Семинар сабақ Құндылықтық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, коммуникативтік және белсенді іс-әрекеттік тәсілдемелер



жүктеу 15,01 Kb.
Дата08.01.2023
өлшемі15,01 Kb.
#40871
түріСеминар
3 семинар сабақ


3 семинар сабақ
Құндылықтық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, коммуникативтік және белсенді іс-әрекеттік тәсілдемелер.
Сабақтың мақсаты: бастауыш үдерісін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдемелерін білім берудің классикалық негізі ретінде алынған тәсілдемелерге талдау жасау, түсіну, оқыту үдерісіндегі топтық, жеке жұмыстарда қолданылу аясын анықтау.
Тапсырмалар:
1. Қазақ тілі пәнінде қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер
2. Қазақ тілі пән бағдарламасында көрсетілген ұстанымдар
3. Оларды жүргізу жолдарын саралау

1. Қазақ тілі пәнінде қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер.
Әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс - әрекеті, тәсілі. Әдістің негізін құрайтын қағидалар:
1. Оқушының сөйлеу бағытын анықтау.
2. Адамның жеке басының ерекшелігін ескеру.
3. Орта жағдайын ескеру.
4. Сөйлеу дағдысын жаңарту.
Әдістің түрлері:

  • сұрақ-жауап әдісі

  • оқушының логикалық қабілетін арттыру

  • баяндау (дәріс)

  • ойын элементтері

  • топтық, ұжымдық

  • деңгейлеп оқыту

  • ой қозғау

  • ой қорыту

  • іскерлік ойындар

  • танымдық ойындар арқылы оқушының белсенділігін арттыру

  • оқушының шығармашылық қабілетін арттыру т.б.


Қазақ тілін оқытуда жиі қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер
1) Оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері:
- тілдік әдістер (әңгіме, дәріс, семинар, диалогтік оқыту,топтық оқыту, бірлесе оқыту);
- көрнекілік әдістері (иллюстрациялар, көрсетілім, таныстырылым);
- тәжірибелік әдістер (жаттығулар, тәжірибе жасау, қолмен түрлі бұйымдар (постер,кластер, буклет) жасау;
- репродуктивтік әдістер;
- проблемалық-ізденушілік әдістер;
- өзіндік жұмыс әдістері (мұғалім басшылығымен және өз бетімен);
2) Оқу-танымдық әрекетті ынталандыру және уәжді арттыру әдістері.
3) Оқу-танымдық әрекеттің тиімділігін бақылау және өзіндік бақылау жасату әдістері.

2. Қазақ тілі пән бағдарламасында көрсетілген ұстанымдар. Жаңартылған білім беру бағдарламасында «Қазақ тілі» пәнін оқытудың басты ерекшелігінің бірі оқушылардың сауаттылығын арттыру және оқушы тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру болып табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.
Әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесі:
• Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
• Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;
• Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық, өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрлерін қолдану мұғалімнің біліктілігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады, бірақ мақсат біреу-ақ: қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқыту арқылы әр оқушының рухани әлемін ашу.
жүктеу 15,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау