«Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары


-тарау. Педикулездің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар



жүктеу 195,15 Kb.
бет19/19
Дата07.01.2022
өлшемі195,15 Kb.
#37085
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
0 840

19-тарау. Педикулездің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар
200. Педикулезге қарсы іс-шаралар ұйымдарда, ұжымдарда санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимдерді сақтау жөніндегі іс-шаралар кешенін және педикулез анықталған адамдарды санациялау бойынша ерекше шараларды қамтиды.

201. Педикулезге қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға балалар және жасөспірімдердің ұйымдастырылған ұжымдарының, меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан, оқу орындарының, кәсіпорындардың, шаруашылықтардың, ұйымдардың, мекемелердің басшылары жауапты болады.

202. Меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, стационарлардың, балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, жалпы және кәсіптік білім беретін мекемелердің, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мекемелерінің, медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсету және профилактикалық тексеру жүргізу кезінде педикулезі бар адамдарды белсенді түрде анықтауды жүзеге асырады. Педикулез негізгі ауруға байланысты ауруханаға жатқызудан бас тартуға себеп болып табылмайды.

203. Мынадай контингент педикулезге тексерілуге жатады:

1) балалар үйлерінде, сәбилер үйлерінде тұратын балалар, мектеп-интернаттарда оқитын балалар - апта сайын;

2) мектепке дейінгі балалар мекемелеріне қайта қабылданатын немесе ұзақ (бір аптадан астам) болмағаннан кейін қайта келген балалар;

3) сауықтыру ұйымдарына, лагерлерге баратын балалар – барар алдында тұрғылықты мекенжайы бойынша емханада, ал демалыс орындарында – жуынар алдында апта сайын және қайтуға 1 – 2 күн қалғанда;

4) жалпы және кәсіптік білім беретін мекемелердің оқушылары – тоқсан сайын демалыстардан кейін және ай сайын іріктеп (4 – 5 топ), сондай-ақ оқу жылы аяқталар алдында;

5) әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мекемелеріндегі адамдар-айына 2 рет;

6) диспансерлеу немесе профилактикалық тексерулер кезінде әртүрлі мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың қызметкерлері;

7) түнде болу пункттеріне және тергеу изоляторларына түсетін адамдар;

8) стационарлық емделуге қабылданатын пациенттер.

204. Барлық ұйымдастырылған балалар ұжымдарында педикулездің пайда болуының және таралуының алдын алуға бағытталған педикулезге қарсы іс-шаралар кешені қамтамасыз етіледі.

205. Ұйымдастырылған ұжымдарда педикулез бойынша профилактикалық іс-шараларға мыналар кіреді:

1) жоспар-кестесіне сәйкес педикулезге жоспарлы медициналық тексерулер өткізу;

2) балалардың жеке гигиена ережесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін шарттарын сақтау;

3) ылғалды жинау жүргізуге, таңбалау, жинау мүкаммалын және дезинфекциялаушы құралдардың бар болуын дезинфекциялауға арналған үй-жайлар;

4) балалар мен ата-аналары арасында педикулездің алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.


206. Педикулезге тексеру жүргізу үшін жақсы жарықтандырылған жұмыс орнының, үлкейткіш әйнектің болуы қажет.

207. Педикулезге тексеру нәтижелері медициналық құжаттарда тіркеледі. Тексеру кезінде кезкелген сатыдағы тіршілікке қабілетті және тіршілікке қабілетсіз биттер (жұмыртқа-сірке, дернәсіл, ересек жәндік) анықталған адамдар есепке алынады.

208. Педикулезбен зақымданған балалар мектепке дейінгі балалар ұйымдарына және мектепке қабылданбайды. Олар ұжымға емдеу-профилактикалық іс-шаралар аяқталғаннан кейін медицина қызметкерінің рұқсатымен жіберілуі мүмкін.

209. Педикулезбен зақымданған балаларды ұйымдастырылған ұйымдардан шеттету кезінде медицина қызметкерлері немесе әкімшілік міндетті түрде ата-аналарды хабардар етеді және өңдеу бойынша оларға ұсынымдар береді.

210. Педикулез жағдайы (биттер, сіркелер) анықталған кезде медицина қызметкерлері сол туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне хабарлайды:

1) жедел тәртіппен ақпаратты телефон арқылы береді;

2) белгіленген тәртіппен шұғыл хабарлама жасайды және оны 12 сағаттың ішінде жібереді.

211. Медициналық ұйымдарда (стационарларда), санаторийлерде, балалар үйлерінде, сәбилер үйлерінде, мектеп - интернаттарда, қала сыртындағы балалар мекемелерінде бас педикулезы бар адамдарға өңдеуді сол мекеменің медицина персоналы мыналарды:

1) науқастың заттарын жинауға арналған клеенка қап немесе мақта-матадан жасалған қапты;

2) мырышталған шелек немесе шашты өртеуге немесе зарарсыздандыруға арналған ыдысты;

3) клеенкалы пелеринаны;

4) резеңке қолғаптарды;

5) қайшыны;

6) тістері жиі кішкентай тарақты;

7) шаш қырқуға арналған машинканы;

8) спирт шамды;

9) үшкіл орамалды (2 – 3 дана);

10) мақтаны;

11) асханаға арналған сіркесуды;

12) педикулоцидті құралды қамтитын педикулезге қарсы жинақты қолдану арқылы жүргізеді.

212. Төсек жабдықтарын, киімді және ішкі киімді зарарсыздандыру дезинфекциялық камераларда жүргізіледі. Науқас ұстаған заттарды сол педикулицидті препараттармен өңдеу қажет. Тарақты әр тексеруден кейін қайнап түрған сумен шаяды немесе спирттің 70 градусты ерітіндісімен сүртеді.

213. Педикулез ошағын бақылау мерзімі - ошақта педикулезді 10 күнде 1 рет тексеру арқылы 1 ай. 3 реттік тексеру теріс нәтиже көрсеткен кезде ошақты санацияланған деп санауға болады. Ошақтарды санациялауды бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің мамандары жүргізеді. Бас педикулезінің үй ошақтарын санациялауды халық өз күшімен жүргізеді.


«Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша

Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)

іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге

қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидаларына

1-қосымша

Сыртқы ортада сынамалар алуға және паразитологиялық зерттеу жүргізу жиілігіне қойылатын талаптар



Ошақтар және объектілер

Зерттелетін материал

Зерттеу жиілігі

Алынатын сынамалар саны

1 сынаманың салмағы немесе көлемі

  1. Аскаридоз

(трихоцефалез) ошағы

Шайындылар: қолдан; дәретхана есіктерінің тұтқаларынан; көкөніс, жеміс–жидек, аскөк салынатын ыдыстардан; үстелдерден; көкөніс турайтын тақтайшалардан; клеенкалардан; жиһаздан; ойыншықтардан алынатын шайындылар.

екі жылдың ішінде жылына 1 рет

кемінде 10 – 15




Су: суаратын ыдыстардағы су

кемінде 3 – 5

1 – 25 л

Көкөніс, жеміс–жидек

– //–

кемінде 3 – 5

0,5 – 1 кг

Аскөк

0,4 – 0,5 кг

Топырақ: бақшадағы (жүйектегі), дәретхана маңындағы, қоқыс жәшігінің жанындағы, үйге кіре берістегі, үйдің артындағы, қоршауды жағалай алынған топырақ; мал ұстайтын үй–жайлардан, балалар ойнайтын жерлерден алынған топырақ.

– //–

кемінде 5 – 10

100 – 200 г

2. Токсокароз ошағы

Көкөніс, жеміс, жидек

анықталған жылы

1 рет


кемінде 3 – 5

0,5 – 1кг

Аскөк

0,4 – 0,5 кг

Топырақ: аскаридоз ошағындағыдай, ит ұстайтын жерлерден алынған топырақ

анықталған жылы 1 рет

кемінде 5 – 10

100 – 200 г

3.Описторхоз (дифиллоботриоз)

ошағы


Аулаған жердегі балық

жылына 1 рет

партияның санына байланысты кемінде 5 дарақ

0,5 – 3 кг-дан бастап

4. Тениидоздар ошағы

Шайындылар: қолдан, дәретхана есіктерінің тұтқаларынан, сүт құйылатын ыдыстан; үстелдерден, мал бағуға арналған заттардан алынған шайындылар

екі жылдың ішінде жылына 1 рет

кемінде 10 – 15




Топырақ: мал (сиыр, шошқа) ұстайтын жерлердегі топырақ

екі жылдың ішінде жылына 1 рет

кемінде 5 – 10

100 – 200 г

5. Эхинококкоз ошағы

Шайындылар: қолдан және ит ұстайтын жерлерден алынған шайындылар

–//–

кемінде 10 – 15




Көкөніс, жеміс, жидек, аскөк: аскаридоз ошағындағыдай

– //–

кемінде 3 – 5

0,5 – 1 кг

0,4 – 0,5кг



Топырақ: ит ұстайтын жерлерден, ауладан алынған топырақ

– //–

кемінде 5 – 10

100 – 200 г

6. Ұйымдасқан ұжымдардағы гименолепидоз ошағы (балаларға арналған мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдары, мектеп–интернаттар, балалар үйлері, сәбилер үйлері және басқ.)

Шайындылар, шаң: ойыншықтардан, жиһаздан, кілем төсемшелерден, қуыршақтардың киімінен; төсек–орыннан және іш киімнен, қол орамалдардан; қолдан, дәретханалардағы есіктердің тұтқаларынан, кранның бұрандасынан, горшоктардан және басқ. алынатын шайындылар, шаң

эпидемиологиялық тексеру кезінде

бір топта кемінде 10 – 15




7. Ұйымдасқан ұжымдардағы энтеробиозошағы (балаларға арналған мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдары, мектеп-интернаттар, балалар үйлері, сәбилер үйлері және басқ.)

Шайындылар, шаң: персоналдың қолынан, асханадағы ыдыстан, үстелдердегі скатерттер менклеенкалардан, кішкентай орындықтардан; ойнау бұрыштарындағы жұмсақ ойыншықтардан, жиһаздан, кілем төсемшелерден, қуыршақтардың киімінен; ұйықтайтын бөлмелердегі төсек–орын жабдығынан; дәретханалардағы есіктердің тұтқаларынан, кранның бұрандасынан, горшоктардың сыртқы бетінен; балалардың қолынан және іш киімнен және басқ. алынған шайындылар, шаң.

ошақты тіркеу кезінде

бір топта кемінде 10 – 15




Бассеиндердегі су

– //–

кемінде 3 – 5 сынама

1 – 25 л

Құм: құмсалғыштардағы құм

– //–

кемінде 5 – 10

100 – 200 г, ішек қарапайымдыларға – 300–400 г

Топырақ: ойын алаңқайларындағы, кіре берістің жанындағы және үй–жайдың айналасындағы топырақ, верандалардан, үйшіктерден, гүлзарлардан, сыртқы санитариялық тораптардың айналасынан алынған топырақ

кемінде 5 – 10

8.Қоғамдық тамақтану, тағам өнеркәсібі объектілерінің қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар ауырған кездегі гименолепидоз және энтеробиоз ошақтары

Шайындылар: персоналдың қолынан, турайтын тақтайшалардан, үстелдерден, тамақ үлестіретін сөрелерден, санитариялық бөлмелерден, дәретханалардан, өндірістік құрал–жабдықтан және т. б. алынған шайындылар

эпидемиологиялық тексеру кезінде

өндірістік үй-жайдың ауданына байланысты кемінде 10 – 30




9.Ашық су қоймасы

1 және 2 санаттағы су қоймалары

сәуір айынан бастап қазан айына дейінгі кезеңде 2 рет

кемінде 3 – 5

1 – 25 л

10. Су жіберуге арналған құрылғы

Таратып тұратын желіге су жіберер алдында, тұйық колоңка (жер бетіндегі су көзі)

тоқсан сайын

кемінде 1 – 3

50 л

Аумақтағы топырақ

кемінде 5 – 10

100 – 200 г

11.Елді мекендердегі тазарту құрылғылары

Тазарту құрылғыларынан алынған ағынды су

тоқсан сайын

кемінде 3 – 5 сынама

тұқымдану деңгейіне байланысты

1 – 15 л


12. Рекреация аймағы

Аумақтағы құм

сәуірден бастап қазан аралығындағы кезеңде 2 рет

кемінде 5 – 10

100 – 200 г

Су

жылына 2 рет

кемінде 3 – 5

1 – 25 л

  1. 13.Малшаруашылық

  2. тары

Персоналдың қолынан, дәретханалардағы және қосалқы бөлмелердегі есіктердің тұтқаларынан, мал шаруашылығы өнімдері құйылатын ыдыстан, жуу бөлмесінен, мал бағуға арналған бұйымдардан алынатын шайындылар

