Алға ауылдық округі әкімінің есебі бюджет. 2016 жылы «Алға ауылдық округі әкімінің аппараты»



жүктеу 37,39 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі37,39 Kb.
#5595



АЛҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ
Бюджет. 2016 жылы «Алға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін ұстауға 53146,0 мың теңге қаржы бөлініп, жыл қорытындысы бойынша 98,6 пайызға игерілді. Округ бойынша жиналуға тиісті мүлік салығы 11 946 теңге, жер салығы 68 381 теңге, көлік салығы 1432977 теңге, барлығы 1513304 теңге жиналып, жоспар 100 пайызға орындалды.

Өткен жылы ауылдық округ әкімінің атына 8 жеке тұлғадан өтініш түссе, 5 адам жеке қабылдауда болды. Олардың барлығына тиісті заңдылықтарға сәйкес жауап берілді.

Жыл көлемінде кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеңілдетілген несиелер алу жөнінде және бес институттық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадамға» бағытталған насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту. Округте 310 отбасы, 1845 адам есепте тұрады. 2016 жылы 36 отбасының 125 баласына 2 123 859 теңге жәрдемақы төленді.

67 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, 19 адам тұрақты және маусымдық жұмысқа орналастырылды. 37 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, 840400 теңге еңбекақы төленді.



Кәсіпкерлік. Округте 17 кәсіпкерлік субьектісі мен 1 ЖШС тіркелген. Олардың 8-і шаруа қожалығымен, 9-ы жеке кәсіппен айналысады. Округ орталығында 5 аралас заттар дүкені, 1 наубайхана және 3 кафе халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, 5 жеке кәсіпкер жолаушылар тасымаымен айналысады.

Ауыл шаруашылығы. Округтегі «Рза-Агро» ЖШС-нің егіс бригадасы бойынша 2016 жылы 770 га күріш, 100 га жаңа жоңышқа егіліп, 195 га көне жоңышқа күтімге алынды. Күріштің әр гектарынан 53,2 центнерден өнім алынып, келер жылдың егісіне 455 га сүдігер айдалды.

Сонымен қатар, округте «Ақмаржан» шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Өткен жылы серіктестік еккен 230 га күріштің әр гектарынан 42,0 центнерден өнім алынды. 60 га жаңа жоңышқа егіліп, 110 га көне жоңышқа күтімге алынды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2 шаруа қожалығы 14,6 млн теңге несие алып, жұмыс жасауда.

Ауыл тұрғындары азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Айтбай» учаскесінен 75 га қауын-қарбыз, 15 га картоп, 40 га көкөніс, т.б. дақылдар егіп, жинап алды.

Округ бойынша 1950 бас мүйізді ірі қара, 1541 бас қой, 1757 бас ешкі, 1715 бас жылқы бар.



Көркейту-көгалдандыру, абаттандыру, жарықтандыру. Елді мекенді көркейту-көгалдандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 575,0 мың теңге бөлінді. Ауылдың ішкі су жолдары тазаланып, жасыл белдеулерге көшеттер мен қаламшалар отырғызылды. Көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты атқарылып келеді.

2016 жылы Ү.Түктібаев ауылындағы Б.Әбдіразақов, Бейбітшілік, А.Жұбатырова, Жаңа жол және Жаңабасшылық көшелерінің барлығы 2,6 км жолын орташа жөндеуге құжаттар дайындалып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы қаржыландыруға ұсынылды.

Ү.Түктібаев ауылының орталығын аяқ сумен толық қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды.

Ауыз су. Округ бойынша «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырының №13 су көтеру бекеті арқылы ауыз су тұрақты берілуде. Күнделікті 62 қоғамдық коллонка арқылы 60 куб ауыз су босатылады.

Байланыс. Ауылда 250 отбасы телефон нүктесімен қамтылған. Ауыл орталығынан «КСЕLL» компаниясының ұялы байланыс нүктесі орнатылып, жұмыс жасауда. 2016 жылға округ бойынша 950 дана газет-журналдарға жазылу ұйымдастырылды.

Білім, денсаулық сақтау, мәдениет. Б.Әбдіразақов атындағы №88 орта мектепте 410 бала білім алуда. Оларға 67 мұғалім оқу-тәрбие беруде. 2015-2016 оқу жылында мектепті бітірген 30 түлектің 12-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Оның 8-і жоғарғы оқу орындарының грантын иеленді.

Ү.Түктібаев ауылдық дәрігерлік амбулатория 10 адамға арналған күндізгі емдеу орнымен қамтылған. Жыл көлемінде науқастарға 1 357 243 теңгенің дәрі-дәрмегі жұмсалды. Жаңа жедел-жәрдем автокөлігі қызмет жасайды.

150 орындық жаңа ауылдық клубта әрбір мереке уақытылы аталып өтіледі. Жыл ішінде 42 іс-шара ұйымдастырылды. Ауылдық клубта ән-әуез және спорттық ойындар үйірмелері жұмыс жасайды. Кітапханада 21 647 дана кітап қоры бар.

Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылыққа қарсы күрес. Ауылдық округ әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында тоқсан сайын құқықтық оқу өткізіліп тұрады. Жыл көлемінде сыбайлас жемқорлық бағытындағы құқық бұзушылық тіркелген жоқ.

Қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында округ бойынша 1 учаскелік полиция инспекторы жұмыс жасайды. Округ әкімдігі ғимаратында учаскелік полиция инспекторының арнайы бөлмесі бар.



Алдағы уақытта атқарылатын міндеттер:

- Жерлесіміз Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаевтың туғанына 100 жыл толуына байланысты округ орталығын абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстарын сапалы жүргізу және мерзімінде аяқтау;

- Ауыл орталығының санитарлық тазалығы мен көркейту-көгалдандыру жұмыстарын тұрақты жүргізу;

- Жерлесіміз Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаевтың туғанына 100 жыл толуына байланысты бекітілген жоспарға сәйкес іс-шараларды жоғары дәрежеде өткізу;

-Мемлекет тарапынан ауылшаруашылығын қолдау мақсатында берілетін несиелерге кәсіпкерлерді тарту;

- Ауыл жастарымен жұмысты жандандыру;



- Қоғамдық тәртіпті сақтау;

- Ауыл тұрғындарының үй іргелік және округ аумағынан бақша және көкөніс дақылдарын егу үшін қолайлы жағдай жасау.
жүктеу 37,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау