223
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
Мақсұт НЕТАЛИЕВ
«ӘН БОЛЫП БІТКЕН ҚҰЛАГЕР ӘЛГІ КҮЛІКТЕЙ...»
Ж.Жақыпбаев. Көктемгі хаттар. «Жалын» баспасы, 1992 жыл
Жұматай
көлкөсір етіп көпіртіп, көп те жазған жоқ, көзі тірі сінде
көп кітап шығарған да жоқ. Бірақ «Жалын» баспасынан 1992 жылы
жарық көрген «Көктемгі хаттары» (көлемі 10 баспа табақ) азғантай
ғұмырға аз да еңбек емес. Жұматай кезінде Жұмекен сынды жампоз
ақынның қаламына ілінген бақытты жастың бірі еді. Қазір оның
жыр жинағын қайталап оқу үстінде талантты ақын өзінің қысқа
ғұмыр-тарихына талай құнды нәрсені жазып кеткеніне көзім айқын
жеткендей болды. Әр өлеңін зейін қоя зерделеп әрі аса қызыға оқып
шықтым. Әсіресе, «Кенежирен» деп аталатын небәрі төрт шумақтан
тұратын әдемі өлең мені қатты сүйсіндергенін баса айтқым келеді.
Алдынан сөре, артынан қиқу таялса,
Бұзау тіс қамшы бұтынан шақса шаянша,
Құлажирен ат құйқылжып шығып баянша,
Құла бір дөңнен құлдырар еді қоянша.
Арқасы қозса, ылди ма, өр ме, елемей,
Зымырар еді сындарлы сырлы жебедей,
Ауаны тесіп аспанда ұшқан кемедей,
Немесе безіп түрмеден шыққан немедей.
Зырқырар еді, сүрінем деп те қорықпай,
Тоқтатар оны кедергілер де жолықпай.
Сөрені бетке ап, үш күндік жерден зорықпай,
Құйындар еді құланын көрген қодықтай.
Ән болып біткен Құлагер әлі күліктей,
Бәйгеден келсе, кернейшілер де ілікпей,
Алшаңдар еді ала аяқтары бірікпей,
Қылықты қыздың қасынан келген жігіттей!
Қас жүйрікке осыдан артық қандай баға берілу мүмкін?! Өлең-
нің әр шумағы, әр жолы ғаламат бейнеге толып тұр. Ақын қазақы
сөздерді орны-орнымен ойната білген. Ә деп оқи бастағаннан-ақ
сұлу теңеулермен өріліп, төрт жол сайын үстемелей төгілген сазды
ұйқасқа елтисің де, екпіндей ұшқан Құлажиренге ілесіп, сен де
жүйтки жөнелесің.
224
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Біз ақын жүрегінен туған
жыр өзінің табиғи мінезіне, қасиет-
қарекетіне тартады дегенді көп айтамыз. Шынында да солай ма?
Аяғын жай басып, жалпақ алатын Жұматайда тап әлгіндей екпінді,
ұшпа мінез жоқ болатын. Ендеше, туған табиғатына ақын мінезі
тартатын шығар, ал ақын табиғатына оның өлеңі тартады дегенге
сену қиын. Мұны осы Жұматай ақын дәлелдеп берді. Осыған жалғас
орналасқан тағы бір жақсы өлең бар. Бірде Жұматайдың бес моторлы
ұшаққа да бергісі келмейтін әлгі Кенежирен атын Шора деген ағасы
сатып жіберді. Соған күйінген ақын:
«Жұрт ағасын айырбастай бастаса,
Шөке, сені өткізер ем алдымен! – депті. Әлбетте,
тұлпар қадірін
тек тұлпар таланттар ғана білсе керек. Жабыны да жүйрік деп
санайтындар тегінде мұндай өкінішке бармас та еді.
Жұматай ақын жырларында сырлы сезімнен өрбіген ай шықты
ойлар мен жұмыр ұйқастар, соны теңеулер мен бейнелі суреттер
мол-ақ: «Бозамық көкке бозторғай құсты ілдірген, мал өріс қырға
ма саты төсеп үлгірген», «Көктеулеріне бетеге шығып көкқасқа»,
«Сабағы жұмсақ сарғалдақ сайдан терді ме, арқаға бұрым лақты-
рып?», («Мамырым менің»), «Көкекке мініп, италақазды жетекке
ап», «Сақалын көкке боясын аппақ серкелер», «Көбелек
боп кетсін
еңсемді басқан қорғасын», «Жасылдан желек жамылған талға қыз
мүсін», «Қан тұмсық жебе қадалып жатса шаншудай» («Көктемге
хат»). Мұндай жолдарды көптеп келтіруге болады.
«Жаз күйі» дейтін өлеңде ақын өрістен оралған үйір жылқы-
ның кісінескен, сиырлардың мөңірегенін саз аспаптардың үнімен
байланыстырады: «Бие, айғыр саксофонша шұрқыраған» немесе
«Өрістен қайтқан сиыр бұзауына, өзбектің кернейінше мөңірейді»
дейді. Бұл да поэзиядағы теңеулер жаңалығы. Осы өлеңге түсіне
бермейтін солақай сыншысымақтар сөз жоқ дау айтар еді. Жұматай
мұны өзінің алуан түрлі музыкадан хабары бар екенін сездіру үшін
айтып отырған жоқ, жалпы жаратылыс пен жануарлар арасында да
сазды, әуенді үндестік бар екенін ұғындыру үшін айтып отыр. Мына
бір шумақтарды оқып көрелікші. Өлеңнің аты «Ойсазда».
Алакөлең аршалы таудың қабағы,
Аспанмен жөңкіп сұр бауыр, аппақ жабағы.
Бұйра шыңдардың бетімен бұйра көлеңке,
Сорғышқа құйған сияша жылжып барады.
Жарыса көкпен жабағы жылжып не түрлі,
Жердегі жарық жердегі нұрды кетірді.
Көлеңке түскен көркем беткейлер алыстан,
Қара түр басқан көкжасыл киіз секілді...
225
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
Жез тастар жатқан желегі қалың көк белге,
Екі үйір жылқы еміне сүңгіп кеткенде,
Балқаштан бері жолаушы шыққан кеме-бұлт,
Трюмін ашып, төбеден бұршақ сепкенде...
Осындағы ақын келтірген теңеулерге көз салыңызшы: қан дай
ойлы, қандай өрісті, әрі ақын салған суреттер таңдай қақтырар лық
келісті де сымбатты.
Кітап үш бөлімнен тұрады.
Соңғысы Жұматайдың көзі тірі-
сінде жазған және жарық көрген жинағына енген «Ләйлә» топта-
масы. Бұл турасында әдеби жыл қорытындысында жасаған баянда-
мада айтқанмын, сонда бұл топтаманы әлемдік поэзияның інжу-
маржанына теңегенмін де. Енді осы бөлімнен бір мысал кел тірсем
деймін. Жұматай бір кезде нағашысының үйіне барып, қақ төрінде
шалқайып жатса, үстіне кірген әжесі: «Бесінім қаза боп барады
екен» деп, намаз оқуға тұрады. Соны тыңдап жатқан ақын сүренің
ішінен құлағына бір сөз жеткенде, селк ете түседі. Сөзді ақынның
өзі айтсын:
...Мұратқа соныменен жетті ме екен,
Бір тілде күбірлеп ап кетті бөтен.
Селк еттім. Не деп кетті? Сөйтсем әжем,
«Ләйла, илло-алла» – деп тұр екен.
Осыдан соң Жұматай өлеңді тастап, намаз сүресі ішінде Ләйлә-
нің аты жүргендіктен намаз оқығысы келді. Тапқырлық қой. Міне,
өлеңнің құдірет-күші де осы соңғы түйінде жатыр.
«Қадірім қашты. Шер құштым. Шетқақпай көрдім», «Біттім
енді. Кеттім, міне. Болды енді», деп ақын інімнің өзі айтқанын дай,
қиындық көрген кездері де болған шығар. Әйтсе де, өмірден ерте-
рек кеткен Жұматай ақынды анасы бірде «Ажалсыз Жұматай» атаған
екен. Тағы да ақын сөзімен айтсам, Жұматай жасында «сотанақ
болып қалыптасады», одан «бас бұзар боксшы ретінде рингке де
шығады», одан соң «атбегі әрі күйші ретінде» танылады.
Сонымен:
Алғанда тәңірінен азар сұрап,
Өшпейтін дәріптеусіз, назарсыз-ақ,
Кемедей еш теңізге батпайтұғын,
Апамның қойған аты – Ажалсыз ат! – демекші, Жұматай аты
өлген жоқ, ол – тірі! Мынау мұралық жинақ соның бірден-бір ке пілі
деп білеміз.
«Қазақ әдебиеті»
1993 жыл 25 маусым