220
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Ол кездегі «Октябрь туындағы» салт бойынша, Жаңа жылды,
одан кейінгі Мәскеудегі Жаңа жылды, түнгі сағат 3-ке дейін отырып
қарсы алу әдетке айналған. Лепіріп алған үлкен-кіші жігіттердің
барлығы Жұматай екеуімізді айтыстырмасын ба? Мен қайбір
табан асты суырып-салмаға жүйрікпін. Оның үстіне домбыра тарта
алмаймын. Содан қысылғандықтан, сөз таба алмай өзім білетін
қазақтың қара өлеңіне бастым да:
Жұматай, өлеңіңді айт, өлеңіңді айт,
Өлеңіңді айтпасаң үйіңе қайт.
Қайқайып қайт дегенге сала бермей,
Түбіне осы сөздің бір барып қайт, – деймін ғой, баяғы «сасқан
үйрек артымен сүңгиді» дегеннің керін келтіріп. Жұмекең сасқан
жоқ, домбырасын қағып-қағып жіберіп, мен айтқан қара өлеңнің
алғашқы үш жолын қайталап шықты да:
«Бір жартыңды тастап кет...(орысшалап жіберді). Оны қазір
Алматы мен Талдықорғанда аңыз етіп, айтып жүр. Содан былай
Жұматаймен айтысқанды мүлде қойдым. Сол күні Жұмекең
жігіттердің көбіне қолма-қол өлең арнап шыққан еді. Соның
ішіндегі есімде қалғаны фототілші марқұм Сейітжан Ысқақов пен
өзіме шығарған шумақтары:
Сейітжанға:
Қаңғып жүріп қатын алған орыстан,
«Бешбармақтың» орнына көже ішем деп борщтан.
Екеуміздің маңдайымыз қасқа деп,
Кезі келсе автобуспен соғысқан.
Сарыбас жыланның жолағындай тісі бар,
Редактор естісе,
Бес күн жерге түкірер ісі бар.
Бұл да бір Сейітжан Ысқақовқа жарасар, ей-ей, жарасар...
Маған:
Малақайы жарты тышқанның терісі,
Жартысы ұйғыр, жартысы суан,
Жәркенттің серісі.
Озат колхоздың қызылшасындай бойы бар,
Алда-жалда заң шықса,
Тоқал алам ба деген ойы бар.
Еш бастықтан қыңбаған,
Тек қана Қайыңжамалды тыңдаған,
Бұл да бір Әбен Дәуренбековке жарасар ей-ей, жарасар...
Бір жылдары жазда құрғақшылық болып, Алыбаев деген аузы
алты қарыс хатшының әмірі бойынша барлығымыз ағаштың бұтағын
сылып, жапырағын жұлып, жаз бойы арық-арықтың бойынан шөп
221
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
шауып, қаңғып кеткеніміз бар. Қазіргі Көксу ауданы «Еңбекші»
кеңшарына редактордың бірінші орынбасары Елжас Бейсен беков
бастаған бір топ жігіт Кеңарал бөлімшесіне барсын. Әдетте таң
атар атпастан «материал, материал» деп жанды қоймайтын Еле-
кең ондайда тыным тапсын ба? Әбден зықыларын шығарған көрі-
неді. Басына түрікше дөңгелек тақия киіп алған бастыққа қарап
Жұматайдың айтқаны ғой:
Келген жерім Кеңарал,
Жайымыз жоқ демалар.
Тықың-тықың етеді,
Турецкий генерал, – деп.
Талдықорған облыстық радиосында істеп жүрген кезінде
журналист Әуелхан Жақыбаев анау жақтан келе жатқан ақын
Тоқтасын Сүгірбековті көріп: «Жұматай, сен нағыз ақын болсаң
осыны «қолға түсірер» бір өлең шығарып жіберші» – деген көрінеді.
Ондайда ойланып жататын Жұмекең бе? Табан астында бұл күн дері
аңыз-нақылға айналып кеткен:
Құнжыңдап қатын көрсе қуанатын,
Қиярдың бөшкесіндей жуан ақын.
Жыласа, «жүн-жүн» берсе жұбанатын,
Кіндігін қытай кескен суан ақын.
Кеңсеміз Кербаланың шөлі боп тұр,
Бірдемең бар ма бізді суаратын... деген өлеңді шығара салыпты.
Айдын деген ұлым дүниеге келгеннен кейін бірде Жұматай сол
Тоқтасыннан: «Осы Әбеңнің үйіне барып баласына бауы берік бол-
сын айтайын десем, көрімдігім болмай жүр, сіз барып шықтыңыз
ба?» – десе керек.
– Бардым.
– Көрімдігіне не бердің?
– Бір қой атадым.
– Қап, оны білгенде мен екі қой бере салар едім ғой, – дейді
Жұматай. Атақты «Бір жілік» деген өлең сол жылы туып еді:
Бір жілігі Сарқанда,
Бір жілігі арқаңда.
Бір жілігі «Басқанда»,
Бір жілігі аспанда.
Бір жілігі Қапалда,
Бір жілігі тақауда.
Бір жілігі сапарда,
Бір жілігі Қапарда...
Үйсін, найман тойынар,
Бермей жүрген Тоқаң жоқ,
Шамаң келсе сойып ал...
222
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Бірде Зайда Мұқырыдағы әкесі Қошақан қарияның үйіне
редакцияның басшыларын шақырды. Жұматай: «Менің бастығым
сенсің, қонақ боласың», – деді. Қатардағы жай қызметкер болсам
да ешқайсысы мені бөтенсінген жоқ. Бәріміз қазіргі зейнеткерлер
Ғайыс Егембердиев, Елжас Бейсенбеков және Алматыдағы
белгілі журналист-жазушы Ерғали Ахметов үй-ішімізбен қонақта
отырмыз. Жаздың жайлы күні. Салқын бақ. Әңгіме думан. Ән-жыр.
Біраздан кейін термелетіп, жыр төгіп отырған Жұмекеңнен, үлкен
кісі Ғайсекең «мен мына Құдайбергенге айтып жүретін бір өлең
шығарып берші, Жұматай», – деді шопырына қарап. Сол- ақ екен:
Алты алаштың арысын,
Қанжығасына байланған.
Екі «нолін» көргенде,
ГАИ-ның өзі теріс айналған.
Қонағына майлы қолымен ет асатқан,
Ай сайын мотор көтертіп,
«Октябрь туының» жігіттеріне,
«Физарядка» жасатқан,
Бұл да бір Құдайбергенге жарасар ей-ей, жарасар...
Баяғы гастрономның жанындағы үйде тұрғанымда ауыл
дан
шашын тақырлатып алып тастаған өзіме тете інім Нұрбек келіп
отырған. Оның жүгеріші екенін, су ұстайтынын біліп алған Жұма-
тай Нұрбекке қарап былай деді:
Кетпенін жерге есепсіз батырмас,
Өзімсінбеген адамға нәр татырмас.
Екі бірдей ағаң сусап отыр,
Магазинге барып келші, – ей, тақыр бас, ей, тақыр бас.
Нұрбек қайтсін, жымиып күліп, басын бір сипады да, бешпетін
киіп, қалтасын бір қағып қойды да, сыртқа шығып бара жатты.
Бір айтпағым – жас суреткердің табанасты суырыпсалма өлең-
дерінің соншалық поэтикалық қуаттылығы, шын ақын нағыз
талант, не жазса да, не айтса да жаман жаза алмайтындығы, жаман
айта алмайтындығы!
«Жерұйық»
1995 жыл 24 қараша
Достарыңызбен бөлісу: |