Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет66/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   95

226
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Төреғали ТӘШЕНОВ
МЕН КӨРГЕН ЖҰМАТАЙ
Жыр оқыған күбірлетіп бал ернін,
Москва ма, Римде ме, тауда ма.
Мен де кейін бір баланы демермін,
Таба қылмай досына да, жауға да. 
Жұматай Жақыпбаев
Менің ғажайып ақын Жұматай Жақыпбаевты алғаш көруім 
– 1983 жыл. ҚазПИ-дің филология факультетінің I курс студен-
тімін. Студент ақындардың «Аудитория» деген топтамасы тасқа 
басылатын болып, бір топ өзім құралыптас жігіттермен бірге шимай-
шатпағымды «Жалын» баспасына өткізуге барғанмын.
Баспа үйінің өзіміз бас сұққан бөлмесіндегі екі-үш адамнан 
есімде қалғаны – балаларға арналған әлдебір ұзақ өлеңін бізге бусана 
оқып беріп отырған Байбота ақын Серікбаев (қазір Қошым-Ноғай). 
Жорта ойнақыланып, тілі күрмеле, түсініксіздеу үнмен асығып-үсі-
гіп өлең оқығанын бақылап отырудың өзі бір қызық. Әлден уа қытта 
есік ашылып, ішке қара торы, қияқ мұрт, ұшқын атқан күлім көзді 
жігіт ағасы кіріп келді. Орнымыздан тұрып, амандасып жатыр мыз. 
Сәлемімізді алған әлгі кісі «Кім боласыңдар?» деді қызығу шылық 
танытып. Ішіміздегі жоғары курста оқитын ересек жігіт тердің бірі 
шетімізден таныстырып жатыр. Кезек маған келгенде, шоқ жа нарлы 
әлгі кісім:
– Бұл жігіттің аты ғана Төре ме, жоқ әлде заты да Төре ме? – деп 
мысқылдай қадалып, жанымдағыларды бір желпіндіріп тастады. 
Жас уақытта адам кінәмшіл, тызақылау келе ме, жаңа көріп 
отырған кісімді шоқтай қарып алған шақпа тілі үшін жақтырмай 
қалдым.
Былайырақ шыққан соң жанымдағы тісқаққандардан «Жаңа ғың 
кім өзі?» десем, «ақын Жұматай Жақыпбаев қой» дейді.
Жұматай аты есімде осылай жатталып қалды. Онан кейін ақын 
достарымның аузынан кейбір өлеңдерін тиіп-қашып естіп жүрдім. 
Қызып алғанда біреуі Жұматайдың жыр шумағын жатқа оқып:
Жандарға дос та, дұшпан да болған,
Құмар да болған, құштар да болған,
Кеудемнен бұлбұл ұшқанда арман,
Иттен де қалған, құстан да қалған
Көңілім менің, көңілім, – 
деп жылайтын болды. Тағы біреуі оның өмірін ертегідей ғып айтады. 


227
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
Ақынның «сүтке салған суреттей» өлеңдерін осылай әркім-
әркім нің аузынан естіп жүргенім болмаса, жыр жинағын ұшырас-
тырған емеспін.
1985 жылғы көктемнің жазға ұласар шағы, қасымда екі серігім 
бар, желпініп алған үшеуміз Жұматайды «Сайран» көлі жанын-
дағы автовокзал маңында ұшыраттық. Алматы облысындағы 
аудандардың біріне бармақ болып, автобус күтіп жалғыз тұрған 
беті екен. Қасымдағы екеудің бірі – белгілі айтыскер ақын Есенқұл 
Жақыпбеков, Жұматаймен бұрыннан етене таныс, амандық-саулық 
сұрасып, қасымдағы ауылдасы Қайрат Күлменов екеумізді, ол да 
студент-ақын, таныстырып жатыр.
Бұл жолы Жұмағам маған баяғы мысқылы да, екпіні де жоқ, ойлы 
да сабырлы қалыпта көрінді. Үстінде қалалықтар ұната бермейтін 
тор көзді, қонымсыздау шолақ жең жейдесі бар. Жағамыз жайлауда 
жүрген шақ, ақынның көрер көзге барынша қарапайым, тұйықтау 
тұрысын біртүрлі қорашсынып қалдым.
Есенқұл мені көтермелей таныстырып, қоярда-қоймай «Қара 
ағаш» деген өлеңімді оқуымды өтінді. Қысылыңқырай отырып, 
ақын Жұмекен Нәжімеденовке арналған «Қара ағаш» деген өлеңімді 
оқып бердім (бұл өлең кейін «Жалын» журналының 1987 жылғы 
№1 санында жарияланған). Ақын «жақсы екен» деп ынта білдірді, 
жылыұшырай қарап, қолымды қысты. Бірақ біздің емеурінімізге 
ере қойған жоқ, жол жүріп бара жатқанын айтып, сыпайы ғана 
қарсылық білдірді. Әлден соң жүретін көлігі дайын боп, отырғызып 
жібердік.
Осыдан соң Жұмағаңмен оқта-текте көшеде екеуден-екеу 
ұшырасып қалып жүрдім. ҚазМУ-дің қауымдасып жүретін жас 
перілеріндей емес, ҚазПИ-де қалам ұстағандар ілуде біреу, оның 
үстіне кілең қыздардың ортасы, сонан да көбіне «дүбір шыға-
тын жерлерде» жалғыз-жарым жортамыз. Және Жұмағаңның да 
қасында да ешкім болмайды. Неге екенін, қыста көзге нағыз болып 
шалынатын қаракүрең кісі, жазда ашаңданып, бозарып көрі нетін. 
Баяғы жолығыстан кейін есінде мықтап сақтап қалған ба, әрдайым 
көрсе болды жылыұшырай жымиып, ыждағатпен сәлемімді алатын. 
Сосын:
– Бала, таңдай жібітерлік бірденең бар ма? – дейтін жолық-
қан сайын өзімсініп. Ашқұрсақ студентте не болсын, қалтамда 
бақыр жоқ мен кеткенше асығам. Жолыққан сайын осылай ұятты 
болып жүрдім. Ниетім түзу- ақ, бірақ «жоққа жүйрік жет пейді». 
Бірде зорлана жымиып, енді бірде түтігіп жүріп теріс бұры лып кет-
кенім де бар. Оным аға тұтып артынан еріп жүрген кейбіреулерден 
көңілім суып қалған менің Жұмағамды да сол қатарға қосып 
қойғандығымнан болса керек.


