Қазақ тілі
25
39-тапсырма. Мәтіннен үстеулерді тауып, мағыналық
топтарына қарай жіктеңіздер.
Атмосфера және онымен байланысты
экологиялық проблемалар
Айналадағы бізді қоршаған табиғаттың барлығы бір-
бірімен тығыз байланысты және олар әртүрлі дәрежеде
ластануға ұшырайды. Оған көмірқышқыл газы мен басқа да улы
газдар жатады.
Атмосфера жердегі тіршіліктің ортақ байлығы болғандықтан,
адамзат үшін оның тазалығының маңызы зор. Қазіргі кезде
атмосфера ауасы түрлі антропогендік факторлардың әсерінен,
бұрынғы күйінен ауытқуда. Оған жыл сайын атмосфераға келіп
түсетін көмірқышқыл газы мысал бола алады.
Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның
ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфераны ластағыш
заттар шектеулі мөлшерден артып кетсе, онда ауа ластанған
болып есептелінеді.
Ластағыш
заттардың
негізгі
көздері
–
өнеркәсіп,
автокөліктерден шығатын газдар, жылу энергетикасы, түрлі әскери
сынақтар, ғарыш кемелері мен ұшақтар, т.б. Осы аталған ластағыш
заттардың әсерінен, ауаның ластану қарқыны жылдан-жылға
ұлғаюда. Бұл ауа бассейінінің тепе-теңдігіне әсер етіп, биосферада
кері құбылыстардың пайда болуына, яғни климаттың өзгеруіне, ең
бастысы, адам денсаулығының бұзылуына әкеп соғады.
Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне
сүйенсек, көмірқышқыл газының ауадағы шектеулі мөлшерден
асып кетуіне байланысты, ересек адамдардың тыныс алу
жолдары ауруларының көбейгендігі байқалады. Мысалы, бұл
Қарағанды, Теміртау, Қызылорда қалаларында байқалады.
Республикамыздың
әлеуметтік-экономикалық
даму
деңгейіне байланысты, ауаның ластану дәрежесі де өзгеріп
отырады. Атмосфера ауасына шығарылатын зиянды заттар мен
газдарды және басқа да химиялық қосылыстар мөлшерін Қазақ
гидрометерологиялық
ғылыми-зерттеу
институты
үнемі
бақылап, мәліметтер беріп отырады. Осы берілген мәліметтер
бойынша, соңғы 10 жыл аралығында ауасы ең көп ластанған
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
26
қалаларға Риддер, Зырян, Өскемен, Жезқазған, Балқаш,
Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Алматы кіреді. Бұл жерлерде
қара және түсті металлургия кәсіпорындарынан шығатын
қалдық заттар шектеулі мөлшерден көп.
Ауылдық жерлердегі елді мекендерге қарағанда, қалаларда
ауа бассейіндерінің ластану деңгейі жоғары. Себебі, ол
автокөліктерден шығарылатын зиянды заттарға байланысты.
Мысалы, автокөліктер шығаратын зиянды қалдық заттардың
жылдық мөлшері Қостанайда 119,4 мың т, Шымкентте 87,3 мың
т, Алматыда 85,0 мың т, Павлодарда 74,7 мың т, Көкшетауда
53,6 мың т көрсеткішке жетіп отыр.
Сондай-ақ,
ауа
бассейінінің
ластануына
Қазақстан
климатының қатаң континентті болып келуі де себепші болып
отыр. Республика аумағында атмосфералық жауын-шашын
мөлшері аз болғандықтан, ауаның табиғи тазаруы нашар, әрі
желдің соғуы да аумақ бойынша біркелкі таралмаған. Мысалы,
Алматы, Шымкент, Риддер, Зырян қалаларында табиғи ауа
ағыстары жоқтың қасы, сол себептен бұл қалалардың ауасында
улы зат мөлшері өте жоғары.
Атмосфера құрамында ауыр металдардың болуы – жалпы
тіршілік үшін өте қауіпті. Біздің елімізде ауыр металдармен
ауаның ластану деңгейі орташа, ал жекелеген қалалар бойынша
бұл көрсеткіштер әртүрлі. Мысалы, қорғасын көрсеткіші
шектеулі мөлшерден Риддерде 17, Балқашта 8, Шымкентте 6 есе
көп. Сондықтан ауаға зиянды заттардың шығарылуын реттеу,
өндіріске қалдықсыз технологияларды енгізіп, онда істейтін
мамандармен
қамтамасыз
ету,
т.б.
шаралар
арқылы
атмосфераны экологиялық апаттан сақтап қалу қажет.
А. Ж. Ақбасова., Г. Ә. Самнова. Экология.
− Алматы: Бастау. 2003. – 292 б.
40-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына байланысты берілген
сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері қандай?
2.Экологиялық күйзелістің негізгі себептеріне не жатады?
3. Қышқылды жаңбырдың пайда болуын түсіндіріңіздер.
4. Энергияның экологиялық таза жаңа түрін атаңыздар.
Қазақ тілі
27
5. Каспий теңізінің экологиялық жағдайын түсіндіріңіздер.
6. Мұндай экологиялық жағдайларды қалай шешкен болар
едіңіздер?
41-тапсырма. Мәтіннен туынды зат есімдерді теріп жазып,
морфологиялық талдау жасаңыздар.
42-тапсырма. Берілген (не өздеріңе ұнаған) тақырыптар
бойынша әңгіме, сұхбат құрастырыңыздар.
1. Күтпеген кездесу.
2. Ғажайып қой, туған жер!
3. Тосады жол алдан.
4. Арманға қол созым қалды.
5. Сәтсіздік.
6. Ағаттық аяқ астында.
43-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, мағыналық бөліктерге
бөліп, әр бөлігіне тақырыптар қойыңыздар.
Су ресурстары және проблемалары
Су – тірі организмдердің маңызды материалдық негізі.
Биосферадағы заттар мен энергия алмасу судың қатысуы арқылы
жүреді. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, Жер шары халықтарының
жартысынан астамы ауыз судың жетіспеушілігінен жапа шегуде.
Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
халықты ауыз сумен қамтамасыз ету
шараларын жүргізіп келеді. Қазіргі
кезде құрлық пен мұхит суының
ластануы, бүкіл адамзат қауымын алаң-
датуда. Ал судың ластануы бірнеше
факторларға байланысты болып отыр.
Біріншіден, атмосфералық жауын-
шашын жердің беткі қабатына келіп
түскен өнеркәсіп қалдықтарын шайып, құрлық пен дүниежүзілік
мұхит суына барып құяды. Мысалы, Ертіс су алабы Өскемен
қорғасын-мырыш комбинаты, Риддер қорғасын зауыты, Зырян
Достарыңызбен бөлісу: |