«Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары


-тарау. Описторхоздың, дифиллоботриоздың алдын алу бойынша



жүктеу 195,15 Kb.
бет6/19
Дата07.01.2022
өлшемі195,15 Kb.
#37085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
0 840

6-тарау. Описторхоздың, дифиллоботриоздың алдын алу бойынша
іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар
60. Балық арқылы берілетін гельминтоздарға (описторхоз, дифиллоботриоз) қарсы күрес шараларының кешені мыналарды қамтиды:

1) описторхистың дер нәсілдерін жұқтыруға анағұрлым бейім балықтардың барлық түрлерін (аққайраң, тарақ балық, оңғақ, қызылқанатты шұбар балық, торта, табан, тұрпа балық, көктыран, айнакөз, қызылкөз, қылыш балық, ақмарқа, теңге балық, үкішабақ, балпан, сұлұталма, сида балық, тілмай) жылына 1 рет зерттей отырып) су қоймаларының паразитологиялық жағдайын (қолайлы/қолайсыз) зерделеу және халықтың жұқтыру қаупін анықтау негізінде балық шаруашылығы су қоймаларын эпидемиологиялық-эпизоотологиялық бағалау;

2) гельминт жұмыртқаларынан тазарту тиімділігін бақылау мақсатында шаруашылық-нәжіс кәріздерін тазарту құрылыстарының сарқынды суларын зертханалық зерттеулерді орындау;

3) шаруашылық-нәжіс кәріздерінің тазарту құрылыстарының гумусын егістіктерді және көкөніс (аскөк) өсетін бақшаларды тыңайту үшін пайдалануға жол бермеу;

4) сыртқы орта объектілеріне (топырақ, су, тұнба) санитариялық-паразитологиялық зерттеу жүргізу;

5) медициналық іс-шаралар;

6) халықты гигиеналық оқыту.

61. Описторхоз кезінде медициналық іс-шаралар мыналарды қамтиды:

1) мыналар жатқызылатын тәуекел тобындағы адамдарды тексеру:

эндемиялық аумақтардағы өзендер, көлдер, су сақтау орындары, су қоймалары жағалауларындағы және оларға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары;

су көлігінің, балық өңдейтін кәсіпорындардың қызметкерлері, балықшылар және олардың отбасы мүшелері;

2) эндемиялық елді мекендердегі халықтың 5 % және одан астам жұқтырған жағдайда тәуекел топтарын тексеру;

3) гепатобилиарлы жүйесінің мүшелері, асқазан-ішек жолдары бұзылған, аллергия белгілері бар бірінші рет жүгінген науқастарды тексеру;

4) описторхозбен ауыратын науқастарды арнайы емдеу стационар жағдайында ғана жүргізіледі. Емдеу аяқталғаннан кейін науқас диспансерлік бақылауға ауыстырылады;

5) описторхозбен ауырып сауыққан адамдарды диспансерлеу төрт-бес ай ішінде арнайы емдеуден кейін жүргізіледі, содан соң екі апталық үзіліс жасау арқылы нәжісті екі рет тексеру жүргізіледі, зертханалық зерттеулердің теріс нәтижелері алынған жағдайда пациенттер диспансерлік есептен шығарылады.

62. Описторхозды жұқтырған адамдарды анықтау үшін клиникалық, эпидемиологиялық, зертханалық тексеру (негізгі тексеру әдісі-копроовоскопиялық,серологиялық) әдістері қолданылады.

63. Республиканың описторхоз бойынша эндемиялық аумақтарында балық шаруашылығы (балық кәсіпшілігі) су қоймаларына үш жылдағы мониторинг мәліметтері, биогельминттердің аралық және қосымша иелерінің түрлік құрамы мен санының динамикасы, балықты паразиттік тазалыққа тексеру нәтижелерінің динамикасы, су қоймасына шаруашылық-нәжіс сарқынды суының ағуы, оны гельминт жұмыртқаларына және дернәсілдеріне тексеру нәтижелері көрсетіледі.


жүктеу 195,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау