Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 2,95 Mb.
Pdf просмотр
бет55/95
Дата20.11.2018
өлшемі2,95 Mb.
#22200
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   95

114 
 
Екінші талап – ойынның мазмұнын анықтау. Мұнда қажетті шарт-ойынның кӛмегімен 
жүзеге  асырылатын  деректі  оқушының  жас  ерекшеліктеріне,  бағдарламалық  талаптарға, 
нақты мақсатқа сәйкес дәл білу болып табылады. 
Ойынның  мазмұны  тек  пәндік  мақсаттар  ғана  емес,  оқу  әрекетінің  іскерліктерін 
қалыптастыру,  бейнелік  және  логикалық  ойлауды  дамыту  мақсаттарын  да  жүзеге  асыруды 
қамтамасыз  етуі  қажет.  Ойынның  мазмұнына  қойылатын  негізгі  талаптардың  бірі  ойынды 
және оның түрлерін ұйымдастырудың мүмкін формаларын есепке алу болып табылады. 
Ойынды  ұйымдастыру  формаларына  қойылатын  талаптар:  (ұжымдық,  топтық  және 
даралық  таңдау)  ең  алдымен  оқушылардың  ойлауының  даму  деңгейін,  коммуникативтік 
іскерліктерді (оқу, жазу), қарым-қатынас іскерлігін қалыптастыру деңгейін нақты есепке алу 
негізінде  анықталады  6-9  жасар  балаларға  тән  кӛрнекті-әрекеттік  және  кӛрнекі-бейнелік 
ойлаудың  даму  ерекшеліктеріне  сүйене  отырып,  біз  топтық  немесе  дара  ойындарды 
пайдалану тиімді деп есептейміз. Мұндай жағдайда мұғалім әрбір оқушы арқылы ойынның 
мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады. Ол үшін ойынға қатынасушыларды қажетті 
құрал-жабдықтармен  қамтамасыз  ету  маңызды.  Бұл  тапсырмалар  жазылған  карточкалар, 
сюжетті  суреттер,  жинақтар,  тағы  басқа  сол  сияқты  болуы  мүмкін.  Ойынды  ұйымдастыру 
формасына, оның түріне байланысты болу керек. 
Ойынның құралдарына қойылатын талаптар ойынның мақсаты, мазмұны және формасы 
арқылы  анықталады.  Бұл  жағдайда  ойынға  қатысты  әрбір  зат  (ойыншықтар,  материалдар, 
т.с.с.) оқушыларға жақсы таныс болуы керек. 
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу падагогикалық тұрғыдан бірқатар 
шарттарға байланысты: 
1. Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі. 
2. Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі. 
3. Ойынға қатынасушылардың белсенді шығармашылық позициясы. 
4. Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы. 
5. Ойынның эмоционалды болуы. 
Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар қойылады: 
1.  Ойынның  мақсаты  және  керекті  кӛрнекті  құралдары  мен  материалдар  күні  бұрын 
дайындалып отыруы тиіс; 
2.  Ойынға  кірісер  алдында,  оның    жүргізілу  тәртібі  оқушыларға  әбден  түсінідірілуі 
қажет; 
3. Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек; 
4. Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне желеу керек
5.  Ойын  үстінде  оқушының  ӛз  пікірін  еркін  білдіруге,  достарымен  санасып  отыруға 
баулу қажет; 
6. Бірлесіп әрекет жасауға, ұйымшылдыққа жұмылдырып отыру керек. 
Қорыта келгенде, қолайсыз  жағдайларды болдырмас үшін ата-аналар ӛз балаларына кӛп 
кӛңіл  болу  керек,  ойын  арқылы  адамгершілік  тәрбиесіне  жас  ерекшеліктерін  есепке  ала 
отырып талап қою міндеті тұр. Бұл әрине, әр ата-ананың борышы, одан қалды мұғалім, 
тәрбиеші,  ересектердің  міндеті,  ол  үшін  мәдениеттілікті,  еңбек  этикасын,  тактиканы 
(әдептілікті)  мұғалім,  тәрбиеші,  ересектердің  ӛздерінен  сұрау  қажет.  Содан  кейін  барып, 
баладан талап ету жӛн. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050 
-  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Жолдауы  //  Егемен  Қазақстан  жалпыұлттық 
республикалық газеті. 17 қаңтар 2014 жыл. №25 (28444). 
2. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы // Егемен Қазақстан. – 2007, 15 тамыз. 
- 5-8 б. 
3.  А. Кӛбесов. Әл-Фараби. –Алматы:Білім,2006.-241 б. 3-басылым. 


115 
 
4.  Ы. Алтынсарин. Шығармалар жинағы 3 томдық.  1-том. –Алматы:РБК, 2005.-287 б. 4-
басылым. 
5.  Ы.Алтынсарин . Шығармалар жинағы 3 томдық.  2-том. –Алматы, 2006. -302 б. 
6.  В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. –Алматы: РБК, 2006,-193 б. 
7.  Е.А.  Покровский.  Русские  детские  подвижные  игры.  –М.:  Союз,  2005,  -147  с.  3-
издание. 
8.  Е.А.  Аркин.  Педагогические  основы  игровой  деятельности.  –М.:  Просвещение, 
2001. -178 с. 
 
Аннотация 
Мақалада  ойын  процесіндегі  баланың  мүмкіндіктері  және  адамгершілік  тәрбиесінің 
ерекшеліктері  қарастырылады.  Балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеуде  рӛлдік  ойындардың 
педагогикалық тиімді шарттары сипатталады. 
Аннотация 
В  статье  рассматриваются  возможности  и  особенности  реализации  нравственного  воспитания 
детей  в  процессе  игры.Описываются  педагогические  условия  эффективного  использования  ролевой 
игры в процессе нравственного воспитания детей. 
Annotation 
In the article possibilities and features of realization of moral education of children are examined  in 
the process of game. The pedagogical terms of the effective use of role play are described in the process of 
moral education of children. 
 
 
ӘОЖ  37:39  
       Т 89  
 
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЕРДI КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЯРЛАУ 
МҤМКІНДІКТЕРІ 
  
Турдалиева А.Ш. 
Тараз мемлекеттік педагогкалық институты, Тараз қ. 
 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы  -  2050:  Бір 
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында халқымыздың рухани 
жаңару  үдерісінің  егемендікпен  келген  рухани  бостандық,  ұлттық  дүниетаным  мен 
тарихтағы дербес танымдардың қалыптасуы нәтижесінде болғанын атайды. 
Бүгінде  білім  –  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық,  интеллектуалдық  және  рухани 
дамуының стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауыпсіздігінің 
кепілі. Сондықтан қазіргі білім беруді дамытудағы басты мақсат – әлемдік білім беру кеңістігіне 
ықпалдастырылған  және  жеке  тұлға  мен  қоғамның  қажеттіліктерін  қанағаттандыратын  кӛп 
деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру. 
Білім  сапасы  –  мұғалімдер  қызметінің  сапасы.  Оқушыларға  нені  үйрету  керек  екенін 
мемлекеттік стандарттар, бағдарламалар  белгілейді. Ал, «қалай оқыту керек?» деген  сауалға 
жауапты  тек  мұғалімнің  кәсіби  даярлығынан,  ӛз  ісін  жоспарлай,  ӛзінің  нақты  мақсаттарын 
болжап, кӛре алуын, баланың әрекетін ұйымдастыра білетін шеберлігінен іздеу керек [1]. 
Әлеуметтік  педагог-кәсіби  дағдыларға,  педагогикалық  қабілетке  және  жаңаны  танып 
білуге ұмтылатын қабілеттерді меңгерген рухани бай, шығармашылық тұлға. 
Әлеуметтік  педагог  кәсіби  іс-әрекеті  педагогикалық  шынайылықтың  нақтылы  бір 
саласымен байланысты. Әлеуметтік педагогтың идеялық- адамгершілік кӛзқарасы белгілі бір 
кәсіби қасиеттерді талап ететін тәрбие жұмысының әдістемесінде кӛрініс табады. 
М.А. Галагузова, Ю.Н. Галагузова, Б.П. Дъяконов, Е.Я. Тищенко, Г.Н. Штинова секілді 
ғалымдар  жалпы  білім  беретін  мекемелер  шеңберінде  әлеуметтік  педагог  балаларды 


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау