Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет69/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   95

236
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
 Қандай тіл! Қандай сурет! Нағыз көкпарға жан бітіріп тұрғандай. 
Ал енді осындай өлеңге Жұмекеңмен он жыл бойына бір сыныпта 
оқыған, тай-құлындай тебісіп өскен, дос қызы , Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогика институтының доценті, сырнайшы, әнші-
сазгер Ағайша Шермұхамбетқызы Исағұлова жүрек тебірентер ән 
шығарып, дүйім жұртты таң-тамаша етті. Ақын өзі әннің әуезділігі 
мен үйлесімділігін тауып, нағыз көкпарға тән батылдықты, 
жігерлікті, намысқойлықты одан бетер аша түскендей. Ән «Жаңа 
ғасырға – жаңа ән!» конкурсында өзіне лайықты Гран-при 
сыйлығына ие болуы соның айғағы. Тек, әттең шіркін, дейсің! Бұл 
қуаныш пен марапаттауды Жұматай ақынның өзі көзінің тірісінде 
көре алмай кетті. Бұл да болса осындай атақ-даңққа жете алмай 45 
жасында өмірден озған ақын арманының бірі еді.
Күте тұр. Күн өтер өрлеумен,
Бұл күндер бақытын берген көп.
Дүние талайды көргенмен,
Жаңа бір жыршысын көрген жоқ!
Көрмесе бір күні көреді!  («Көктемгі хаттар» кітабы «Досқа сыр» 
өлеңі. 233-бет)
Бүгінде сол өзі айтқандай, жаңа бір жыршысын, жаңа бір 
қырынан танып-біліп жатыр. Оған қарап тәуба дейсің! Тіптен 
Жұматай поэзиясына терең үңіліп, оның ерекшелігін зерттеп жүрген 
жас ғалымдарға қалайша қуанбасқа. Әрине, ақынның ашылмаған 
сырлары әлі де көп. Ол болашақтың ісі деп білеміз.
P.S. Қасиетіңнен айналайын, Жұматай аға!
Сізді жарық дүниеге әкелген бірінші – Аллаға, екінші – 
аңызға, үшінші – туған жер топырағына қалайша тәнті болмасқа! 
Осы орайда туған ауылыңыздағы өзіңіздің ең бақытты балалық 
шағыңыз өткен, қараорман шаңырағыңыздың жай-күйі бізді қатты 
ойландырады. Бүгінде құлаудың аз-ақ алдында қаңырап бос тұр. 
Тіптен сыртынан қарасаң көңілің құлазып, ішің ашиды. Ертеңгі 
күні біреулер қабырғаларын құлатып, кірпіштерін бұзып алып кете 
ме деп те қорқасың.
Айналайын, аудан, ауыл әкімдері! Ағымдағы үш жылдың 
Елбасының нұсқауымен «Ауыл жылы» болып белгіленгені мәлім. 
Олай болса, ел таныған талантты Жұматай ақынның сол қараорман 
шаңырағын құлатпай, қайта жөндеуден өткізіп, мұражай үйіне 
айналдырсаңыздар ел де, ақын рухы да риза болар еді-ау! Оның 
ертеңгі күні болашақ ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік мәні мен маңызы 
бар емес пе? Аудан орталығы Қарабұлақта, ауылы «Жетісуда» 
Жұматай Жақыпбаев атына берілген көше бар. Оған қоса бұрынғы 


237
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
Тельман атындағы ауыл мектебі ақын есімімен аталады. Бұған да 
шүкіршілік дейміз.
Жұматай аға! Әлі де өзіңіз жайлы ақ қағаз бетіне түспей қалған 
көптеген ойларым баршылық. Шамамның келгенінше, қаламымның 
жүргенінще жазуға тырыстым. Егер де осы жазғандарымның кемшін 
тұстары болып жатса, өзіңіздің рухыңыздың алдында кешірім 
сұраймын! Тек Алла жар болсын! Риза болыңыз жұлдызды ақын – 
Жұматай аға!
«Қазақ әдебиеті» 
6.02.2004 ж.
Өтепберген АҚЫПБЕКОВ
ЖҰМБАҚ ЕДІ-АУ ЖҰМАҒАҢ...
1.Сақал
Жұматайдың қырыққа келгенде жеке баспанаға ие болып, сақал-
мұртын жіберіп, қызметсіз шығармашылық жұмыста:
«Бес-алты жыл бір бөлімді билеп ем,
Кетіп қалдым бір кещеден жеңіліп...», – деп әндетіп жүрген 
кезі. Осындай бір тұста Оспанхан Әубәкіров ағасы жолығысып, 
қояр да қоймай үйіне ертіп барады. Ағалы-інілі екеуі біраз желпі-
неді, серпіледі. Жұматай да сақал-мұртын сипап қойып, тарихтың 
тереңінен, бүгіннің дерегінен сыр тартады ғой, баяғы. Інісінің сөзіне 
де, өзіне де риза болған Осағаң:
– Әй, бала, менің атымда не көше, не мектеп, не ауыл, не қала 
жоқ. Сен ана сақалыңды «Оспанхан Әубәкіров атындағы» десең 
қайтеді деп жатып келіп жабысыпты. 
– Қәрия, бұл сақал-мұрт қымбатқа түседі. Сіздің атыңызда 
болған соң, оның күтімі де сізден ғой, әрине. Қырып, қиып, майлап, 
тарап жүру де оңай емес дегендей... – дейді Жұматай. 
– Бар шығынын өзім көтеремін. Алғашқы өтемі мынау бол сын, 
– деп Осағаң інісіне сол тұста таптырмайтын, модаға айналған, су 
жаңа джинси шалбар сыйлайды.
1985 жылы Осағаң дүниеден озды. Жұматай сақалын қырып 
тастады. Күтімі келіспеді-ау, шамасы. Бағбансыз – бақтың бағасы 
бола ма?
 


238
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
2. Ұлылар мен үлкендер, биіктер мен жүйріктер
 
Жұмағаңды ҚазМУ-дің студенттері кездесуге шақырады. Әдетін-
ше өлең оқылады, сөз сөйленеді, соңы сұрақ-жауапқа жалғасады.
Студенттердің бірі: Ағай, сіз қазіргі қаламгерлерден кімнің ұлы 
ақын, жазушы екенін айта аласыз ба, – деп сұрайды. Жұмағаң 
ойланбастан:
– Ғафу Қайырбеков, Сәуірбек Бақбергенов, Төлеген Тоқ бер-
генов, – деп тізбелейді. Осы тұста оны қалай дәлелдейсіз деген 
екінші сұрақ қойылады. Жұмағаң саспайды:
– Ғафу Қайырбековтың ұлы – Бақыт Қайырбеков, Сәукеңнің 
ұлы – Қайрат Бақбергенов ақын, Төлештің ұлы – Роман Тоқбергенов 
әм аудармашы, әм жазушы деп бір қайырады.
Студенттер әзілдің астарын түсініп, сұрақтарын нақтылай түседі. 
«Ұлы ақын дегеніміз енді былай ғой, «ірі» ақын-жазушы деп кімді 
санаймыз, дегендей»...
Жұмағаң қолма-қол:
– Тұрсынзада Есімжанов, Тынымбай Нұрмағамбетов, – деп 
жауап береді. 
– Жоқ, кімді күшті ақын деп санайсыз, – деп сұрақты нақты ла-
ған болады енді бір студент.
– Темірхан Медетбековті, өйткені ол ауыр атлетикамен (штанга) 
айналысқан, – дейді Жұмағаң.
Студенттер сұрақты жиілетеді.
– Биік ақын кім? – дейді.
– Жүсіп Қыдыров, оның бойы пәлен метр, пәлен сантиметр,  – 
дейді Жұмағаң.
– Жүйрік ақын кім? – дейді студенттер.
– Ғұсман Жандыбаев, ол желаяқ Ғұсман Қосановпен аттас қана 
емес, бойында артық қырма еті жоқ, жараудағы жүйрік ақын, – деп 
бір қояды.
Сұрақ пен жауап жалғаса береді. Студенттер:
–  Жампоз ақын кім? –дейді.
Жұмағаң:
– Байбота Серікбаев. Өйткені, жампоз-түйе түлігінің жүйрігі. Ал, 
бота – түйенің төлі, – дейді. Студенттер:
– Ұшқыр ақын кім? – Жұмағаң:
– Дүйсенбек Қанатбаев, Серік Ақсұңқарұлы.
Студенттер:
– Ғұлама ақын кім?
– Ұлықбек Есдәулетов.
– Қадірлі ақын кім?
– Қадыр Мырзалиев.


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау