- Орындаған: Бекқали Г.Б.
- ТФ-701 тобы
- Тексерген: Сатиева Ш.С.
- Психология ғ.к. доцент
Мазмұны - Темперамент ұғымы
- Темпераменттің түрлері
- Сангвиник
- Холерик
- Меланхолик
- Флегматик
- Темпераментіне сәйкес даралық қасиеттері
- Тест
- Қорытынды
Темперамент ұғымы - Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ.Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған шырындырдың бірінің басымдылығымен байланыстырды. Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius – қан), флегматик(phlegma – шырыш), холерик( chole - өт), меланхолик(melaschole – запыран).
- Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс - әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп – салдарына тәуелсіз бір қалыпты көрінеді. Есейген шақта да, өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді. Темперамент түрінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетүге қаратылмай, нақты іс - әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн.
Темпераменттің түрлері - САНГВИНИК
- Ашық
- Көпшіл
- Сөзшең
- Қайырымды
- Қысылып-
- қымтырылмайды
- Оптимист
- Өмір сүйгіш
- Көтеріңкі көңілді
- Басшылыққа құмар
- Эмоциялы
- Қажырлы
- Белсенді
- Өмірге икемді
- Ширақ
- Еңбекқор
- Шыдамсыз
- Жауапсыз
- Тұрақсыз
- Адал
- Қозғалқыш
- Мінезі жеңіл
- Қабілетті
- Әзілқой
- ХОЛЕРИК
- Күйгелек
- Тынымсыз
- Шамданғыш
- Көңіл-күйі
- жиі өзгереді
- Тұрақсыз
- Соқпа мінезді
- Белсенді
- Пысық
- Бейқам
- Ашуланшақ
- Ызақор
- Ынталы
- Инициативті
- Қатал
- Лидер
- Шыдамсыз
- Шулы
- Ұмытшақ
- Бәсекелестікті
- Ұнатады
- Бірбеткей
- Қырсық
- МЕЛАНХОЛИК
- Пессимист
- Ренжігіш
- Өкпелегіш
- Тұйық
- Сөзге сараң
- Аса баяу
- Жайбасар
- Ұялшақ
- Тартыншақ
- Жасқаншақ
- Бірбеткей
- Қыңыр
- Ақылды
- Көңілсіз
- Ұстамды
- Ой үстінде жүреді
- Оқымысты
- Өзіне сенімсіз
- Есте сақтауы
- Тез шаршайды
- Әлсіз
- Уайымшыл
- ФЛЕГМАТИК
- Сақ
- Ұяң
- Байсалды
- Тұрақты
- Бірқалыпты
- Сабырлы
- Орынсыз
- асып-саспайды
- Тыныш
- Салқынқанды
- Пассивті
- Қырсық
- Мінезі ауыр
- Арманшыл
- Баяу қимылдайды
- Ой үстінде жүреді
сангвиник -
- Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш болады. Бұндай адамдар ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа адамдармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер материал қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда олар жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды.
холерик - Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай акдамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы – ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза
меланхолик -
- Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық, таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхоликтер коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі.
флегматик - Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Флегматиктерден сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.
Адамдармен қарым-қатынасы - Әзілқой,
- Көтеріңкі
- көңіл-күйді
- ұнатады.
- Ешкімге
- бағынбайды,
- өктем
Сенімділік - Өзіне сенімді,
- әлсіз
- жақтарын
- жасырады
- Өзіне сенімсіз
- күйзелісте
- жүреді
- Сенімсіз,
- сәттілікке
- сенбейді,
- кемшілік-
- терінен
- ұялады
Достық және махаббат сезімдері - Досына әмір
- бергенді ұнатады,
- қызғаншақ
-
- Сезімін жеңіл
- және көңілді
- жеткізеді
- Қалыпты
- Қарым-қатынасты
- Ұнатады,
- Көп ғашық болады
- Досына бағынады,
- өзінің сезімін
- ашып айтуға
- ұялады, бір ғана
- адамды беріле
- жақсы көреді
Қозғалысы мен жүрісі - Қозғалғыш,
- жылдам, бір
- орында отырмайды
Асқа тәбеті - Тамақты тез
- және көп
- жейді
- Баяу
- тамақтанады
- және аз
- жейді
Ұйқы - Аз ұйықтайды, кешке
- қарай шаршаңқырап,
- ұйқысы келіп тұрады.
- Тез ұйықтап қалады,
- ояту қиын
- Сіз орындықта отырсыз және орындықтың үстіне қалпағыңызды қойып қойдыңыз. Егер сіздің жаныңызға бір кісі келіп қалпағыңыздың үстіне отырып алса, сіз қандай жағдайда боласыз?
Тест нәтижесі - 1-сурет – сангвиник
- 2-сурет – меланхолик
- 3-сурет – холерик
- 4-сурет - флегматик
Қорытынды - Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын өз іс - әрекетін жүзеге келтіруі тікелей темпераментке байланысты. Темперамент психикалық процестердің желісінде көріне отырып, еске түсіру, қабылдағанды бекіту жылдамдығына ықпалын тигізеді, ой жүйріктігі мен зейін тұрақтылығын және оның ауыспалығын айқындап береді. Темперементтерді тәрбиелеуде адамның ерік – жігерін, мінез бітістерін, сезім эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастыруға жүргізілген дұрыс. Адамның өзін - өзі ұстай алу қабілетінің дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы жәрдем береді.
Достарыңызбен бөлісу: |