жылына 2 рет

кемінде 10 – 15




Аумақтағы, мал (сиыр, шошқа) бағатын жерлердегі топырақ

жылына 2 рет

кемінде 5 – 10

100 – 200 г

Персоналдың қолынан алынатын шайындылар

жылына 2 рет және жаңа құм әкелінген кезде

кемінде 3 – 5

100 – 200 г

Аумақтағы, жылыжайлардағы (көкөніс өсіруге арналған) топырақ

жылына 2 рет

кемінде 5 – 10

100 – 200 г

14.Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары, мектеп–интернаттар

Көкөніс, жеміс, жидек, аскөк

тоқсан сайын

кемінде 3 – 5

0,4 – 0,5 кг

0,5 – 1 кг



Бассейндердегі су

тоқсан сайын

кемінде 3 – 5

1 – 25 л

Төсек–орын жабдығынан, жұмсақ жиһаздан, кілемдерден және басқа да жұмсақ тұрмыстық бұйымдардан үй шаңы кенелерің бар алынған шаң

эпидкөрсеткіштер бойынша

бір бұйымнан кемінде 10 – 15 сынамадан




Персоналдың қолынан алынған шайындылар

Құм: құмсалғыштардағы құм

кемінде 5 – 10

100 – 200 г

15. Спорт мектептері

Шайындылар (шаң)

жылына 2 рет

кемінде 10 – 30




Төсек–орын жабдығынан, жұмсақ жиһаздан, кілемдерден және басқа да жұмсақ тұрмыстық бұйымдардан үй шаңы кенелерінің болуына алынған шаң

эпидкөрсеткіштер бойынша

бір заттан кемінде 10 – 15 сынама




16. Жалпы білім беретін ұйымдар

Шайындылар (шаң)

тоқсан сайын

кемінде 20 – 40

100 – 200 г

Топырақ

жылына 2 рет

кемінде 5 – 10

Бассейндердегі су

тоқсан сайын

кемінде 3 – 5 сынамадан кем емес

1 – 25 л

17.Жазғы сауықтыру ұйымдары

Шайындылар (шаң)

ашылу алдында және демалушы контингент келуінің алдында

кемінде 10 – 20




Топырақ, құм, сондай–ақ себезгі қондырғыларының, ас блогының, стадионның айналасы

кемінде 5 – 10

100 – 200 г

Бассейндердегі, жағажайдағы су

кемінде 3 – 5

1 – 25 л

Көкөніс, жеміс, жидек, аскөк

кемінде 3 – 5

0,5 – 1кг

0,4 – 0,5 кг



18.Медициналық ұйымдар (балалар бөлімдері)

Палаталардағы, ойын және дәретхана бөлмелеріндегі, тағам блоктарындағы шайындылар:

жылына 2 рет

кемінде 10 – 20




Көкөніс, жеміс, жидек, аскөк

кемінде 3 – 5

0,5 – 1 кг

0,4 – 0,5 кг



Төсек–орын жабдығынан, жұмсақ жиһаздан, кілемдерден және басқа да жұмсақ тұрмыстық бұйымдардан үй шаңы кенелерінің болуына алынған шаң

эпидкөрсеткіштер бойынша

бір бұйымнан

10 –15 сынамадан






19. Жылыжай шаруашылықтары

Топырақ

қайта әкелінетін, бос тұру кезінде және көкөніс пен аскөк өсіру кезеңінде

кемінде 5 – 10

100 – 200г

Суаратын су

көкөніс пен аскөк жинаумен бір уақытта

кемінде 3 – 5

1 – 25л

Көкөніс, жеміс, жидек, аскөк

өсіру кезеңінде

кемінде 3 – 5

0,5 – 1 кг

0,4 – 0,5 кг



Персоналдың қолынан және арнайы киімінен алынған шайындылар

тоқсанына бір рет

кемінде 10 – 15




20.Қоғамдық тамақтану объектілері

Персоналдың қолынан, тамақ дайындауға арналған турайтын үстелдерден, көкөніс турайтын тақтайшалардан, тарелкелерден, дастарханнан, клеенкалардан, алжапқыштардан, үстелдерден, көкөніске, жеміс–жидекке, аскөкке арналған турайтын сөрелерден, тамақ үлестіретін сөрелерден, санитариялық бөлмелерден, дәретханалардан алынған шайындылар

объектінің эпидмаңыздылығы бойынша

кемінде 10 – 15




Тұздалмаған салаттарды кескен кездегі көкөніс, жеміс–жидек, аскөк

кемінде 3 – 5

0,5 – 1 кг

0,4 – 0,5 кг



21. Базарлар

Персоналдың қолынан, үстелдерден, сөрелерден, таразыдан алынған шайындылар

объектінің эпидмаңыздылығы бойынша

кемінде 10 – 15




Көкөніс, жеміс, жидек

Аскөк


кемінде 3 – 5

0,5 – 1 кг

0,4 – 0,5 кг



Ет

сату нүктесінен

3 – 5 сынамадан



0,5 кг

Балық

партияның санына байланысты 2 және одан көп дарақтан

балықтың түріне байланысты 0,5 – 3 кг және одан көп

22.Ет комбинаттары, шұжық цехтары, сою орны, тұшпара цехтары

Ет өнімдерін шығаратын барлық цехтардан, тамақтанатын жерлерден, дәретхана бөлмелерінен алынған шайындылар

мониторингке сәйкес

кемінде 10 – 15




Ет, фарш

кемінде 3 – 5

0,5 кг

23.Балық шаруашылықтары, цехтары

Қарқынды аулау жүргізілетін су қоймасында өнеркәсіптік мақсатта өсірілетін балық

мониторингке сәйкес

аулау орнында әр түрдің кемінде 15 дарағынан кем емес

кәсіптік өлшемдегі

24. Аңшылық шаруашылықтары

Ет

эпидкөрсеткіштер бойынша

кемінде 3 – 5

0,5 кг

25.Табиғи биотоптар: ашық су қоймалары

Ағынды су жіберетін жерден жоғары ағынды су шығатын жердегі (толық араластыру) су

маусымына 2 реттен (көктемде, жазда, күзде)

кемінде 3 – 5

1 – 25 л

Су пайдалануға жақын пункттен1 км жоғары

тоқсан сайын

26. Бассейндер

Су

жылына 2 рет

кемінде 3 – 5 сынамадан кем емес

1 – 25 л

Бассейндердің қабырғаларынан, орындықтардан, себезгі бөлмелерінен, киім шешетін бөлмелерден алынған шайындылар

кемінде 10 – 15




27. Моншалар, сауналар

Персоналдың қолынан және арнайы киімінен, үстелдерден, креслолардан алынған шайындылар

мониторингке сәйкес

кемінде 10 – 15




Бассейндерден алынған су

1 сынама

50 л

28. Сұлулық салондары, шаштараздар

Персоналдың қолынан және арнайы киімінен, креслолардан алынған шайындылар (шаң)

мониторингке сәйкес

кемінде 10 – 15




29. Тон тігетін шеберханалар, теріні илеу және дайын өнім өңдеу цехтары

Персоналдың қолынан, жиһаздың турайтын мүккәмалынан, арнайы киімнен, еденнен, жабайы және үй жануарларының терісінен алынған шайындылар

мониторингке сәйкес

кемінде 10 – 15




30. Суармалы егістіктер

Ағынды сумен және оның тұнбаларымен, мал шаруашылығының ағындыларымен суаруға дейінгі және суарғаннан кейінгі, жер бетіндегі және 20–25 см тереңдіктегі топырақ

жылына 2 рет

кемінде 5 – 10

100 – 200г

Ағынды сулар және олардың (дайындау алдындағы және одан кейінгі) тұнбалары

жылына 2 рет

кемінде 3 – 5

1 – 15 л

Мал шаруашылығының (дайындау алдындағы және одан кейінгі) ағындылары

жылына 2 рет

кемінде 10 – 15

1 – 15 л

Өсірілетін дақылдар (шөп, техникалық, жемдік дақылдар)

жылына 2 рет

кемінде 10 – 15




Ағынының бағыты бойынша жер астындағы су: суармалы егістіктерден 500 м жоғары және 500 м төмен

жылына 2 рет




31. Биологиялық тоғандар

Кірердегі және шығардағы ағындылар

сәуір айынан бастап қазан айына дейін 2 рет

кемінде 3 – 5

1 – 15л

Тоғандардың түбіндегі тұнбалар

жылына 2 рет

32. Теміржол, су көлігі, автобус көлігі (вагондар, мейрамхана вагондар, ұшақтар, теміржолға қызмет көрсететін көлік)

Жолсеріктердің, бортсеріктердің қолынан, креслолардан, сөрелерден, төсек–орын жабдығынан және басқаларынан алынған шайындылар

мониторингке сәйкес

кемінде 10 – 15




33. Мүгедектерге және қарттарға арналған үйлер

Палаталардан, дәретхана бөлмелерінен, ас блоктарынан, персоналдың қолынан алынған шайындылар (шаң)

жылына 1 рет

кемінде 10 – 15

0,5 – 1кг

Көкөніс, жеміс, жидек

Аскөк


кемінде 3 – 5

0,4 – 0,5 кг

34. Балаларды уақытша қабылдау және бөлу орны

Палаталардан, оқу және ойын бөлмелерінен, ас блоктарынан, персоналдың қолынан алынған шайындылар (шаң)

жылына 1 рет

кемінде 10 – 15




35. Созылмалы психикалық аурулары бар науқастарға арналған стационар

Шайындылар: палаталардан, дәретхана бөлмелерінен, ас блоктарынан, персоналдың қолынан алынған шайындылар

жылына 2 рет

кемінде 10 – 15




Төсек–орын жабдығынан, жұмсақ жиһаздан, кілемдерден және басқа да жұмсақ тұрмыстық бұйымдардан үй шаңы кенелерінің болуына алынған шаң

эпидкөрсеткіштер бойынша

бір бұйымнан 10 –15 сынамадан

36. Аңшылардың уақытша тұратын орны, аң аулау учаскелерінің кеңсесі

Шайындылар: жұмыс үстелдерінен алынған шайындылар

жылына 1 рет

кемінде 10 – 15




Топырақ: аумақтағы топырақ

жылына 1 рет

кемінде 5 – 10

100 – 200 г

37. Жатақханалар

Шайындылар

эпидкөрсеткіштер бойынша

кемінде 10 – 15




Төсек–орын жабдығынан, жұмсақ жиһаздан, кілемдерден және басқа да жұмсақ тұрмыстық бұйымдардан үй шаңы кенелерінің болуына алынған шаң

бір бұйымнан 10 –15 сынамадан

38. Тұрғын үй қоры

Топырақ: тұрғын үйлер аулаларындағы балалар алаңқайларындағы топырақ

жылына 1 рет

кемінде 5 – 10

100 – 200 г

Құм: тұрғын үйлер ауласындағы құмсалғыштардағы құм

жылына 1рет

кемінде 5 – 10

100 – 200 г

«Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша

санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)

іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге

қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидаларына



2-қосымша

Безгек бойынша эндемиялық елдердің тізімі

Азия:
Ауғанстан (мамырдан бастап қараша аралығында, 2000 м-ден төмен аймақта)

Бангладеш (жыл бойы, Даккиден басқа барлық жерде)

Бутан (жыл бойы, Ширанг, Самчи, Сарпанг, Самдрупионгхар, Шемганг дистриктерінде)

Вануату (жыл бойы, барлық жерде)

Вьетнам (жыл бойы, қала орталықтарынан басқа барлық жерде)

Үндістан (жыл бойы, 2000 м-ден төмен, Химачал Прадеш, Джамму және Кашмир, Сикким штаттарындағы бірқатар аудандардан басқа барлық жерде)

Индонезия (жыл бойы, Джакарта, ірі қалалардан және Ява мен Бали аралдарындағы туристік орталықтардан басқа барлық жерде)

Ирак* (мамыр айынан бастап қараша айына дейін, негізінен солтүстік бөлігінде 1500 м-ден төмен)

Иран (қаупі шектелген)

Йемен (жыл бойы, барлық жерде)

Камбоджа (жыл бойы, Пномпень және Тонле Сап айналасынан басқа барлық жерде, безгек Ангкор Ват туристік орталығында беріледі)

Қытай (қалаларда және тығыз қонысталған жазықты аумақтарда қауіп жоқ)

ҚХДР (қаупі шектелген)

Қырғызстан* (оңтүстік өңірінде қаупі ықтимал)

Лаос (жыл бойы, Вьентьяннан басқа барлық жерде)

Малайзия (ел ішіндегі шектелген ошақтарда ғана)

Мьянма (безгек 1000 м-ден төмен беріледі)

Непал (жыл бойы, Тераи шет аудандарында)

БАӘ (қаупі шектелген)

Оман


Пәкістан (жыл бойы, барлық жерде, 2000 м-ден төмен)

Папуа-Жаңа Гвинея (жыл бойы, барлық жерде, 1800 м-ден төмен)

Корея Республикасы * (қаупі шектелген)

Сауд Арабиясы (жыл бойы, көбінесе оңтүстік өңірінде (Асир шет аймағынан басқа Мекке мен Мединеде қауіп-қатер жоқ)

Соломон аралдары (жыл бойы, бірнеше қашық аралдардан басқа барлық жерде)

Сирия* (мамыр айынан қазан айы аралығында, әсіресе елдің солтүстік-шығысында)

Тәжікстан (жұқтыру қаупі – маусымнан бастап қазан аралығында)

Таиланд (жыл бойы, ауылды, әсіресе орманды және жоталы аудандарда, барлық жерде. Қалаларда және ірі туристік орталықтарда (Бангкок, Паттайя, Пхукет, Чиангмай, Самуй) қауіп-қатер жоқ.

Шығыс Тимор (жыл бойы, барлық жерде)

Өзбекстан* (Сурхандария облысындағы ауылдық аудандарда қаупі ықтимал)

Филиппиндер (жыл бойы, 600 м-ден төмен, қалалық аудандардан және жазықтардан басқа барлық жерде)

Шри-Ланка (жыл бойы, Коломбо, Калутара, НувараЭлия дистриктерінен басқа барлық жерде)


Африка:
Алжир* (қауіп Ихрирдегі бір ошақпен шектелген)

Ангола (жыл бойы, барлық жерде)

Бенин (жыл бойы, барлық жерде)

Ботсвана (елдің солтүстік бөлігінде қарашадан бастап мамыр-маусым аралығында)

Буркина Фасо (жыл бойы, барлық жерде)

Бурунди (жыл бойы, барлық жерде)

Габон (жыл бойы, барлық жерде)

Гамбия (жыл бойы, барлық жерде)

Гана (жыл бойы, барлық жерде)

Гвинея (жыл бойы, барлық жерде)

Гвинея-Бисау (жыл бойы, барлық жерде)

Джибути (жыл бойы, барлық жерде)

Египет (берілу қаупі маусымнан бастап қазан аралығында өте шектелген)

Замбия (жыл бойы, барлық жерде)

Зимбабве (Замбези өзенінің алқабында жыл бойы, қарашадан бастап маусым аралығында1200 м-ден төмен аймақта)

Кабо-Верде (Сантьягу аралында қыркүйектен бастап қараша аралығында қаупі шектелген)

Камерун (жыл бойы, барлық жерде)

Кения


Конго (Браззавиль) (жыл бойы, барлық жерде)

Конго (Киншаса) (жыл бойы, барлық жерде)

Комор аралдары (жыл бойы, барлық жерде)

Кот д’Ивуар (жыл бойы, барлық жерде)

Либерия (жыл бойы, барлық жерде)

Маврикий (Родригес аралынан басқа кейбір селолық аудандарда беріледі)

Мавритания (жыл бойы, солтүстік аумақтарынан басқа барлық жерде)

Мадагаскар (жыл бойы, барлық жерде, жағалау жанындағы аудандарда тәуекел жоғары)

Малави (жыл бойы, барлық жерде)

Мали (жыл бойы, барлық жерде)

Марокко* (Хурибга провинциясының жекелеген селолық аудандарында мамырдан бастап қазан аралығында қаупі шектелген)

Мозамбик (жыл бойы, барлық жерде)

Намибия (қарашадан бастап мамыр - маусым аралығында солтүстік аудандарда, жыл бойы – өзендердің алқаптарында)

Нигер (жыл бойы, барлық жерде)

Нигерия (жыл бойы, барлық жерде)

Руанда (жыл бойы, барлық жерде)

Сан-Томе және Принсипи (жыл бойы, барлық жерде)

Свазиленд (жыл бойы, барлық төмен орналасқан далалық аудандарда)

Сенегал (жыл бойы, барлық жерде)

Сомали (жыл бойы, барлық жерде)

Судан (жыл бойы, барлық жерде)

Сьерра-Леоне (жыл бойы, барлық жерде)

Танзания (жыл бойы, барлық жерде, 1800 м-ден төмен)

Того (жыл бойы, барлық жерде )

Уганда (жыл бойы, барлық жерде)

ОАР (жыл бойы, барлық жерде)

Чад (жыл бойы, барлық жерде)

Экваторлық Гвинея (жыл бойы, барлық жерде)

Эфиопия (жыл бойы, барлық жерде, 2000 м-ден төмен)

Эритрея ОАР (жыл бойы төмен биіктікте орналасқан аудандарда, қазаннан бастап мамыр аралығында жұқтыру қаупі жоғары)


Солтүстік, Орталық, Оңтүстік Америка:
Аргентина* (Боливиямен және Парагваймен шекаралас провинциялардың селолық аудандарында қазаннан бастап мамыр аралығында жұқтыру қаупі төмен)

Белиз (жыл бойы, қала аймақтарынан басқа барлық жерде)

Боливия (жыл бойы, барлық селолық аудандарда, 2500 м-ден төмен)

Бразилия (жыл бойы орманды аудандарда, 900 м-ден төмен)

Венесуэла (жыл бойы кейбір селолық аудандарда, джунглилерде тропикалық безгек қаупі бар)

Гаити (жыл бойы, барлық жерде, кейбір орманды аудандарда)

Гайана (жыл бойы, елдің барлық ішкі аудандарында)

Гватемала (жыл бойы, 1500 м-ден төмен)

Француздық Гвиана (жыл бойы, барлық жерде)

Гондурас (жыл бойы, барлық жерде)

Доминикан Республикасы (тропикалық безгек қаупі жыл бойы төмен)

Колумбия (жыл бойы, барлық жерде, 800 м-ден төмен аудандарда және джунглилерде)

КостаРика (жыл бойы, қаупі орташа)

Мексика (жыл бойы, туристер сирек баратын жекелеген селолық аудандарда)

Никарагуа (жыл бойы, көптеген муниципалитеттерде)

Панама (қаупі төмен)

Парагвай* (қаупі орташа)

Перу (қаупі жоғары, тропикалық безгек)

Сальвадор (қаупі өте төмен)

Суринам (жыл бойы, жағалау жанындағы дистрикттерде – болмашы)

Эквадор (жыл бойы, 1500 м-ден төмен)
Еуропа:
Түркия (мамырдан бастап қазан аралығында елдің оңтүстік-шығыс бөлігі мен Амиков және Чукуров жазықтықтарында жұқтыру қаупі бар)
*- P.vivax –үш күндік безгек қоздырғышын жұқтыру қаупі бар елдер.

«Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша

санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)

іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге

қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидаларына



3-қосымша

Кене энцефалитінің табиғи ошақтары орналасқан



аумақтардың тізбесі


  1. Алматы облысы:

  1. Талғар ауданы;

  2. Еңбекшіқазақ ауданы;

  3. Қарасай ауданы;

  4. Райымбек ауданы;

  5. Алақөл ауданы;

  6. Ақсу ауданы;

  7. Сарқан ауданы;

  8. Кербұлақ ауданы;

  9. Ескелді ауданы;

  10. Ұйғыр ауданы;

  11. Талдықорган, Текелі қалаларының айналасы.

  1. Шығыс Қазақстан облысы

  1. Глубокое ауданы;

  2. Зырян ауданы;

  3. Қатон-Қарағай ауданы;

  4. Көкпекті ауданы;

  5. Ұлан ауданы;

  6. Шемонаиха ауданы;

  7. Өскемен, Риддер қалалары айналасы.

  1. Алматы қаласы (айналасы).

жүктеу 195,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау