«Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары


-тарау. Эхинококкоздың және альвеококкоздың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар



жүктеу 195,15 Kb.
бет7/19
Дата07.01.2022
өлшемі195,15 Kb.
#37085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
0 840

7-тарау. Эхинококкоздың және альвеококкоздың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар
64. Эхинококкоздың, оның ішінде альвеококкоздың алдын алу бойынша іс-шаралар мыналарды қамтиды:

  1. адамға жұғудың алдын алу;

  2. медициналық және ветеринария саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өзара ақпарат алмасуы;

  3. тәуекел топтарын тұрақты түрде зертханалық тексеру;

  4. еткомбинаттарында, базарларда, мал сою пункттерінде ет және ет өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргізу;

  5. дернәсіл сатысындағы эхинококкпен және альвеококкпен зақымданған ауыл шаруашылығы малдарының ішек-қарынын (сойған кезде) кәдеге жарату;

  6. малшаруашылығы шаруашылықтарының суағарларына, сарқынды суына және топыраққа, сондай-ақ олардың шөгінділеріне жоғары тиімді овицидтік препараттармен дезинвазия жүргізу;

  7. мобильді қондырғыларда ауыл шаруашылығы малдарының зақымданған өкпе бауырын термиялық кәдеге жарату;

  8. иттерді, оның ішінде күзет, қызметтік және жеке ауладағы иттерді жоспар бойынша жылына кемінде 4 рет дегельминтизация жүргізе отырып, паспорттау; қаңғыбас иттерді жою;

  9. эхинококкоз және альвеококкоздың профилактикасы мәселелері бойынша халық арасында сауаттандыру жұмысын жандандыру.

65. Эхинококкозға жоспарлы тексеру жылына 1 рет мынадай тәуекел топтарының адамдарына жүргізіледі:

1) мал шаруашылығы фермаларының, ет өңдейтін кәсіпорындардың, мал соятын пункттердің, малды жою және көму объектілерінің жұмыскерлері және олардың отбасы мүшелері;

2) малшылар, аңшылар, орманшылар және олардың отбасы мүшелері;

3) мамық-тері шикізатын өңдейтін шеберханалардың қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері;

4) ветеринария қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері;

5) иттердің иелері және олардың отбасы мүшелері;

6) аң фермаларының, қорықтардың, хайуанаттар паркінің жұмыскерлері және олардың отбасы мүшелері;

7) бұрын эхинококкоз себебімен операция жасалған немесе диспансерлік есепте тұрған адамдар және олардың отбасы мүшелері;

8) клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша амбулаториялық және стационарлық науқастар және олардың отбасы мүшелері.

66. Эхинококкозды диагностикалау зерттеудің кешенді: сероиммунологиялық және рентгенді-құрал-саймандық (құрсақ қуысын ультрадыбыстық зерттеу, өкпе флюорографиясы және басқалары) әдістерін пайдалану арқылы жүргізіледі.

67. Эхинококкозға тәуекел топтарын сероиммунологиялық тексеруді медициналық ұйымдардың клиникалық-диагностикалық зертханалары жүргізеді, ал науқаспен байланыста болған адамдарды санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік ұйымдары тексереді.

68. Операциялық араласудан және патологиялық материалды гистологиялық зерттеуден кейін расталған эхинококкоз бен альвеококкоз жағдайлары есепке алынады және тіркеледі. Медициналық ұйым патологиялық материалдың гистологиялық зерттеу нәтижелерін операциялық араласудан кейін 10 күннен кешіктірмей науқастың тіркелген орны бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жібереді.

69. Диспансерлік бақылау мерзімдері және жиілігі:

1) сероиммунологиялық реакцияларының нәтижелері оң адамдар, антиденелер титрі өскен адамдар, сондай-ақ кез келген орналасудағы эхинококкоз себебімен операция жасалған пациенттер ауырған сәттен бастап бес жыл бойы (алғашқы үш жылда жылына екі рет, үш жыл өткен соң жылына бір рет кешенді тексеру) бақыланады;

2) диспансерлік бақылауға алынған сәттен бастап бес жыл ішінде рецидивтің клиникалық-зертханалық және құрал-саймандық көрсеткіштері болмаған жағдайда және тұрақты теріс серологиялық реакциялары кезінде сероиммунологиялық реакциялардың теріс нәтижелері бар науқастар диспансерлік есептен шығарылады;

3) эхинококкозға байланысты операция жасалған науқастарды және антиденелердің оң титрлары бар адамдарды диспансерлік бақылауды тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымның хирургі және дәрігерөинфекционисты жүргізеді.

70. Операциядан кейінгі (эхинококкэктомиядан кейінгі) материал дезинфекциялау құралдары ерітіндісінде өңделеді және «Б» сыныпты қауіпсіз жою қорапшаларында жойылады.

71. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері:

1) нақты аумақтағы эпидемиялық және эпизоотиялық жағдайды есепке алу арқылы ветеринария саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен, денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп, кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және бекітуді;

2) эхинококкоздар ошақтарының тізбесін жыл сайын жаңарту және ошақ түрлеріне байланысты қызмет көрсетілетін аумақты медициналық-биологиялық аудандастыруды;

3) адамдардың ауруын және ауыл шаруашылығы малдары мен иттердің арасында эхинококкозды тіркеуді есепке ала отырып халықты тексеруді қажет ететін елді мекендерді анықтауды;

4) сыртқы орта объектілерін және санитариялық жағдайы қанағаттанарлықсыз аумақтарды, тәуекел контингенті және эхинококкозбен ауыратын науқастар тұратын үй иеліктеріне топырақты, құмды, көкөністі, жидекті, аскөкті, шайындыларды және басқаларды зерттеу жолымен санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеуді;

5) ошақтардағы байланыста болған адамдарды сероиммунологиялық тексеруді, сыртқы орта объектілерін санитариялық-паразитологиялық зерттеуді;

6) ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен бірлесіп етті ветеринариялық-санитариялық сараптауға, мал союға, мал сою пункттерінің, мал қорымдарының жүйелі бақылауды қамтамасыз етуді;

7) ветеринария саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен бірлесіп шұғыл хабарлама түскен күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде эхинококкоз бен альвеококкоз ошақтарына эпидемиологиялық тексеру картасын толтыра отырып, эпидемиологиялық тексеру жүргізуді жүзеге асырады.

72. Эхинококкозбен, альвеококкозбен ауыратын операция жасалған науқастарды және антиденелердің оң серологиялық титрлары бар адамдарды диспансерлік бақылауды бекітілген хирург (ауданның, қаланың) жүргізеді. Эхинококкозбен ауыратын науқастарды және серопозитивті адамдарды диспансерлеуді бақылауды облыстық/қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі және дәрігер-инфекционисты жүргізеді.

73. Жауапты хирург-дәрігер және дәрігер-инфекционисты диспансерлік есепте тұрған адамдардың тізімін науқастарды жоспарлы кешенді тексеруге шақыру үшін емханалардың терапевтік және педиатрлық учаскелеріне береді. Диспансерлік есепте тұрған адамдар туралы деректерді жинауды учаскелік медицина қызметкері жүргізеді.


жүктеу 195,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау