Геологиялық БӨлім 1 Кен орны жайлы жалпы мәліметтер 4



жүктеу 2,17 Mb.
бет1/21
Дата05.02.2018
өлшемі2,17 Mb.
#8591
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ 2

1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 4

1.1 Кен орны жайлы жалпы мәліметтер 4

1.2 Кен орнының геологиялық зерттеу және игеру тарихы 5

1.3. Стратиграфия 5

1.4 Тектоника 10

1.5 Мұнайгаздылық 13

1.6 Сулылығы 16

2 ТЕХНИКА -ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 17

2.1 Игерудің ағымдағы жағдайының негізгі көрсеткіштері мен олардың өзгеру динамикасы 17

2.5 Мұнай эмульсияларының түзелуі мен олардың негізгі қасиеттері 24

2.6 Мұнайды дайындауға арналған блокты автоматтандырылған жабдық 25

2.7 Жетібай кен орнында мұнай, газ және суды дайындаудың технологиялық үрдісі мен қолданылатын жабдықтардың технологиялық тәртібі 26

27


2.8 Мұнай, газ және суды дайындаудың технологиялық үрдісінің сипаты 27

2.10 Мұнай кен орнындағы құбырлардың жіктелуі 30

2.12 Тік гравитациялық сепаратордың сұйық өткізу қабілетін есептеу. 32

2.13 Кәсіпшіліктегі мұнай өткізгіш құбырларының гидравликалық есебі 34

3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ 38

3.1 “Жетібаймұнайгаз” өндірістік басқармасының ұйымдық сипаттамасы 38

3.2 Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру 38

3.3 “Жетібаймұнайгаз” өндірістік басқармасындағы еңбек ақы мен еңбекті ұйымдастыру ерекшеліктері 40

3.4 Еңбекақы қорының есебі 41

3.5 Жылдық өндірістік шығындардың есебі 43

4. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ 47

4.1 Технологиялық үрдісті жүргізудің негізгі қауіпсіздік ережелері. 47

4.2 Өндірістік басқарманың объектілерін статикалық электр қуаты мен найзағайдан қорғау 50

4.3 Топтап өлшейтін қондырғыларды найзағайдан қорғау 51

4.4 Найзағайдың екіншілік әсерінен қорғау 54

4.5 Жерсіңдіруші құрылғының есебі. 55

5 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ 57

5.1 Атмосфераны, литосфераны, гидросфераны ластану көзі ретінде технологиялық процестерді талдау 58

5.1.1 Атмосфераның ластану себептері 59

5.1.2 Гидросфераның ластану себептері 59

5.1.3 Литосфераның ластану себептері 60

5.2 Ұйымдастырылған шаралар 60

5.3 Инженерлік қорғау және табиғатты қорғау шаралары 61

5.3.1 Атмосфераны қорғау 61

5.3.2 Гидросфераны қорғау 63

5.3.3 Литосфераны қорғау 64

ҚОРЫТЫНДЫ 66

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 68





КІРІСПЕ


Мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикасында басты орындардың бірі болып табылып, әсіресе энергетикалық саласының дамуына ерекше зор үлесін қосады.

Жалпы, мұнай өнеркәсібі ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің, ауылшаруашылығының және транспорттың дамуын жеделдетеді.

Қазқстан Республикасы - мұнайгаз және газдыконденсат кен орындарына өте бай мемлекеттердің бірі. Осындай көп орындардың басым көпшілігі Республиканың батыс бөлігінде орналасқан. Сонымен қатар осы батыста әлі де жаңа мұнай-газ кен орындары ашылуда.

Көп қабатты ірі мұнайгаз кен орны Жетібай 1961 жылы ашылған. Кен орны ХІ, ХІІ, ХІІІ горизонттар кіретін VI объектіге арналған игеру технологиялық схемасына сәйкес өнеркәсіптік пайдалануға 1969 жылы берілді; ені 2,4 км болатын блоктардағы ұңғыларда үш қатар орналастыра отырып ХІІ – объектінің базистік горизонтын және ХІІІ горизонтты 600х600 м бірдей сетка бойынша бұрғылау ұсынылды.

1972 жылы ІІІ объектінің (ІХб, Х горизонттар) игерілуінің технологиялық схемасы жасалды, соған сәйкес жер қыртысы 600х600 бірдей сетка бойынша бұрғыланады.

1974 жылы ВНИИ қыртыстың мұнай, сол секілді мұнайгаз аймақтарында суды ішкі контурлы түрде айдауды көздейтін ІХ. Х, ХI горизонттардың мұнайгаз қыртыстарын игерудің технологиялық схемасын жасады.

Жоғарыда аталған ескертпелерге сәйкес Жетібай кен орнын барлаудың нақты жобасы үш түрлі нұсқада ұсынылды: 1 нұсқа базалық – ВНИИ жобасы бойынша (1976 ж.) жалпы саны 1643, оның ішінде бұрғылауға арналғаны – 833 болатын ұңғымалармен бұрғылауды жалғастыру; 2 және 3 нұсқалар сеткаларының тығыздығымен ерекшеленеді, мұнда 2 нұсқа үшін барлығы 2279, оның ішінде бұрғылауға арналғаны – 1519 болды, ал 3 нұсқа үшін барлығы 2783, оның ішінде бұрғылауға арналғаны – 2023 ұңғыма болды.

Жер қыртыстарының геологиялық сипаттамасы, пайдалану объектілерінің бөлінуі, ұсынылған нұсқаларда барлауға арналған ұңғымалардың жалпы саны, сондай-ақ мұнай өндірудегі кедергілерді ескерту мәселелері сияқты негізгі ережелер мен қағидалар Барлау басқармасының 17.01.84 жылғы қаралған тиісті материалдарына ұқсас.

Ендіруге 18 жыл бойы тұрақты өндірумен және бекітілген қорларды алумен қамтамасыз ететін 2 нұсқа ұсынылды.

Осы "дипломдық жобаның" негізі болып отырған Жетібай кен орнында өз мәнінде игеру мен пайдаланудың көптеген әдістері қолданылып игеріледі.

Жазылған дипломдық жұмысым осындай кен орнының негізгі мәселелеріне талдау жасауға арналған.

1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ




1.1 Кен орны жайлы жалпы мәліметтер


Жетібай кен орны Маңғышлақ түбегінің батыс бөлігінде орналасқан және әкімшілік жағынан Қазақстан Республикасындағы Маңғышлақ облысының Ералиев ауданының құрамына кіреді. Кен орнына жақын елді мекендер Жетібай кеңшары (1 км), Ералиев аудан орталығы (60 км), Жаңа Өзен қаласында (70 км) және Ақтау қаласы (80 км) болып табылады.

Географиялық жағынан аудан әлсіз өрнектелген кең (жазық), Оңтүстік-батыс бағытында жазық болып осал айқындалған көрсетеді. Рельеф (жер бедері) белгілері 140 тан 170 километрге дейінгі аралықта өзгереді. Ауданның климаты лездік континенталдық. Атмосфералық жауын-шашын жылына 140 мм дейін түседі. Абсолюттік минимум минус 33 ºС. Ауаның орташа жылдық температурасы плюс 10 ºС. Аудан күшті желдермен және құмды борандармен сипатталады. Солтүстік-батыс бағыттағы желдер басымырақ. Топырақтың тақ боп қату тереңдігі 1 метрге жетеді.

Кен орнының өнеркәсіптік мұнай газдылығы 1961 ж. орнықтырылған. Кен орнындағы мұнай өндіруді «Мангышлакнефть» «Жетыбайнефть» МГӨБ жүргізеді. Пайдалану бұрғылауын Жетібай басқармасының бұрғылау жұмыстары жүргізлді. Аудан жерінде «Ақтау-Жетібай-Өзен-Мақат-Атырау» темір жолы өтіп жатыр.

Жалпы ұзындығы 150 км болатын Өзен-Жетібай-Ақтау көлік жолы тартылған. Мұнайды тасымалдау үшін мұнайды жолай қыздыруы бар: Өзен-Атырау және «Өзен-Жетібай-Ақтау» мұнай құбыры тартылған. Ақтау теңіз портына мұнайды танкерлермен құю айлағы тұрғызылған.




жүктеу 2,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау