Жағдай
Оқиға министрліктердің бірінің басшысы қатысқан
брифингті өткізу уақытында орын алды.
Әңгімелесу барысында залдан жеңіл сыннан тұратын
«өткір» сұрақ қойылды. Басшыға жүгіну формасы
ұнамады. Ол сұраққа БАҚ өкілдерімен сөйлесудегі
субординацияны сақтамай, дөрекі жауап берді.
Журналист министрлік басшылығы тарапының дөрекі
қарсы шығуына ашуланды және басшыдан өзін
сабырлы ұстауды сұрады, оған келесі жауап
қайтарылды «Мен барлығымен осылай сөйлесемін!».
Талдау
Тұжырым
Бұл жағдаяттан байқағанымыздай, мемлекеттік
қызметшінің іс-әрекеті БАҚ өкілінің итермелеуімен
жасалды.
Осы жағдайда мемлекеттік қызметші тарапынан әдеп
нормаларының шеңберінен шықпау және дөрекілік
көрсетілмеу керек еді.
Жария сөз сөйлеу
кезінде және БАҚ-пен
өзара қарым-
қатынаста әрбір
айтқан сөзімізге
жауапты екенімізді
есте сақтауымыз
қажет.
Бізге қызметтік
қолдануға арналған
ақпаратты таратуға
және талқылауға
болмайды.
23
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
1.7 Әлеуметтік желілерді пайдалану
Мемлекеттік қызметші әлеуметтік желіні
қолданған кезде интернет желісінің басқа
қолданушыларымен әңгімелесуде сыпайылылық
танытуы қажет, өз парақшасында құпия немесе
жабық ақпаратты жарияламауы, қазіргі
конституциялық құрылымды өзгертуге,
сепаратизмге немесе егемендіктен бас тартуға
шақыратын қолданушыларды достар тізіміне
қабылдамауы тиіс.
Сұрақ: Жұмыстан тыс уақытта әлеуметтік
желіде өзімнің жұмыс тәжірибем туралы айта және
өзекті проблемалар туралы топтық талқылауларда
пікірімді білдіре аламын ба?
Жауап: Сізге жоғарыда аталғандарды жасауға
тыйым салынбаған, бірақ бұл ретте сіз анық емес
ақпаратты, «қызметтік пайдалану үшін»
санатындағы ақпаратты таратпауыңыз, хат
алмасуларда тұрпайы лексиканы қолданбауыңыз,
мемлекеттік және басқа да тілдерге , сондай-ақ
Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен
қарауыңыз қажет.
24
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
Случай
Талдау
Тұжырым
Орталық атқарушы органдардың бірінің басқарма
басшысы жаңа жылдық мейрамдардан соң интернетке
демалыстағы фотосуреттерін салғаннан кейін, олар
әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады.
Суреттер Жерорта теңізінің оңтүстік жағалауында 5
жұлдызды қонақ үйде жасалған. Атап өтетін жәйт, бұл
қонақ үй бірнеше мәрте Еуропадағы үздік қонақ үй
ретінде танылған және әлемдегі ең қымбат қонақ үй
болып есептеледі.
Кейбір фотосуреттерде мемлекеттік қызметші
алкогольді ішімдіктерді ішу кезінде достарының
ортасында тұр, сондай-ақ ұшақта, бизнес-класта
жасалған, тікұшақпен серуендегі, көптеген
клубтардағы және т.с. фотосуреттер бар.
Бұл жағдайда мемлекеттік қызметшінің іс-әрекеттері
итермелеуші сипатқа ие, себебі интернетке салынған
фотосуреттердің мазмұны әлеуметтік желі
қолданушыларының негативті реакциясын тудырды.
Осы мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік
сипаттағы шараларды қабылдау керек, себебі мұндай
мінез-құлық мемлекеттік қызметшінің өзінің және
мемлекеттік органдардың басқа да қызметкерлерінің
беделін түсіруге қабілетті.
Әлеуметтік желілерді қолдануда бізге әділ, кәсіби, жауапты
болуымыз және жалпыға ортақ моральдық әдеп нормаларын
сақтауымыз қажет.
25
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
1.8 Іскерлік этикетті және ресми мінез-құлық
қағидаларын бұзу
Мемлекеттік қызметте іскерлік этикет және
ресми мінез-құлық қағидалары маңызды рөл
атқарады. Олардың қатаң сақтау біздің іске деген
байыпты қатынасымызды, демек, жоғары
кәсібилікті көрсетеді.
Іскерлік этикет қағидалары барлығына бірдей
және әрбір мемлекеттік қызметші дәрежесіне
қарамай оны білуге міндетті.
Жалпыға ортақ іскерлік этикет қағидалары
мыналардан тұрады: жұмыс уақытын тиімді және
орынды қолдану, дресс-кодты сақтау,
қызметкерлер арасындағы жұмыстағы қарым-
қатынас, іскерлік келіссөздер, тайм
менеджменттің негіздерін меңгеру,
әңгімелесушіге деген құрмет, телефон этикеті.
Іскерлік этикет қағидаларын сақтау
мемлекеттік институттарға деген халықтың сенім
деңгейін арттыруға ықпал етеді.
26
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
Жағдай
Талдау
Тұжырым
Облыс әкімдігінің кезекті аппарат жиналысында
мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін бұзу фактілерінің
өсуіне байланысты сәулет және қала құрылысы
басқармасының басшылығына әкімнің орынбасары ескерту
жасаған болатын.
Тексеру барысында осы бұзушылықтардың және жалпы
жұмыстың тиімсіздігінің себебі осы басқарма
қызметкерлерінің іскерлік этикетті өрескел бұзуы болып
табылатындығы анықталды.
Мәселен, кейбір қызметкерлер өз жұмыс уақытын тиімсіз
пайдаланғаны анықталды, уақыт жеке мәселелерді шешуге
жұмсалған, олардың жұмыс орнында болмауы және үнемі
жұмыстан қалуы айқындалған.
Нақтылы қызметкерлер өз функционалдық міндеттерін
атқару үшін жұмыс уақытының 60 пайызын ғана
пайдаланған.
Келтірілген мысал жалпыға ортақ этикет қағидаларының
мемлекеттік қызметшілермен бұзылғандығын көрсетеді:
жұмыс орнында болмау, үнемі жұмыстан қалу және жеке
мәселелерді шешу.
Аталған бұзушылықтар тәртіптік жауапкершілікке тарту
үшін негіз бола алады.
Біз өз қызметімізде іскерлік этикеттің негізгі қағидаларын
ұстануымыз, жұмыста тәртіптікке бағыныштылықты көрсетуіміз,
киімде іскерлік үлгіні сақтауымыз, жақсы мінез-құлық көрсетуіміз,
әріптестер мен азаматтарға ізгі ниетпен және құрметпен қарауымыз
қажет.
Біз іскерлік этикетті сақтау өз функционалдық міндеттерімізді тиімді
орындауға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің ұнамды бейнесін
қалыптастыруға мүмкіндік туғызатындығын есте сақтауымыз керек.
27
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
Достарыңызбен бөлісу: |