Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет10/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   135

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

28 



өндіріс  орындарының  сарқынды  суымен  ластануда.  Судың 

құрамында  қорғасын,  мырыш,  сынап,  т.б.  ауыр  металдардың 

шектеулі мөлшерден асып кетуі байқалады. 

Іле-Балқаш  су  алабын  ауыр  металдар,  мұнай  өнімдері  мен 

фенолдар  ластауда.  Оған  «Балқашмыс»  өндірістік  бірлестігі, 

«Балқаш балық өнеркәсібі»,  «Сарышаған ұшқыр полигондары», 

т.б.  кен  рудаларын  байыту  комбинаттары  Балқаш  көліне 

мыңдаған тонна зиянды заттарды төгуде. 

Екіншіден,  су  ресурстары  ауыл  шаруашылығы  тыңайтқыш-

тары  мен  пестицидтерін  көп  қолдануға  байланысты  ластанады. 

Мысалы, Ақдала, Шарын, Шеңгелді массивтерін күріш алқаптары 

үшін  игеруге  байланысты,  минералды  тыңайтқыштар  мен 

химиялық  препараттар  өте  көп  қолданылып  келеді.  Соның 

әсерінен  Іле  өзенінің  сапалық  құрамы  төмендеуде.  Ал  Сырдария, 

Шу,  Талас  өзендері  ауыл  шаруашылығын  химияландыру 

нәтижесінде дренаж суымен ластануда. 

Үшіншіден,  адамның  белсенді  іс-әрекетінің  нәтижесінде 

дүнижүзілік  мұхит  суының  ластану  процесі  жылдам  жүруде. 

Мұхит  суының  мұнай  қалдықтарымен  ластануы  ғаламдық 

экологиялық  апат  болып  отыр.  Мысалы,  Каспий  теңізінің 

экологиялық  жағдайын  сипаттайтын  болсақ,  теңіз  деңгейінің 

табиғи көтерілуінің салдарынан, көптеген мұнай-газ қоймалары 

су астында қалды. Сөйтіп, теңізге көп мөлшерде мұнай өнімдері, 

ластағыш  заттар  мен  ауыр  металдар  тарады.  Сонымен  қатар, 

Еділ  және  Жайық  өзендерінің  ластанған  суы,  теңізді  уландыра 

түсуде.  Каспий  теңізінің  экологиялық  жағдайының  нашарлауы, 

ондағы 

тірі 


организмдердің 

жойылуына, 

мәселен 

қара 


уылдырық  беретін  бекіре  тұқымдас  балықтардың  азаюына, 

итбалықтар мен құстардың өлуіне әкеп соқты. 

Соңғы  жылдары  шетелдік  инвесторларды  Каспий  теңізінің 

Қазақстандық  бөлігіндегі  мұнай-газ  қорлары  қатты  қызықтыруда. 

Өнеркәсіп  иелері  мұнай-газды  өндірумен  қоса,  Каспий  теңізі 

суының  сапасына,  тазалығына,  экологиялық  нормаларын  сақтауға 

көңіл  бөліп  отыруға  тиіс.  Сонда  ғана  табиғат  пен  қоғамның 

үйлесімділігі сақталып, болашақ ұрпаққа жететін болды. 



 

Г. С.  Оспанова., Бозшатаева Г. Т. Экология.   

           −Алматы: Экономика, 2002 – 402 б. 


Қазақ тілі 

 

 



29 

44-тапсырма.  «ХХІ ғасыр жеткіншегі қандай болу керек?» 

тақырыбына  пікірталас  ұйымдастырып,  мақала  жазыңыздар. 

Төмендегі қыстырма сөздерді пайдаланыңыздар. 

 Менің 


ойымша, 

ғалымдардың 

айтуына 

қарағанда, 

естуімше,  әйтеуір,  қойшы  әйтеуір,  айтып-айтпай  не  керек, 

қысқасы, абырой болғанда, бағыма қарай, өкінішке орай, сөйтіп, 

қызық болғанда, басқасын айтпағанда. 

 

45-тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңіздер. 

