2
Мазмұны
І. «Жасыл экономикаға» кӛшу жӛніндегі пайым.......................................3
1. Ағымдағы ахуалды талдау.....................................................................3
2. Тұжырымдаманы қабылдау қажеттігінің негіздемесі..........................5
3. Мақсаттар мен міндеттер..........................................................................6
ІІ. «Жасыл экономикаға» кӛшу жӛніндегі негізгі қағидаттар мен жалпы
тәсілдер.....................................................................................................................8
1. «Жасыл экономикаға» кӛшу жӛніндегі негізгі қағидаттар...................8
2. «Жасыл экономикаға» кӛшу жӛніндегі жалпы тәсілдер.......................9
2.1. Әлеуметтік даму.....................................................................................9
2.2. Ӛңірлік даму.........................................................................................10
2.3. Инвестицияларға қажеттілік...............................................................10
3. Секторлар бойынша «жасыл экономикаға» кӛшу жӛніндегі жалпы
тәсілдер...................................................................................................................11
3.1. Су ресурстарын орнықты пайдалану..................................................11
3.2. Орнықты және ӛнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын
дамыту....................................................................................................................17
3.3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру........................23
3.4. Электр энергетикасын дамыту............................................................29
3.5. Қалдықтарды басқару жүйесі..............................................................36
3.6. Ауаның ластануын азайту...................................................................42
3.7. Экожүйелерді сақтап қалу және тиімді басқару................................45
4. «Жасыл экономикаға» кӛшу үшін кадрлық қамтамасыз ету және
халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру............................................46
5. «Жасыл экономикаға» кӛшу жӛніндегі кеңес құру.............................47
6. «Жасыл экономикаға» кӛшу жӛніндегі тұжырымдаманы іске асыру
кезеңдері.................................................................................................................48
ІІІ. Тұжырымдаманы іске асыру болжанып отырған нормативтік
құқықтық және ӛзге де актілердің тізбесі...........................................................49
3
І. «Жасыл экономикаға» кӛшу жӛніндегі пайым
Қабылданған «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» (бұдан әрі – Стратегия - 2050) елдің «жасыл» даму
жолына кӛшуіне негізделген экономиканың орнықты әрі тиімді моделін
құрудың нақты бағдарын белгілеп берді.
«Жасыл экономика» халықтың ӛмір сүру деңгейі жоғары болатын,
қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесінде және елдің қабылдаған
халықаралық экологиялық міндеттемелеріне, оның ішінде Рио-де-Жанейро
қағидаттарына, ХХІ ғасырға арналған күн тәртібіне, Йоханнесбург
жоспарына және Мыңжылдықтар декларациясына сәйкес табиғи ресурстар
ұқыпты әрі ұтымды пайдаланылатын экономика ретінде айқындалады.
«Жасыл экономика» еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз етудің
маңызды құралдарының бірі болып табылады. «Жасыл экономикаға» кӛшу
Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіру жӛнінде
қойылған мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Есептеу бойынша 2050 жылға қарай «жасыл экономика» шеңберіндегі
жаңартулар ЖІӚ-ні 3 пайызға қосымша ұлғайтып, 500 мыңнан астам жаңа
жұмыс орындарын құруға, ӛнеркәсіп пен қызмет кӛрсетулердің жаңа
салаларын қалыптастыруға, халық үшін сапалы ӛмір сүру стандарттарын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда, «жасыл экономикаға» кӛшу үшін қажетті
инвестициялар кӛлемі жыл сайын ЖІӚ-нің шамамен 1%-ын құрайды, бұл
жылына 3-4 миллиард АҚШ долларына тең.
1. Ағымдағы ахуалды талдау
«Жасыл экономикаға» кӛшудің алғышарттары ретінде мыналарды
бӛліп кӛрсетуге болады:
1. Негізгі секторлардың бәрінде де ресурстардың тиімсіз
пайдаланылатыны байқалып отыр. Сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл
экономика үшін жыл сайын 4-8 млрд. АҚШ доллары болатын қолдан
шығарып алған пайдаға әкеп соқтырады, ал бұл 2030 жылға қарай
14 млрд. АҚШ долларын құрауы мүмкін.
Бұл
ретте
энергия
тұтынуды
үнемдеу
әлеуеті
жылына
3-4 млрд. АҚШ долларын құрайды, ал 2030 жылға қарай бұл цифрлар
жылына 6-10 млрд. АҚШ долларына дейін ӛсуі мүмкін.
Жер шығымдылығының тӛмен болуының нәтижесінде орын алған
экономикалық шығын жылына 1,5-4 млрд. АҚШ долларын құрайды, ал
2030 жылға қарай одан да кӛбейе түсуі мүмкін, мұның ӛзі Солтүстік
Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан сияқты облыстарда халықтың