.  Қылмыстық  заң    еңбекке  қабілетсіз  азаматтарға  қоғамдық 

жұмыстарды  тағайындауға  тыйым  салатынына  ұқсас,  сотталғанмен 

дәрігерлік- еңбек сараптама комиссиясы (ДЕСК) актісіне сәйкес  оны бірінші 

және  екінші  топ  мүгедегі  деп  тану  жағдайында  сотталғанмен  еңбек  ету 

қабілеттігін  жоғалту,  сонымен  бірге    сотталғаннның  жүкті  болуы  қоғамдық 

жұмыстарды  одан  әрі  өтеуіне  мүмкіндік  бермейтіндігін  ҚАК  түсіндіреді. 

Жүкті  әйелге  мерзімін  кейінге  қалдыру  ұсыну  мүмкін  болатын  уақыт                          

(жүктілігі  және  босануы  бойынша  немесе  одан  бұрын  демалысты  ұсыну 

күнінен  бастап  )  сотпен  белгіленеді.  4  айдан  жоғары  жүктілігі  мерзіміндегі 

әйелдерге  жазаны  өтеу  мерзімін  кейінге  қалдыру    ҚК  74  бабы  негізінде 

пробация  қызметінің  ұсынуы  бойынша  сотпен  жүргізіледі.    Ол  жүкті  әйел 

немесе  бала туған әйелдің  жазаны өтеуінің  мақсатсыздығына байланысты.  

Жиі    асқыну  және  ауыр  тиетін  сырқаттану    өзгерістерімен    байланысты  

жүктілік  ерекше  физиологиялық  жағдай  ретінде  жазаны  орындау  үдерісін  

және    оның  мақсатқа  жетуін  едәуір  қиындатады.  Денсаулық  сақтау 




мемлекеттік    басқармасының    жергілікті    органдарымен  бекітілген  тәртіпте 

берілетін  уақытша  еңбекке  қабілетсіздік    парағымен  жүкті  болу  жағдайы 

куәландырылады.  

 

58-бап.  Қоғамдық  жұмыстарға  тарту  түрiндегi  жаза  мерзiмiн 



есептеу 

 

1.  Қоғамдық  жұмыстарға  тарту  түріндегі  жаза  мерзімі  сағатпен 

есептеледі,  сол  уақыт  ішінде  сотталған  адам  қоғамдық  жұмыстарды 

орындайды. 

2. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамды оларды орындау кезінде 

негізгі  жұмыс  орны  бойынша  еңбек  міндеттерінен  босата  отырып  не 

оқудан бос уақытта күніне төрт сағаттан аспайтын шамада орындалады.  

3.  Тұрақты  жұмыс  орны  жоқ  және  оқу  орындарында  оқымайтын 

сотталғандар  қоғамдық  жұмыстарды  күніне  сегіз  сағатқа  дейін,  бірақ 

аптасына қырық сағаттан аспайтын шамада орындайды. 

 

Қоғамдық  жұмыстарға  тарту  түріндегі  жаза  мерзімі  сағатпен 

есептеледі,  сол  уақыт  ішінде  сотталған  адам  қоғамдық  жұмыстарды 

орындайды.  Қоғамдық  жұмыстар,  алпыс  сағаттан  бастап  үш  жүз  сағатқа 

дейін белгіленеді және сотталғанды негізгі жұмыс орны бойынша жұмыстық 

міндеттерін  орындаудан  оларды  өтеу  уақытына  немесе  оқу  уақытынан  бос 

уақытында босата отырып, күніне төрт сағаттан артық емес нормада, ал егер 

сотталғанның тұрақты жұмыс орны болмаса және оқудан бос болса – күніне 

сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан аспайтын шамада өтеледі. 

Заң  шығарушы  осы  нормада  сотталғанды  қоғамдық  жұмыстарды  орындау 

кезеңінде  негізгі  жұмыс  орнынан  босатуды  көздеген.  Бұрын  қолданыста 

болған  ҚАК-та  бұл  норма  қарастырылмаған.  Осыған  байланысты,  пробация 

қызметі  үкім  келіп  түскен  кезде  (кәмелетке  толмағандарға  қатысты  үкімді 

қоспағанда)  жұмыс  уақыты  ішінде  оны  жұмыстан  босату  туралы  хабарды 

аталған  жазаны  орындау  үшін  сотталғанның  негізгі  жұмыс  орны  бойынша 

жібереді (егер ондай бар болса). 

   Кәмелетке  толмағандарға  тағайындалатын  қоғамдық  жұмыстар 

түріндегі  жаза  (ҚК  81-б.),  ересек  сотталғандармен  салыстырғанда  күн 

сайынғы еңбек жүктемесінің (сағат бойынша) ккем болуын көздейді және ол 

кәмелетке толмаған адамның қолынан келетiн жұмыстарды орындауы болып 

табылады  және  ол  оны  оқудан  немесе  негiзгi  жұмысынан  бос  уақытында 

орындайды.  Кәмелетке  толмағандарды  қоғамдық  жұмыстарға  тарту  40 

сағаттан 150 сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады. 



Жазаның  осы  түрін  орындаудың  ұзақтығын  16  жасқа  дейінгі 

тұлғаларға күніне екі сағаттан асыруға, ал 16 жастан бастап 18 жасқа дейінгі 

тұлғаларға – күніне үш сағаттан асыруға болмайды. 

Қоғамдық  жұмыс  уақыты  жалпы,  үздіксіз,  арнайы  еңбек  өтіліне 

енгізілмейді, еңбек кітапшасы жүргізілмейді.  

Қоғамдық 

жұмыстарды 

өтеу 


мерзімінің 

басталуы 

сотталған 

жіберілген  ұйым  әкімшілігінің  пробация  қызметінен  анықтамаларды 

(жолдамалар) және басқа құжаттарды алған күні болып есептеледі. 

Заңнамада көзделген бірқатар дәлелді себептер болған кезде, пробация 

қызметі құқылы:  

а) жазаны орындаудың басталуын кейінге қалдыруға: 

-  медициналық  қорытындымен  расталған  сотталғанның  уақытша 

еңбекке жарамсыздығы; 

-  сотталғанның  тұрғылықты  жерінен  дәлелді  себептер  бойынша 

уақытша  кетуі  (әскери  жиындарға  тартылу,  ауыр  сырқат  немесе  жақын 

туыстарының өлімі және басқа ерекше маңызды жеке жағдаяттар);  

-  сотталған  жазасын  өтейтін  ұйымда  жұмыстың  уақытша  ұсынылмауы 

кезінде;  

б) жазаны орындауды тоқтата тұруға: 

- сотталғанның ауыруы; 

- сотталғанға жұмыс көлемінің ұсынылмауы; 

-  сотталғанның  әкімшілік  құқық  бұзушылық  жасағаны  үшін  қамауда 

болуы;  


-  сотталғанның  жаңа  қылмыстық  құқық  бұзушылық  жасауына 

байланысты тұтқында болуы;  

- сотталғанның қоғамдық жұмыстарға себепсіз шықпауы жағдайында.  

Пробация  қызметі  мынадай  дәлелді  себептер  болған  кезде  сотталғанға 

апта  ішінде  аз  сағат  көлемінде  жұмыс  істеуге  рұқсат  беру  туралы  шешім 

шығарады:  

сотталғанның ауыруы (медициналық анықтама); 

сотталғанның тұрғылықты жерінен дәлелді себептер бойынша уақытша 

кетуі  (әскери  жиындарға  тартылу,  жақын  туыстарының  ауыр  науқасқа 

шалдығуы немесе дүние салуы). 

 Қоғамдық  жұмыстардың  уақытына  сотталғанның  жазаны  орындау 

орнына бару және келу уақыты енгізілмейді, еңбек туралы заң шығарушымен 

осы уақыттың төлемі жұмыс уақыты түрінде көзделген жағдайды қоспағанда.  

Сотталған  аталған  жазаны  өтеу  кезеңінде  ұйымның  әкімшілігімен 

іссапарға жіберілмейді. 

Ұйымдардың,  мекемелердің  әкімшілігі  сотталғандардың  қоғамдық 

жұмыстарды өтеу кестесін белгілейді, онда жұмыстардың ұзақтығы, басталу 



және  аяқталу  уақыттары  көрсетіледі.  Сотталғанның  негізгі  жұмыс  орны, 

оқуы,  мекенжайы  бойынша  бос  еместігі  және  қоғамдық  жұмыстардың  өтеу 

орнынан мүмкін қашықтығы есепке алына отырып, кестелер әрбір сотталған 

үшін жеке шығарылады. 

   

59-бап.  Қоғамдық  жұмыстарға  тарту  түрiндегi  жазаны  өтеу 

шарттары 

 

Сотталған адам:  

1)  осы  Кодексте  белгіленген  жазаны  өтеу  тәртiбi  мен  шарттарын 

сақтауға; 

2) 

жергілікті 

атқарушы 

органдар 

қоғамдық 

орындарда 

ұйымдастыратын жұмыстарды орындауға; 

3)  пробация  қызметіне  тұрғылықты  жерiнің  өзгергені  туралы 

хабарлап отыруға;  

4) 

пробация 

қызметіне 

тіркелу 

және 

профилактикалық 

әңгімелесуге  қатысу  үшін  айына  бір  рет  келіп  тұруға  міндетті. 

Келмеуінің  дәлелді  жағдайлары  осы  Кодекстің  53-бабының  екінші 

бөлігінде көрсетілген. 

 

Қоғамдық  жұмыстарға  тартылған  сотталғанға  заңмен  белгіленген 

шарттарды орындау кезінде, соңғысы тек еңбек тәртібінің жалпы талаптарын 

сақтап  қана  қоймай  (ол  жазаны  өтеп  жатқан  ұйымның  ішкі  ережесін  сақтау, 

еңбегіне  адал  қарау  және  т.б.),  сондай-ақ  оған  қылмыстық,  қылмыстық-

атқару заңымен жүктелген міндеттерді  қатаң орындауға міндетті.  

Пробация  қызметі  сотталғанды  тұрғылықты  жері  бойынша  есепке 

қойғаннан кейін оны әңгiмелесуге шақырады, әңгiме барысында оған жазаны 

өтеудiң  тәртiбi  мен  шарттары,  сонымен  қатар  бақылаудан  жалтарғаны  үшін 

жауапкершілікке  тартылатыны  түсіндіріледі,  оның  сауалнамалық  деректерi, 

жақын  туыстары  мен  сотталғанға  ықпал  етуі  мүмкiн  адамдар  туралы 

мәлiметтер,  сондай-ақ  оның  жүрiс-тұрысын  бақылауды  жүзеге  асыру  үшін 

маңызы  бар  басқа  да  мәселелер  нақтыланады.  Әңгіме  өткiзiлгеннен  кейiн 

сотталғанның жеке  iстерінің материалдарына тігілетін,  Пробация қызметінің 

жұмысын 

ұйымдастыру 

қағидасына 

сәйкес 


белгіленген 

нысанда 


сотталғаннан қолхат алынады.  

Жергілікті  атқарушы  орган  анықтаманы  (жолдаманы)  алғаннан  кейін 

сотталғанды  нақты  лауазымға  уақытша  жұмысқа  қабылдауды  жүзеге 

асырады  және  бұйрықтың  немесе  одан  үзіндінің  расталған  көшiрмесiн 

пробация қызметіне жолдайды. 

Сотталғандардың еңбегін  пайдалану өтеусіз негізде жүзеге асырылады 

және белгілі бір біліктілікті талап етпейді. 



Анықтаманың  (жолдаманың)  көшірмесі,  қоғамдық  жұмыстарды 

орындау  үшін  жұмысқа  қабылдау  туралы  жергілікті  атқарушы  органның 

бұйрығынан  үзіндісі,  атқарылған  жұмыс  уақытын  есепке  алу  табелі  және 

басқа  да  материалдар  (оның  ішінде  хабарламалар,  ілеспе  хаттар  және  т.б.) 

сотталғанның жеке ісіне тігіледі. 

Қоғамдық  жұмыстар  түріндегі  жазаны  өтеуші  сотталған  тұрғылықты 

жерiн  ауыстырған  кезінде  тез  арада  ол  туралы  пробация  қызметін  хабардар 

етеді, ол  сотталғанның жаңа тұрғылықты жерi бойынша пробация қызметіне 

тиісті сұрау жолдайды. 

Растауды  алғаннан  кейін  пробация  қызметі  жергілікті  атқарушы 

органға қоғамдық жұмысқа сотталғанды жұмыстан босату туралы ұсыныс, ал 

жеке  істі  және  есепке  алу  құжаттарын  сотталғанның  жаңа  тұрғылықты  жерi 

бойынша пробация қызметіне жолдайды. 

Сотталғанның жаңа тұрғылықты жерi бойынша пробация қызметі жеке 

істі  және  есепке  алу  карточкасын  алғаны  туралы  растау  хат  жолдайды  және 

сотталғанның  жаңа  тұрғылықты  жері  бойынша  қоғамдық  жұмыстарды 

орындауы үшін сотталғанға анықтама (жолдама) береді. 

Сотталған  тұрғылықты жерін қызмет көрсетілетін ауданның  (қаланың) 

шегінде 

ауыстырған 

жағдайда, 

ол 


пробация 

қызметінің 

есебiнен 

шығарылмайды. 

 

60-бап. Сотталған адамның қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі 

 жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін 

 жауаптылығы 

 

1.  Сотталған  адамның  қоғамдық  жұмыстарға  тарту  түрiндегi 

жазаны  өтеу  тәртібі  мен  шарттарын  бұзғаны  үшін  пробация  қызметі 

оны  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексінде  көзделген 

жауаптылық туралы жазбаша түрде ескертеді.  

2.  Қоғамдық  жұмыстарға  тарту  түрiндегi  жазаны  өтеуден 

жалтарып  жүрген  сотталған  адамға  қатысты  пробация  қызметі  сотқа 

қоғамдық  жұмыстарды  қамаққа  алумен  ауыстыру  туралы  ұсыну 

жібереді. 

3. Мыналар: 

1)  қоғамдық  жұмыстар  түріндегі  жазаны  орындауға  кірісуден  бас 

тартқан  не  қоғамдық  жұмыстарды  орындауға  кедергі  келтіретін, 

құжаттамамен  расталған  ауыруы  және  басқа  да  себептер  жататын 

дәлелді  себептерсіз  қоғамдық  жұмыстарға  бір  ай  ішінде  екі  реттен  көп 

келмеген; 

2)  жазаны  өтеу  кезеңінде  екі  рет  медициналық  куәландырумен  не 

мұндай  мүмкіндік  болмаған  кезде  –  жұмыс  берушінің  комиссиялық 



актісімен расталған, алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң 

күйде келген; 

3) жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынған; 

4)  Қазақстан  Республикасының  шегінен  тыс  жерге  кеткен 

сотталған  адам  қоғамдық  жұмыстарға  тарту  түріндегі  жазаны  өтеуден 

жалтарып жүр деп танылады. 

4. Пробация қызметіне тіркелу үшін келмеген күннен бастап он бес 

күннен астам тұрған жері анықталмаған сотталған адам жазаны өтеуден 

жасырынып жүр деп танылады. 

 

Сотталғандар  қоғамдық  жұмыстар  жазасын  өтеп  жатқан  жергілікті 

атқару  органдары  сотталған  адамның  жазаны  өтеуден  жалтарғаны  жөнінде 

прбация қызметіне хабарлауыға міндетті.  

Аталған  жазаны  өтеуден  жалтару  деп  сотталған  адамдардың  дәлелсіз 

себептермен  жұмысқа  шықпауы,  олармен  еңбек  тәртібін  бұзуды  түсіну 

қажет. 

Ал  еңбек  тәртібін  бұзуды  сотталған  адамның  жұмыс  уақытында 



алкогольдік,  есірткілік  немесе  уытқұмарлық  мас  күйде  келуі,  тапсырылған 

жұмысты орындамауы, өз еркімен жұмыс уақытын үзу, қасақана техникалық 

қауіпсіздік  және  санитариялық  ережелерді  бұзуы,  жұмыс  уақытында 

қоғамдық  қауіпсіздік  пен  тәртіпті  бұзу,  қоғамдық  жұмыстарды  орындау 

барысында ұйымдарға материалдық зардап келтіруі деп түсіну керек.  

Жоғарыда  анықталған  бұзушылықтар  анықталған  жағдайда,  жергілікті 

атқару  органы  сотталған  адамға  қатысты  тәртіптік  жазалау  шараларын 

қолдана алады. Аталған фактілер анықталған кезде жергілікті атқару органы 

бұл жайында пробация қызметіне хабарлауға міндетті.  

Қоғамдық  жұмыстарға  тарту  түріндегі  жазаны  өтеудің  шарттары  мен 

тәртібін бұзу болып табылады: 

а) сотталған адамның пробация қызметіне тіркелу үшін келмеуі; 

б)  сотталған  адамның  пробация  қызметінің  бағыттамасы  бойынша 

жіберілген  қоғамдық  жұмыстар  түріндегі  жазаны  орындауға  кірісуден  бас 

тартуы;  

в)  сотталған  адамның  пробация  қызметімен  жіберілген  ұйымға  белгілі 

себептерсіз үш күннің көлемінде жұмысқа шықпау;  

г)  сотталған  адамның  қоғамдық  жұмыстарға  тарту  түріндегі  жазаны 

өтеуге жіберілген ұйымның ішкі тіртіп ережелерін бұзу;  

д) еңбек тәртібін бұзу; 

е) өзінің тұрғылықты жерінің өзгергендігі жөнінде пробация қызметіне 

хабарламау. 




ҚАК  60-бабының  1-бөлігіне  сәйкес  аталға  жазаны  өтеудің  шарттары 

мен  тәртібін  бұзушылықтар  үшін  пробация  қызметі  сотталған  адамға 

заңнамаға сәйкес жауаптылық жөнінде, қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын 

жазаның басқа түрімен ауыстырылу мүмкіндігі жөнінде ескертеді.  

Сотталғанға  ескерту  жазбаша  түрде  жүргізіледі,  кейін  ол  осы 

шешіммен  танысып,  жеке  өзінің  қолын  қоя  отырып  куәландырады.  Ескерту 

сотталған 

адамның 


пробация 

қызметінде 

сақталатын 

жеке 


ісі 

материалдарына тігіледі. 

Сотталған адам жазаны өтеуден жалтарған жағдайда пробация қызметі 

ҚК 43-бабының 2-бөлiгiне сәйкес қоғамдық жұмыстарды қамаумен ауыстыру 

туралы ұсынымды сотқа жiбередi. 

Сотталған  адам  жазаны  өтеудің  тәртібі  мен  шарттарын  бұзғаны  үшiн 

соңғы  бұзушылық  анықталған  күннен  бастап  он  бес  күн  iшiнде  қоғамдық 

жұмыстарға тарту жазасын ауыстыру туралы сотқа ұсыным жiберiледi. 



 

61-бап. Пробация қызметінің қоғамдық жұмыстарға тарту    

   

 түріндегі жазаны орындау кезіндегі өкілеттіктері 

 

Пробация қызметі:  

1) сотталғандарды есепке алуды жүргiзедi;  

2) оларға жазаны өтеу, сондай-ақ жазаның өтелуін бақылау тәртiбi 

мен шарттарын түсiндiредi; 

3)  жергілікті  атқарушы  органдар  ұйымдастыратын  қоғамдық 

жұмыстардың орындалуын бақылайды; 

4)  сотталған  адаммен  айына  бір  рет  профилактикалық  әңгімелесу 

жүргізеді; 

5)  жазасын  өтеуден  жалтару  мақсатында  жасырынып  жүрген 

сотталған  адамға  қатысты  бастапқы  iздестiру  iс-шараларын  жүзеге 

асырады және сотқа iздестіруді жариялау туралы ұсыну енгiзедi. 

 

Пробация  қызметі  он  күндік  мерзімде  заңды  күшіне  енген  үкім 

көшірмесі  бар  сот  өкiмiнің  келіп  түскен  күнінен  бастап  сотталған  адамды 

пробация  қызметіне  шақырады  және  оны  есепке  қояды.  Есепке  қою 

барысында  пробация  қызметі  сотталған  адамға  жаза  өтеу  кезіндегі  оның 

құқықтары  мен  міндеттерін  түсіндіреді.  Жазаны  өтеудің  тәртібі  мен 

шарттарын  түсіндіргеннен  кейін  пробация  қызметі  сотталғанның  жұмыс 

объектісін  анықтауға  міндетті  және  қоғамдық  жұмыстарды  орындау  үшін 

жергілікті атқару органына анықтама (бағыттама) береді. 

Заңнамада  қарастырылған  дәлелді  себептер  болған  жағдайда  пробация 

қызметі  қоғамдық  жұмыстарға  тарту  түріндегі  жазаны  сотталған  адаммен 

өтеуді  кейінге  қалдыруы  мүмкін.  Дәлелді  себептерге  жатады:  сотталған 




адамның еңбекке жарамсыздығы (оның  ішінде медициналық қорытындымен 

расталған  денсаулығының  уақытша  төмендеуі,  өндірісте  және  тұрмыста 

алған  жарақаты  мен  зақымы);  сотталған  дәлелдi  себептер  бойынша  тұрақты 

тұратын  жерiнен  уақытша  шығып  кеткен  кезде  (мысалы,  әскери  жиындарға 

тарту,  жақын  туысқандарының  ауыр  сырқаты  немесе  қайтыс  болуы  және 

басқа  да  жеке  басына  қатысты  маңызды  жағдайда);  сотталғанның  жаза  қтеп 

жатқан ұйымында уақытша жұмыспен қамтылмауы. 

Пробация  қызметімен  берілген  анықтама  (бағыттама)  әкімшіліктің 

сотталғанды  арнайы  біліктілікті  талап  етпейтін  уақытша  жұмысқа  қабылдау 

жөнінде  бұйрық  шығаруға  негіз  бола  алады.  Бұл  ретте,  сотталған  адамның 

оны жұмысқа қабылдау туралы өтінішін талап етпейді. 

Ұйымның  әкімшілігі  пробация  қызметіне  шығарылған  бұйрықтың 

расталған  көшірмесін  (немесе  үзіндісін)  дереу  жібереді,  өз  кезегінде  заңмен 

белгіленген мерзімде жазаны орындауға үкіп шығарған сотқа хабарлайды. 

Пробация  қызметі  сотталған  адамды  объектіге  жібегеннен  кейін, 

жұмыс  орны  мен  тұрғылықты  жерінде  сотталғанмен  қоғамдық  жұмысты 

орындауы жөнінде бақылау ұйымдастырады.  

Пробациялық 

қызмет 

профилактикалық 



әңгімелесуге 

жүргізу 


барысында  оның  қылмыстық  құқық  бұзушылық  жасағанын  және  басқа  да 

маңызды жағдайларын, сотталғанның жеке бас ерекшеліктерін ескеруі керек. 

Соған  орай,  заңшығарушы  профилактикалық  әңгімелесуді  тұрғылықты  жері 

бойынша  жүргізуді  пробация  қызметінің  құзыретінде  қарастырмайды,  ҚАК 

59-бабының  4-бөлігіне  сәйкес  сотталушы  пробация  қызметіне  келгенде 

қызметтік кабинетте жүргізіледі. 

Жаза  өтеуден  жалтару  мақсатында  жасырынған  сотталғандарға 

қатысты  пробация  қызметі  бастапқы  іздестіру  шараларын  жүзеге  асырады 

және іздеуге жарияланғандығы жөнінде сотқа ұсыным енгізеді. 

Пробация  қызметіне  тіркелу  үшін  келмеген  күннен  бастап  он  бес 

күннен  астам  тұрған  жері  анықталмаған  сотталған  адам  жазаны  өтеуден 

жасырынып жүр деп танылады. 

Түсінік берілген нормада бастапқы iздестіру iс-шаралары деп пробация 

қызметі  қызметкерлерімен  жүзеге  асырылатын,  сотталған  адамның  жүрген 

жерін анықтауға бағытталған  іздеу шараларының кешені түсініледі.  Аталған 

шара  сотталған  адамды  іздеуге  дейін  жүргізіледі  және  ол  жедел-іздестіру 

шараларымен байланысты емес. 

жазасын  өтеуден  жалтару  мақсатында  жасырынып  жүрген  сотталған 

адамға қатысты бастапқы iздестiру iс-шараларын жүзеге асырады және сотқа 

iздестіруді жариялау туралы ұсыну енгiзедi. 

Жүрген  жері  белгісіз,  тұрғылықты  жері  бойынша  жасырынып  жүрген 

сотталған адамға қатысты пробация қызметі бастапқы іздестіру іс-шараларын 

жүзеге  асырады  және  оның  іздеуге  жарияланғандығы  жөнінде  сотқа 

iздестіруді жариялау туралы ұсыну енгiзедi. 




 

62-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық жұмыстарға  

 тарту түріндегі жазаны орындау кезіндегі өкілеттіктері 

 

1. Жергілікті атқарушы органдар: 

1)  пробация  қызметін  сот  үкімін  алғаны  және  оны  орындауға 

қабылдағаны туралы дереу хабардар етуге; 

2)  жұмыс  істелген  уақытты  есепке  алу  табелін  жүргізуге, 

орындалған  жұмыстардың  актісін  жасауға  және  оларды  ағымдағы 

айдың соңғы күнінен кешіктірмей пробация қызметіне жіберуге;  

3)  пробация  қызметіне  сотталған  адамның  мінез-құлқы  туралы 

ақпарат беруге; 

4)  пробация  қызметін  сотталған  адамның  жазаны  өтеуден 

жалтаруы туралы хабардар етуге міндетті. 

2.  Жергілікті  атқарушы  органдардың  лауазымды  адамдарының 

қоғамдық  жұмыстарға  тарту  түріндегі  жазаны  орындау  кезінде  осы 

баптың  бірінші  бөлігінде  көрсетілген  міндеттерді  орындамауы  заңда 

белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 

 

Ұйымның  әкімшілігі  анықтама  (жолдама)  алғаннан  кейін  сотталғанды 

нақты  лауазымға  уақытша  жұмысқа  қабылдауды  жүзеге  асырады  және 

бұйрықтың  немесе  одан  үзіндінің  расталған  көшiрмесiн  пробация  қызметіне 

жолдайды.  Сотталғанды  сотталған  адам  сақтауға  міндетті  ұйымдардың, 

мекемелердің  ішкі  тәртіп  ережелерімен  таныстырады.  Пробация  қызметінің 

келісімімен  өндірістік  қажеттілікке  бойланысты  жүргізілетін  қоғамдық 

жұмыстардың нақты орны мен сипатын өзгертуге құқығы бар.  

Қоғамдық  жұмыстарды  орындау  үшін  жұмысқа  қабылдау  туралы 

анықтаманың  (жолдаманың)  көшірмесі,  жергілікті  атқарушы  органының 

бұйрығынан  үзіндісі,  атқарылған  жұмыс  уақытын  есепке  алу  табелі  және 

басқа  да  материалдар  (оның  ішінде  хабарламалар,  ілеспе  хаттар  және  т.б.) 

сотталғанның жеке ісіне тігіледі. 

Түсінік  берілген  баптың  1-бөлігінің  1-тармағында  міндеттерді 

орындамаған  жағдайда  ҚК  430-бабына  сәйкес  ұйымның  әкімшлігімен 

қылмыстық жауаптылыққа тартылады. 

 

13-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫН ШЕКТЕУ ТҮРIНДЕГI 

 ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ 

 

63-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны орындау тәртібі  

 



1.  Бас  бостандығын  шектеуге  сотталғандар  жазасын  тұрғылықты 

жері 

бойынша 

оларға 

пробациялық 

бақылауды 

жүзеге 

асыру 

жағдайларында өтейді.  

2.  Бас  бостандығын  шектеуге  сотталғандарды  мәжбүрлі  еңбекке 

тартуды жергілікті атқарушы органдар осы Кодекстің 57 - 59-баптарына 

сәйкес ұйымдастырады.  

3. Бас бостандығын шектеуге сотталғандарға жергілікті атқарушы 

органдар,  қоғамдық  бірлестіктер  және  өзге  де  ұйымдар  пробация 

қызметінің  есебінде  тұрған  адамдарға  әлеуметтік-құқықтық  көмек 

көрсету  қағидалары  негізінде,  пробация  қызметі  әзірлеген  жеке 

бағдарламаға сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді. 

 

1. Бас бостандығынан шектеу сотталғанға пробациялық бақылау бекіте 

отырып  бір  жылдан  жеті  жылға  дейінгі  мерзімге  тағайындайды,  жергілікті 

атқару  органының  бекіткен  орны  бойынша  сотталғанды  мәжбүрлі  еңбекке 

тарту  барлық  жаза  мерзімінің  кезеңінде  бір  жылда  екі  жүз  қырық  сағаттан 

тұрады. Бас бостандығынан шектеу сотталғанның тұрғылықты жері бойынша 

қоғамнан оқшауламай өтеледі.  

Бас  бостандығынан  шектеуге  сотталған  кәмелетке  толмағандар,  жүкті 

әйелдер,  үш  жасқа  дейінгі  жас  балалары  бар  әйелдер,  үш  жасқа  дейінгі  жас 

балаларын жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектер, елу сегізден және одан жоғарғы 

жастағы әйелдер, алпыс үштен және одан жоғарғы жастағы еркектер, бірінші 

немесе  екінші  топтағы  мүгедектер  мәжбірлеу  жұмыстарына  тартылмайды. 

Егер  басқа  жазаны  бас  бостандығынан  шектеу  жазасына  ауыстырған 

жағдайда  бір  жылдан  кем  емес  мерзімге,  сондай-ақ  сотталған  мәжбүрлі 

еңбекке  тартылмайды.    Заңнама  тұрақты  жұмыс  орыны  бар  бас 

бостандығынан  шектелген    сотталғанды    мәжбүрлі  еңбек  етуден  босатты. 

Сонымен  қатар,  осы  жазаны  өтеу  аралығында  еңбекке  орналастырылған 

жағдайда  пробация  қызметі    сотқа  ҚК  44  бабы  негізінде  оны  мәжбүрлі 

еңбектен босату  туралы сотқа ұсыным жіберуі тиіс. 

Сот  шешімімен  және  пробация  қызметімен    пробациялық  бақылау 

жүзеге  асырылады,  ҚК  44  бабының  2б.  қарастырылған  міндеттерді 

соттлғандармен орындауды қамтиды. Осылайша, пробация егер сотталғандар 

әлеуметтік-құқықтық  көмек  көрсетуге  қажет  болса,  оны  алуға    көмек 

көрсетеді. 

Пробация  қызметі  әлеуметтік  –құқықтық  көмекті  алу  үшін  жергілікті 

атқарушы  органдарға  жеке  бағдарлама  көшірмесін  жібереді,  олар  пробация 

қызметімен әзірленген жеке бағдарламаға сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек 

көрсетеді. 

Жоғарыда  көрсетілген  адамдарда  басқа  да  көмекке  қажеттілік 

туындаған  жағдайда  пробация  қызметі  олардың  мекен-жайлары  бойынша 

тиісті ұйымдарға жеке бағдарламаның көшірмесін жібереді. 

 

64-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу мерзiмiн  

 есептеу 



 

Бас  бостандығын  шектеу  түрiндегi  жазаны  өтеу  мерзiмi  пробация 

қызметі  заңды  күшіне  енген  сот  үкімін  орындауға  қабылдаған  күннен 

бастап есептеледi. 

Бас  бостандығын  шектеу  түрiндегi  жазаны  өтеу  мерзiмi  пробация 

қызметімен  соттың  заңды  күшіне  енген  үкiмiн  орындауға  қабылдаған 

күннен  бастап  есептеледi,  бұл  туралы  пробация  қызметі  үкімді  қабылдаған 

сотты жазбаша хабардар етеді.  

Үкiм  заңды  күшiне  енгенге  дейiн  күзетпен  ұстау  уақыты  бас 

бостандығын шектеу түрiндегi жаза мерзiмiне – бiр күнге бiр күн есебiмен 

есептеледi.

 

Үкiм  заңды  күшiне  енгенге  дейiн  үйқамақта  ұстау  уақыты  бас 



бостандығын шектеу түрiндегі жаза мерзіміне – бiр күнге екi күн  есебiмен 

есептеледi. 

Пробация қызметі  екі жұмыс күн  аралығында  үкімді шығарған сотқа 

үкімді орындауға қабылдау туралы хабарламаны жібереді. 

Пробация  қызметіне  сотталғанның  демалыс  немесе  мерекелік  күндері 

келген жағдайда жазаны өтеу мерзімі  келген күннің тиісті демалыс немесе 

мерекелік күнінен бастап есептеледі. 

 

Пробациялық  бақылау  мерзімі    бас  бостандығынан  шектелген 



сотталғанды  іздеуге  жариялау  туралы  сот  шешімі  негізінде  іздестіру  іс-

шараларын  жүргізу    басталған  кезден  бастап  тоқтатылады  және  сот  шешімі 

бойынша қайта жаңартылады. 

 

65-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамды  



 жазаны өтеу орнына жiберу 

 

1. Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлiгi бас бостандығын 

шектеу  түрiндегi  жазаға  ауыстырылған  сотталған  адам  күзеттен 

босатылады  және  жазаны  өтеу  орнына  бюджет  қаражаты  есебiнен  өз 

бетінше барады.  

Мекеме  әкiмшiлiгi  сотталған  адамға  оны  есепке  қою  үшiн 

пробация  қызметіне  жету  маршруты  мен  уақытын  көрсете  отырып, 

жазаны  өтеу  орнына  баруы  туралы  нұсқаманы  табыс  етеді,  сондай-ақ 

пробация қызметіне оған мінездеме беретін материалдар жібереді.  

2.  Сотталған  адам  жазаны  өтеу  орнына  белгiленген  мерзiмде 

келмеген  кезде,  пробация  қызметі  бастапқы  iздестiру  iс-шараларын 

жүргiзедi және, егер сотталған адамның жүрген жері анықталмаса, сотқа 

оған iздестiру жариялау туралы ұсыну енгізеді. 

 

Мекеме  әкiмшiлiгi  алдын  ала  сотталған  адамға  оны  есепке  қою  үшiн 

пробация  қызметіне  жету  маршруты  мен  уақытын  көрсете  отырып,  жазаны 

өтеу  орнына  баруы  туралы  нұсқаманы  табыс  етеді,  сондай-ақ  пробация 

қызметіне  оған  мінездеме  беретін  материалдар  жібереді.  ҚР  ҚАК  165-

бабының  4-тармағына  сәйкес,  бас  бостандығынан  айыруды  жазаның 




неғұрлым  жеңіл  түріне  ауыстырған,  мекемелерден  босатылатын  тұлғаның 

жеке  басын  куәландыратын  құжаттары  таңдаған  тұрғылықты  жеріндегі  ішкі 

істер  органдарына  жіберіледі  және  ішкі  істер  органдарында  және  пробация 

қызметінде тиісті есепке қойылғаннан кейін беріледі. 

Бұдан басқа, мекеме әкімшілігі пробация қызметіне жазаны өтеу орны 

бойынша  сотталғанның  материалдарын,  соттың  жазаны  ауыстыру  туралы 

қаулысын, келу күні көрсетілген нұсқаманың түбіртегін жібереді. 

Нұсқамада  жазаны  өтеу  орнына  шығу  мерзімі  көрсетіледі  (нұсқаманы 

алған  күннен  бастап  үш  күн  ішінде).  Сол  құжатта  сотталғанға  жолға  билет 

пен  ақшалай  қаражат  беру  жөнінде  белгі  істеледі.  Бір  мезгілде  сотталған 

бостандықты  шектеу  түріндегі  жазаны  өтеу  орнына  келмегені  үшін 

жауаптылық туралы ескертіледі. 

    Сотталған  адам  жазаны  өтеу  орнына  белгiленген  мерзiмде  келмеген 

кезде,  пробация  қызметі  бастапқы  iздестiру  iс-шараларын  жүргiзедi  және, 

егер  сотталған  адамның  жүрген  жері  анықталмағанына  он  бес  күннен  асса,  

сотқа оған iздестiру жариялау туралы ұсыну енгізеді. 

Сотталғанға  іздестіру  жариялау  туралы  шешім  шығарған  сот,  осы 

қаулыны оны одан әрі іздестіру үшін ішкі істер органдарына жолдайды. 

 

  66-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу шарттары 



 

1.  Бас  бостандығын  шектеу  түрiндегi  жазасын  өтеп  жүрген  сотталған 

адам:  

1) сот жүктеген міндеттерді орындауға; 

2) пробация қызметінің талаптарын орындауға; 

3)  пробация  қызметінің  ұсынуы  бойынша  сот  айқындаған 

жерлерге бармауға; 

4)  пробация  қызметін  хабардар  етпей  тұрғылықты  жерін,  жұмыс, 

оқу орнын ауыстырмауға; 

5)  пробация  қызметін  хабардар  етпей  әкімшілік-аумақтық  бірлік 

шегінен тыс жерге кетпеуге; 

6)  пробация  қызметіне  белгіленген  күндері  тіркелу  және  өзімен 

тәрбие жұмысын жүргізу үшін келіп тұруға міндетті. Келмеуінің дәлелді 

жағдайлары осы Кодекстің 53-бабының екінші бөлігінде көрсетілген; 

7)  жеке  басын  куәландыратын  құжатты  өзімен  бірге  алып  жүруге 

міндетті. 

2.  Бас  бостандығын  шектеу  түріндегі  жазасын  өтеп  жүрген 

сотталғандар  жазасын  өтеу  орны  бойынша  әкімшілік-аумақтық  бірлік 

шегінде  орналасқан  оқу  орындарында  білім  алуға  құқылы.  Пробация 

қызметінің  келісімімен  сотталған  адам  оқу  орны  тұрған  жердегі 

пробация  қызметіне  міндетті  түрде  есепке  қойылып,  әкімшілік-

аумақтық бірлік шегінен тыс жерде  орналасқан  оқу  орындарында білім 

алуға құқылы. 

 


Сотталғандар  әрқашан  әкімшілік-аумақтық  бірлік  шегінде  болуға,  оны 

пробация  қызметін  хабардар  етпей  тастап  кетпеуге,  сондай-ақ  пробация 

қызметіне  хабарламай  тұрғылықты  жерін,  жұмысын,  оқуын  ауыстырмауға 

міндетті. 

Бостандығын  шектеуге  сотталғандар  түсіндірме  беріліп  отырған 

норманың  1-бөлігінде  белгіленгеннен  міндеттерден  басқа  ҚАК  11-  б. 

көзделген  негізгі  міндеттерді  орындауға  және  ҚАК  10-б.  көзделген 

құқықтарды қолдануға міндетті. 

 Бостандығын  шектеуге  сотталғандардың,  оларға  ҚАК  11-бабымен 

және  осы  баппен  жүктелген  міндеттерді  орындамауы  заңмен  белгіленген 

жауаптылыққа әкеп соғады. Аталған жауаптылық ҚАК 68-бабымен және ҚК 

44-бабының 3-тармағымен көзделген. 

Сотталғандар  жеке  басын  куәландыратын  құжатты  өзімен  бірге  алып 

жүруге міндетті. 

Сонымен  қатар,  бас  бостандығын  шектеу  түріндегі  жазасын  өтеп 

жүрген сотталғандар жазасын өтеу орны бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік 

шегінде  орналасқан  оқу  орындарында  білім  алуға  құқылы.  Пробация 

қызметінің  келісімімен  сотталған  адам  оқу  орны  тұрған  жердегі  пробация 

қызметіне  міндетті  түрде  есепке  қойылып,  әкімшілік-аумақтық  бірлік 

шегінен тыс жерде орналасқан оқу орындарында білім алуға құқылы. 

 

67-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртiбi мен  

 шарттарын бұзу  

 

1. Мыналар: 

1)  осы  Кодекстің  66-бабының  бірінші  бөлігінде  көрсетілген 

міндеттерді орындамау; 

2) электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзу (бүлдіру); 

3)  жеке  басы  құқығына,  кәмелетке  толмағандардың  құқығына, 

отбасылық-тұрмыстық 

қатынастарға, 

қоғамдық 

тәртіп 

пен 

имандылыққа  қолсұғатын,  сотталған  адамға  соларды  жасағаны  үшін 

әкімшілік жаза қолданылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау бас 

бостандығын  шектеу  түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен  шарттарын бұзу 

болып табылады.  

2. Мыналар:  

1)  осы  баптың  бірінші  бөлігінде  көрсетілген  бұзушылықтарды  бір 

жыл ішінде қайталап жасау; 

2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету; 

3) сотталған адамның қылмыстық теріс қылық жасауы; 

4)  заңды  талаптарды  орындаудан  бас  тарту,  сол  сияқты  пробация 

қызметінің  қызметкерін  қорлау  не  оған  қатысты  күш  қолдану  қатерін 

төндіру; 

5) пробациялық бақылаудан жасырыну; 

6)  осы  Кодекстің  60-бабы  үшінші  бөлігінің  1)  тармақшасында 

көрсетілген  дәлелді  себептерсіз  мәжбүрлі  еңбекті  орындаудан  жалтару 



бас  бостандығын  шектеу  түріндегі  жазаны  өтеуді  қаскөйлікпен 

бұзушылықтар болып табылады.  

3. Тіркелу үшін пробация қызметіне келмеген күннен бастап он бес 

күннен  астам  тұрған  жері  анықталмаған  сотталған  адам  пробациялық 

бақылаудан жасырынып жүр деп танылады. 

 

Жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзған сотталғандарға Пробация 

қызметі  бас  бостандығын  шектеуді  бас  бостандығынан  айырумен 

ауыстыру туралы жазбаша ескерту түрінде жаза қолданылады. 

Жазалау  шараларын  қолдану  кезінде  жасалған  құқық  бұзушылықтың 

мән-жайы, сотталғанның жеке басы мен оның теріс қылық жасағанға дейінгі 

мінез-құлқы  ескеріледі.  Тағайындалатын  жаза  сотталған  жасаған  теріс 

қылықтың  сипаты  мен  ауырлығына  сәйкес  болуы  тиіс.  Жаза  теріс  қылық 

анықталған  күннен  бастап  он  тәуліктен  кешіктірмей,  ал  егер  теріс  қылыққа 

байланысты тексеру жүргізілсе, оның аяқталған күнінен бастап, алайда теріс 

қылық  жасалған  күннен  бастап  бір  айдан  кешіктірмей  тағайындалады. 

Пробация  қызметі  жаза  тағайындалғанға  дейін  сотталғаннан  құқық 

бұзушылық  жасаудың  мән-жайлары  мен  себептері  көрсетілген  түсініктеме 

алады. 


Жазаны  өтеу  тәртібін  қасақана  бұзған  сотталғанға  қатысты  Пробация 

қызметі  ұсталған  жері  бойынша  сотқа  бас  бостандығын  шектеуді  бас 

бостандығынан  айыруға  ауыстыру  туралы  ұсынымды  Пробация  қызметінің 

жұмысын  ұйымдастыру қағидасына  сәйкес жолдайды. 

Бас  бостандығын  шектеуді  ауыстыру  туралы  ұсынымда  сотталғанның 

сот  жүктеген  міндеттерді  орындаудан  жалтаруыдың,  қоғамдық  тәртіпті 

бұзуы,  Пробация  қызметіне  келмеген  уақыты,  оған  қандай  ықпал  ету 

шаралары қабылданғаны, оның оған тигізген әсері, сондай-ақ еріксіз әкелудің 

және  ұсталудың  бар-жоғы  жөніндегі  нақты  фактілер  көрсетіледі.  Ұсынымда 

жұмыс,  оқу  және  тұратын  орнынан  мінездеме,  Пробация  қызметі 

қызметкерінің  сотталғанның  мінез-құлқы  туралы  баяндамасы,  оның  өмір 

сүру  салты,  сотталғанның  түсініктемесі  және  басқа  да  құжаттар  қоса 

ұсынылады.  

 

68-бап. Сотталған адамның бас бостандығын шектеу түрiндегi  

 жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін  

 жауаптылығы 

 

1.  Бас  бостандығын  шектеу  түрiндегi  жазаны  өтеу  тәртібі  мен 

шарттарын  бұзғаны  үшін  сотталған  адамға  бас  бостандығын  шектеуді 

бас  бостандығынан  айырумен  ауыстыру  туралы  жазбаша  ескерту 

түрінде жазалау қолданылады.  

2.  Жазаны  өтеу  тәртібін  қаскөйлікпен  бұзатын  сотталған  адамға 

қатысты  пробация  қызметі  сотқа  бас  бостандығын  шектеудi  бас 



бостандығынан  айырумен  ауыстыру  туралы  мәселелердi  шешу  үшiн 

материалдар ұсынады. 

 

Жазаны  өтеу  тәртібі  мен  шарттарын  бұзған  сотталғандарға  Пробация 

қызметі  бас  бостандығын  шектеуді  бас  бостандығынан  айырумен  ауыстыру 

туралы жазбаша ескерту түрінде жаза қолданылады. 

Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын 

бұзғаны деп:  

1) сот жүктеген міндеттерді орындамауы; 

2)  Қазақстан  Республикасы  ҚАК-те  және  Пробация  қызметінің 

жұмысын  ұйымдастыру  қағидасында  көзделген  жаза  өтеудің  тәртібі  мен 

шарттарынан туындайтын Пробация қызметінің талаптарын орындамауы; 

3)  Пробация  қызметінің  ұсынымы  бойынша  сот  белгілеген  орындарға 

бармау талабын бұзу; 

4)  Пробация  қызметін  хабардар  етпей  тұрғылықты  жерiн,  жұмыс,  оқу 

орнын ауыстыру; 

5)  Пробация  қызметін  хабардар  етпей  әкімшілік-аумақтық  бірліктер 

шегіндегі жерлерге шығу; 

6)  Пробация  қызметіне  тiркелу  және  онымен  тәрбиелiк  жұмыс 

жүргізуге қатысу үшiн белгiлеген күндері келмеуі  

Пробация қызметіне белгiлеген күндері келмеуі дәлелді себептерге дер 

кезінде  шакыруын  алмауы,  құжатпен  расталған  ауру  және  құжатпен 

расталған    белгiлеген  күндері  шақыру  бойынша  келмеуге    кедергі  болатын 

басқа да себептер жатады.  

7) жеке басын куәландыратын құжатты өзiмен бiрге алып жүрмеуі; 

8) электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзу (бүлдіру); 

9)  жеке  бас  құқығына,  кәмелетке  толмағандардың  құқығына, 

отбасылық-тұрмыстық қатынастарға, қоғамдық тәртіп  пен имандылыққа қол 

сұғатын,  сотталғанға  соларды  жасағаны  үшін  әкімшілік  жаза  қолданылған, 

әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауы.  

Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын 

қасақаналықпен  бұзу деп:  

1)  жоғарыда  көрсетілген  бұзушылықтарды  бір  жыл  ішінде  қайталап 

жасау; 


2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету; 

3) сотталған адамның қылмыстық теріс қылық жасауы; 

4)  заңды  талаптарды  орындаудан  бас  тарту,  сол  сияқты  пробация 

қызметінің  қызметкерін  қорлау  не  оған  қатысты  күш  қолдану  қатерін 

төндіру; 

5) пробациялық бақылаудан жасырыну; 

6)  дәлелді  себептерсіз  мәжбүрлі  еңбекті  орындаудан  жалтару.  Дәлелді 

себептерге  құжатпен  расталған  ауру  және  мәжбүрлі  еңбекті  орындауға 

кедергі болатын басқа да себептер жатады.  



Тіркелу  үшін  пробация  қызметіне  келмеген  күннен  бастап  он  бес 

күннен  астам  тұрған  жері  анықталмаған  сотталған  пробациялық  бақылаудан 

жасырынып жүр деп танылады. 

Жазалау  шараларын  қолдану  кезінде  жасалған  құқық  бұзушылықтың 

мән-жайы, сотталғанның жеке басы мен оның теріс қылық жасағанға дейінгі 

мінез-құлқы  ескеріледі.  Тағайындалатын  жаза  сотталған  жасаған  теріс 

қылықтың  сипаты  мен  ауырлығына  сәйкес  болуы  тиіс.  Жаза  теріс  қылық 

анықталған  күннен  бастап  он  тәуліктен  кешіктірмей,  ал  егер  теріс  қылыққа 

байланысты тексеру жүргізілсе, оның аяқталған күнінен бастап, алайда теріс 

қылық  жасалған  күннен  бастап  бір  айдан  кешіктірмей  тағайындалады. 

Пробация  қызметі  жаза  тағайындалғанға  дейін  сотталғаннан  құқық 

бұзушылық  жасаудың  мән-жайлары  мен  себептері  көрсетілген  түсініктеме 

алады. 

 

69-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген  



 сотталғандарды пробациялық бақылау 

 

1.  Бас  бостандығын  шектеу  түрiндегi  жазасын  өтеп  жүрген  сотталған 

адамға пробациялық бақылауды оның тұратын жеріндегі пробация қызметі 

жүзеге  асырады.  Сотталған  адамды  тиісінше  бақылауды  қамтамасыз  ету 

және  оның  тұрған  жерi  туралы ақпарат алу үшiн  пробация қызметі  тізбесін 

Қазақстан  Республикасының  Үкiметi  айқындайтын  электрондық  бақылау 

құралдарын пайдалануға құқылы. 

2. 

Пробациялық 

бақылаудағы 

бас 

бостандығын 

шектеуге 

сотталған адамды есепке қою кезінде пробация қызметі: 

1)  сотталған  адамның  тұрғылықты  жерін,  оның  денсаулық 

жағдайын,  білім  деңгейін  және  еңбекпен  қамтылуын,  сондай-ақ  оған 

әлеуметтік-құқықтық көмекті беру көлемін айқындау үшін қажетті өзге 

де мәліметтерді анықтайды; 

2)  сотталған  адамға  әлеуметтiк-құқықтық  көмек  беру,  оған 

қатысты  пробациялық  бақылауды  жүзеге  асыру  және  тоқтату  тәртiбiн 

түсiндiредi,  сондай-ақ  тiркелу  үшiн  оның  пробация  қызметiне  келетін 

күндерiн белгiлейдi; 

3)  сотталған  адамға  сот  жүктеген  мiндеттер  мен  мәжбүрлі  еңбекті 

орындау,  оларды  орындамағаны,  сондай-ақ  пробациялық  бақылау 

шарттары  мен  тәртiбiн  бұзғаны  үшiн  жауаптылыққа  тарту  тәртiбiн 

түсiндiредi. 

3.  Сотталған  адам  бірінші  немесе  екінші  топтағы  мүгедек  деп 

танылған  кезде,  пробация  қызметі  сотқа  оны  мәжбүрлі  еңбектен  босату 

туралы  ұсыну,  ал  сотталған  адам  жүкті  болған  жағдайда  –  жазасын 

өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыну жібереді. 

Заңнамамен  бас  бостандығынан    шектелген  сотталғанның  тұрған  жері 

туралы  ақпаратты  алу  және  тиісті  пробациялық  бақылауды  қамтамасыз  ету 

үшін  осы сотталғандар санатына қатысты электрондық бақылау құралдарын 

пайдалану қарастырылған. 



Пробация  қызметінің  бастығы  немесе  оны  ауыстыратын  адам 

сотталғанға сот жүктеген шектеулерге сәйкес, оның жеке басын сипаттайтын 

мәліметтер  негізінде,  сондай-ақ  тиісті  құралдарды  орнатудың  техникалық 

мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  сотталғанды  жеке  есепке  қойған  кезде, 

сондай-ақ  әрі  қарай  жазаны  орындауда  оған  электрондық  бақылау 

құралдарын қолдану туралы шешім қабылдайды.  

Сотталғанға  электрондық  бақылау  құралдарын  қолдану  туралы  шешім 

қаулымен ресімделеді, ол сотталғанға және онымен бірге тұратын адамдарға 

жарияланады, 

сонымен 


қатар 

сотталғанға 

құралды 

бұзғаны 


үшін 

жауапкершілік туындайтыны түсіндіріледі.  

Пробация  қызметі  пробациялық  бақылаудағы  бас  бостандығынан 

шектелген  сотталған адамды есепке қою кезінде: 

1)  сотталғанның  тұрғылықты  жері,  денсаулық  жағдайын,  білім 

деңгейін  және  еңбекпен  қамтылғандығын,  сондай-ақ  оған  ұсынылатын 

әлеуметтік-құқықтық  көмектің  көлемін  айқындау  үшін  қажетті  өзге  де 

мәліметтерді анықтайды; 

2)  сотталғанға  әлеуметтік-құқықтық  көмек  беру,  оған  қатысты 

пробациялық  бақылауды  жүзеге  асыру  және  тоқтату  тәртібін  түсіндіреді, 

сондай-ақ оның тіркелу үшін Пробация қызметіне келу күндерін белгілейді; 

3)  сотталғанға  сот  жүктеген  міндеттерді  орындау  тәртібін  және 

мәжбүрлі еңбектің, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау 

шарттары  мен  тәртібін  бұзғаны  үшін  жауапкершілікке  тарту  тәртібін 

түсіндіреді. 

Бас  бостандығын  шектеуге  сотталған  әлеуметтік-құқықтық  көмек 

алудан бас тарта алады. Бұл жағдайда бас тарту тиісті актімен ресімделеді. 

Құқықтық  көмек  алу  үшін  пробация  қызметі  жергілікті  атқарушы 

органдарға жеке бағдарлама көшірмесін жібереді, олар  пробация қызметімен 

әзірленген  жеке бағдарламаға сәйкес  әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.  

Пробация  қызметнде  есепте  тұрған  адамды  еңбекке  орналастыру 

көмегін көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдар келесі іс-шараларды 

жүзеге асырады: 

1)  индустриялды-  инновациялық  үдемелі  даму  жөніндегі    бағдарлама  

бойынша  іске  асырылатын  инвестициялық  жобалар  шеңберінде  жұмыс 

орындарын ұсыну; 

2)  төленетін    кезеңдік  ауылшаруашылық  жұмыстарына    бәсекелеске 

қабілетті кәсіптері бар адамдарды тарту; 

3) жұмыс орындары квотасы бойынша еңбекке орналастыру. 

Пробация  қызметі  басқа  көмектерді  алуға  жоғарыда  көрсетілген 

санаттың  адамдарында  қажеттіліктер  туындаған  жағдайда  ,  олардың  мекен-

жайы бойынша тиісті ұйымдарға жеке бағдарлама көшірмелерін жібереді. 

Бас  бостандығын  шектеуге  сотталғандар  жергілікті  атқарушы 

органдармен  белгіленген  орындарда  барлық  жазалау  мерзімі  аралығында  

жылына екі жүз қырық сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылады. 

Сотталған  тұлға  бірінші  немесе  екінші  топтағы  мүгедек  деп  танылған 

кезде  пробация  қызметі  сотқа  оны  мәжбүрлі  еңбектен  босату  туралы  ұсыну, 



ал сотталған тұлға жүкті болған жағдайда – жазасын өтеуін кейінге қалдыру 

туралы ұсыну жібереді. 



 

жүктеу 195,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау