Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің



жүктеу 26,81 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі26,81 Kb.
#12558

Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің

2008 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша өткен

Алқа отырысы
Облыстың санэпидқызметінің 2008 жылғы жұмыс қортындысын тыңдап және талқылағаннан кейін МСЭҚК департаментінің Алқа отырысы санитарлық қызметтің өз жұмысын «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» ҚР Заңы негізінде Қарағанды облысы аумағында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығын қамтамасыз ету бойынша 2008 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес және басым бағыттар бойынша жүзеге асырылғанын атап өтті.

Есептегі мерзім ішінде індетке қарсы кешенді профилактикалық шаралар жүзеге асырылды, осыған сәйкес облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты деңгейде болды, ал кей көрсеткіштер бойынша оларды жақсартуға қол жеткізілді.

● Таралуы вакцина арқылы тежеліп отырылатын инфекциялар : дифтерия, сіреспе, коклюш, полиомиелит, қызылша, эпидпаротит, «В» вирусты гепатиті егілгендер арасында тіркеуге алынған жоқ.

● Жіті ішек инфекциялары 4,5 %, «А» вирусты гепатиті 49,2%, «В» вирусты гепатиті 36,5%, сальмонеллез 25,1% төмендеген.

● Паразитарлық аурулардың төмендегені байқалды: аскаридоз 17%, опистархоз соның ішінде 14 жасқа толмаған балалар арасында – 18,5%.

● Туберкулез ауруын 13,4% төмендеткізуге қол жеткізілді.

● Санитарлық талаптарға сай келмейтін емдік-профилактикалық ұйымдардың пайызы 3,1%-дан 2,7%-ға төмендеген.

● Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту 82,1% құрап отыр.

● Тамақ өнімдерінің стандартқа сай емес сынамаларының пайызы 0,8%-дан 0,5%-ға төмендеген.

● Бюджет қаржысы 100% игерілді.

● Өңдірілген айыппұлдар саны 4423-тен 5382-ге дейін өсті, оның ішінде 18 млн. сомадағы 5211 айыппұл өндірілді.
Санэпидқызметтің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық

қадағалау жұмыстары бойынша 2009 жылы атқаратын

шараларының негізгі басым бағыттары
1. Ұлттық бағдарламаларды жүзеге асыру: «Иммунопрофилактика», «ҚР вирустық гепатиттің алдын алу», «Ауыз су », «Селолық аумақтарды дамыту», «Денсаулық сақтау ісін реформалау және дамыту».

2. «Қарағанды облысында 2008-2010 ж.ж. туберкулезге қарсы күрес», «Қарағанды облысында 2008-2010 ж.ж. ВИЧ/СПИД індетіне қарсы күрес» Аймақтық бағдарламалары бойынша шаралардың жүзеге асуына бақылау жасау.

3. Салынып жатқан медициналық ұйымдарда медициналық қалдықтармен жұмыс жасау жүйесін енгізу, ол жерлерге экологиялық қауіпсіз утилизаторлар орнату.

4. Донорлық қан мен оның компоненттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және гемтрансфузиялық жолмен жұғатын ауруларға бақылауды күшейту.

5. Қоршаған ортаның келеңсіз факторларының халық денсаулығына әсеріне талдау жасап оған беру, азаматтардың денсаулығын жақсарту бағытындағы кешенді шараларды әзірлеуге қатысу.

6. Облыс аумағындағы тұтынушылар базарларына қауіпті тамақ өнімдерінің әкелініп сатылуына жол бермеу мақсатында кешенді шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасз ету; генетикалық түрлендірілген көздерді пайдалана отырып өндірілген өнімдерді анықтау жұмысын жалғастыру.

7. Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар Ұлттық орталығымен бірлесе отырып кәсіптік ауруларды ерте анықтау шараларын және өндіріс кәсіпорындарында оңалту шараларын уақытында жүргізу.

8. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруда МСЭҚК ҚОД және оның аумақтық құрылымдық бөлімшелерінде қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасз ету.



9. Қарағанды облысының қалалық және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары мекемелерін жетілдірудің соңғы кезеңін аяқтау.
жүктеу 26,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау