- Тақырыбы:
- Арифметикалық есептер.
Мақсаты: - 1. Есептің мазмұнын түсініп, өзіндік талдау жасау арқылы, шығаруға үйрету.
- 2. Математика пәнінің өмірге қажеттілігін түсіндіру арқылы, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
- 3. Төзімділікке, шыдамдылыққа, сабырлылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
- Көрнекілігі: интерактивті тақта, стикерлер.
-
- Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
- * сәлемдесу
- * кезекшімен сұхбат
- * оқу құралдарын түгендеу
- * сабақ барысымен таныстыру
- Үй тапсырмасын тексеру:
- * есептерін дәптерлерінен тексеру
- Оқушыларды сабаққа тарту:
- - күнделікті өмірде қандай сұраққа ешқашан жауап бере алмайсың?
- - егер сағат түнгі 12-де жаңбыр жауып тұрса, онда 72 сағаттан соң күн шығуы мүмкін бе?
- - барлығы уақыт өлшемдері бола тұра ғасыр, жыл мен сағаттан табылмай, минут пен секундтан табылатын не нәрсе?
- - екі адам кетіп бара жатып, 2 шеге тауып алды. Олардың артынан 3 адам кетіп бара жатыр. Олар қанша шеге тауып алды.
- - аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
- Жаңа сабақ
- Арифметика - математиканың алғашқы қадамы, кәусар бұлағы.
- Есепті арифметика амалдарымен шығару - адамның ой-өрісін,
- ойлау, талдау қабілетін дамытады.
- Есептің көбін бірнеше тәсілмен шығаруға болады, тек алгебралық жолмен (теңдеу құрып шығармау керек) емес. Онда ол Арифметика емес!
Мысалы: Қарбыз 4,8 кг, қауын 3 есе жеңіл. 2 қауын мен 1 қарбыз қанша тартады? - Шешуі:
- 1) Қауынның салмағы қандай?
- 2) Екі қауынның салмағы қандай?
- 3) 2қауын мен 1 қарбыздың салмағы қандай?
- 4,8:3=1,6 кг
- 2*1,6=3,2кг
- 3,2+4,8=8 кг
- Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінде неше асық бар?
Шешуі: - 1) Ағасының неше асығы бар?
- 2)Екеуінде неше асық бар?
- 2-есеп:
- Қалам 8 теңге тұрады, кітап одан 4 есе қымбат. 3 қалам мен 1 кітап қанша тұрады?
Шешуі: 1) Кітап қанша тұрады? 2) Үш қалам қанша тұрады? 3) Барлығы қанша тұрады? - 8*4=32 тг
-
- 8*3=24 тг
- 32+24=56тг
3-есеп 6 үштеңгелік, қалғандары бестеңгелік болатын ақшалар сомасы 38 теңге. Ақшалардың нешеуі бестеңгелік? - Шешуі:
- Үштеңгелік неше теңге
- бар?
- Бестеңгеліктен неше
- теңге қалды?
- 3)Бестеңгелік нешеу?
-
- 3*6=18 тг
- 38-18=20тг
- 20:5=4 бестг
- 4- есеп
- Белгілі бір жұмысты орындағаны үшін 5 адам 3600 теңгеден жалақы алды. Осы жұмысты 3 адам орындап шықса неше теңгеден алар еді?
Шешуі: 1) Жұмыс неше теңгеге орындалады? 2)Үш адам істесе, неше теңгеден алар еді? - 3600*5=18000тг
- 18000:3=6000 тг
- 5-есеп
- 12 кг ирис пен 10 кг карамель конфеттері араластырылды. Бір кг ирис 215 теңге тұрады. Ал араласқан конфеттің 1 кг 200 тг, 1 кг карамель қанша тұрады?
- ШешуІ:
- Барлығы неше кг конфет алынды? 12+10=22 кг
- Конфеттің барлығы қанша тұрады? 200*22=4400 тг
- Ириске қанша төлеу керек? 215*12=2580 тг
- Карамельге қанша төлеу керек? 4400-2580=1820
- Бір кг карамель қанша тұрады? 1820:10=182тг
6-есеп 2,4 кг май 600 теңге тұрады. 1000 теңгеге қанша май келеді? - Шешуі:
- 1кг май қанша тұрады? 600:2,4=250 тг
- 1000 теңгеге қанша май келеді? 1000:250=4 кг
- 7-есеп
- 3 кг алма мен 2 кг өрік 96 теңге тұрады. Өріктің килограмы 2 теңгеге арзан. Алма мен өріктің бағалары қандай?
- ШешуІ:
- 3 кг алмаға қанша артық төленді? 2*3=6
- Тек өрікке: 96-6=90тг
- Қанша өрік алуға болады? 3+2=5
- 1 кг өрік: 90:5 =18 тг
- 1 кг алма: 18+2=20 тг
- 8-есеп
- Арыстанның 13 асығы, Алматтың 19 асығы бар. Екеуінде асық бірдей болу үшін Алмат неше асығын беру керек?
- Шешуі:
- Екеуінде бірдей болу үшін, сол 6 асықты екіге бөлу керек. 3 асық берсе, екеуінде 16 асықтан болады.
- 9-есеп
- Айгүлдің Құралайдан 10 дәптері артық. Айгүл Құралайға 4 дәптер берсе, кімнің дәптері және қаншаға көп болар еді?
- Шешуі:
- Айгүлден 4 дәптер алсақ, оның әлі 6 дәптері артық болар еді?
- Енді сол 4 дәптерді Құралайға берсе,дәптері көбейіп, Айгүлдің дәптерінен 2 дәптері ғана кем болады.
- 10-есеп
- Ақша не 10 кг күрішке, не 30 кг картопқа жетеді. Күріштен 7 кг алса, қалған ақшаға қанша картоп түседі?
- Шешуі:
- Неше кг күріш алынбай қалды? 10-7=3 кг
- Әр кг күрішке неше кг картоп алуға болады? 30:10=3 кг
- 3 кг күріштің орнына неше кг картоп алуға болады? 3*3=9 кг
- 5. Қорытындылау:
- Арифметика деген не?
- Арифметикалық есептерді
- қалай шығарамыз?
- 6. Кері байланыс:
- «Екі жұлдыз, бір тілек»
- 7. Үйге: есеп шығару
Достарыңызбен бөлісу: |