31
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Кез келген журналист дерекке сүйенеді және деректердің
сенімділігіне назар аударады. Кейде журналистің жақсы
мақала жазуына оның алаңдаушылығын тудырған не-
месе ашуына тиген мәселелер ықпал етуі мүмкін. Соған
қарамастан, журналист мақаласын негіздейтін ақпарат іздеу
барысында өте әділ болуы керек. Деректерді жинау және
оны бейнелеп суреттеу тәсілдері объективті екені көрініп
тұруы керек. Басқаша айтсақ, тым болмағанда журналистің
объективті жазуға тырысқаны байқалуы маңызды.
3. Әділдік
Сұхбат беруші адамға қатысты адал көзқарас дегеннің аста-
рында ақпарат жинау кезінде де және оны беру барысында
да адамгершіліктен аттамау жатады.
Сізбен әңгімелесетін адамдар мақаланың немесе бағдарла-
маның не туралы болатынын, олардың қатысуынан не өзге
ретінін; радио немесе телехабардың алдын ала жазылаты-
нын немесе тікелей эфирде жүретінін; оның қандай негізде ре-
дакцияланатынын білуге құқылы. Олар өздерін бейнетаспаға
түсіріп жатқанын да білуге хақылы, егер түсіріп жатқан бол-
са, өзгерту енгізуге де мүмкіндіктері бар. Алайда, тараптар
арасындағы әділдік пен адамгершілік принципі және оқиғаны
баяндаудағы әділдік пен адамгершілік ең негізгі қағида бо-
луы тиіс.
Халықаралық Журналистер федерациясының баянда-
уы бойынша, «журналист жаңалықтарды, суреттерді және
құжаттарды алуда тек әділ тәсілдерге жүгінуі керек». Бұл
сіздің өзіңізді журналист ретінде таныстыруыңызды талап
етеді және ақпаратты қорқыту, күш қолдану әдісімен алуға
болмайтынын білдіреді.
32
Бір нәрсені біледі
екенмін деп, жазып
отырған мақалаңызда
пайдалануға
міндетті емессіз
Бір нәрсені біледі екенмін деп, жазып отырған мақалаңызда
пайдалануға міндетті емессіз. Жариялайтын ақпаратыңызға
сенімді болмасаңыз, қолыңызда ешқандай да ақпарат жоқ
деп есептеңіз. Немесе әділ әрі таза жолмен алған дерек көзі
болмаса да, «жазуға болатын» мәліметіңіз жоқ деген сөз. Тек
айрықша жағдайларда ғана, оның өзінде де таразы басын-
да қоғам мүддесі тұрып, басқа амалыңыз болмағанда ғана
ақпаратты алу үшін заңсыз тәсілдерге жүгінуіңізге рұқсат
етіледі.
әділдік өзіңіз сынап отырған кез келген тұлғаның коммен-
тарийге жауап беруіне, өз пікірін білдіруіне мүмкіншілік
жасасаңыз, содан көрінеді. Кез келген адам өзі туралы сыни
материалды оқыған уақытта ренжуі мүмкін, бірақ ол сыни
мақала дәл сол тұлға үшін күтпеген жағдай болмауы тиіс.
Олай болатыны, мақаланы жарияламас бұрын онда аты ата-
латын және мақалаға қатысы бар тараптардың барлығын
дерлік сыни пікірмен таныстыру журналистің міндеті (Ескер-
ту: бұл ол адамға мақаланы тұтас оқып беру керек дегенді
білдірмейді, бірақ сол тұлғаның атына айтылып отырған
сынның түпкі мәнін ескертуге міндеттісіз).
Егер сыни мәселені мақала субъектісімен талқылауды
ыңғайсыз деп тапсаңыз, ол материал жарыққа шыққаннан
кейін де өзіңізді дәл солай сезінетініңізді ұмытпаңыз. Қандай
да бір тұлғаның атына сын айтатын болсаңыз, мақалаңыздың
салмағы арта түседі. Ал егер сыналып отырған азаматтың
қарсы дәйектерін келтіріп, оған қоса артықшылықтарын да
көрсететін болсаңыз, мақалаңыз жан-жақты болып шығады
әрі сыныңыз да әлдеқайда салмақтана түседі.
2-тарау: Халықаралық стандарттар
33
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
4. Шыншылдық пен әдептілік
Журналистердің өз жұмысын орындауы мен оның қоры-
тындысын көрсетуі қоғамдық сенімді қалыптастыруда өмірлік
мәнге ие. Ал журналист жұмысын орындаудың негізінде
этикалық нормалар мен тәжірибе жатады. Журналистердің
тасқа басылған ар-намыс кодекстері де, жазылмаған заң-
дары да ақпаратты жинау, тексеру және тарату кезінде
ойын ережесін бұзбауға үндейді. Қазіргі кезде журналисти-
ка тәжірибесінде бар қиындықтар мен дилеммаларды ескере
отырып, рұқсат етілген шеңберден шықпау керек және жеке
этиканы да сақтаған жөн.
Жаңалықтарды жазу барысында нақтылық пен әділдік
керектігі түсінікті. Ал кодекстердің көпшілігі жаңалық жазу
кезінде шыншылдық, ашықтық және парасаттылық та
маңызды деп есептейді. Қандай жолмен болса да ақпарат
алу деген әдептен аттауға болатынын білдірмейді. Мыса-
лы, репортерлер жұмыс барысында табандылығымен та-
нылады, бірақ олардың адамның ар-намысына тиюіне не-
месе қорқытуына жол жоқ. Журналист ақпаратты ашық
түрде жинауы керек, тек шарасыз болғанда ғана (онда да
редактордың рұқсатымен) жасырын жазба жасауына бола-
ды. Баспасөз бетінде сыналған кез келген адамның оған жа-
уап беруге құқығы бар.
Журналистер рұқсат етілмеген жағдайда түрлі жарақат неме-
се зақым алған, әртүрлі жағдайлардың әсерінен шок алған
адамдардың өміріне араласа алмайды. Олар әр адамның
жеке өміріне қол сұғуға болмайтынын білуге міндетті. Зәбір
көрген балаларға және сексуалдық қылмыстың құрбаны
34
болғандарға барынша мұқият қарау керек, көптеген мем-
лекеттердің заңнамасы ондай құрбандарды суретке түсіруге,
есімдерін атауға рұқсат етпейді. Бизнеске қызмет ететін
журналистер өздерінің қаржылық мүддесін жасырмауы
тиіс, мысалы, қандай да бір компанияда акциялары болған
жағдайда, оны жария түрде мәлімдеуі тиіс. Көптеген медиа
ұйымдардың бағалы қағаздар мен сауда операцияларына
жекеменшік құқықтарын реттейтін нақты ережелері бар.
Этикалық мәселелердің күрделілігіне орай, журналистердің
ар-намыс және мінез-құлық ережелерін реттейтін көптеген
кодекстер толып жатқан абсолютті ережелерді ресми мә-
лімдеуден бас тартып отыр. Айрықша немесе төтенше
жағдайларда, мәселен, қоғамның қызығушылығы күрт артқан
жағдайларда тәжірибелік жаңалықтар журналистикасының
нақтылы белгіленген ережелері қайта қарауға жататын кез-
дер болады. Журналистердің кәсіби кодекстері әдетте оларға
өздерінің орнын білуді үйретеді. Егер өзі таза болмаса, ол
журналист өтіріктің бетін қалай ашады? Дегенмен де, кей
жағдайларда шенеуніктердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы
бар екенін анықтап, оларды тұзаққа түсіру үшін қулыққа не-
месе айлаға баруға тура келетінін де жасыруға болмайды.
Мұндай жағдайда редактормен немесе өзге журналистер-
мен ақылдасқан маңызды. әлбетте, өзінің жеке этикалық
принциптеріне жүгінген де дұрыс.
2-тарау: Халықаралық стандарттар
Достарыңызбен бөлісу: |