228
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Бірте-бірте таныс та бейтаныс Жұмағам көзіме жылыұшырай 
бастады. Алдымен асықпайтын жүріс-тұрысы ұнады, онысын өзіме 
ұқсатып қойдым. Сосын барынша бейғам қарапайымдылығын, 
сыр тұнған мейірімді жанарын сәл сығырайтып, үнсіз шылымын 
сораптап тұратынын ауылдағы қоңсылас, көңілі жақын, кең қолтық 
ағаларымның кейпіне апарып қондырдым. Осы тұрысында өзінің де, 
өзгенің де бағасын тап басып танитын тамыршылық жатқан дай еді. 
Бірде өзі суқаны сүймейтін бір ақынның соңынан еріп жүргенімді 
жақтырмағандай кейіп танытып тұрды.
Жұмағаңмен ең соңғы рет жүздесуім – 1989 жылғы қаңтар 
айының алғашқы онкүндігі. Бұл кезде сырттай оқуға ауысқам, 
институт бітіретін жылғы қысқы сессияға келген кезім. Көшеде 
өз көңілімді өзім жылытып келе жатсам, Жазушылар одағы үйі 
жанынан Жұмағам қарсы шығып қалды. Амандық- саулық сұрасқан 
ақынға енді жата- жабыса кеттім. Қалтам біршама тоқ, осы жолы 
нағыз реті келіп тұр, жақсылап сыйлап жіберсем деймін. Сол 
оймен ниетімді білдіріп, тізгінді өзіне беріп ем, «қалай болар екен?» 
дегендей, барлай қарап алған Жұмағам мені Одақ үйіне жақын 
маңдағы «Алматы» қонақүйінің мейрамханасына бастап алып келді. 
Сыртқы киімімізді кіре берісте қалдырып, жоғарыға көтерілдік те, 
кеңірек үстелге жайғасып, алдымызға оны- пұны алдырдық. Жақсы 
тілек айтысып, енді жайлана бастағанда, қасымызға бөтен біреу-
лер келіп отыра бастады. Оңаша отырысты тілеп келген мен кел-
гендерді іштей жақтырмай қалдым. Жұмағам көңілді, әлгілермен 
ықы ластана танысып отыр. Қалам ұстағандармен қоңсылас деуге 
келмейтін, сырттары тоқ, майлы қасықтай жылпылдаған жігіттер 
көрінді. Оларға «Қазақтың үлкен ақыны Жұматай Жақыпбаев» деп 
еркінси таныстырып едім, «ой қой» деп ағамыз қысылғандай жылы 
жымиды. Не керек, мұнда ұзақ отырып береке таппадық, қасым-
дағыларды қара албастыдай көріп түйіліп қалған мен өзіме де, 
ақынға да үстін- үстіне тартқызып жібердім, білем...
Әлдебір уақта сыртқа шықтық. Кеш батып, қараңғылық 
әлдеқашан түскен,көше шамдарын қаңтардың сары аязы буып тұр. 
Ішке түскен қызыл шоқты тағы үрлесек деймін. Бірақ ақын арыға 
барған жоқ. Маған: «онан да өлең оқы» дейді. Мен өзімді кереметтей 
сезініп, Жұмағаңның алдында жыр басын ағытамын кеп... Сөйтіп, 
сірескен қарды сықырлата басып, едәуір уақыт жүріп алдық.
– Менің өлеңдерімді оқып көрдің бе? – дейді бір кезде.
– Жоқ. Бір жол өлеңіңізді оқып көрмеппін. Жинағыңыз қолыма 
түспесе, өлем бе? Кітап дүкенінде атымен жоқ. Үйіңізде болса, 
біреуін сыйлаңыз.
– Кітабым өзімде де қалмапты.
– Онда өлең оқыңыз...


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау