Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет22/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61

  
92
  
Әдетте «Онда тұрған 
не бар екен?» деп келетін 
журналистердің қырағы 
сұрағынан мақалаңыздың 
аман-есен өтетініне 
көзіңіз жететін болсын
6 - тарау
М
әліМеттерді
 
пайдалана
 
отырып

Мәселенің
 
Мән
-
жайын
 
ашу
М
атериалда
 
толыққанды
 
және
 
жан
-
жақты
 
мәлімет
 
беру
 
өте
 
маңызды
.
  Мұны  фотосуретке  түсіру  кезіндегі  бейненің 
масштабымен  салыстыруға  болады.  Егер  сурет  ірі  бо-
лып  түсірілсе,  онда  көптеген  бөлшектерді  көре  аласыз. 
Бірақ,  толық  картинаны  көре  алмайсыз.  Ал  егер  сурет  тым 
кішірейтіліп берілсе, онда сіз ол жерден қызығушылық туды-
рып, назар аудартатындай нақты ешнәрсені көре алмайсыз.
Мақаладағы  маңызды  нәрсе  жаңалық  екенінде  дау  жоқ. 
Яғни,  саясаткердің  сайлауға  түсуі,  даму  бағдарламасының 
жүзеге  асу  барысы,  қандай  да  бір  оқиғаның  салдарынан 
қаза  тапқандар  немесе  жарақаттанғандар  саны.  Дегенмен, 
жаңалықтың өзектілігін айғақтайтын және басылым бетінде 
жариялауға  тұратынына  дәлел  бола  алатын  жайттарды 
мақалаға  енгізгеніңізге  сенімді  болыңыз.  Бұл  аймақтағы 
зорлық-зомбылықтың  жарылуы  ма?  Оппозицияның  алдағы 
сайлауда үкіметтің ширақ қимылдауына себепкер болатын-
дай маңызды жеңісі ме? Батыс ұсынған даму стратегиясын-
да ең маңызды деген идея қалып қойған жоқ па? 
Осы  мысалдардың  әрқайсысы  бойынша  жаңалықтарды 
бере  отырып,  олардың  не  себептен  жаңалық  екенін  айту 
керек.  әдетте  «Онда  тұрған  не  бар  екен?»  деп  келетін 
журналистердің қырағы сұрағынан мақалаңыздың аман-есен 
өтетініне көзіңіз жететін болсын.


  
93
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Кейбір  детальдарды  орнымен  қолдануыңыздың  арқасында 
оқырман  мәселенің  мән-жайын  тез  түсініп  алатын  болады. 
Алайда, саяси партияның атауы мен идеологиялық бағыты, 
қандай  да  бір  қаланың  орналасқан  жері,  басшылардың 
автобиографиялық мәліметтері сияқты мән-жайды тәптіштеп 
жазудың керегі жоқ. Репортердің міндеті – тек қана ақпаратты 
жеткізу. 
Баяндау барысын сақтай отырып, қандай да бір мәліметтерді 
қысқа да нұсқа пайдалану, ой салатындай етіп жеткізу жол-
дарын  табуға  тырысыңыз.  Яғни,  бір  абзацтан  екіншісіне 
дейін  қамту  керек  деген  сөз.  Мысалы,  елдегі    «жетекші 
оппозициялық  партияның»  құлдырауын  суреттеу  жақсы 
кіріспе сөйлем бола алады. Алайда, үшінші, төртінші абзацқа 
дейін бұл партияның атын атамауға болады. Бұл жоғарыда 
айтылған  жайтқа  оқырманның  қызығушылығын  ояту  тәсілі. 
Оның  үстіне,  мұндай  тәсіл  материалдың  басынан  бастап 
барлық  мән-жайды  үйіп-төгіп,  тым  қоюлатып  жіберуден  де 
сақтандырады. 
Мұндай міндеттерді ағылшын тілінде орындаудың өте жеңіл 
екенін ескеріңіз. Бұл тілде қосымша ойды сызықшадан кейін 
үтір қою арқылы немесе қысқа ақпараттық сөйлемдер беру 
арқылы жеткізу мүмкіндігі зор. 


  
94
  
«Оқырман онсыз 
да білетін 
шығар» деп үстірт 
қарауға болмайды 
негізгі сәйкестендіру
Ең негізгі ереже – мақалаңызда аты-жөні немесе атауы ата-
латын  барлық  тұлғалар  мен  ұйымдар  туралы  танымдық 
мағлұмат беру. «Оқырман онсыз да білетін шығар» деп үстірт 
қарауға болмайды. 
Алғаш  рет  атаған  сәтте-ақ  лауазым  иелерінің  толық  аты-
жөні  мен  қызметін  көрсетіңіз.  Мысалы,  генерал  Джексон 
емес, генерал-майор Джордж Джексон, Мартин Смит емес, 
премьер-министрдің орынбасары Мартин Смит.
Негізгі  географиялық  мәліметтерді  беріңіз.  Мысалы:  Те-
тово,  астананың  батысында  жатқан,  негізінен  албан-
дар  мекендейтін  қалашық;  Нахичевань,  Арменияның 
батысындағы әзірбайжан ауданы; Хохенвальд, штат астана-
сы Нэшвиллден 100 шақырым қашықта жатқан провинциялық 
қалашық.  
Бірінші  рет  атаған  кезде  қысқарған  түрінде  бермей,  сая-
си  партиялар  мен  ұйымдардың  атауын  толық  көрсету  ке-
рек. Мысалы, ДӨЖҚ деп емес, Демократиялық өзгерістерді 
жақтайтын қозғалыс деп көрсету қажет. Егер түсініксіз болып 
жатса, қосымша қысқаша мағлұмат беруге болады. Мысалы, 
Демократиялық әрекеттер үшін партиясы – мұсылмандардың 
жетекші ұйымы. 
6-тарау: Мәліметтерді пайдалана отырып, мәселенің мән-жайын ашу


  
95
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Көптеген халықаралық ұйымдардың атаулары мен жалпыға 
ортақ  негізде  қалыптасқан  акронимдер  талдап  жазу-
ды  қажет  етпейді.  Дегенмен,  қате  жіберіп  алмаңыз.  ЕО, 
БҰҰ,  АҚШ,  НАТО  дегенді  таратып  жазбасаңыз  да  түсінікті, 
ал  Бас  Өкілеттіқ  Кеңсесі  (БӨК),  Бұрынғы  Югославиядағы 
қылмыстар жөніндегі халықаралық трибуналы (БЮҚХТ) де-
ген  ұғымдарды  ашып  жазған  дұрыс.  Ассошиэйтед  Престің 
стилі  бойынша,  Құрама  Штаттардың  атауы  (U.S.)  арасына 
нүкте қою арқылы жазылады, бұл «біз» (us») деген есімдіктің 
көпше түрімен шатастырып алмау үшін қажет. 
Қалай болғанда да, акронимдерді шамадан тыс қолданудан 
қашу керек. Жоғарыда көрсетілгендей, акронимдерді толық 
атап  жазғаннан  кейін  дөңгелек  жақшаның  ішіне  қысқаша 
атауын беріп кетуді ұмытпаңыз. әрине, егер мақаланың өн 
бойында бұл сөзді тағы да пайдалануға тура келсе немесе 
қысқарған  сөз  жергілікті  тілдегі  аудармасында  түсініксіздеу 
болса,  міндетті  түрде  солай  жасаған  дұрыс.  Мысалы, 
Демократиялық әрекеттер партиясы СДА деп аталады. 
Көлемді  мақалаларда  адам  аттары  мен  ұйымдардың  атау-
лары  көп  кездесетін  болса,  екінші  сілтемеден  кейін 
қысқаша  «доктор  Файзал,  оппозиция  көшбасшысы»  деген 
анықтамалар беріп отыру керек. 


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау