Управления при президенте республики казахстан



жүктеу 2,07 Mb.
Pdf просмотр
бет7/16
Дата20.11.2018
өлшемі2,07 Mb.
#21936
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Мемлекеттік органдардағы әдептілік нормаларының 

сақталуы көбіне басшының беделіне байланысты. 

Басшының беделі ретінде оның өз еңбегімен, кәсіби 

білімімен, парасаттылығымен, адамдармен жұмыс 

істей білуімен иеленген ұжымға деген жеке ықпалын 

түсіну керек.  Басшының ұжымда ізгі ниетті және 

конструктивті жағдай жасай білуі халық пен 

мемлекетке қызмет етуге бағытталған мемлекеттік 

қызметшілердің табысты өзара іс-қимылының негізі 

болып табылады.  

Басшының өз бағыныштылары арасында әдеп 

қағидаларын сақтау жөніндегі түсіндіру жұмыстарын 

жүргізуі және жеке мінез-құлығы арқылы 

парасаттылықтың, әділдіктің және бейтараптықтың 

үлгісін көрсетуі маңызды. 

Жоғары этикалық стандарттар ұйымның 

мақсаттарына жету жолындағы оның табысты 

қызметіне ықпал ететін ұжымдағы  қарым-

қатынастардың реттеушісі рөлін атқарады. 

Бағынышты қызметкерлермен өзара іс-қимыл 

жасауда басшы келесі қағидаларды ұстануы тиіс: 

қызметкерлерге қызығушылық таныту, оларға 

ілтипатпен қарау; 

нұсқауларды дұрыс бере білу; 



бастамашылдықты және іске деген шығармашылық 

тәсілді қолдау; 

іскерлік этикет қағидаларын сақтау; 



ұжымдағы әдептік бұзушылықтардың алдын алу 

бойынша шаралар қабылдау. 

2-БӨЛІМ – ПАРАСАТТЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

2.1  Басшы әдебі

28

Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары




Мысалы 

Жергілікті атқарушы органдардың басшыларының бірі 

атқарып отырған лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына 

байланысты босатылды.  

Жұмыс істеген уақытында ол өзін бағынышты 

қызметкерлермен қарым-қатынасы қиын, әріптестердің 

көзінше нормативті емес лексиканы қолданатын, маңызды 

мәселелерді шешуде ағат пікірлер көрсететін басшы ретінде 

ұсынды.  

Мұндай практика ұжымның моральдық-психологиялық 

микроклиматына және жұмыс нәтижелеріне теріс әсер етті. 

Бұған ол басқарып отырған мемлекеттік органдағы әдеп 

және әкімшілік құқықбұзушылықтар санының өсуі дәлел 

болып табылады. 

Өткізілген конкурстық рәсімдердің нәтижесінде басшының 

бос орнына жаңа басшы тағайындалған болатын. Көпшілік 

арасында бұл тағайындау таңданыс пен оның кәсібилігіне 

қатысты кейбір сенімсіздікті тудырды. 

Дегенмен жұмыс істеген уақытында жаңа басшы өзін 

мемлекеттік орган қызметінің перспективалары, 

проблемалары туралы нақты түсінігі бар адам ретінде 

көрсетті, өзін парасатты, жауапты және өз ісіне берілген 

маман ретінде ұсынды.  

Ұжым бағынышты қызметкерлердің жұмысын ұтымды 

үйлестіретін және табысты өзара іс-қимыл үшін жағымды 

жағдай жасай алатын басшымен жұмыс істегеніне разы 

болды. 

Есеп жылы аяқталғаннан кейін осы мемлекеттік орган алға 

қойылған міндеттерді табысты жүзеге асырғаны және 

тәртіптік пен әкімшілік құқықбұзушылықтардың санын 

төмендеткені үшін облыстық деңгейде марапатталды. 

29

Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары




2.2 Тимбилдинг

 орпоративтік секторда адами ресурстарды 

барынша тиімді пайдалану үшін тимбилдинг 

әдістері жиі қолданылады (teambuilding термині 

ағылшын тілінен аударғанда  «команданы құру» 

дегенді білдіреді).

Тимбилдингке қызметкерлер арасындағы өзара 

іс-қимылды жақсартуға, ұжымды жұмылдыруға, 

барлық мақсаттар мен міндеттер үшін жалпыны 

түсінуге бағытталған түрлі тренингтер кіреді. 

Ұжымды жұмылдыру мен нәтижеге 

бағдарлаудың бұл тәсілін сондай-ақ мемлекеттік 

қызметте қолдануға болады: 

Жалпы тимбилдингті ұйымдастыру процесі екі 

әдіске негізделеді: 

1)  Бірінші әдіс ұжымның проблемалы тұстарын, 

сондай-ақ оның көшбасшылары мен пассив 

қатысушыларын анықтау мақсатында 

психологиялық тренингтерді жүргізу болып 

табылады; 

2)  Екінші әдіске практикада негативті сәттер 

анықталып бірден түзетілген кездерде белсенді 

ойын немесе конкурстық процесті жүзеге асыру 

сипаты тән. 

Осылайша, тимбилдингтің басымдылығы келесі 

міндеттерді шешуінде болып табылады:  

ұйым ішінде достық атмосферасын құру; 



ортақ мақсаттарға жету үшін қызметкерлерді 

біріктіру;  

жұмыс қабілеттілігін оңтайландыру. 



30

Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары




Әрбір басшы барлық ұжымның тиімді өзара іс-

қимылы үшін жағымды жағдайларды жасаудың 

маңызын түсінуі тиіс. Барлық ұжымның табысты 

өсуі ұжымдағы ахуал мен қызметкерлердің ортақ 

мақсатты қаншалықты терең түсінетіндігіне 

байланысты. 

Тимбилдинг тағы бір аса маңызды міндетті 

шешеді, ол – адам өзінің жеке мотивтерін 

ұмытпай, оң нәтижеге жету мақсатында 

барлығын жасаған кездегі, жеке мүдделер мен 

ортақ идеялар арасындағы оңтайлы теңгерім.

31

Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары




2.3  Адам құқықтарын құрметтеу және 

сыпайылық 

ҚР-ның Конституциясы мен заңнамасына 

сәйкес әр азамат өзге тұлғалардың құқықтарын, 

бостандығын, ар-намысы мен абыройын 

құрметтеуге міндетті. Өз кезегінде мемлекет осы 

құқықтарды адамның нәсіліне, діни сеніміне, 

жынысына және т.с.с. қарамастан кепілдік 

беруге және сақтауға міндеттенеді.  

Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексіне 

сәйкес басшы және қол астындағы қызметкер 

барлық тұлғалардың құқықтары, бостандықтары 

мен заңдық мүдделерінің сақталуын және 

қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.  

Азаматтармен және әріптестермен қарым-

қатынас жасау кезінде сыпайылық және 

әдептілік танытып, мемлекеттік қызметте өзара 

қарым-қатынастың жоғары мәдениетін 

қалыптастыру керек. 

Бұл ретте кез келген ұжымда лайықты қарым-

қатынас жасау, адамның абыройы, оның 

мәртебесі, әрекеттері мен қылықтары 

сыпайылылықтың маңызды критерийлері болып 

табылады. 

32

Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары




жүктеу 2,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау