110
жиынтығы. Ойын түрлерінен тәрбиенің түп мақсатын табуға болады. Ойын барысында
балалар бірін-бірі сыйлауды, үлкендерді құрметтеуді, мектеп мүлкін, табиғатты қадырлеуді
үйретеді. Барлық пән сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдалану оқушылардың
білім, іскерлік, дағды сапасына тиімді әсер етеді.
Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырудығы маңызды құралы. Мектеп
табалдырығын алғаш аттаған бастауыш сынып оқушылары үшін дидактикалық ойындардың
танымдық маңызы зор. Сонымен қатар ойын-сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең
қызықтысы.Ойынның қай түрі болса да, оқушыларды ӛзіне тартып әкететіні белгілі.
Оқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда
сабақта қолданылатын ойын элементтерінің рӛлі зор. Ойын элементтерін пайдаланудың
оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігі бар. Сабақта ойын элементтерін қолдану
оқушылардың жоғары кӛңіл-күйін туғызады. Ал мұның ӛзі оқушының белсенділігін, дербес
ойлануын, қызығуын арттырып, сабақты қабылдауға, барынша қолайлы ықпалын тигізеді.
Ойынның қандай түрі болса да жалқау, енжар балалардың ынтасын арттырып, білімге деген
қызығушылығын арттырады.
Балалар ойыны – олардың ӛмірінің мәні. Ойын балалардың дамуына зор ықпал етеді.
Балалардың әлеуметтік қалыптасуына, оның қоршаған ортамен қарым- қатынасына
ойынның алатын орны ерекше. Сондықтан да ойынды балалардың жан-жақты дамуына оң
әсері тиетіндей етіп ұйымдастыра білу қажет. Әр халықта балалар ойынына зор кӛңіл бӛлініп
отырған. Оған қазақ халқындағы кӛптеген балалар ойыны мысал бола алады. Атап айтсақ,
санамақ, асық, т.с.с.
Ӛндірістік қатынастар дамыған заманда, балаларды тәрбиелеу жүйесін ары қарай
дамыта түсу педагогтардың міндеті. Мектеп жасындағы балалар ӛздері қандайда бір
деңгейге куә болған, адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды ӛздерінше қабылдауға
қабілеттене бастайды. Ойын баланың эмоциясының және ынта жігерін қалыптастырады,
оның ақыл ойын дамытып, жеке тұлға ретінде ӛсе түсуіне оң ықпал жасайды. Ойын
ережелерінің баланың мектепке дайындық процесінде алатын орыны ерекше. Ол тәртіп пен
жауапкершілікке, кӛңіл бӛлуді үйреніп, ӛзін қоршаған ортамен санасуға қалыптаса
бастайды.
Баланың мектепке дайындығы мұғалімнің балалар ойынының қалай ұйымдастыра және
бағыттай алатындығына тікелей байланысты. Баланың жеке басының дамуы үлкендермен
қарым қатынастар арқылы ғана қалыптаспайды, оның қалыптасуына балалардың ӛара
қарым қатынастары да үлкен ықпал етеді. Ӛз қатарластарымен қауышу қажеттігі бірлесіп
ойнау барысында және ойын жӛнінде туындайды. Ӛзара қарым қатынас барысында және
ойын бала ӛзі меңгерген басқа адамдармен қауышу тәртіптерін әр түрлі жағдайларға
ыңғайлайды. Бірлесіп ойнау барысында бала басқаларды ұғына білу, басқаларға
кешірімділікпен қарау қажеттілігінен ұғына бастайды. Олай болмаған жағдайда ӛзі
ұтылатындағын сезеді. Балалар арасындағы ойын барасындағы қатынас шын мәнінде
әлеуметтек қатынастар мектеп ретінде ролін ойнайды. Ӛзін қоршағандарға міндеттілік бұл-
бала ӛзінің қоғамдағы орнына сәйкес орындауға міндеттілік деп ұғынады.
Ойын барысында бала басқалардан тәуелділікке түсуі мүмкін. Ойын ӛмірлік қарым-
қатынастар мектебі деп аталуы тегін емес. Ойын қызығына енген бала ойын барысында ӛзіне
тиісті ролге қатты еніп, басқа жағдайда орындауы қиын және ӛзіне тартымды емес іс-
қимылдарды орындайды. Мысалы, мұғалімді бейнелеген бала ӛзі ұнатпайтын бір әріпті
қайталап жаза беруді бар ынтасымен орындайды.
Ойында кӛшбасшы (лидер) ретінде топта ӛзінің белсенділігімен, сыйымен басқалармен
келісуге келе алушылығымен, басқалардың мүддесін есепке алушылығымен мүмкін болған
түсінбеушілікті шеше бүлушілігімен кӛзге түскен бала танылады. Бұл нағыз кӛшбасшы.
Бала тәрбиесінде ерекше пегагогикалық қырағылық керек.
Қозғалыс түріндегі ойындарды ұйымдастырғанда балалардың мораль жағынан әлі де
нәзік екенін ұмытпау керек. Сондай – ақ ойын бала танымын дамытатын басты құрал.
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әль Фараби ӛзінің ―Бақыт жолында‖ атты
111
философиялық шығармасында адамның танымын дамыту арқалы ғана оны бақыт жолына
жетелеуге болатындығына тоқталса [3,105 б], ұлы Абай ӛзінің 43 қара сӛзінде баланың
танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса, оның ӛзі із-түссіз жоғалып кететінің айтады
[3,300 б]. Ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин ӛзінің кӛптеген еңбектерінде таным әрекетінің
негізі – оқу, білім деп тұжырымдайыды [4,44 б.].
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің,
тәрбиенің негізін қалыптастыратын да – ойын әрекеті болып саналады. Қай ғалымды
алмайық ӛзерінің ойын туралы еңбектерінде: ‖Ойын баланың жетекші әрекеті‖ деген
сипаттама береді, ӛйткені ойын баланы ақыл ой жағынан да, дене жағынан да, алға жетелеп,
дамытады, баланың ойын ӛрбітіп, бойын ӛсіреді [5.58-б].
Орыс педагогы В.А. Сухомлинский: ―Ойын баланың алдынан ӛмір есігін ашып, оның
шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл ойдың қалыптасуы мүмкін емес,‖ - десе
[6.23б], ғалым Е.А. Покровский ӛзінің балалардың ойынына арнаған еңбегінде әрбір
халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді [7.98 б]. Мысалы: ежелгі гректерде
―Ойын‖ түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында қуаныш
шаттық сезімдерін сипаттайды – деп, барлық халықтың ойын түсінігінің түп - тамырының
сабақтасып жатқандығы туралы тұжырым жасайды [8.69б].
Ойын – таным процесін дамытудың негізі болғандықтан әрбір мұғалім оқыту мен
тәрбие берудің мазмұның үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыру керек. Сабақта
ойын элементтерін қолдану немесе толықтай ойын түрінде ӛткізу мұғалімнен аса біліктілік
пен шеберлікті, шығармашылық ізденісті қажет етеді. Сондықтан олардан оқу
мазмұнындағы ойындарға үлкен жауапкершілікпен және сақтықпен қарау талап етіледі.
Ойын мазмұнындағы сабақты жоспарлағанда кӛзделетін мақсат тәрбиеленушінің жас және
психологиялық ерекшеліктеріне сай құрылып, оларды шығармашылыққа жетелей алу керек.
Ұстаз ойынға тек қана балаларды қызықтырып, уақыт ӛткізудің құралы деп қарамай,
балаға берілетін танымның, білім мен тәрбиенің құнды негізі дап қараса үлкен жетістіктерге
қол жеткізіп, мақсатына жете алады.
Ӛйткені, ойын арқылы ғана дамыған бала алғаш мектеп есігін ашқан да білімді,
қоғамдық тәжірибе тез меңгеріп, ӛзінің психологиясын жан-жақты жетілдіріп, мінез құлқын,
ерік жігерін, қабілетін дамытып дүние танымын кеңейтіп, оқудың мазмұнына
қызығушылықпен қарайды. Бұдан шығаратын қорытынды мақсаты дұрыс таңдалынып,
сауатты түрде ұйымдастырылған ойын ғана бала танымының дамуына, дұрыс тәрбие алуына
жағдай жасайды. Сабақта ойынды дұрыс қолдану үшін ұстазға ойындардың мазмұны мен
ӛткізілу әдістемесін жете білу, әрбір тақырыпқа байланысты оқу жылының басында оқу
жоспарына енгізу, ойынның тәрбиелік және танымдық мақсатын аша білу, ойын арқылы
баланың танымына әсер етіп, даму барысына үнемі зерттеу жүргізу талаптары қойылады.
Жеке тұлға - тірі организм ретінде тану және білу субъекті, дүниені қайта жасаушы. Ал
диалектикалық материализм тұрғысынан "адам сол қоғамдық барлық қарым-қатынастың
жиынтығы" деп үйретіледі. Жеке тұлға туралы ұғым, оның ерекшеліктеріне тән жеке
қасиеттері арқылы сипатталады. Адамның жас ерекшеліктері деп отырғанымыз - психикалық
құрылысы, мінезі, интеллекті. Жеке адамның психологиялық ерекшеліктеріне жататындар:
мінез, темперамент, қабілет, сезім, сондай-ақ психологиялық процестердің ерекшеліктері.
Отбасы, жағдайында жақындарымен қарым-қатынаста, оқу-тәрбие процесінде, тікелей
ӛмір тәрбиесінде ненің жақсы, ненің жаман екенін байқайды, жақсы мен жаманға үлкендер
тарапынан берілген бағаны меңгереді. Психология ғылымында баланың айналадағы
болмысты ойыншықтар арқылы түсінуі мектепке дейінгі жаста қалыптасады. Бірақ бұл
ӛзгерістердің бәрі ӛзінен ӛзі немесе нерв жүйелерінің туа біткен заңдылық күші
арқылы емес, мақсат кӛздеп ұйымдастырылған оқу-тәрбие және ойын барысында іске
асады. Оқытушы ӛмірдегі барлық материалдық және рухани байлық ойыншықтарды
үлкен адамдардың еңбегімен жасалғанын, оны ӛздері күнделікті ӛмірде
пайдаланып жүргендерін нақты мысалдар келтіріп түсіндіреді .
Достарыңызбен бөлісу: |