 

Т 



 

 

А 

 

 

 

Б 

 

 

 

 

 

И 

 

 

 

 

 

Ғ 

 

 

 

 

 

А 

 

 

 

 

Т 

 

 

 

1. Суда еритін зат 

2. Тірі табиғат 

3. Суда жүретін жануар 

4. Судың қасиеті 

5. Аспан әлемі 

6. Қасіретке ұшыраған теңіз 

7. Өлі табиғат түрі 



 

46-тапсырма. 

Мәтіндегі 

 

терминдердің 



мағынасын 

түсіндірме сөздік негізінде жазыңыздар. 



 

Қазақстанның табиғат жағдайы мен 

табиғат ресурстары 

 

Тіршілік  үшін  табиғаттың  рөлі  зор.  Аумақ  бойынша 

табиғат  жағдайының  өзгеріп  отыруы  да  –    заңды  құбылыс. 

Табиғат  жағдайы  дегеніміз  –  табиғат  күштері  мен  объектілері, 

оның  сапасы.  Табиғат  жағдайы  өндірістік  күштерді  дамытуда, 

қоғамдық өмірде маңызды. 




Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

30 



Табиғат  жағдайының  алуан  түрлілігіне  қарай,  адамның 

шаруашылық  іс-әрекеттері  де  түрліше.  Қазақстан  аумағының 

көпшілік  бөлігі  жазық  болғандықтан,  егін  шаруашылығын, 

өнеркәсіп  орындарын,  жол  құрылыстарын  салуға  қолайлы. 

Жауын-шашын  көп  түсетін  жаз  айларында  солтүстік  аудандар 

мен  оңтүстіктегі  тау  бөктерінде,  сонымен  қатар  ірі  өзен 

аңғарларында егіншілікпен айналысқан тиімді. 

Табиғат  ресурстары  –  бұл  шаруашылықтың  дамуына 

қажетті  табиғи  қор.  Табиғат  ресурстары  шаруашылықты 

дамытуда тікелей қолданылады. Пайдалы қазбалар, жер, су, ауа, 

жел,  топырақ,  өсімдік  және  жануарлар  дүниесі  –  бәрі    табиғи 

ресурстарды құрайды. 

Минералдық  ресурстар.  Республикамыздағы  минералды 

ресурстардың ерекшелігі – олардың көбіне жер бетіне және бір-

біріне  жақын  орналасуы.  Сондықтан  минералды  ресурстарды 

арзан, ашық әдіспен өндіріп, кешенді түрде пайдаланады. 

Еліміз  пайдалы  қазбалардың  аса  бай  қорына  ие.  Жер 

қойнауынан  Менделеев  кестесіндегі  109  элементтің  99-ы 

ашылып,  оның  60-қа  жуығы  зерттеліп,  өндіріске  тартылған. 

Еліміз  дүниежүзі  бойынша  вольфрам  қорынан  бірінші,  хромит, 

фосфор кендерінен екінші, марганец қорынан үшінші, қорғасын 

мен  молибденнен  төртінші,  ал  темір  кені  бойынша  сегізінші 

орында.  Қазақстанда  мұнай  мен  газ  қоры  бойынша  да  көптеген 

елдерден алда тұр. 



Биологиялық  ресурстар.  Қазақстан  аумағы  өсімдіктердің 

алуан  түрлілігімен  ерекшеленеді.  Елімізде  өсімдіктердің  5700-

дей  түрі  кездеседі,  оның  14%-ы  тек  Қазақстанға  тән.  Осы 

өсімдіктердің 279 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген. 

Республика  аумағы  орманға  өте  тапшы,  орман  алқабы  бар 

болғаны  11  млн  га.  Бұл  барлық  аумақтың  4%-ын  құрайды. 

Қазақстан орманының басым бөлігі –  сексеуіл ағашы. Ол көбіне 

шөлді  аймақтарда  өседі.  Қылқан  жапырақты  ормандар  Тянь-

Шань, Жоңғар Алатауы, Алтай тауларында өседі. 

Жануарлар 

дүниесінде 

сүтқоректілердің 

155 

түрі, 


құстардың  480  түрі,  бауырмен  жорғалаушылардың  49  түрі, 

балықтардың  150  түрі  бар.  Биологиялық  ресурстардың  ішіндегі 

негізгісі  –  балық  ресурсы.  Каспий  теңізінен  қымбат  бағалы 

қызыл балықтың 90 %-ы ауланады. 




жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау