116
әлеуметтік қорғау, әлеуметтік бейімделу, мінез-құлқын түзету және дамыту бойынша
жұмыстар жүргізіледі деп атап кӛрсетті [2].
М.А. Галагузова және Ю.Н. Галагузова кәсіби даярлықты процесс ретінде, сонымен
қатар анқталған кәсіби іс-әрекетке дайындықты қалыптастыру нәтижесі ретінде түсінеді.
Жоғарғы кәсіби білім беру жүйесіндегі кәсіби даярлықтың сапалық құрылымдық
компонеттерін былай деп қарастырған:
– мазмұнды (жоғары кәсіби білім беру бағдарламалары);
– ұйымдастыпушылық (жоғары кәсіби білім беру жүйесін қамтамасыз ететін
жоғарғы оқу орындары және басқа да оқу мекемелері мен ұйымдар);
– басқарушылық (жоғары кәсіби білім беру басқару органдары және соған
бағынышты мекемелер мен ұйымдар).
«Әлеуметтік педагогтардың кәсіби даярлығы» ұғымын анықтау үшін жоғары кәсіби
білім берудін жаңа стандарттарын қарастырайық. Келешек әлеуметтік педа- гогтарды
дайындау үшін негізігі сапалық мінезедемесінде үш негізгі топқа бӛлінетін құзыреттер
келтіріледі: жалпы мәдени, кәсіби және жалпы кәсіби.
Әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекетке даярлық мазмұнына тоқталмас бұрын
«даярлық» сӛзінің мағынасын ашып алайық. Ғылыми әдебиеттерде «даярлық» мәселесі
кәсіби дайындықтың маңызды факторы ретінде ұзақ жылдар бойы зерттелініп келе жатыр.
Психологиялық әдебиеттерде «даярлық» ұғымына әр түрлі анықтамалар берілген. Соған
байланысты даярлықтың нақтылы бір формаларына: кәсіби іс-әрекетке, спорттық іс-
әрекетке, тәрбие жұмысына даярлық ұғымдары талданады.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде даярлық кез келген іс-әрекетті сәтті
орындаудың бастапқы іргелі шарты болып табылады. Зерттеу жүргізу барысында
даярлықтың мазмұны мен құрылымы туралы нақтылы бір анықтама жоқ екені анықталды.
Дьяченко М.И., Кандыбович Л.А. даярлық құрылымына тӛмендегілер жатады деді:
- Қандай да бір іс-әрекетке, мамандыққа оң кӛзқарас;
- Іс-әрекет, кәсіп талаптарына мінез-құлық, темперамент, мотивацияның сәйкес келуі.
- Қажетті білім, білік, дағдылар;
- Тұрақты кәсіби-маңызды ерекшеліктер: қабылдау, зейін, ойлау, эмоционалды және
еріктік процестер.
Зерттеушілердің тағы бір тобы даярлықтың: мотивациялық (іс-әрекетті орындауда
жауапкершілік); операциялық (қажетті білім, білік, дағдыларды және іс-әрекет әдіс-
тәсілдерін меңгеру); еріктік (ӛзін-ӛзі бақылау, басқару); бағалаушылық (кәсіби міндеттерді
шешуге сәйкес ӛз даярлығын бағалау) [5] құрылымдарын қарастырады. Осылайша,
психологиялық даярлық күйі мамандыққа қойылатын талаптарды ескере отырып тұлғаның
жан-жақты дамуы. Педагогикалық психология еңбектерінде кәсіби іс-әрекетке даярлық күйін
зерттеуге тұлғалық тұғыр маңыздылығы аталады.
Әлеуметтік-педагогикалық әрекетке даярлық мәселесі бойынша да зерттеу жұмыстары
бар. Масленикова В.Ш. кәсіби даярлық - әлеуметтік-педагогикалық әрекетті жүзеге
асыратын кӛп деңгейлі, интегративті тұлғалық қасиеттер деп анықтама береді. Осылайша,
жоғарыда келтірілген зерттеулерді талдай келе, адамның белгілі бір іс-әрекетке даярлығы
теориялық тұжырымдамалар ерекшеліктері мәселесі функционалдық немесе тұлғалық
деңгейде қарастырылуына байланысты негізделеді. Даярлықтың мазмұны мен құрылымына
байланысты, кәсіби даярлық кӛптеген сыртқы және ішкі факторлардан тәуелді динамикалық
күрделі құбылыс болып табылатыны белгілі. Даярлық психологиялық-педагогикалық ұғым
ретінде жалпы қабылданған анықтамасы жоқ. Мысалы, Сластенин В.А. ӛзінің бастапқы
еңбектерінде даярлық деп мұғалім меңгеруге тиіс жалпы педагогикалық біліктер жүйесі деп
түсінілсе, кейінгі шыққан еңбектерінде ӛзара байланысқан құрылымдық компоненттердің:
мотивациялық-құндылықтық (тұлғалық) және орындаушылық (іс-әрекеттік) байланысты
«ерекше психологиялық күйі» ретінде қарастырады. Ендігі кезекте кәсіби даярлық
құрылымына: психологиялық (бағыттылық, ұстаным); ғылыми-теориялық (кәсіби білімдер
жүйесі); практикалық (жалпы педагогикалық біліктер жүйесі); психофизиологиялық
117
(нышандар, қабілеттер); физикалық (денсаулық жағдайы) даярлық және кәсіби жұмысқа
қабілеттілік жатады.
Рубинштейн С.Л. даярлыққа «кәсіби іс-әрекетке даярлық мазмұны мұғалімнің іс-
әрекетке қажетті адамгершілік-психологиялық қасиеттерін, ақыл-ой және теориялық
қабілеттер, қоғамдық-саяси және психологиялық-педагогикалық білімдер кешені, сонымен
қатар бағдарламалық әдістемелік білімдер мен дағдылар жатады» деп анықтама береді.
Жоғарыда аталған зерттеулерді талдай келе әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекетке
даярлығы – кәсіби іс-әрекетке бағдарланған әлеуметтік педагогтың кәсіби тұлғалық
сапалары, теориялық, тәжірибелік, әдіснамалық білім, білік, дағды жиынтығы деп анықтама
береміз. Кәсіби іс-әрекетке даярлықты қарастыратын зерттеулердің ішінен біздің
тақырыбымызға Н.Д. Хмельдің тұжырымдамасы сәйкес келеді. Ол ӛз зерттеуінде белгілі бір
кәсіпке ие адам кәсіби іс-әрекетке даярлық негізін мотивациялық-құндылықтық, мазмұндық
және іс-әрекеттік компоненттердің тұрақты бірлігі ретінде анықтады. Біздің пікірімізше,
әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекетке даярлығы осы үш компонентті меңгеруді талап
етеді.
Әлеуметтік педагогтың девиантты мінез-құлықты балалармен жұмысының мәні мен
ерекшеліктері әлеуметтік педагогтың іс-әрекет түрлерінің ролін анықтайды. Ӛз кезегінде
әлеуметтік педагогтарды даярлау қажеттігі туып отыр. Бұл ең алдымен болашақ әлеуметтік
педагогтарды даярлауда теориялық-әдіснамалық тұғырларды қарастыруды талап етеді.
Жалпы білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагогтардың девиантты мінез-құлықты
балалармен жұмысқа даярлығын қалыптастыру мәселесінің логикасын ашу, оның теориялық
мазмұнын ұғыну жүйелілік тұғырсыз мүмкін емес (В.Г. Афанасьев, В.П. Беспалько,
Т.А. Ильина, В.Н. Садовский, А.Н. Уемов, Э.Г. Юдин және т.б.). Біз ӛз зерттеуімізде
1) зерттелініп отырған педагогикалық объект жүйе ретінде мақсатының болуын; 2)
зерттелініп отырған объектіні жүйе ретінде қалыптастырудың жолын құрастыру; 3) жүйенің
әр түрлі негіздерін зерттеу (заңдылық, фактор, шарт); 4) зерттелініп отырған объектінің
жалпыланған үлгісін құрастыруды қарастырамыз.
Әлеуметтік педагогтарда әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің белгілі бір түріне
даярлықтың қалыптасуы мәселесін зерттеуде дарлықтың негізгі мазмұнын ашуда іс-әрекеттік
тұғыр маңызды болып табылады. Іс-әрекеттік тұғыр девиантты мінез-құлықты балалармен
жұмыс жасау технологиясын, нормалары мен құндылықтарын меңгеруге, тұлғалық
қасиеттердің жетілдіруіне барлық педагогикалық шаралардың бағыттылығын қамтамасыз
етеді (Л.С. Выготский, И.Ф. Исаев, А.Н. Леонтьев, Г.И. Щукина және т.б.). Сонымен қатар
әлеуметтік педагогтың девиантты мінез-құлықты балалармен жұмысқа даярлығын
қалыптастыруда партисипативтік, контекстік және рефлексивтік тұғырлар басшылыққа
алынады.
Рефлексивтік тұғыр әлеуметтік педагогтардың девиантты мінез-құлықты балалармен
жұмысқа даярлығын қалыптастыруда студенттердің тұлғалық- мәндік кӛзқарасты ұстануға,
іштей ӛзін-ӛзі жетілдіру алғашқы орында тұратын тұлғалық кемелдену ортаны құруға
мүмкіндік береді. Бұл тұғырдың негізгі талаптары педагогикалық шарттарда кӛрініс тапқан.
Партисипативтік тұғыр дәстүрлі басқару қызметтеріне (талдау, жоспарлау,
ұйымдастыру, басқару мотивация, бақылау, реттеу) сүйенеді. Алайда олар келесідей
ұстанымдарға (студенттердің ӛзін-ӛзі анықтауы; кері байланыстың басымдылықтары;
педагогикалық үдеріс субъектілерінің ӛзара ықпалдасуы; индивидуалды жауапкершілік үшін
еркін кеңістік құру және т.б.), басқарудың парисипативтік әдістеріне (шешімге, мақсатқа,
шешім қабылдауға және т.б. әсер ету), рефлексивтік механизмдер арқылы жүзеге асады.
Олар а) студенттердің субъективті қызметтерін кеңейтуге; б) студенттің ӛз іс-әрекетін
ұйымдастыруға; в) студенттерде ӛзіндік жұмыстарды орындауға дағдыландырады.
Контекстік тұғыр оқу-танымдық іс-әрекеттен оқу кәсіби іс-әрекетке кӛше отырып
имитациялық моделдеу, технологиялық, мәселелік, икемділік конструктивтік ӛзара
ықпалдасу ұстанымдары негізінде ӛзіндік кәсіби іс-әрекетке жүйелілік, бірізділік, үздіксіз
үйренуді қамтамасыз етеді. Бұл тұғырдың әдістемелік қаматасыз етілуі әлеуметтік
Достарыңызбен бөлісу: |