Балпық ауылдық округінің әкімі А.Қалиеваның елді мекендердің ауыл тұрғындары өкілдері алдында 2013 жылғы өзіне жүктелген міндеттердің орындалу және
алға қойған жоспарлары жөнінде.
Ендігі кезекте еліміздің 2050 жылы әлемдегі дамыған 30 елдің қатарынан көріну үшін, Қазақстан халқы барлық ерік күш жігерін жұмсап, ерен еңбектің үлгісін көрсету міндеті күтіп тұр.
Осы мақсатты іске асыру жолында қоғамның барлық саласына жаңалықтар мен өзгерістердің енетінін, соның ішінде халықты басқару жүйесінде түбегейлі өзгерістер болатынына ерекше атап көрсеткен Елбасы:
Біздің басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.
Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамуымен және экономикалық өсуімен айналысады.
Балпық би ауылы
Балпық ауылтік округіне қарасты 3 елді мекен бар. Балпық би ауылы, Ақшатоған және Теректі ауылдары. Балпық би ауылы облыс орталығынан 19 км. қашықтықта орналасқан. Жалпы халық саны – 15051 адам.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 7410, орыстар- 3550, ұйғырлар – 68, татарлар – 268, шешендер – 319, өзбектер – 276, азербайжандар- 910, басқа ұлттар 2255 адам. Округ бойынша 32 ұлттың өкілі яғни - орыс, татар, азербайжан ұлттық орталықтары бар. Округтің тұрғындары мәдениетін көтеру үшін М. Сеңгірбаев атындағы 1 сая бақ, 1 мәдениет үйі және 1 кітапхана жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар 1 аудандық аурухана, 1 емхана, 5 орта мектеп, 1 орталау мектеп және 4 балабақша жұмыс істеп тұр.
Ауылшаруашылық бағытындағы жерлер – 24150,56 га, оның ішінде егістік – 3750,3 га, жайылым – 19594,76 га. Балпық би ауылы орталықтандырылған сумен, байланыс және электр жүйесімен қамтамасыз етілген. Округ бойынша 89 көше бар. Округтегі шаруашылық субъектілері – 979, оның ішінде шаруа қожалықтары -224, сауда орындары – 192, асханалар – 22,ПК – 3, АҚ – 3.
Ең бастысы биылғы елбасы Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауының «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» - деп аталуы расында да ел өмірінде ерекше саяси мәнге ие болып отыр.
Ендігі кезекте ауданымыздың қоғамдық, саяси, мәдени өміріне азаматтарымыздың белсенділік таныту керектігі бүгінгі заман талабы болып отыр.
Осы орайда жыл басынан бастап ауыл көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталар болсам:
Ең бастысы ауыл әкімдігі ауыл көлемінде атқарылатын жұмыстардың әр сала бойынша жылдық жоспарын бекітіп, орындалуын арнайы кесте бойынша тұрақты қадағалап келеді.
Нәтижесінде қазіргі кезде ауыл экономикасы барлық салалар бойынша дамып, ел көзіне көрінер жарқын істердің атқарылып жатқанына барлықтарыңыз сезініп отырсыздар деп ойлаймын.
Сонымен қатар аталған кәсіпорын қазіргі таңда май шығаратын зауытының құрылысын аяқтады. Инвестиция көлемі 473 млн. теңгені құрайды.
Әлеуметтік сала бойынша:
Ауыл көлемінде жыл басынан жұмыс сұрап келген 227 адамның 155-і жұмысқа орналастырылды. Уақытша ақылы қоғамдық жұмысқа 82 жұмыссыз азамат қабылданып, олар аумақты көгалдандыру, көркейту, тазалық жүргізу, және әлеуметтік жұмыс орнын құру бағытында жұмыстар атқарды. Жыл басынан 10 жұмыссыз азаматқа кәсіптік мектептерге жолдамалар беріліп, бітіріп келгендерден 10 адам жұмысқа орналастырылды.
Тұрмыс деңгейі төмен, аз қамтылған отбасыларымен жұмыс атқаратын арнайы комиссия құрылып, 22 рет комиссия отырысы өткізілді. Нәтижесінде тұрмысы төмен 14 жанұяға немесе 59 алушыға 1 млн 574 мың 051 теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй көмегі бүгінгі таңға 189 жанұяға 3 млн 374 674 мың теңге көлемінде көмек көретілді. 18 жасқа дейінгі берілетін жәрдемақы 285 жанұяға немесе 801 балаға 10 млн 053 мың 834 теңге көмек көрсетілді.
Ауыл шаруашылық саласы бойынша:
Ауыл көлемінде 27528,27 га жер бар. Оның ішінде 3406 га егістік жер,15313 га жайылымдық, 2861 га суармалы, 780 га шабындық, егілген күздік жоспарда - 240, орындалғаны 240 га. 110 га-ға егілген жаздық бидайдың орташа өнімділігі 21 центнерді құрады.
Округ бойынша мүйізді ірі қара малдың саны 2432-ге жетті.
75 қожалықтары тарапынан 1730 га жерге 5 518 008 теңгеге субсидия алынды.
Денсаулық сақтау саласы бойынша:
Округ бойынша күніне 500 адам қабылдайтын емхана, 125 орындық орталық ауруханада 54 дәрігер, 170 ақ халатты абзал жандар халыққа медициналық қызмет көрсетіп келеді. Бұл салада «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 7 жас дәрігер жұмысқа орналасты.
Білім саласы бойынша:
Округ бойынша 1 қазақ орта мектеп гимназиясы, 5 орта мектеп, 4 бала бақша,атап айтқанда Қазақ орта мектеп гимназиясында 54-мұғалім, 614-оқушы, Н.Алдабергенов орта мектебінде 68-мұғалім, 747-оқушы, М.Құрманов атындағы орта мектепте 89-мұғалім, 957-оқушы, Б.Құндақбаев атындағы орта мектепте 50-мұғалім, 426-оқушы, Исабаев орта мектебінде 23-мұғалім, 149-оқушы, № 5 орта мектепте 24-мұғалім, 120-оқушы білім алуда.
Қуаныш-140,Балдаурен-140, Алпамыс-238, Жулдыз-220 бала 4 шағын балалар орталығы барлығы 598 бала тәрбиеленуде, 1 музыка мектебі, 1 балалар жасөспірімдер спорт мектебі бар. Мектептерде 308 мұғалім еңбек етіп, 3013 оқушы білім алуда. Барлық мектептер интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген және барлық мектептерде компьютерлер интернетке қосылған. Осы жазда 124 оқушы «Қарлығаш» сауықтыру лагерінде , 366 оқушы күндізгі лагерьде дем алды. Ауылтік округ бойынша жалпы ҰБТ –нәтижесі 54,9 пайызды құрап, Қазақ орта мектеп гимназиясынан 2 оқушы оқушы алтын медальға білімдерін дәлелдеді.
Құрылыс саласы бойынша:
Көксу ауданы Балпық би ауылында 10 жалгерлік тұрғын үйлердің құрылысы объектісіне 2012 жылы Республикалық бюджеттен 58 млн 480 мың теңге және жергілікті бюджеттен 3 млн 185 мың теңге бөлініп, барлығы 61 млн 149 мың теңге қаражатты мердігер «Компания Проэкс Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі толығымен игермей 2013 жылға 3 млн 58 мың теңге қаражат қалып қалды. Объектіні уақтылы өткізбегені үшін «Компания Проэкс Групп» ЖШС-не 1 млн 896 мың теңге айыппұл салынды, 2012 жылы бітпей қалған құрылыс – монтаждау жұмыстарын мердігер 2013 жылдың наурыз айынан бастап маусым айының 14-ші күніне дейін атқарып, қолданысқа өткізіп берді.
2013 жылы Балпық ауылдық округінде
салынып жатқан объектілер туралы ақпарат
1. «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасы бойынша:
1.1. 2013 жылы Көксу ауданы, Балпық ауылдық округінде №1 Б.Құндақбаев атындағы 280 орынды орта мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға 1 қыркүйекте берілді. Мектеп құрылысына жұмсалған қаражат сомасы 99 487 658 теңге толығымен игерілді.
2. Көксу ауданында мемлекеттік тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша:
2.1. «Көксу ауданы Балпық би ауылында 10 жалгерлік тұрғын үйлердің инженерлік коммуникациялық жүйелерінің құрылысы және аббаттандыру» объектісіне жергілікті бюджеттен 29 млн 503 мың теңге бөлініп, 29 млн 257 мың теңгеге тең конкурсты мердігер «Компания Проэкс Групп» ЖШС ұтып алып жыл бойы құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізген, бірақ жылдың аяғында осы объетіден 4 млн 277 мың теңге қаражат алынып, 2013 жылы қайта бөлінді. 2013 жылдың наурыз айынан бастап мердігер құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізіп, бөлінген қаражатты 100 пайыз игеріп, маусым айының 14 – ші күніне қолданысқа өткізіп берді
2.2. «Көксу ауданы Балпық би ауылында жеке меншік тұрғын үйлер құрылысы үшін инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысы» объектісінің сметалық құны жобалау-сметалық құжаттамаларына сәйкес – 80 млн 479 мың теңгені құраған, оның ішінде құрылыс жұмыстары – 76 млн 965 мың теңге Балпық би ауылында жаңадан салынатын 14 көшенің құрылысы 2013 жылға жоспарланған, бірақ Республика бюджетінен қаражат бөлінбей қалды, 2014 жылы бөлінуі күтілуде.
2.3. «Көксу ауданы Балпық би ауылында 20 пәтерлі коммуналды тұрғын үйлердің инженерлік – коммуникациялық жүйелерінің құрылысы және абаттандыру» объектісіне жергілікті бюджеттен 13 млн 813 мың теңге бөлініп, конкурсты 13 млн 718 мың 801 теңгеге «Zere ЮС» ЖШС ұтып алған. Мердігер бұл объектіні 2012 жылдың маусым айының 1 –нен бастап, инженерлік жүйелерінің құрылыс жұмыстарын жүргізіп жылдың аяғына дейін 8 млн 631 мың теңге қаражатты игерді, қалған 5 млн 87 мың теңге 2012 жылы қараша айында өткен облыс мәслихатының шешімімен алынып, биылғы жылы қайта бөлінді «Көксу ауданының құрылыс бөлімі» ММ «Zere ЮС» ЖШС арасында 2012 жылдың 1 – ші маусымдағы № 14 келісім – шартқа 2013 жылы қыркүйек айының 23 - ші күні № 2 – ші қосымша келісім жасалынып, мердігерге атқарылған жұмыстары үшін 4 млн 420 мың теңге қаражат аударылды. Бұл объектінің өткізу мерзімі 2013 жылдың 30 күні болып жоспарланған.
3. «Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында
3.1. «Көксу ауданы Балпық би ауылында жекеменшік тұрғын үйлер құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысы» объектісінің жобалау-сметалық құжаттамаларына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны – 77 миллион 614 мың теңгені құрады. Бірақ осы жылға 1-ші кезеңге бөлінгені 16 миллион 500 мың теңге, 2013 жылдың маусым және қазан айлары аралығында жұмыстар жүргізіліп бөлінген қаражат игеріледі.
«Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 20 пәтерлі коммунальды тұрғын үйдің құрылысы салынып жатыр.
Коммуналдық сала бойынша:
Балпық би кентінің кәріз жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту объектісі бойынша мемлекеттік сатып алу «Алматы облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» арқылы жүргізіліп «TransCom International-TN» ЖШС бас мердігер болып, жалпы объекті бойынша 592 537 мың теңгеге келісім шарт жасалып мердігер тарапынан құрылыс жұмыстарында 5 дана техника және 30 адам жұмыс жасауда. Қазіргі уақытқа әкімшілік ғимаратының қабырғалары қаланып, төбесі толық жабылды, сылақ жұмыстары және әктеу жасалды, ішкі әрлеу жұмыстары жасалынуда. КПП ғимаратының сыртқы және ішкі жұмыстары толық жасалды, 2 дана 100 м3 өртке қарсы резервуарлар, 2 дана 350 м3 кәріз суларын жинақтау резервуарлар, 2 дана 700 м3 биореакторлардың толық құрылыстары аяқталды. 10 кВ электр жүйесі және ТП орнатылды. Тазабұлақ шағын ауданында кәріз жүйесі салынуда. Жалпы келісім-шарттың 153 207,534 мың теңге көлеміндегі сомасы игерілді. Құрылыс жұмыстары үстіміздегі жылдың қараша айының 30 на аяқталады деп көзделген.
Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2013 жылы Көксу ауданыны Балпық би кентінің ауыз су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту объектісі бойынша СП «НЕФТ» ЖШС-мен келісім-шарт 1 343 292,7 мың теңгеге жасалынып, бүгінгі күні объектіде 21 адам және 5 дана техника жұмыс жасауда. 2 дана су мұнарасы бұрғыланды, Вл-10 кВ электр жүйесі және 1 дана подстанция орнатылды, 2 дана 1000 м3 су сақтайтын су резервуарының асты құйылды, 90 пайыз бетон құрылғылары әкелінді, 2-і қысымдағы насос станциясының фундаменті құйылды. Жалпы келісім-шарттың 193037,52 мың теңгесі игерілді. Құрылыс жұмыстары үстіміздегі жылдың қараша айының 30 на аяқталады деп көзделген.
2010 жылы Көксу ауданының орталығы-Балпық би кентінде «Жол картасы» бағдарламасы аясында орталық жылыту қазандығының құрылысы жүргізілді. 2-дана КВ-ГМ-3,65 жылыту қазандықтары орнатылды, осы объектіге қызмет көрсету үшін «Көксу жылу» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын құрылып, тіркеуден өтті. 2011-2012 жылдары орталық жылыту қазандығына қосымша тұрғын үйлерді қосу мақсатында жылу жүйелерінің құрылысы жүргізілді. Яғни орталық жылыту қазандығына тұрғын үйлердің қосылуына қазандықтардың қуаттылығы жетпеуіне байланысты 2013 жылы «Алматы облысы Көксу ауданындағы «Көксу Жылу» МКК қазандығын сатып алу есебінен кеңейту және 10 ГКал қосымша қазандықты орнату» объектісі бойынша «Шымыр»ЖШС-мен 279 985,2 мың теңгеге келісім-шарт жасалынды, игерілгені 155 165,6 мың теңге. Объектіде 20 адам және 3 дана техника жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта объекті бойынша төмендегі жұмыстар істелінуде: қазандық ғимаратына қосылатын қосымша қабырғаларының фундаменті толық құйылды, мазутонасосный және мазут сақтайтын орындардың фундаменттері құйылды, темір тіреулерін орнату жұмыстары жүргізілуде, 3 дана қосымша орнатылатын пештердің асты құйылды. Келісім-шарт 285 090,0 теңгеге жасалды, игерілгені 155 165,256 мың теңге.
Ауданның жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында «Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» бағдарламасы аясында «Көксу ауданы елдімекендерінің жолдарына орташа жөндеу» объектісі бойынша Көксу ауданы Балпық би кентіндегі Сейфулин көшесіне орташа жөндеу жұмыстары бойынша «Талдыкорган-Сервис» ЖШС-мен 23,695 мың теңгеге, Балпық би кентіндегі Ескелді би, Маметова көшесі жолдарына орташа жөндеу жұмыстары бойынша «Ақ сұнқар-ай» ЖШС-мен 26,255 мың теңгеге келісім шарттар жасалынды. Сейфуллин көшесіне толығымен асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ «Көксу ауданы елдімекендерінің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары» объектісі бойынша Балпық би кентінің Қаблиса, Темірбеков, Солтанбай батыр, Мырзабеков және Измайлова көшелеріне жөндеу жұмыстарының жоба сметалық құжаттамасын дайындауға «НЭО-КӨКСУ» ЖШС-мен 5 млн 200 мың теңгеге келісім-шарт жасалып, әзірленуде.
Абаттандыру, көркейту және тазалық жұмыстары негізінде Балпық би кентіндегі орталық алаңды және Балпық би кентіндегі Төле би, Нусипов шағын аудандарына аббаттандыру жұмыстарын жүргізу бойынша жоба-сметалық құжаттама дайындауға «НЭО-КӨКСУ» ЖШС-мен 2 млн 057 мың теңгеге келісім-шарт жасалып, әзірленіп мемлекеттік сараптамаға өткізілді.
Бүгінгі таңға дейін Балпық кенттік округінен 320 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар және 9 ауылдық округтерден 980 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы күл-қоқыс төгетін полигондарға шығарылды.
2013 жылы аталған бағдарламаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін Балпық би кентіндегі Айтеке би көшесіндегі №24/1 үйдің және Шадрин ықшам ауданындағы №4,5,10 үйлердің тұрғындарына тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, келісімдерін алып, қажетті құжаттар дайындалуда. Жөндеуге керекті қаражат көлемі: Шадрина №10 үйге 8700 мың теңге, Шадрина №4,5 үйлерге 5 400 мың теңге, Айтеке би №24/1 үйге 4 900 мың теңге қажет, барлығы 13,654 мың теңге.
Салық саласы бойынша:
Жалпы жылдық салық түсімі жоспар бойынша мүлік салығы 547 000 теңге, жер салығы 870 000 теңгені құрайды. Соның ішінде жер салығының орындалуы толығымен құйылып 100 пайызға орындалды. Мүлік салығы 100 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп және инвеститция.
«Уыз май» кәсіпорынның майбұршақ өңдейтін зауыты үстіміздегі жылы 1 млд 937 млн. теңгеге 70 262 мың тонна майбұршақ ұнын өңдеп, жыл аяғында толық қуаттылығына шықты. Толық майбұршақ 3121 тонна, майбұршақ шроты 5356 тонна
Сондай - ақ аталған кәсіпорын қазіргі таңда май шығаратын зауытының құрылысын жүргізу аяқталу үстінде. Инвестиция көлемі 502 300 мың теңгені құрайды.
Сонымен қатар ауыл бойынша 190 сауда дүкендері, 3 базар, 3 ломбард,1 монша, 2 мейрамхана, 16 кафе, 5 асхана, 10 шаштараз, 4 нотариус, 4 компьютер клубы, 4 тіс емханасы, 7 дәріхана жұмыс жасайды. Аталған заңды тұлғалармен тұрақты жұмыстар атқарылады.
Мұнан басқада аудан өмірінде болып жатқан мәдени, саяси, іс-шараларға ауыл тұрғындарын қатыстыру, ұйымдастыру іс-шаралары оң жолға қойылған және тұрақты бақылауда. Сонымен қатар былтырғы яғни 2012 жылы Көксу ауданы әкімінің елді мекендерінде аудан тұрғындары өкілдері алдында есеп беру кездесулерінде айтылған талаптар мен ұсыныстарды іс жүзіне асыру жөніндегі Балпық би ауылындағы іс-шаралар жоспарының 4-де орындалды,
Олар:
Балпық ауылдық округі бойынша көшелерде су құбырының жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде, қалай болса солай көшенің шұңқырлары дұрыс жабылмаған болатын, қазіргі таңда бұл мәселе шешімін тапты.
Ақшатоған ауылы Калинина көшесінде көпірлердің трубалары ескіріп су сыртына шығып жатыр, бұл мәселе қаражат бөлінгеннен соң шешімін табады.
Магерамов Шариф ауласынан шыққан малдың қиын қалай болса солай тастайды, коммисия құрылып Магерамов Шарифке ескертпе берілді.
Көшелерде иесіз иттер көбейіп кетуі жайлы мәселе шешілді.
Осы аталған жұмыстардың сапалы атқарылуына, бақылау қою, кейбір жұмыстарды тікелей ұйымдастыруда әкімдік қызметкерлері ұйымшылдық танытып, өз істеріне жауапкершілікпен қарап келеді.
Нәтижесінде жоғарғы аталған жұмыстар сапалы атқарылып, аудан экономикасының көтерілуіне ауыл халқы өз үлесін қосып қана қоймай көш басында келеді. Дегенменде барлық жұмысқа баға беру, жеткен жетістік қалай, кеткен кемшіліктер неде? Осыған баға беріп, сын көзбен қарайтында халық Сіздерсіздер.
Дана халқымыздың келісіп пішкен тон келте болмайды деген ұлағатты сөзін негізге алған бүгінгі жиында ауыл әкімдігі тарапынан атқарылған жұмыстарға осылай қысқаша тоқталдым.
Балпық ауылдық
округінің әкімі Ә.Қалиева
Достарыңызбен бөлісу: |