239
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
Кездесу қызықты өтеді. Жұмағаңның әзілдесе де, әділетін, ой-
наса да ойындағысын айтқанын, студент жастар ол тұста білді
ме екен?!
3. Күйші
Жұматай домбыраны шебер ойнайтын. Оның «Ләйлә келген»,
«Зайда көрген», «Қосбасар» сияқты күйлері жан-жүйкеңді босатады.
Әйтсе де, Жұмағаңның домбыраны күйге
келтіріп, баптауы ұзақ еді.
Ол осы екі ортада күйшілер жайлы, күй табиғаты туралы біраз ойлар,
толғамдар тарататын. Ол өз айтуы бойынша «Қосбасарды» шертпе
күй мен төкпе күйдің ортасынан тарайтын сұқпа күйге жатқы затын.
Бірде Асқар Сүлейменов екеуі күй туралы әңгіме қозғап, желпі-
нісіп тұрса керек. «Кім ұлы күйші?» деген сұраққа келгенде Жұмағаң,
«Менен артық күйші жоқ», – деп Асекеңе ерік бермесе керек.
Әрі-бері айтқанға көнбеген соң Асқар, – Асекең:
– Е, мейлі ұлы күйші болсаң бола қой. Бірақ, өзіңнен кейінгі жас
баланың маңдайындай былқылдаған Төлеген Момбековті де қоса
салшы, – деп өтініпті.
«Түркістан» 17 мамыр, 1994 жыл
Есенқұл ЖАҚЫПБЕКОВ
СӨНГЕН ЖҰЛДЫЗДЫҢ ЖАРЫҒЫ
Алматыдан Талдықорған қаласына кіреберісте Көксу ауданы
басталады. Тілімен ауа тырнаған Сүйекеңнің ұстазы Қабан жырау-
дың ауылы. Балпық пен Ескелді бидің туған жері. Бал тілді Бақты-
бай да осы киелі топырақта дүниеге келген. Осындай тарлан-
дардың торы төбел тайындай жалғасы болған белгілі ақын, жыршы
Темірғали Рүстемов.
Сұрапыл соғыс біткен жылы Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында
Сағади төренің шаңырағында жас нәресте дүниеге келді. Қаратал
жағасында отырған Сағади төре Көксудан Темірғали жырауды ал-
дыртып, сәби Жұмағұл – Шораның аузына түкіртеді. Бұл 1945
жылдың қаңтар айының 30-ы еді. Поэзия Құлагері Ілияс Жансүгіров-
тың ізі қалған дастанды далада ер жеткен Жұматай ақындар айты -
сына да түскен. Сол талды қалада Ләйләсімен кездескен. Махаб-
бат тың машақаты Жұматайды тірісінде аңызға айналған ақын етті.
Ләйлә өмірде шын болған. Руы – тобықты. Әкесі – Бейісбек, тегі
240
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
– Досмұхамед. Шыңғыстау етегінен жұмыс бабымен Талдықорған
қаласына келіп, сол елдің қызын қалыңдық етіп, Жетісу жерінде
тұрақтап қалған Бейісбек – Ибрагим хакімнің тікелей ұрпағы. Демек,
Ләйләнің тегін жан емес екенін сері ақын білген-ау, сірә. Жаратқанның
бұйрығы болар, сірә, екеуінің тағдыры тоғыспады. Ләйлә мектеп
бітірісімен Мәскеуге аттанды. Жат елде оқу оқыды, тәлім алды. Бірақ
бір сәтте Жұматайды ойынан шығарған емес. Жасы 38-ге келген ше
төресін, ғашығын күтті. Ақынның да соңғы тілегі Ләйләні бір көру еді.
Өмірінің соңғы күндері Жұматай өлең жазуды қойып кеткен көрінеді.
Зайыбы Зайда апайымыз: «Жұматай-ау, ақынға өлең жазбаудан
ауыр не бар? Қаламыңды қолыңа қайта алсаңшы», – депті. Ақынның
бар айтқаны: «Зайдаш, мен Ләйләні ұмытып барамын. Ақ дидарын
көзіме елестету де қиындап барады. Мәскеуге барайықшы, сыртынан
бір көрсем арман жоқ». Амал қанша, ақын ол күнге жете алмады...
Ал Ләйлә қырыққа таяған жасында арабтың ханзадасына тұрмысқа
шықты. Қазір Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрады.
Жұматай Жақыпбаевтың аз ғұмырының жемісті жылдары Алатау
баурайында өтті. Осы Алматыда арманда кеткен Марат Отаралиевпен
танысты. Жыр қағанатын құрды. Мейірхан Ақдәулет, Есенқұл
Жақыпбеков, Әбубәкір Қайран, Қайрат Әлімбек, қос Бауыржан,
Гүлнәр Салықбай, Нұрлан Мәукенұлы, Қазыбек Иса, Темірғали
Көпбаев, Мұратбек Оспанов, «могиканның соңғы тұяғы» Әділ Ботпанов
қаған-Жұматайдың нояндары болды. Бәрі бір үйдің баласындай жүрді.
«Тоғыз ұлым бір төбе, ер Төстігім бір төбе» демекші, бұл күнде аты
алты алашқа таныс ақын, сазгер Есенқұл Жақыпбековты Жұмағаң
ерекше жақсы көрген деседі көз көргендер. Жол түсіп Ұзынағашқа
барғанда Есағаңды әңгімеге тарттық.
ЖҰМЕКЕН, ЖҰМАТАЙ СИЯҚТЫ МІНЕЗДІ
АҚЫНДАР ЖОҚ
Жиырмадан асқан кез, топтама өлеңдерімді арқалап «Жалын»
журналына – Тұмағаңа бардым. Тұмағам өлеңдерімді біраз уақыт
қарап отырды да: «Ей, Жақыпбеков, мұнда Жақыпбаев деген сенің
ағайың бар. Өлеңдеріңді соған тапсырамын», – деді. Шақырды.
Балпаң-балпаң басып Жұматай кірді. Іштей қуанып тұрмын.
«Жұматай, мына бала бір топ өлеңдерін алып келіпті, осы нөмірге
дайында» деді Тұмағаң. Жұматай мақұл дегендей ишарат та нытты
да, «мен боспын ғой» деді. Тұмағаң көзілдіріктің астынан бір қа-
рады да, «боссың, боссың» деді. Маған «жүр» деп те айтпады, шығып
барады. Мен үнсіз артынан ердім. Содан шығып кафеге бардық.
Отырдық. «Ләйлә», «Ләйлә келген» деген екі күйін тартып берді.
Ол кезде «Жұматайдың жұпбасары»
, «Қажытай» сынды күй лері әлі
241
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
шықпаған. Сәлден соң Жұмекен келді.
Нәжімеденовті де сол кезде
алғаш көруім. Қос алыптың салиқалы әңгімесіне куә болдым. «Өлең
оқиын» деп құлшынып тұрсам, олар күй туралы ұзын-сонар әңгіме
бастады да кетті.
Қасіретті нәрсенің бәрін қалжыңға айналдырып жіберетін жан
еді. Сондайда жаның рахаттанып қалады. Ешқашан мұң шақ пайды.
Бірақ сол қайғысы ішіне түсіп кетті. Мен ондай ақынды өмірде
көрген жоқпын.
Ол кісіден бәрі жасқанып жүретін. Біртүрлі сесті.
...Мен «Жалында» екі жылдай істедім, сонда аяғын баппен
басып Жұматай келеді. Аналар оны жақтырмайды, өтірік жалпақта-
ғансиды. Мен шығамын да артынан еремін. Жұмыс жайына қа лады.
Мейлі,
жұмыстан шығарып жіберсін, Жұматайдың сөзі мен үшін
заң болатын. «Аға, не болып кеттік? Не кітап шықпайды, не үй жоқ»
деп әңгіме бастаймын. Тәп-тәуір әңгіменің бәрін қалжыңға ай нал-
дырып жібереді, әдемі қалжыңға. Ол кісінің айтқан қалжыңы нан
кейін бүкіл мұң-шер ұмыт қалады.
«
ЖҰМАТАЙ, НОЯНЫҢ ТҮГІЛІ ҚОЯНЫҢ БОЛАЙЫН»
Жұматайды жастар көп үйірсектеді. Тобымыз күннен күнге
көбейе берді. Артынан барып азая бастады. Яғни, аяғында нағыз
таланттар ғана қалды. Содан кейін: «Мен сендердің қағандарың
болайын, сендер менің сарбаз, нояндарым болыңдар», – деді.
Сөйтіп, ол кісінің нояны болдық. Жұматайдың айтқаны – заң.
Біздің Шыңғыс ханымыз. Жазушылар одағына барамыз, ешкімге
көңіліміз толмайды. Есік алдына шығып жетім баладай үйіріліп
тұрамыз. Жұмағаңның төбесі көріне бастағанда шулаймыз кеп.
Жұмағаң
Одаққа кірмейді, «ал жүріңдер» деп ертіп алып кетеді.
Содан өлең-жыр оқу басталады. Жұматайдай әзілкешті көрген
жоқпын. Жұматаймен жүрген әр күнің – 1мамыр, әр күнің – жаңа
жыл. Несіпбек Айтовтың бір күні «Жұматай, нояның түгілі қояның
болайын, қастарыңда жүрейінші» деп жалынғаны бар.
ҚАСЫНА АДАМНЫҢ АДАМЫ
АСҚАР СҮЛЕЙМЕНОВ ҚАНА ЖОЛАЙТЫН
Жұматайды құрбы-құрдастарынан ешкім жақсы көрген жоқ.
Бала-шағамен жүргені содан ғой. Жұматайдың сесін, өткір көзін
әлі бір адам баласынан кездестіргенім жоқ. Пендешілік, нәпсі
дегенді көміп тастаған жан еді ғой. Қасына адамның адамы – Асқар
Сүлейменов қана жолайтын. Содан кейін біз сияқты ешкімге пайда-
зияны жоқ балалар. Асқар екеуі «Қаламгерде»
бас қосса, маңында
жастардан өзге кісі баласы қалмайды. Әңгімесі жараспайтын дарды
бір-ақ ұратын да шалқасынан түсіретін. Кәсіби боксшы ғой, спорт