63
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
ыру жазасын өтейтін адамдарға қолданылуы мүмкін
жаза түрлерінің толық тізбесі көзделген (ҚР ҚАК
111-бабы). Осы бапта қолданылатын жазаның
дәстүрлі түрлері толықтырылды: бір ай бойы ки-
нофильмдер көру құқығынан айыру (бұрын еңбек-
тәрбие колонияларындағы сотталғандар үшін
«әртүрлі айырушылықтар» көзделген: киноға,
концертке бару, спорт ойындарына қатысу).
Қазақстандық заңнама бойынша тәрбиелеу коло-
нияларында бас бостандығынан айыру жазасына
кесілгендер белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін,
оқудан қол үзбестен, жеті тәулікке дейін тәртіптік
оқшаулағышқа қамалуы мүмкін. Бұл жағдайда
халықаралық стандарттарға назар аударған жөн,
олар бойынша тәрбиелік ықпалдың мұндай түрі
ұсынылмаған (бас бостандығынан айрылған
кәмелетке толмағандарды қорғауға қатысты БҰҰ
Ережелерінің 67-тармағы (Гаван ережелері).
ҚР ҚАК 133-бабында тәрбиелеу колонияларындағы
бас бостандығынан айрылғандарға шаралар
қолдану тәртібі айқындалған.
Заңда сотталғандарға жаза және көтермелеу шара-
ларын қолдану дәл реттелген. Аталған бапта оның
тақырыбына сай жаза қолдану тәртібі мейлінше
егжей-тегжейлі баяндалған (ҚР ҚАК 113-бабы).
Осы баптың мазмұны тұрғысында, тәртіптік
оқшаулағышқа қамалған адамға тек осыған сай
тиісті шара қолданылатынына назар аударған жөн.
Осылайша, тәртіптік оқшаулағыштан босатпастан,
онда болу мерзімін ұзартуға жол берілмейді.
Келесі жағдайларда: а) көтермелеу шаралары
ретінде; б) медициналық дәлелдер бойынша
тәртіптік оқшаулағыштан мерзімінен бұрын боса-
тылуы мүмкін.
ҚР ҚАК 134-бабында тәрбиелеу колониясының
күнделікті қызметінде Қазақстан
Республикасының Қылмыстық-атқару
заңнамасында көзделген мынадай мақсаттар
мен міндеттерді іске асыруда тәртіптік ша-
ралармен айналысуға тиіс лауазымды адамдар
тобы айқындалған:
•
сотталғандардың түзу жолға түсуі;
•
сотталғандардың өздерінің қайта қылмыс жаса-
уды ескертуі (жеке ескерту);
•
өзге де адамдардың қайта қылмыс жасауды
ескертуі (жалпы ескерту);
•
жазаны орындау және өтеу тәртібі мен шартта-
рын реттеу ;
•
сотталғандарды түзеудің құралдарын айқындау;
•
сотталғандардың құқықтарын, бостандықтарын
және мүдделерін қорғау;
•
сотталғандарға әлеуметтік бейімделуде көмек
көрсету.
ҚР ҚАК 135-бабы кәмелетке толған бас
бостандығынан айрылғандарды тәрбиелеу коло-
нияларында қалдырудың шарттарын, негіздерін
және тәртібін реттейді.
Заңнамада 18 жасқа толған бас бостандығынан
айрылғандар тәрбие колонияларында 20 жасқа
толғанға дейін қалдырылатыны туралы жазылған.
Заң бойынша практик заңгерлер үшін тек
адамның кәмелетке толуы фактісін емес, адам-
дарды тәрбиелеу колониясынан түзету колони-
ясына ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде
оларға қатысты тәрбиелеу колонияларында қол
жеткен табыстардың маңыздылығын негізге алуға
тиістілігі тұрғысында кең мүмкіндіктер ұсынылған.
Отряд тәрбиешілері кеңесінде, оқу-тәрбие кеңесінде
алдын ала талқылай отырып, сондай-ақ, жергілікті
өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен
колония бастығы мұндай адамдарды тәрбиелеу коло-
нияларында қалдыру туралы шешім қабылдайды.
ҚР ҚАК 136-бабында бас бостандығынан
айыруға сотталғандарды тәрбиелеу колония-
ларынан түзету колонияларына ауыстыру рет-
телген:
1. 18 жасқа толған, теріс мінездеме берілген
сотталғандар жазаны одан әрі өтеу үшін
тәрбилеу колониясыннан жалпы тәртіптегі
түзету колониясына ауыстырылуы мүмкін.
2. 18 жасқа толған сотталғанды түзету колони-
ясына ауыстыру туралы шешімді Қазақстан
Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу
заңнамасында белгіленген тәртіпте сот
қабылдайды.
3. Тәрбиелеу колониясы бастығының өкімі бойын-
ша 20 жасқа толған, сотталғандар жазаны одан
әрі өтеу үшін тәрбилеу колониясыннан жалпы
тәртіптегі түзету колониясына ауыстырылады.
Кәмелетке толған сотталғандарды ауыстыру:
біріншіден, тәрбиелеу колонияларын тек кәмелетке
толмаған сотталғандарға арналған айрықша ұстау
жағдайларындағы мекемелер ретінде қалдыру үшін;
екіншіден, түзетушілік ықпал етуді жіктеп, саралау
үшін, үшіншіден, ересек қылмыскерлердің кәмелетке
толмағандарға теріс ықпалына жол бермеу үшін қажет.
Көптеген жылдар бойғы тәжірибе тәрбиелеу ко-
лониялары жағдайында ересек сотталғандардың
біршама санының болуы мекемелердегі оқу-тәрбие
процесіне елеулі ықпал етпегенін көрсетті.
ҚР ҚАК 137-бабында оқу-тәрбие процесінің
ұйымдастырылуы реттелген. Тәрбиелеу колони-
ялары жағдайындағы түзеу процесінің мазмұны
өскелең жас ұрпақты тәрбиелеудің жалпы
мақсаттарымен және кәмелетке толмаған құқық
бұзушыларды тәрбиелеудің нақты міндеттерімен
айқындалады.