Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы « » № бұйрығымен
бекітілген
«Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді айқындайды, оларды cақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына, сондай-ақ паразиттік аурулардың пайда болу және таралу қаупін туғызады.
2. Осы Санитариялық қағидалардың сақталуын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
аскаридоз – өкпе эозинофильдік инфильтраттар және басқа да аллергиялық реакциялар дамуымен, ал кейіннен – ауыр асқынулары болуы мүмкін дипептикалық белгілері дамуымен сипатталатын ерте фазадағы ішек геогельминтоз. Қоздырғышы – дөңгелек гельминт-нематод;
безгек – безгек масаларының шағуы арқылы табиғи жағдайларда берілетін Plasmodium тектес қарапайым қан-паразиттерінен болатын инфекциялық аурулардың тобы;
безгектің жергілікті жағдайы – сол аумақ немесе ел үшін жергілікті жағдай;
безгектің сырттан әкеліну жағдайы – жұқтыру/ауру анықталған аймақтан тыс орын алған және оның туындауы безгек бойынша белгілі аймақта болумен байланысты жағдай;
гельминтоздар – жануардың және адамның организмінде гельминттердің паразиттенуінен пайда болатын аурулар;
дегельминтизация – науқас адамда (жануарда) және сыртқы ортада гельминттерді, гельминт жұмыртқаларын немесе дернәсілдерін жою бойынша профилактикалық іс-шаралар жүйесі;
деларвация – күресудің әртүрлі әдістерін (химиялық, биологиялық) пайдалана отырып, қоршаған ортада буынаяқтылар дамуының дернәсіл фазасында жою;
дифиллоботриоздар – диспепсиялық бұзылулары болатын және темір тапшылығы анемиясының дамуы мүмкін зооантропоноздық табиғи гельминтоздар тобы. Қоздырғыштары – ленталық гельминттер;
иммуноферменттік талдау – науқас қанының сарысуындағы ерекше антигендерді немесе антиденелерді жоғары тиімділікпен анықтауға мүмкіндік беретін сероиммунологиялық әдіс;
инвазия – адамның паразиттік ауру қоздырғышымен зақымдалуы;
инсектицидтер – қансорғыш жәндіктерді және кенелерді жою үшін пайдаланылатын тегі химиялық құралдар (препараттар);
контагиозды гельминтоздар – қатынастық-тұрмыстық жолмен берілетін паразиттік аурулар (энтеробиоз, гименолепидоз);
копроовоскопиялық зерттеу – нәжістегі гельминт жұмыртқаларын анықтау үшін жүргізілетін зертханалық зерттеулер кешені;
лямблиоз – көбіне симптомсыз паразит таратушылық ретінде өтетін антропоноздық паразиттік инвазия, ауыр жағдайларда ішектің дисфункциясы дамиды. Талшықтылар сыныбының қоздырғышы;
описторхоз – көбіне гепатобиллиарлық жүйені және ұйқыбезін зақымдайтын зооантропоноздық биогельминтоз. Қоздырғыштары – жалпақ гельминттер-трематодтар;
паразиттер – басқа организмдердің арқасында тұрақты немесе уақытша тіршілік ететін, оларды тіршілік ету орны және қорек көзі ретінде пайдаланатын организмдер;
паразиттік аурулар – паразиттер, гельминттер және буынаяқтылар тудыратын адамның аурулар тобы;
паразитологиялық зерттеу – биологиялық материалда (нәжіс, қан, несеп және басқалары) және сыртқы орта объектілерінде паразиттік аурулардың қоздырғыштарын анықтау бойынша зерттеу;
педикулез немесе битшеңдік – адам денесінде қанмен қоректенетін биттердің ерекше паразиттік тіршілік етуі;
репелленттер – жәндіктер мен кенелерді үркітуші әсерге ие заттар;
ретроспективті эпидемиологиялық талдау – эпидемияға қарсы іс-шараларды перспективалық жоспарлауды негіздеу мақсатында алдыңғы ұзақ уақыт аралығындағы инфекциялық сырқаттанушылықтың деңгейін, құрылымын және динамикасын талдау;
санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар – мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе азайтуға, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының, жаппай уланудың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған шаралар;
санитариялық-паразитологиялық зерттеу – сыртқы орта объектілерінде паразиттік аурулар қоздырғыштарын анықтау және айқындау;
скабиозорий – қышымамен ауыратын науқастарды тексеру және емдеу жүргізілетін стационар/кабинеттер;
тасымалдаушылар – әртүрлі паразиттік (инфекциялық) ауруларды тасымалдауға бейім қансорғыш жәндіктер мен кенелер;
тасымалдаушылар мониторингі – қансорғыш жәндіктер мен кенелер санын, фенологиясын, көбею орындарын үнемі энтомологиялық бақылау жүйесі, олардың түрлік құрамын зерделеу;
тениаринхоз – токсикологиялық-аллергиялық реакциялармен диспепсиялық бұзылулар мен байқалатын биогельминтоз. Қоздырғышы – ленталық гельминт немесе бұқа таспа құрты;
тениоз – диспепсиялық бұзылулармен және бас миының, көздің және басқа да ағзалардың ауыр органикалық зақымдалуы мүмкін орталық нерв жүйесінің функционалдық бұзылуларымен байқалатын биогельминтоз. Қоздырғышы – шошқа таспа құрты;
токсокароз – қоздырғышты нәжістік-ауыз арқылы беру тетігі бар нематодоздар сыныбының зооантропоноздық тіндік (дернәсілдік) геогельминтоз, бауырды, өкпені, көзді зақымдауымен сипатталады; қайталанатын қызбамен және аллергиялық реакциямен байқалады;
токсоплазмоз – латентті немесе созылмалы түрде өтетін паразиттік инвазия. Споралылар сыныбының қоздырғышы;
трихинеллез – қызба, бұлшықеттің ауыруы, диспепсиялық белгілер мен асқынулар болатын зооноздық биогельминтоз;
трихоцефалез – диспепсиялық синдромы болатын антропоноздық геогельминтоз. Қоздырғышы – адамның тоқішегінде, көбіне аш ішегінің төменгі бөлігінде паразиттік өмір сүретін дөңгелек гельминт-нематод.
химиялық профилактика – химиялық-терапиялық құралдардың көмегімен аурудан қорғау немесе оны болдырмау;
шыбын-шіркей – адамның денсаулығына зиян келтіретін қансорғыш ұшатын жәндіктердің (масалар, шіркейлер, құмытылар, үнсіз масалар және соналар) жалпы атауы;
эндемиялық аумақ – паразиттік сырқаттанушылық тіркелген ел, жер;
энтомологическое тексеру – буынаяқтылардың ауруларды таратушылар болып табылатын паразиттік және жұқпалы аурулардың түрлік диагностика жүргізу;
эхинококкоздар – адамда гидатидоздық (бір камералы) эхинококкоз және альвеолярлық (көп камералы) эхинококкоз деген екі клиникалық түрде пайда болатын зооноздық гельминтоздар. Бауырдың, өкпенің, бас миының, жүректің және сүйектің көлемді процестері типі бойынша болады. Қоздырғыштары – ленталы гельминттер.
Достарыңызбен бөлісу: |