229
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
Ақын бірақ өлең оқымайды, есесіне жаураған аяқтарын бір-
біріне соғып, табанын жерге жиі қаққыштайды.
– Сенің аяғыңда табаны қалың «аляска» етік, менікі мынау –
жұп-жұқа бәтеңке, – дейді аяғындағысын көтеріп. – Қайтайық!
Менің мұндай кісі бетіне жел боп тимейтін жақсы адамды
жібергім жоқ...
– Ертең түсте Жазушылар одағына бір жартылық алып жет.
Маған емес, Иранбекке керек. (Ол кезде Иран-Ғайып «Қ.Ә»
газетінің поэзия бөлімінің меңгерушісі). «Қазақ әдебиетіне» өле ңің-
ді шығартып берем...
Ертеңіне бара алмадым. Ол кезде арақтың бағасы аттай кез.
Бақандай он рубль. Сірә, ортайып қалған ақшамды қимадым ба,
шын ниетім құламады ма, барудың реті келмеді...
Онан кейін де екі жыл өткен. Ауылда, Оңтүстік Қазақстан
облысының Созақ ауданында мектеп мұғалімімін. Шолаққор-
ғандағы кітап дүкеніне бас сұғып, сөредегі кітаптарды ығыс тырып
жүрсем, бір қуыста шаң басып жатқан жұқалтаң кітапшаның кө зіме
оттай басылғаны. «Шұғынық гүл төркіні» екен. 1984 жылы шық қан.
Алматыдан таптырмаған алақандай кітаптың ойда-жоқта алдым -
нан осылай шыққаны. Әрине, жалма-жан сатып алдым. Оқып
көрсем, о, ке -ре-мет! Бас ала алмай, құнығып қайта-қайта оқы ған-
мен, шөлімді қандыра алмаймын. Табиғаты тап-таза, сондай тұнық,
не деген керім өлең, керемет ақын деймін...Шіркін-ай, қайыра бір
жолығыссақ, әңгімелесіп-сырласу бақытына ие болсам, – деймін
өкініштен аһ ұрып...
Бірақ менің бақытсыздығыма қарай бұл кезде аяулы ақынның
енді қайтып оралмайтын мәңгілік сапарға аттанып кеткен кезі
болатын.
«Айқын»
2007 жыл 2 маусым
230
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Сайлаубай ТОЙЛЫБАЙ
ЖҰЛДЫЗДЫ АҚЫН – ЖҰМАТАЙ
Көкейімде өшпестей боп тұратын,
Ізгі арманым, ата-баба мұратым.
Сөз бастайын құран, дұға тілімен,
«Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим!»
(Бала күнгі өлеңінен)
Бастау
Өзің жайлы жан сырымды төгу үшін көп ойландым, көп
толғандым. Бірақ шешім таппадым. Біріншіден, аруағыңнан имен-
дім. Екіншіден, жазғаныма рухың риза болмай жүрсе, қандай күйде
жүрерімді сезіндім. Дегенмен, көкейімді бір ойлар мазалай берді,
ақыры шыдамадым. Қолыма қаламымды алдым.
Алғашқыда неден бастарымды білмедім. Ойлана, толғана келіп,
мен өзіңіздің кіндік қаныңыз тамған туған жеріңізден, туған ауы-
лы ңыздан бастауды жөн көрдім. Өйткені кім-кімге де туған жерден
артық, одан асқан қасиетті мекен болмаса керек. Дәл осы тұста
Жұматай аға, өзіңіз жырлаған туған жеріңіз туралы өлеңіңіз осы
ойымызды дәлелдей, нақтылай түскендей.
Туған жерім, сені ғана түсінем,
Судың емес, қайнарысың күшті әннің.
Жабайы алма, жасыл шетен ішінен,
Тамылжиды таңғы арманы құстардың.
Туған жерім, әлемдегі ел түрлі,
Таңдай қаға қарау үшін мың сан күн.
Әспеттеуге, бейнелеуге көркіңді,
Тілімнің бар акварелін жұмсармын. («Көктемгі хаттар» 193-бет)
немесе «Менің ауылым өлеңіңізде:
Алсын қаулап, сайдағы су суынан,
Аспан басқан алаулаған шырағын.
Бақша-бауда торғайлардың шуынан,
Бас мәңгіріп, бітеді қос құлағың.
Күнбағарлар ерте айырылды басынан,
Қына тықыр күнгейдегі қыр гүлі.
231
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
Түн жамылып кебу пішен тасыған,
Ұйықтатпайды арбалардың зіркілі.
Апорт алма ұялғаннан қызарды,
Төгіліп те жатыр жерге тәтті бақ.
Тентектер жүр шөпке келген бұзауды,
Таспен емес алмаменен атқылап.
Сыр шерткенде жазды күні құраққа,
Дастандарды тудырғанда үнемі.
Ауылым менің жетсін деймін мұратқа,
Қабыл болсын деймін барлық тілеуі, – («Саратан» 57- бет)
деп әдемі, әсерлі суреттермен туған жеріңізді, туған ауылыңызды
көз алдымызға сол қалпында әкелесіз. Тіптен оның қасиетін одан
әрі аша түсесіз. Бұл – сіздің туған жер мен ауылға деген шынайы
махаббатыңыз, бәлкім, шынайы сағынышыңыз болар.
Туған жер. Киелі топырақ
Иә, Жұматай ақынның туған жері – киелі жер! Қасиетті жер!
Қазіргі Алматы облысы, Ескелді ауданына қарасты «Жетісу» ауылы.
Бұл ауыл алғашқы артель болып құрылған кезде сол заманның
ыңғайына қарай «Қарасу», «Большевик», кейін «Молотов», «Ленин»
деп аталған болатын.
Ақырында, 1960 жылдары жер жанаты «Жетісу» деген атына ие
болды.
Кезінде бұл жерде данышпан әулиелер Ескелді мен Балпық
билердің қасиетті іздері қалған. Сонымен бірге бұл ауыл от ауызды,
орақ тілді ақын Бақтыбай Жолбарысұлының, төкпе айтыскер
ақын Темірғали Рүстембековтердің өскен ортасы, жүрген жерлері.
Одан беріде қазақтың бұлбұлы атанған Күләш Байсейітова мен
Қанабек Байсейітов, ақын-жазушылар С.Мұқанов, Қ.Шаңғыт баев,
М.Мақатаев, Б.Соқпақбаев, С.Мұратбековтер болып, бұлағынан
дәм татқан жер.
Бұл ауылдан бір академик, 30-ға жуық ғылым докторлары мен
кандидаттар шыққан. Олардың қатарында Мемлекеттік сый лық тың
лауреаты, академик, химия ғылымдарының докторы, профессор
Еділ Ерғожин, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, химия ғы
лым-
дарының докторы, профессор Немеребай Нұрахметов, техника
ғылымдарының докторы, профессор Ыбырайым Туғанбаев, заң
ғылымдарының докторлары, профессорлар Мақсұт Нәрікбаев,
Өмірәлі Қопабаев және т.б. азаматтар бар. Бұл ауылда және болашақ
232
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Жұматай ақынның әкесі – Сағади, анасы – Сара, бауыр-ағалары
– Шора, Шаметай (шын аты Самархан), қарындастары – Мәнтай,
Бақтай, інілері – Марат, Бөкендер дүниеге келген.
Міне, мұндай киелі топырақтан Жұматайдай жұлдызды ақынның
тумауы да мүмкін емес еді.
Ақын ауылының бір ерекшелігі, қысы – жұмсақ, жазы – қоңыр
салқын. Көшелері жасыл желегімен көмкерілген, әсем де көрікті.
Ал енді көкөніс пен жеміс-жидектің түр-түрі өседі. Топырағы
құнарлы, бау-бақшалы. Көктемде Ұшбұлақтың етегі, Шақпақ тас,
Бәйгетөбенің баурайлары алқызыл шұғынық пен қызғалдаққа
шомылғанда көз алмайсың-ау, шіркін! Сол ауылды жанамалап
Қусақ өзені ағып жатыр. Көктем шыға арнасынан асып, кәдімгідей
буырқанып, бұлданып тасиды. Бұл өзен сонау Жоңғар Алатауының
сілемдерінен бастау алады. Кезінде марқұм Қуандық аға Шаңғытбаев
Сарноқай жайлауының көк майсасында аунап-қунап жатып, өзінің
гөзал жырларын және Қ.Байсейітовпен бірге «Беу, қыздар-айын!»
жазған. Ондағы образдар мен прототиптер осы ауыл адамдары-
тұғын.
Егіз қозыдай қатар жатқан Сарноқай мен Мыңбұлақ жайлаулары
жаз шыға мыңғырған малға толып, азан-қазан у да шу болып жатушы
еді. Сарғоқты, Шоратұғыл, Үшбұлақтан бастап, Қараиректің
жотасы, Бекбау жерошағы, Суық төбе, Балдырғанды жайлауы,
Солдат сайы арқылы, одан әрі Сатылы, Жоңғар Алатауының
сілемдерінен асып түссеңіз Қытай елінің шекарасы көрінеді. Осы
жерлерге дейін ата-бабаларымыздың жүріп өткен көш жолы сайрап
жатыр. Яғни Жұматай ақынның жырлаған «Көш жолы. Қайнар»
жыры («Саратан» 1979 ж 16-бет) соның айғағы. Сол көш жолының
бойындағы Бекбау жерошағында керемет қайнар бұлақ болған. Сол
бұлақтан ары-бері өткен аттылы, түйелі керуен көштері шөліркеп
келіп, талай рет бел жазып, бастауынан сусындап кететін. Беріге
дейін сол мөлдір бұлақтан қаншама адам нәр алып өсті десеңізші!
Рухыңнан айналайын, Жұматай аға! Сол «Көш жолы. Қайнар»
бұлақты әдемі тілмен әспеттеп жырға қосқан ақын сіздей-ақ болсын!
Астаудай ақжем, арнадай шұңғыл бұралаң,
Арғымақ күшін, атанның белін сынаған.
Аққұмақ жолдың айылдай ғана енімен,
Алалы жылқы, ақтылы қойлар шұбаған.
Ала бас таудың құймышағындай құзынан,
Атамыз тартқан маршруттарға қызығам.
Топырлап өткен, тасырлап соққан тұяқтар,
Тауларды кертіп, тастарды үгіп мұжыған.
Достарыңызбен бөлісу: |