14-тарау. Қышыманың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар
148. Қышыма кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар мыналарды қамтиды:
1) қышымамен ауыратын халықтың декреттелген топтары, сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден өтпеген адамдарды жұмысқа жібермеу және жұмыстан шеттету;
2) ұйымдастырылған ұжымдардағы әрбір жағдайды және ошақты және тұрғылықты жері бойынша эпидемиологиялық тексеру.
149. Отбасында, ұйымда қышымамен ауыратын адам анықталған кезде науқастың отбасы мүшелері мұқият тексеруден және бір күндік профилактикалық емдеуден өтеді.
150.Ұйымдастырылған ұжымда қышыма жағдайы анықталғанда байланыста болғандарды тексеру қырық бес күн бойы (алғашқы он күнде күн сайын, одан әрі – әр он күнде бір рет) жүргізіледі.
151. Ошақта медициналық бақылауды тері-венерологиялық диспансер (кабинет) мамандарының бақылауымен медицина қызметкері жүргізеді.
152. Үй жағдайында науқас үшін отбасының басқа мүшелері пайдаланатыннан басқа бөлек төсек және жеке пайдаланатын заттар (іш киім, орамал, ойыншықтар) бөледі.
153. Қышыма диагнозы қышыма кенесінің болуына зертханалық зерттеулермен расталған клиникалық және эпидемиологиялық деректердің кешені негізінде қойылады.
154. Стационарлық науқастарға емдеуді жеке палатаға, боксқа оны оқшаулаған кезінде стационарда жүргізіледі.
155. Тиісті аумақта дезинфекциялау қызметтерін көрсететін ұйымдар қышымамен сырқаттану жағдайлары қайталанған ұйымдастырылған және тұрмыстық ошақтарда ағымдық (көзбен шолу, химиялық) және қорытынды дезинфекциялау (дезинфекциялаудың камералық әдісі) сапасына бақылауды жүргізеді.
156. Ағымдық дезинфекциялау скабиозорларда, стационарларда, мектеп-интернаттардың, сәбилер үйлерінің, балалар үйлерінің оқшаулағыштарында, сондай-ақ қышымамен ауыратын науқастар үйде емделатын үй ошақтарында жүргізіледі.
157. Ағымдық дезинфекциялау кезінде іш киімдерді және төсек жабдықтарын соданың 1 – 2 % ерітіндісінде немесе кез келген жуғыш ұнтақпен қайнаған сәтінен бастап он минут бойы қайнату арқылы зарарсыздаңдырады. Киім-кешектерді қайнату мүмкін болмағанда, Қазақстан Республикасында тіркелген инсектицидтердің бірімен өндейді, содан кейін әдеттегідей жуады. Науқастың сыртқы киімін дымқыл мата арқылы үтікпен үтіктейді.
158. Үй-жайды ылғалды жинау күн сайын, ал балалар ұжымдарында 1 – 2 % -ды сабынды-содалы ыстық ерітіндімен күніне екі – үш рет жүргізіледі. Жинау материалын қолданылғаннан кейін қайнатады немесе дезинфекциялау ерітіндісіне салады.
159. Ошақтарда қорытынды дезинфекциялауды науқасты емдеуге жатқызғаннан кейін немесе амбулаториялық емдеуден соң жүргізеді (ауылдық жерде бір тәулік ішінде, қалада – алты сағаттан кейін). Үй жағдайында ағымдық және қорытынды дезинфекциялауды науқасты күтетін адам немесе науқастың өзі жүргізеді; медициналық ұйымдарда, білім беру ұйымдарында медицина қызметкері жүргізеді.
160. Қорытынды дезинфекциялау мыналарды қамтиды:
1) ошақтағы науқастармен байланыста болған адамдарды санитариялық өңдеу;
2) киімдерді, төсек жабдықтарын, жабдықтар және үй-жай заттарын дезинсекциялау.
161. Барлық қорытынды дезинфекциялау іс-шаралары бір уақытта орындалады, байланыста болғандар санитариялық өткізгіште санитариялық өңдеуден өтеді, заттар дезинфекциялау камерасында өңделеді.
162. Науқастың төсек жабдықтарын, киімін, жұмсақ ойыншықтар мен науқастың заттарымен жанасқан басқа да заттарды Қазақстан Республикасының және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген инсектицидтердің бірі сіңірілген арнайы қаптарға салады, дезинфекциялау камерасына зарарсыздандыруға жібереді.
163. Аяқ киімді дезинфекциялау құралымен суланған тампондармен сүртеді. Жиһазды, жабдықтар заттарын өңдеу 1 – 2 % -ды сабынды-содалы ерітіндімен сүрту жолымен жүргізіледі. Жұмсақ жиһазды және басқа заттарды инсектицидтермен өңдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |