- Сабақтың тақырыбы: Қазақ-жоңғар соғысындағы қазақ батырлары (Абылай, Бөгенбай, Қабанбай, Жəнібек, Райымбек, Наурызбай, Малайсары), ХVІІІ ғ. 30- 40 жж. қазақ-жоңғар соғыстары
- Сабақтың мақсаты:
- Қазақ халқына жоңғар шапқыншылығынан төнген қауіптің ұлғайғанын көрсету.
- Ру,тайпалық, алауыздықтар тудырған теріс әсерлердің мәнін ашу.
- Қазақстанның аумақтық тұтастығын сақтап қалуда халық арасынан шыққан ірі қайраткерлерлің ерен еңбектеріне оқушылардың көзін жеткізу.
- Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыудағы жұмысты одан әрі жалғастыру, тарихи оқиғаларды бағалай білуге, оқулық мәтінін талқылауға баулу.
- Туған өлкенің тарихына құрметпен қарауға, еңбекқорлыққа мақсат қоя білуге тәрбиелеу.
- Бөгенбай Батыр
- Қанжығалы Бөгенбай (1680-1778) – қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған батыр, қолбасшы. Қаратау бөктеріндегі Бөген өзені бойында туған. 18 ғасырдағы қазақ батырларының жасы үлкен ақсақалы болғандықтан оны халық аңыздарында ардақтап «Қанжығалы қарт Бөгенбай» деп атап кеткен. Қарабалта түбінде қырғыздармен болған шайқаста Бөгенбай батыр 77 жаста болған деседі. Арғынның қанжығалы руынан, батырлар әулетінен шыққан.
- Бөгенбай жорықтарын, қоғамдық істерін, негізінен, бес кезеңге бөлуге болады:
- 1. 1696-1697 жылдары жоңғар қалмақтарымен шайқастары; 2. 1710 жылғы Қарақұмда бүкіл қазақ елі жасағының қолбасы болуы; 3. 1723-29 жылдардағы қазақ елінің жоңғарлардан жаппай жеңілісі мен онан кейінгі халқымыздың сыртқы жауға берген тойтарыстарын ұйымдастыру; 4. 1731-1735 жылдардағы орта жүз бен Ресей қарым-қатынасын ыңғайластыру шараларын жүзеге асыру; 5. 1750-1760 жылдардағы Алтай-Тарбағатай, Жетісу жорықтарын ұйымдастыру.
- Қаракерей Қабанбай
- Қожағұлұлы (1691-1769) - әскери қолбасшы, даңқты батыр, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жетекшілерінің бірі. Қазақтардың ірі жауынгерлік жасағын басқарған. 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналады. Соғыста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Абылай хан Қабанбайды Дарабозым, яғни “білеген Айға білеген батырым” деп атаған.
- Райымбек Хангелдіұлы (1705-1785)
- Ұлы жүздің албан руынан шыққан белді батыр, жоңғарларға қарсы аззаттық күресті ұйымдастырушылардың бір. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян, батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. “Ойрантөбе” деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түсті.
- Есет Көкіұлы, Тама Есет (1667-1749)
-
- Кіші жүзден шыққан батыр, әскербасы, тама руының старшыны. Кейінірек ол патша үкіметінің тарапынан тархан атағын алған. Қалмаққа қарсы азаттық күресті ұйымдастырушыларының бірі.
- Есет батыр әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейін ел болып бірігіп, жоңғарларға алғашқы алапат соққы берген Бұланты шайқасына қатысып, езілген елдің еңсесін көтерткен Ұлы жеңіске өз үлесін қосады. Ал тарихи бетбұрыс жасаған Аңырақай соғысында ол Кіші жүз құрамының туын көтерген атойшы болады.
- Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман — Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы. Әдеби-тарихи деректер мен ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Наурызбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп, мақтанышқа айналуы 1727-1731 жылдардың шамасы екендігіне мензейді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске жетуі осы уақытқа сәйкес келеді.
- Үй тапсырмасы:
- 3-4 оқу, Қазақ-жоңғар соғысындағы қазақ батырлары (Абылай, Бөгенбай, Қабанбай, Жəнібек, Райымбек, Наурызбай, Малайсары) туралы буклет дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |