255
А қ ы н ә л е м і Үш і н ш і б ө л і м
Журналмен жарар ... жіберіп жырлар бақтым көп,
Бақытқа жетер бір ғана жолды таптым деп.
Өлеңдер саған ұнамай қойды, мен сосын
Боламын дедім отызға келіп Тәттімбет [25.31].
Тек күйші ғана емес, өзінің көп қырлы өнер иесі болу себебі-
нің махаббатта екенін байқататын бірнеше жыры бар. Атап
айтсақ, жоғарыдағы «Менің атым» атты өлеңнен алынған шумақ-
та айтылғандай ақынның атбегілік өнері де өз алдына бір төбе.
Жұматайды Қажытай Ілиясовпен барынша достастырған қасиеттің
бірі күйшілік болса, енді бірі – осы атбегілік. Қ.Ілиясов та кәнігі
күйші әрі атбегі. Оның бұл өнері жайында жазушы Қ.Жұмаділов
мақала да жазды [38].
Жұматай өзінің бұл өнеріне өмірбаяндық тақырыптағы өлең-
дерінде тоқталмағанымен, көптеген шығармаларында оған оқырман
назарын аударып отырады. Әсіресе, ат сипатын сөз арқылы
бейнелеген туындыларынан атбегілік қасиеті айқын аңғарылады.
Бұл тақырыптың Ақан сері сияқты сал-серілер шығармашы
лы-
ғынан да, тіпті Абай туындыларынан да орын алғаны белгілі. «Бұл
– тек ақындық шеберлікпен ғана емес, сонымен бірге табиғат
сырына қанық хабардарлықпен де келетін білік» [39.232], дейді Абай
шығармашылығын зерттеген ғалым Ж.Ысмағұлов ұлы ақынның
ат сыны туралы өлеңі жөнінде. Ақын өміріндегі қуанышы
ның
бірі болған Кенежирен тұлпары туралы жазылған жырлар оның
өлеңдерінің елеулі бір тобын құрайды. Өзінің өміріндегі сүйікті
тұлпарына арнаған «Кенежирен», «Кенежиренді Шора сатып
жібергенде», «Кенежирен. Түн» өлеңдерінен басқа да көптеген
туындыларында өзінің қанаты болған сенімді серігін еске алып
отырады. Ақын түсінігінше жүйрік ат міну нағыз жігіттің ажыра мас
қасиеті болуы тиіс. Оны ол серілік салты деп ұғады. Бұл әрине халық
арасында бұрыннан келе жатқан түсінік.
Жыр елі, күй еліне
Ат болған алғаш арман.
Мұсаның сүйегіне
Жаяулық таңба салған.
Барына ат алдырған
Атама мұрагермін.
Ақанды Ақан қылған –
Тағдыры Құлагердің.
Тайында жыр қып түге,
Мәпелеп жастан баққан
Атының жүйріктігі
Жігітті аспандатқан [25.235], – дейді ол «Ат туралы» деген
өлеңінде. Жұматай сүйікті атын кейде «Алаяқ ат» деп еске алып
256
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
отырады. Ақынның аяулы атынан айрылған кездегі күйінішін
бейнелейтін «Кенежиренді Шора сатып жібергенде» деп аталатын
өлеңнен ақын трагедиясының бір қыры көрінеді. Бұл өлеңдегі
қымбатынан айырылған лирикалық қаһарман қайғысын белгілі
ақын Ж.Нәжімеденов «Құлагерін» жоқтап, зарлаған Ақан сері
сияқты емес пе?! – деп тарихта із қалдырар трагедия ретінде
бағалайды [40].
Тұлпарынан айырылған сері мінезді жанның ішкі әлеміндегі
рухани күйзелісті ақын «Мұсаның күніндей» деген өлеңінде де
айнытпай бере білген. Бұл өлеңнің ішінде ат жөнінде тікелей айтылған
сөз жоқ. Бірақ мәтіннен танылатын ой арқылы оқырман мұнда
қанатты серігінен айырылып, еңсесі түскен жанның көңіліндегі
күйзелісті аңғара алады. Өлеңнің атына негіз болып тұрған Мұса
атынан айырылып, Жаяу Мұса атанған әйгілі композитор екенін
де шығарманың астарынан аңғарамыз. Ақын сүйікті тұлпарынан
айырылған лирикалық қаһарман бейнесін бүкіл өнер адамының
тағдырына ортақ типтік жағдай ретінде көрсетіп, осынау көңіл күй
қалыбын символдық дәрежеге көтереді.
Санаса, кегі келелі,
Сансырай бермей мұндар боп,
Мұңаймай ақын келеді,
Мұсаға туар күн бар деп [25.120].
Жұматай өлеңдерінде Кенежирен есімі сезімге әсері мол ең бір
нәзік тұстарда ауызға алынуы ақынның қиялында аяулы тұлпарының
оның эстетикалық идеалының біріне алынғандығын байқатады.
«Эстетикалық идеал-тілек немесе болуы тиіс нәрсе жөніндегі
көркем түсінік, дәлірек айтқанда, солай болуы тиіс сұлулықты
бейнелеу» [41.90]. Ақын лирикасында Кенежирен бейнесі нақты мән
иеленумен бірге, өнер адамының тағдырын танытатын және оның
тазалықпен, дарындылықпен туыстас екенін аңғартатын тұспал
мәнді де қамтиды. Мәселен ақын күзгі ауыл бейнесін суреттеп келе:
Айырмен жұпар шөп түйреп,
Алаяқ атқа салғанда [25.33], – деуі немесе
Желекті жермен жирен жұлдызша заулайтын
Жирен қасқаның абыройы да бір бөлек [25.63]
немесе
Жалғыз атты жадау күй жарлы кешкен!
Аңсағаным атамнан арғы кештен –
Жарқ еткенде жиреннің маңдай шамы,
Нокдаунға кеткендей тандым естен [25.72].
Жалы артық, қандағайлы қолтығы,
Жирен аттан басқа досым жоқ күні [25.108]
257
А қ ы н ә л е м і Үш і н ш і б ө л і м
немесе
Жәукен тойға жаратқан
Жаны мөлдір ақындар
Жырға қосқан
Ай маңдай
Жұматайдың жиренін [24.60], – деген әр түрлі өлең жолдарында
жарқ еткен Кенежирен бейнесін көріп қаламыз.
Жалпы лирикалық қаһарман мен автордың ара қатынасы
жөніндегі екі түрлі пікірдің, яғни ол екеуі бір деп немесе олардың
елеулі айырмашылығы бар деп қараудың әрқайсысының өз
дұрыстығы бар. Ол жөнінде Т.Шапайдың арнайы жасалған талдауы
бар [10.148]. Жұматай өлеңдерінде лирикалық қаһарман мен ав-
торды бір-бірімен тығыз байланыстыратын нәрсе мінез ерек-
шелігі. Ал өлеңдерде бейнеленген сезімдік қалып пен сурет телген
жайттардың бәрі автор өміріндегі айғақтармен сәйкес келмеуі,
олардың таза көркемдік қиялдан туған болуы да ықтимал. Әсіресе,
серілік сезіммен жырланған түнгі құпия кездесулер суреттелетін
өлеңдердегі жайттардың негізінен автор қиялының жемісі екенін
аңғару қиын емес. Ақын өміріне тікелей қатысты Ләйлә туралы
өлеңдеріндегі ұяң да қиялшыл, махаббат атты кіршіксіз сезімге дақ
түсіруден барынша тартынатын бозбала – кейіпкерге ұқсамауы-
нан-ақ серенада сипатындағы өлеңдердегі сезім мен оқиғаның
көркем ойдан шығарудың жемісі екенін ұғуға болады. Бұл өлең-
дерде автордың кейінгі есейген кезіндегі өмірлік тәжірибе мен
бозбала шақтарындағы сезімдік күйді жинақтау арқылы сомдалған
лирикалық қаһарман бар.
Ақынның түрлі сапарлармен өзге Республикаларға барған ке-
зінде алған әсерлерінің қатарында жырланатын өзбек қызы Гүл бү-
бішке, Молдаваның ақын қызы Лудмила Скобецкиге жазған өлең-
дерінің табиғаты бұлардан өзгешерек. Мұнда өмірлік деректің табы
айқын байқалады.
Жұматай Жақыпбаевтың өмірбаяндық өлеңдерінде ақын-
ның серілік қасиеттері объекті етілсе, бір сәттік интимдік сезімді,
құпия махаббат кездесулерін жырлайтын өлеңдерінде бұл қасиет-
тер шығарма субъектісі арқылы танылады. Тұлпар, көкпар, бәй-
ге жөніндегі және альба, серенада сипатындағы өлеңдері реал-
ды автордың өнерпаздық, серілік қасиеттерінен хабар берер
лік
қасиетімен өмірбаяндық өлеңдерге жақындай түседі. Оларды нағыз
автопсихологиялық туындылар деп бағалаған дұрыс.Бұл туын дылар
ақынның күнделікті тіршілік күйбеңінен жоғары тұрғандығының
рухани тазалығының куәсі іспетті. Автор санасының осындай
ерекшелігін танытатын тағы бір топ өнер тақырыбында жазылған
өлеңдері құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |