Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 2,95 Mb.
Pdf просмотр
бет57/95
Дата20.11.2018
өлшемі2,95 Mb.
#22200
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95

118 
 
педагогтарда девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс бойынша сұрақтарда кәсіби және 
әлеуметтік  біліктіліктердің  қалыптасуын  қамтамасыз  ете  отырып  пәндік  және  әлеуметтік 
пәндер мазмұны арқылы жүзеге асады. Осылайша, жоғарыдағы зерттеулерді қорытындылай 
келе, келесідей тұжырымға келуге болады:
 

 
әлеуметтік  педагогтардың  кәсіби  іс-әрекетке  даярлық  мазмұны  балалардың 
қызығушылықтар  мен  қажеттіліктерін  қанағаттандыру, әлеуметтік  бейімделуді  дамытуға 
кӛмектесетін, балалардың оқу және бос уақытындағы педагогикалық ұжымдардың жоспарлы 
және жүйелі жұмысын жорамалдайды.
 

 
әлеуметтік  педагогтардың  тәрбиелік  алдын  алу  қызметінің  тиімділігін  арттыруда 
ӛзінің  дүниетанымын  кеңейтумен,  бос  уақытын  толтыруға  және  мамандығын  анықтаумен 
байланысты,  баланың  қажеттіліктері  мен  қызығушылықтарын  жүзеге  асыратын  қосымша 
білім беру инфрақұрылымын ұйымдастыру кӛмектеседі.
 

 
әлеуметтік  педагогтың  балалармен  тәрбиелеу  алдын  алу  жұмысын  жүзеге  асыратын 
мектептің басқа әлеуметтік институттарымен бірлесіп жұмыс істеу жүзеге асыруда қосымша 
және жалпы білім беру арасындағы байланыстырушы буын басты рольді әлеуметтік педагог 
атқаратын әлеуметтік-педагогикалық қызмет бола алады.
 
Қорытындылай  келе,  әлеуметтік  педагогтарды  кәсіби  іс-әрекетке  даярлығын 
қалыптастыруда жоғары оқу орындарында оқытылатын әлеуметтік-педагогикалық пәндердің 
маңызы зор деп айтуға болады. Осы пәндер әлеуметтік педагогтардың кәсіби сапаларының 
қалыптасуына негіз болуы тиіс. 
  
Әдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы/ Егемен Қазақстан: жариял. 17.12.2010.  
2.  Галагузова  М.А.  Категориально-понятийный  проблемы  социальной  педагогики// 
Понятийный  аппарат  педагогики  и  образования:  Сб.науч.тр.  /Отв.ред.М.А.Галагузова.-
Екатеринбург,1998.-Вып.3.  
3.  Данилина  Т.А.  Степина  Н.М.  Социализация  агрессивных  детей.-  М.:  Айрис  –  пресс, 
2008г. 
4.  Зимелева З.А. Агрессивное поведение младших школьников и личность родителей // 
Психологическая наука и образование.- 2001г. - № 4 
5.  Кирьянова Е. Агрессия в современном обществе. М.: Владос, 2009 г 
 
 
Аннотация 
Мақалада әлеуметтік педагогты кәсіби іс-әрекетке даярлау мүмкіндіктері, тәрбиелік алдын алу 
қызметінің  тиімділігін  арттыру,  баланың  қажеттіліктері  мен  қызығушылықтарын  жүзеге  асыру, 
әлеуметтік  бейімделуді  дамытуға  кӛмектесетін,  балалардың  оқу  және  бос  уақытындағы 
педагогикалық ұжымдардың жоспарлы және жүйелі жұмыстары қарастырылған. 
Аннотация 
В статье рассматриваются возможности профессиональной деятельности социального педагога 
в  обучении  и  воспитании  детей.  Эффективность  профилактической  деятельности  вызывает, 
социальная адаптация помогает детям в учебном процессе. 
Annotation 
In  article  the  possibilities  of  professional  activity  of  the  social  teacher  in  training  and  education  of 
children  are  considered.  Efficiency  of  preventive  activities  causes,  social  adaptation  helps  children  with 
educational process. 
 
 


119 
 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ 
 
МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА, ИНФОРМАТИКА 
 
ӘОЖ 53 (077) 
 
«МЕХАНИКА» БӚЛІМІНЕН  ГРАФИКТІК ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДЫҢ  
ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
 
Айдарбекова Ж.М., Кӛшербаева М.Р. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Физика курсын оқытуда есеп шығару ерекше маңызды рӛл атқарады. Есепті шешу мен 
оған  анализ  жасау  физиканың  негізгі  заңдары  мен  формулаларын  түсініп,  есте  сақтауға, 
олардың ерекшеліктері мен қолдану шекарасы жайлы түсінік береді. Есеп шығару физиканы 
оқыту  процесінің  ұдайы  бӛлінбес  құрамдас  бӛлігі  болып  саналады,  ӛйткені  ол  физика 
сабақтарының  түгелдей  барлық  түрлері  мен  кезеңдерінде  және  кластан  тыс  жұмыстарында 
кездеседі.    Әрбір  физикалық  есептің  негізінде  бір  немесе  бірнеше  фундаментальды  заңдар 
мен  олардың  салдары  жатыр.  Сондықтан  қандай  да  бір  есепті  шығару  үшін  теорияны  білу 
ӛте  қажет.  Физика  курсының  белгілі  бір  бӛліміне  есеп  шығарғанда  жалпы  есеп  шығару 
ережелерінен  басқа  сол  бӛлімнің  ерекшеліктеріне  байланысты  қандай  да  бір  қосымша 
толықтыруларды ескеру қажет болады. 
Жалпы  физика  курсында    қарастырылатын  кинематика  есептеріне  нүктенің  немесе 
бірнеше  нүктелердің  бірқалыпты  айнымалы  түзу  сызықты  қозғалысы  есептері,  нүктенің 
жазықтықтағы  қисық  сызықты  қозғалысы  есептері  және  қатты  дене  айналысы  қозғалысы 
есептері  кіреді.  Есепті  шығаруға  қажетті  мәліметтерді  графикті  талдаудан  алатын  болсақ, 
ондай есептерді графиктік есептер деп атайды. 
Графиктер  физикалық  шамалар  арасындағы  функциялық  тәуелділікті    ӛрнектеудің  ең 
кӛрнекі  жолдарының  бірі,  оларсыз  ӛмірді  елестету  мүмкін  емес.  Сондықтан  оларды 
пайдалана  білуге  үйрету  ең  басты  шарт.  Графиктермен  жұмыс  істеу  оқушылардың 
физикалық  ойлауын  дамытуға  ықыласын  тигізеді,  оларды  физикалық  құбылыстарды  сан 
жағынан зерттеуге жетелейді. Оқу процесінде графиктерді қолдану және оқушылардың түрлі  
графиктік  жұмыстарды  орындауы,  физикалық  құбылыстар  мен    процестердің  арасындағы 
сандық тәуелділікті неғұрлым терең түсінуге себін тигізеді. 
Графиктерді  қолдануды талап ететін есептерді  шығару  әдісерін қарастырайық.  Бұндай 
есептерді  шешу  үшін  қойылатын  негізгі  талап  қарапайым  элементар  функциялар  графигін 
жақсы білу және оны зерттей білу. Атап  айтқанда бірқалыпты және  бірқалыпты айнымалы 
қозғалысы  кезіндегі  жолды,  орын  ауыстыруды,  жылдамдықты,  үдеуді  сипаттайтын  
геометриялық теңдеулердің, яғни түзудің және пароболаның теңдеулерін жақсы білу керек. 
Графиктік есептерді екі топқа бӛлуге болады. 
Бірінші  графиктік  есептер  тобына  бір  кинематикалық  шамалардың  тәуелділігі  (әдетте 
уақытқа  )  беріліп,  осы  тәуелділік  бойынша  қандайда  бір  басқа    шамаға  да  тәуелділігін 
тұрғызу  керек  болатын  есептер  жатады.  Бұндай  есептерді  шығарғанда  берілген  графикті 
мұқият талқылап, берілген қозғалыстың сипатын анықтайды және сол берілген тәуелділіктің 
теңдеуін  жазады.  Осы  теңдеу  бойынша  ізделініп  отырған  тәуелділікті  анықтау  керек  және 
оны  зертеп  кезекті  графикті  салу  керек.  Осындай  есептерді  шығаруға  дағдыланған  кезде 
ізделініп  отырған  графикті  алгебралық    теңдеулерді  анықтауға  жеткізбей-ақ  бірден  сызуға 
болады. 
Екінші  графиктік  есептер  тобына  кинематикалық  шамалардың  уақытқа  тәуелділігі 
графигінің  біреуінен  есептің  шартын  анықтау  қажет  болатын  есептер  жатады.  Осындай 
есептің шарты график түрінде жазылғаннан  соң оның шешуі сызылған графиктен қандайда 


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау