Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 2,95 Mb.
Pdf просмотр
бет52/95
Дата20.11.2018
өлшемі2,95 Mb.
#22200
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   95

108 
 
ӘОЖ: 37.034                                                        
 
ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНЫП ОҚУШЫЛАРДЫ 
АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ 
 
Сарыбекова Қ.Н., Нҥсіпжанова Т.М. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
XXI  ғасыр  білімі  мен  тәрбиесі  бізден  тез  ӛзгеретін  әлем  жағдайына  бейімделуге 
мүмкіндік  беретін,  кәсіби  қызметте  ӛзін  шығармашылық  тұрғыда  жүзеге  асыратын  тиімді 
ӛзгерістерді талап етеді.  
Н.Ә.  Назарбаев  «білім  мен  ғылымды  ӛз  дәрежесінде  меңгерген  елдер  ғана  әлемдік 
дамудың  алдында  болады.  Ендеше  біз  халыққа  білім  беру  және  ғылымды  дамыту,  оларды 
реформалау  ісін  қарқынды  жолға  қоюымыз  керек»  деп  міндеттейді.  Сонымен  қатар  
Отанымыздың Мәңгілік Елге – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманына 
жетуді  кӛздеді.  Ол  арман  –  әлем  елдерімен  терезесі  тең  қатынас  құрып,  әлем  картасынан 
ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні 
түзу  ұшқан,  ұрпағы  ертеңіне  сеніммен  қарайтын  бақытты  Ел  болу  еді.  Біз  армандарды 
ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық» деп кӛрсетті. Осы Мәңгілік Елдің 
әлемдегі мемлекеттермен терезесі тең болуы үшін оқу мен білімнің іргетасы мықты қалануы 
керек [1,6 б.].  
Қазақстан  Республикасының  "Білім  беру  туралы"  Заңының  8-бабында  былай  деп 
кӛрсетілген:  "Жеке  адамның  шығармашылық,  рухани  және  дене  мүмкіндіктерін  дамыту, 
адамгершілік  пен  салауатты  ӛмір  салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру,  жеке  басының 
дамуы үшін жағдай арқылы интеллектін байыту..." және  62-бабында  "Бала тәрбиелеуші  ата-
аналар  ӛздерінің  қабілеттері  мен  қаржының  мүмкіндіктерінің  шегінде  оның  дене, 
психологиялық,  адамгершілік  және  рухани  жағынан  дамуына  қажетті  ӛмір  сүру 
жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады" деп айтылған [2,2б.].  
Қазақстан Республикасы - бай тарихи дәстүрлері бар тәуелсіз мемлекет. Қазіргі кезеңде 
Қазақстан үшін азаматтар бойындағы ӛзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, 
дербестікті  және  таңдау  мен  шешім  қабылдау  жағдайындағы  жауапкершілікке  баулу, 
қоғамдағы  тиімділікті  арттыруға  әсер  ететін  білім,  білік,  дағдыларды  ұлттық  мәдениет 
аясында қалыптастыру мәселесі тұр. Білім беру жүйесі арқылы ғана оқыту мен тәрбиелеудегі 
жеке  тұлғаға  бағытталған  жұмыс  нәтижесінде  оқушылардың  белсенді  ӛмірлік  ұстанымын 
қалыптастыруға,  олардың  әлеуметтік  міндеттерінің  және  ӛз  бетінше  жұмыс  жасау 
дағдыларын кӛтеруге болады. 
 XXI  ғасырға  енді  аяқ  басқан  жаңа  жағдайдағы  қоғамда  Қазақстан  Республикасы  ӛзінің 
тәуелсіздігін  жариялап,  ӛркениетке    бағыт  алған  кезде  болашақ  жас  ұрпақты  мәдениетті, 
білімді,  рухани  интеллектуалдылығы  жағынан  жоғары  етіп  тәрбиелеудің  мазмұнын  түбегейлі 
жаңарту  кӛзделуде.  Осы  айтылғандардың  ішінде  қазіргі  мектептің  алдындағы  ең  маңызды 
міндеттерінің бірі - адамгершілік тәрбиесі. Адамгершілік тәрбиесі қай заманда болсын 
адамзат  алдындағы  ізгі  қасиеттердің  бірі  болып  табылады.  Бұл  жағдай  ӛзінің  ісін,  ӛмірін 
жалғастыратын  ұрпағын  салауатты,  саналы  адамгершілікке,  имандылыққа,  қайырымдылыққа 
тәрбиелеуді  қазіргі қоғамда ӛте маңызды, әрі  қажетті  шешуді  күттірмейтін  мәселе  болып 
отыр.  Себебі  адамгершілік  тәрбиесі  ӛзінің  педагогикалық,  психологиялық  мәнділігімен 
ерекшеленеді.  Оны  қазақ  педагогикалық  энциклопедия сӛздігінде адамгершілік тәрбиесі 
ұғымына  берілген  сипаттамадан  кӛруге  болады.  Атап  айтқанда,  адамгершілік  тәрбиесі  - 
болашақ жас ұрпақты белгілі бір мақсатқа негізделген кӛзқарасты, сенімді, парасатты мінез-
құлық  дағдылары  мен  әдеттерді  қалыптастыруға  және  адамгершілік  сезімді,  ұлттық 
сананы, қарым-қатынасты дамытуға, жалпы адамзаттық  құндылықты тиімді пайдалануға 
бағытталган жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бір бӛлігі.  


109 
 
Ал қазіргі нарық билеген мына заманда жоғарыда кӛрсетілген адамгершілік қасиеттердің 
қоғамда кӛрініс  алмауы, керісінше,  қоғамға  жат  теріс  мінездердің  кӛптеген белең ала 
бастағанына біздер куә болып отырмыз.  Алайда, қазіргі орын алып отырған келеңсіз 
жағдайлар  (тұрмыстық  қайшылықтар,  күн  сайын  туындап  отырған  қымбатшылық, 
жұмыссыздық,  нашақорлық  т.б.  оқушыларға  ықпал  етпей  тұрмайды,  алайда,  осындай 
жағдайлар  жат  қылықтардың  (адамға  деген  қатыгездік,  мейірімсіздік,  зұлымдық, 
күншілдік,  құбылмалы  мінезділік,  ӛзіне-ӛзі  сын  мінезбенқарамаушылық  т.б.) 
балалардың  бойында  қалыптасуына  себеп  болып  отыр.  Сондықтан  бүгінгі  танда  білімнің 
Мемлекеттік  стандартына  сәйкес  Республика  мектептерінде  білім  беру  мен  тәрбиенің 
мазмұнын  түбегейлі  жаңарту  керек.  Осыған  орай  қазіргі  мектептегі  білім  беру 
жүйесіндегі  тәрбиенің  мақсаты  оқушыларды  рухани  бай,  саналы,  жан-жақты 
мәдениетті,  ілтипатты  болуға,  еңбекқорлыққа  икемді  және бәсекелестікке  бейім тұлғаны 
тәрбиелеп қалыптастыру ӛзекті мәселеге айналып отыр. 
Адамгершілік  тәрбиені  беретіндер  мұғалімдер  болғандықтан  бүгінгі  қоғамның 
сұранысына сай олардың бойында адамның ең ізгі қасиеттерінің болуын қалыптастыру - 
бүгінгі  мектептің  міндеті.  Мұндай  жағдайда  адамгершілік  тәрбиесінің  тиімділігін  арттыру 
мақсатында,  әсіресе  бастауыш  сынып  оқушыларының  жас  ерекшелігіне  сәйкес,  баланың 
тұлғалық дамуына бағытталған негізгі  іс-әрекеттің бірі — ойын. Әлбетте адамгершілік тәрбиесі 
адамның барлық іс-әрекетіне (оқу-танымдық, еңбек, спорттық, шығармашылық және т.б.), 
оның ішінде әсіресе ойын әрекетімен байланысты болады. Осы талапқа орай, мектепке дейінгі 
қоғамдық  тәрбие  орындары  және  мектеп  жас  ұрпақты  адамгершілікке  ойын  арқылы 
тәрбиелеуді, олардың кішкентай кезінен бастап-ақ ғылыми негізде іске асырып отыруға 
тиісті. 
Тәуелсіз  еліміздің  білім  беру  жүйесінде  болып  жатқан  оң  ӛзгерістер  қоғамның  жас 
ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің 
тиімділігін арттыру бағытында барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің 
осындай  сирек  қолданылатын  құралдарының  бірі  –  ойын.  Бастауыш  сынып  оқушыларын 
мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті  – ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп 
ойын  әрекетінен  оқу  әрекетін  орындауға  бейімделуі  тиіс.  Ол  сабақ  барысында 
пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады.  
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, 
тәрбиенің  негізін  қалыптастыратын  да  –  ойын  әрекеті  болып  саналады.  Ойынның  мақсаты 
бағдарламада  анықталған  білім,  білік,  дағдылар  жайлы  түсінік  беру,  оларды  қалыптастыру, 
тиянақтау  және  пысықтау  немесе  тексеру  сипатында  болып  келеді.  Ойынның  міндеті 
баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты 
мазмұнмен анықталады.  
Оқытудың  түпкі  мақсаты  –  оның  сапалы,  яғни  сабақтың  түрлері  мен  әдістерін, 
мазмұнын  жетілдіруге  әдіскерлік,  танымдық,  білімдік,  тәрбиелік  жағынан  сапалық  жаңа 
деңгейге  кӛтеру.  Оқытудың  тәрбиелік  қызметі  мен  практикалық  бағытын  күшейту  де  осы 
міндеттерден  туындайды.  Сабақта  ойын  түрін  пайдалану  –  сабақтың  әдістерін  жетілдіру 
жолындағы  ізденістердің  маңызды  бір  буыны.  Ойын  балалардың    негізгі  іс  әрекеті  ретінде 
психологиялық,  анатомиялық-физиологиялық,  педагогикалық  маңызы  зор  қызметтер 
атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным кӛзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге 
ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам 
ойнап ӛседі, ойынды кӛп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз 
сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. 
Ойынды  -  қайталау  сабақтарында  пайдалану  тиімді.  Ойын    материалдары  сабақтың 
тақырыбымен,  мазмұнына  неғұрлым  сәйкес  алынса,  оның  танымдық,  тәрбиелік  маңызы  да 
арта  түседі.  Оны  тиімді  пайдалану  сабақтың  әсерлілігін,  тартымдылығын  күшейтеді, 
оқушылардың  сабаққа  ынтасы  мен  қызығушылығын  арттырады.  Дидактикалық  ойындар 
барлық  сыныптарда  қолданылады.  Әсіресе,  алты  жастан  бастап  оқытудың  ойын  әдістеріне 
кӛп  кӛңіл  бӛліну  керек.  Демек,  ойын  деген  аты  ғана,  ал,  шынында,  ол  сабақтың,  еңбектің 


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау