Управления при президенте республики казахстан



жүктеу 2,07 Mb.
Pdf просмотр
бет8/16
Дата20.11.2018
өлшемі2,07 Mb.
#21936
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Жағдай

Талдау 

Бір көзі толықтай көрмейтін, мүмкіндіктері шектеулі 

мемлекеттік қызметші.  

Ол бұрын өз қызметінде әріптестермен сөйлесу кезінде 

проблемалармен кезікпеген. Қиындықтар тек үнемі 

біржақты қарым-қатынас танытатын, негізсіз талапшыл 

болған өзінің жетекшілік ететін басшысымен болған.  

Мұндай қарым-қатынастар нәтижесінде қызметкер 

депрессиялық жағдайға түсіп, өз еркімен жұмыстан шығу 

үшін өтініш жазуға дайын болған. 

Дегенмен әріптестерінің кеңесі бойынша, ол тәртіптік 

комиссияға осы жағдайды қарастыру және басшысының 

әдепсіз қылығына тез арада көңіл бөлу бойынша 

шағыммен өтініш жасауды шешеді. 

Аталған жағдай моббингтің классикалық үлгісі болып 

табылады. Моббинг – адамды жұмысын ауыстыруға 

мәжбүрлеу мақсатында қызметкерге қатысты жүйелі 

психологиялық кемсіту және адамның құқығын таптау, 

ұжымды немесе оның бір бөлігін (басшылық, 

бағыныштылар, немесе әріптестер) қарсы қою.

Моббинг кез келген ұйымда көбіне, тұрақты және жиі 

негізсіз сын түрінде, қызметкер туралы оның кәсіби 

құзыреттілігі мен беделін түсіретін, жалған ақпарат 

(қауесеттер мен өсектер) тарату арқылы көрінеді.  

Дұрыс микроклимат құру, функционалдық міндеттерді 

сапалы орындау, ұжымдағы нәтижелілікті арттыру үшін 

ең бірінші адам құқықтарын, оның физикалық жағдайына 

қарамай, сақтау және құрметтеу қажет. 

33

Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары




2.4 Заңға деген құрмет 

Мемлекеттік қызмет қызметкерлерінің 

адамгершілігінің маңызды қағидаты заңдылық, 

тек қызметтік міндет қана емес, сондай-ақ 

моральдық міндетті сақтау қағидаты болып 

табылады. 

Мемлекеттік қызметшілердің қызметінде заңға 

деген құрметті әдетке айналдыру қажет, ал 

заңдылықтың өзі жоғары мәдени құндылық 

ретінде қабылдануы тиіс. Заң бойынша өмір сүру 

құқықтық мемлекетте жетістікке қол жеткізуді 

көздейтін барлық адамдар үшін норма болуы 

керек. 

Мемлекеттік қызметшілердің ой-санасы мен 



күнделікті өмірінде еркін демократиялық елде 

әр азаматтың құқықтары мен еркіндігі өздерінің 

жұмысында заңдылық қағидатын қолданған 

кезде ғана толықтай іске асырылатынын бекіту.

34

Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары




2.5 Қызмет көрсетуде кемелділікке талпыну 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын 

жаңғырту процесінде көрсетілетін қызметті 

беруші мен көрсетілетін қызметті алушының 

арасында, негізіне клиентке бағдарлану қағидаты 

кірген өзара қарым-қатынастардың жаңа 

форматына өту жүзеге асырылды. 

Мемлекеттік қызметшілер қызмет көрсетудің ең 

жоғарғы стандарттарына сәйкес келу үшін 

тырысуы, қызметтерді кәсіби түрде көрсетуге, әр 

көрсетілетін қызметті алушыға жеке тәсіл 

пайдалануы тиіс. 

Біз үшін әр азамат өзін сенімді әрі нық сезінуі 

маңызды. 

Сәйкесінше, бізге мынадай талаптарды сақтау 

қажет:


Тиімділіктің ең жоғарғы стандарттарына қол 

жеткізуге ұмтылу.

Жаңа білік-дағдылардың қажеттілігін мойындай 



біліп, оларды тәжірибеде тиімді қолдану білу.

Жоғары әдеп стандарттарын ұстану.



Халықтың мемлекеттік қызметтер көрсету 

сапасына қанағаттануының жоғары деңгейін 

қамтамасыз ету. 

Біз көрсетілген мемлекеттік қызметтер сапасын 



бағалай отырып, азамат мемлекеттік органның 

жалпы жұмысының сапасына баға беретінін 

ескеруіміз керек. 

35

Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары




2.6 Міндеттерді парасатты орындау 

Мемлекеттік қызметші қызметтік 

өкілеттіліктерді орындау барысында үнемі өзіне 

мынадай сұрақтарды қоюы керек: Мен өз 

әріптестеріме және азаматтарға әділетті әрі 

адал қарым-қатынас жасаймын ба? Мен әдептік 

құқық бұзушылықтарға төзбеушілік және 

парасаттылық қағидаттарын қаншалықты 

сақтаймын? Мен қоғамның биік сенімін ақтау 

үшін қандай болуым керек? 

Мемлекеттік қызметші азаматтардың 

мүдделерін бәрінен жоғары қоюы керек және 

жүктелген міндеттемелерді адал орындауды өз 

міндеті деп санауы тиіс. 

Мемлекеттік қызметші өз міндеттемелерін ар-

ұятпен орындауы үшін:

өз міндеттемелерін орындау кезінде 



заңдарды, қағидалар мен рәсімдерді сақтауы;

мүдделер қайшылығына әкеп соғатын 



жағдайларды болдырмау үшін өз міндеттерін 

адал және тура орындауы керек. Мүдделер 

қайшылығы туындаған жағдайда ол оңтайлы 

шешім қабылдау үшін өз басшысына 

хабарлауы; 

лауазымдық өкілеттіліктерін орындағаны үшін 



ақшалай, ойын-сауық немесе қандай да бір 

қызметтер түрінде сыйлық қабылдамауы; 

қызметке тағайындау және жұмысы бойынша 



ілгерілету барысында меритократия 

қағидатын сақтауы; 

36

Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары




заңмен тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық 

жауапкершілік қарастырылған қылықтар мен 

өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол 

бермеуі;

қызметтік тәртіпті сақтауы, өзінің қызметтік 



міндеттерін адал (парасаттылықпен), тура және 

сапалы орындауы, жұмыс уақытын ұтымды әрі 

тиімді пайдалануы; 

мемлекеттік функцияларды орындауға қатысы 



жоқ қызметті жүзеге асырмауы тиіс.

2.8 Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға 

сәйкес мемлекеттік қызметшілер өздерінің 

қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе 

тиісті деңгейде орындамағаны үшін Қазақстан 

Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-

құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық 

жауапкершілікке тартылады. 

37

Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары




жүктеу 2,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау