Жиі қойылатын сұрақтар бойынша анықтамалық
р/с
№
Сұрақ
Жауап
1
Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс,
сондай-ақ үстеме жұмыс жасалған сағаттар
қалай өтеледі?
Қазақсан Республикасы Еңбек Кодексінің 85-бабына сәйкес,
осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, демалыс және
мереке күндеріндегі жұмысқа жұмыскердің және ауысымдық
кесте
(вахталар
кестесі)
бойынша
жұмыс
істейтін
жұмыскерлердің жазбаша келісімімен немесе оның өтініші
бойынша жұмыс берушінің актісі негізінде жол беріледі.
Мереке және демалыс күндеріндегі жұмыс үшін жұмыскердің
қалауы бойынша оған басқа демалыс күні беріледі немесе ақы
төлеу еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс
беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде,
бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына
отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы
төленеді.
Сондай-ақ,
еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме
уақыттағы жұмысқа еңбек немесе ұжымдық шарттардың және
(немесе)
жұмыс
беруші
актісінің
талаптарына
сәйкес
жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық)
тарифтік мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен
төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді. Еңбекке кесімді ақы
төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа қосымша ақы төлеу
жұмыскердің белгіленген күндік (сағаттық) мөлшерлемесінің елу
пайызынан төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі.
Тараптардың келісімі бойынша үстеме жұмысқа үстеме
жұмыстың бір сағаты үшін тынығуға кемінде бір сағат беру
есебімен тынығу сағаттарын ұсынуға жол беріледі.
2
Еңбек далысында болған кезде жұмыстан Еңбек заңнамасында бұл жағдайға ешқандай шектеу
шығу туралы өтініш беруге болады ма?
көзделмеген, жұмыскер жыл сайынғы төленетін еңбек
демаласында болған уақытта еңбек шартын бұзу туралы
хабарлама бере алады.
3
Кәсіпорындағы жеке еңбек дауын шешу
үшін келісу комиссиясы қалай және қандай
мерзімге құрылуы тиіс?
Келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер
өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде ұйымдарда, оның
филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын, тұрақты жұмыс
істейтін орган болып табылады.
Келісу комиссиясы мүшелерінің сандық құрамы, оның жұмыс
істеу тәртібі, келісу комиссиясы шешімінің мазмұны мен оны
қабылдау тәртібі, келісу комиссиясы өкілеттігінің мерзімі,
делдалды тарту туралы мәселе жұмыс беруші мен жұмыскерлер
өкілдерінің арасындағы жазбаша келісімде не ұжымдық шартта
белгіленеді.
Келісу комиссиясына келіп түскен өтінішті көрсетілген
комиссия берілген күні міндетті түрде тіркеуі тиіс.
Дау
өтініш
берушінің
және
(немесе)
Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес
берілген өкілеттіктер шегінде ол уәкілеттік берген өкілдің
қатысуымен қаралады.
Келісу комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап он
бес жұмыс күні ішінде қарауға және дау тараптарына шешімнің
көшірмесін оны қабылдаған күннен бастап үш күн мерзімде
беруге міндетті.
Келісу комиссиясының шешімі, жұмысқа қайта алу туралы
дауды қоспағанда, онда белгіленген мерзімде орындалуға тиіс.
Келісу
комиссиясының шешімі белгіленген мерзімде
орындалмаған жағдайда, жұмыскер немесе жұмыс беруші сотқа
жүгінуге құқылы.
3
Жүктілікке және босануға байланысты «Декреттік ақшаны» (жүктілікке және босануға байланысты
демалысқа кім ақы төлеуі тиіс?
табысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем)
мемлекеттік
бюджет
қаражатынан,
міндетті
әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне қатысу есебінен, «Зейнетақы төлеу
жөніндегі мемлекеттік орталықтың» аудандық құрылымдық
бөлімшелері арқылы төленеді.
4
18
жасқа
толмаған
балалар
үшін
жәрдемақы алуға кім құқылы және ол қалай
есептеледі?
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар
туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы
Заңының 9-бабына сәйкес отбасының асырауындағы әрбір он
сегізге толмаған балаларға тағайындалады. Балаларға арналған
жәрдемақы отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы
ескеріліп, ағымдағы тоқсанға тағайындалады және өтініш
жазылған айдан бастап, ай сайын төленеді. Азаматтар алғаш рет
жүгінген кезде, сондай-ақ отбасының табысына ықпал ететін
жағдайлар өзгерген жағдайда уәкілетті орган немесе кенттің,
ауылдың, ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның
отбасының материалдық жай-күйін тексеруі туралы шешім
қабылдайды. Жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша учаскелік
комиссия отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды
және қорытындыны уәкілетті органға ұсынады. Балаларға
жәрдемақы алуға ниетті отбасының жиынтық табысын есептеу
ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім
бойынша уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін тәртіпте
жүргізіледі.
5
Аз қамтылған азаматтарға қандай көмек
көзделген?
Жергілікті бюджеттерде ең төменгі күнкөріс деңгейінің
шамасынан
төмен
тұратын
тұлғалардың
тұрмыстық
қажеттіліктеріне (2017 жылдың 2 тоқсанына - 20471 теңге) 7 АЕК
көлемінде (19 өңірде 15883 теңге) және 15 АЕК (Қостанайда
34035 теңге) бірмезгілдік әлеуметтік көмек қарастырылған.
Сонымен қатар, кедейліктің шегі деңгейінен төмен тұратын
тұлғаларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі (ең төменгі
күнкөріс деңгейінен 40 %, 2017 жылдың 2 тоқсанына - 8188
теңге). Көмек көлемі кедейліктің шегі мен отбасының жан
бастына шаққандағы орташа табысы арасындағы айырмашылық
ретінде есептеледі.
6
Мүгедектер
санаторий-курорттық
емделуге жолдаманы қалай ала алады?
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен
бекітілген Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-
курорттық ем ұсыну қағидаларына сәйкес барлық топтың
мүгедектері мен мүгедек балалар мемлекеттік бюджет қаражаты
есебінен санаторий-курорттық еммен қамтамасыз етіледі.
Аталмыш қызметті алу үшін өтінішпен және қажетті
құжаттар пакетімен мекенжай бойынша жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіну қажет.
Мүгедектер, не олардың жазбаша келісімі бойынша өзге
тұлға, сондай-ақ мүгедек балалардың заңды өкілдері жеке оңалту
бағдарламасында ұсынымдар болған жағдайда төмендегі
құжаттарды қоса бере отырып, санаторий-курорттық ем ұсынуға
белгіленген үлгідегі өтініш береді:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат
көшірмесі;
2) мүгедек балалар үшін – жеке басын куәландыратын
құжаттың көшірмесі және оның заңды өкілінің жеке басын
куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмесі– жеке басын
куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда;
4) денсаулық сақтау ұйымы беретін санаторий-курорттық
картаның көшірмесі;
5) тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелгенін растайтын
құжатты (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе
ауылдық әкімдердің анықтамасы);
6) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі және жеке
оңалту бағдарламасынан үзінді-көшірме.
Өтінішті қалалар және аудандар әкімдіктерінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері өтініштерді
тіркеу және жолдамалар беру журналында тіркейді.
7
Жақын туыстары жоқ жалғыз басты
қарт адамды облыс аумағындағы интернет –
үйлерге орналастыру үшін қандай құжаттар
қажет?
Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлға (отбасы)
мекенжайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімдеріне арнайы әлеуметтік көмектің кепілді
көлемін алу үшін жүгінеді.
Бірінші және екінші топ мүгедектерін, сондай-ақ жасының
егде тартуына байланысты өзiн-өзi күте алмайтын адамдарды
стационарлық үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк мекемелерге
(ұйымдарға) орналастыру үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке
толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің
(Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне сәйкес
балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары
мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналарының бірі,
қорғаншы, асыраушы, қамқоршы, патронат тәрбиешi және
оларды алмастырушы басқа да адамдар) белгіленген нысан
бойынша жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның
қолдаухаты;
2) қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан
әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (қарт адамдар
үшін талап етілмейді);
4) белгіленген нысандағы медициналық карта;
5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді-
көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);
6) он сегіз жастан асқан адамдар үшін – соттың адамды
әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімінің көшірмесі (бар
болса);
7) зейнеткерлік жастағы тұлғалар үшін – зейнетақы
куәлігінің көшірмесі;
8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері
және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының
қатысушысы мен мүгедегі және соларға теңестірілген адам
мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.
Ауданның
жергілікті атқарушы
органы
стационар
жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы
шешім шығарған соң, кезек болмаған жағдайда медициналық-
әлуметтік мекемеге жолдама, не кезекке қойылғаны туралы
хабарлама беріледі.
8
Мүгедектердің
қоғамдық
бірлестігі
Қазақстан
Республикасы
мүгедектерінің
қоғамдық бірлестіктерінің тізбесіне қалай
тіркеле алады?
Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін,
жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан
Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері
құрған ұйымдардың тізбесіне енгізу қағидалары (бұдан әрі -
Қағидалар) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№1065 бұйрығымен бекітілген.
Тізбеге енгізу үшін өтініш беруші аудандардың және
қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімдеріне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша Тізбеге енгізуге өтініш;
2)
мемлекеттік
кірістер
органдарынан
Қазақстан
Республикасы Салық Кодексінің 248-бабының 13) тармақшасына
сәйкес келетіні туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының
азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық
бойынша салық есептілігі (декларация) (200.00-нысан);
3)
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық
бірлестігінің немесе Қазақстан Республикасы мүгедектерінің
қоғамдық бірлестігі құрған ұйым жарғысының және мемлекеттік
тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмелері;
4) жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
лауазымы, жалақысы және мүгедектік тобы (бар болса)
көрсетілген тізімі;
5) тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері
мен
Қазақстан
Республикасы
мүгедектерінің
қоғамдық
бірлестіктері құрған ұйымдар үшін – өндірістік базаның болуын
растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері
мен
Қазақстан
Республикасы
мүгедектерінің
қоғамдық
бірлестіктері құрған ұйымдар үшін – сәйкестік сертификатының
көшірмесімен қоса, шығарылатын өнімнің тізбесі;
7)
жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері
мен
Қазақстан
Республикасы
мүгедектерінің
қоғамдық
бірлестіктері құрған ұйымдар үшін – ұсынылатын қызметтер мен
жұмыстардың тізбесі;
8)
жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері
мен
Қазақстан
Республикасы
мүгедектерінің
қоғамдық
бірлестіктері құрған ұйымдар үшін – егер қызмет түрі
лицензиялауға жататын болса, лицензияның көшірмесі;
9) жабдықтың тізбесі.
Өтініш беруші құжаттарды аудандар және қалалар
әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімдеріне жылдың бірінші және екінші тоқсаны ішінде, бірақ
тиісті тоқсанның соңғы айының 30-күнінен кешіктірмей береді.
Тізбеге өтініш берушіні енгізуден мынадай Во включении
заявителя в перечень отказывается в случаях:
көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын
ұсынбаған;
Қағидаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген;
өтініш берушінің құжаттарында
қамтылған мәліметтер
ақпараттық жүйелерде болмаған немесе оларда қамтылған
мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайларда бас тартылады.
Қоса берілген құжаттармен бірге, өтініш орталық уәкілетті
органға (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі), құрамына орталық мемлекеттік
органдар, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық
кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретін жұмыс тобы ағымдағы
күнтізбелік жылдың 1 қазанына дейін қарайды.
Жұмыс тобы өтініш берушілердің құжаттарында қамтылған
мәліметтердің ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерге
сәйкес келуін тексереді.
Жұмыс тобы өтініш берген ұйымдарды Тізбеге енгізу туралы
шешім қабылдаған жағдайда, орталық уәкілетті орган тиісті
бұйрық шығарады.
9
Әлеуметтік педагогтарға және педагог-
психологтарға,
әдістемелік
кабинетке
жетекшілік және т.б. үшін еңбекақы төлеуге
қатысты мәселелер.
ҚР Үкіметінің 31.12.2015 ж. № 1193 қаулысына сәйкес, білім
және
ғылым
саласындағы
азаматтық
қызметкерлер
лауазымдарының тізбесі бекітілген, оған сәйкес әлеуметтік
педагогтар және педагог-психологтар В блогына жатқызылған.
Сондай-ақ, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік
бюджет
қаражаты
есебінен
ұсталатын
ұйымдардың
қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне
еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 31.12.2015 ж. №
1193 қаулысының 4- қосымшасымен танысуға болады.
10
Еңбек шартын жасасуға және бұзуға
қатысты сұрақтар.
Еңбек шарттары ҚР Еңбек кодексінің Еңбек шарты 4-
тарауының Еңбек қатынастары 2-бөліміне сәйкес жасалады және
бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: |