Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет63/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   95

217
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
Сен жассың әлі, бар болғаны қырық бестесің,
Лапылдап барып, жалындай алмай өшкесің.
«Мұнар мен Гүл» деп , «Менің ертегім» деп,
Әкелдім саған жанымның мәңгі кестесін.
( «Зайда-ғұмыр» кітабынан)
...Ақсақал жасы – алпыстың төріне Жұматай қылыштай қыл-
шылдаған қырық бестегі шағында шығып отыр. Тұнжыр қара 
көзінде құштарлық пен сағыныш оты маздаған жігіт қалпында 
жұмбақ жымиятындай.
«Мені үш ғасырдан кейін оқығаннан гөрі бүгін жалындап 
сүйгенің артық» депті бір дана адам.
Махаббат – мәңгі ертегі. Сүйіспеншілікпен өрілмеген адам – жай 
кісі, бірақ ақын емес. Ғашық болып өткен ақындардың есімі ғана – 
ұзақ, (мүмкін мәңгі) жасайды.
«Жетісу» 
2005 жыл 20 қаңтар.
Нұрғали ОМАРҚҰЛ
БІРЕУ ЕРТЕ, БІРЕУ КЕШ...
Бірегей ұл туғаннан соң бір рет,
Жыры болсаң, тұра аласың нұры боп.
Халық сені аспанына шығарар,
Халық қолы дейтін жалғыз құдірет.
Жұматай Жақыпбаев
Қолда барда алтынның қадірі жоқ...
Шынанда да солай екен. «Біреу ерте, біреу кеш бір құлайды» 
дегендей сұм ажал тым ерте құлатқан Жұматаймен бірге жүргенде 
оның қадірін біле бермеппіз ғой. Онымен жетпісінші жылдардың бас 
кезінде «Октябрь туы» газетіне қызметке келгенде таныстым. Содан 
біраз жыл бірге қызмет істестік. Жасының біршама кішілігінен ол 
мені Нұраға дейтін. Сыйласқан адамына жүрегін жарып беруге бар 
ақкөңіл, адал Жұматай өмірден озғанша содан айныған жоқ.
«Аз жолдас, көп дәмдес» демекші, жігіттердің өздерінің жұ  мыс-
тан кейінгі «еркекше» бас қосуларында, кейбір жанұялық оты-
рыстарда бірге болғанымыз да бар. Сондайларда Жұматай айна-
ла 
 
сындағыларды үйіріп алатын өнерімен ерекшеленетін. Бар-
ған жерінде шешініп, жеңіл киіммен ғана отыратын да, бабы на 


218
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
келген кезде домбыраны қолға алып, дастархан басын думандатып  
жібе ру ші  еді.
Шынында да оның кейбір адамдарға, жеке оқиғаға байланысты 
табан астында өлең шығара салатын, шығарғанда да мәнді, дәмді 
етіп шығара салатын тапқырлығы таңқалдыратын. «Жұматай былай 
деп еді» деген сөздер қазір ел аузында көп айтылып жүр. Солар 
жиналса шіркін! Оның осындай суырып салмалық өнеріне өзім 
де сан мәрте куә болдым. Бірде Талдықорған қаласындағы қазіргі 
М. Төлебаев атындағы облыстық филармония үйінде әлде қандай 
мәдени шара өтті. Сол кештен шыққан бір топ жігіттің есік ал дында 
бастары қосыла қалғаны бар емес пе. Әрине ортамызда – Жұматай. 
Күн кешкіргеніне қарамастан әлі де қапырық, тынысты тарыл тып 
тұр. Осыны арқау еткен ол әдетінше сыпайы ғана сыздықтата тұр-
ып «мынадай тымырық кеште бірдеңе (әрине арақ) ішпесе ұйық-
тау мүмкін емес» – деген базынасын білдірді. Мұндайда сыр жата 
ма? Тұрғандардың бірі «Капитанский джин» деген ішімдік барын 
айтты. Ал оның тұрағы – қаланың бесінші шағын ауданы. Түн 
ішін де сонау беске барып жүрер жайымыз жоқ» – деп көпшілік 
барар ыңғай байқатпады. Мұндай қарсылықты Жұматай күтпесе 
керек. Тағы бірақ үгіттеп көріп еді, кері қайтудың, орталыққа 
қайта жетудің қиындығын желеу етіп ешкім суырылып шықпады. 
Сонда Жұматай тұрып:
Бүгін мына тұрғанында түн ысып,
Беске барып келер ме еді «Жын» ішіп.
Әншейінде арақ сұрап жүретін,
Мыналар да жүрмей қойды тырысып, – деп бір шумақты айтты 
да, жөніне кете берді. Оның мұндай тапқырлықтары көп болды ғой. 
Бірақ амал не, солары кезінде ескерілмей, қағазға түспей, айтылған 
жерінде қала берген. 
...Қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай...
 
«Жерұйық» 
1995 жыл 24 қараша.


219
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
Әбен ДӘУРЕНБЕКОВ
ЕСІМДЕ ҚАЛҒАН ЕСІЛ ЖЫР
Мен бұдан бұрын Жұматайдың 50 жылдығына байланысты 
республикалық, облыстық басылымдарға ой толғаған «ділмар-
лардың» қатарында өз лебізімді білдіріп, естелік жазғанмын. Енді 
оны қайталап жазудың реті бола қоймас. Оның үстіне айтпа-
ғым Жұматай Жақыпбаев хақындағы соңғы сөз де емес. Сонымен 
бүгінгі әңгіме: көп сөз болып жүрген, өте-мөте Қажытай Ілия-
сов  тың «Өзеуреп», «теледидардан» «қақсап», жиі-жиі айтып келе 
жатқан, ақынның Талдықорғандағы ауызша шығарған әзіл-оспақ, 
жыр термелері жөнінде, есімде қалғандарын, айтпақпын. Алдын-
ала көпшілікке айтып қоятын бір жай менің қазіргі баяндай ты  ным-
ның барлығы ешқандай қоспасыз, бүкпесіз, өзгеріссіз Жұма тай дың 
өз аузынан шыққандығы. Оны мен марқұмның көзі тірісінде талай 
рет айтып, «насихаттап», өзіне «бекіттіріп» алғанмын. «Өтірік ші нің 
куәсі қасында» демекші, кейбір жеріне күдікпен қарайтын болса 
Зайдадан сұрасын.
*** 
Бірде біраз күтіп, «Жетісу» шағын ауданындағы бір үйдің төртін-
ші қабатынан зорға дегенде екі бөлмелі пәтер алдым. Қасымда 
Жұматай, үш жасар Әсия деген қызым бар, баспалдақпен өрмелеп 
жоғары келе жатқанда айтқаным ғой, баяғы:
– Жұматай, сен осы гастрономға ұйқастырып бір өлең шығар - 
шы, – деп: Ол кәдімгі әдетімен кеңкілдеп, рахаттана күліп алды да:
Бұл үйдің үсті де дом, асты да дом,
Қасында тиіп тұр ғой гастроном.
Одан бірер жыл кейін облыстық «Октябрь туы» (қазіргі «Жер-
ұйық») газетіне топ-тобымен, лек-легімен келіп жатқан жас 
жігіттердің ішіндегі пәтерге ие болған Жеңіс Оспанов (марқұм) еді. 
Бірде сол үйде келіншегі Алманы Өскемендегі төркініне шығарып 
салу қонақасында осы күнгі «Жерұйықтағы» жігіттер Жұмахан, 
Сейітқали, Жәйірбек бәріміздің басымыз қосыла қалды. Әрине, 
Жұматай да бар. Онда Жеңіс пен Жұматай әзіл-шыны аралас «Құда» 
болып жүретін. Сөз кезегі Жұмекеңе келген сәтте:
Ұнай ма, ұнамай ма мына күйім,
Тар жерде өлең айту, бұ да қиын.
Қаршығадан аман бол қайда жүрсең,
Құдай қосқан алғашқы құдағиым, – деп еді. Бәріміз орнымыздан 
тік тұрып, қол соқтық. Алма жылап жіберді.


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау